Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы
материал (6 класс) на тему

Муканова Гаухар Жолдаскалиевна

6-сыныпқа арналған Абай Құнанбаевтың өмірі туралы сабақ

Скачать:

ВложениеРазмер
Файл kmzh.docx25.28 КБ

Предварительный просмотр:

БЕКІТЕМІН:

Абай орта мектебінің басшысы

____________Ж. С. Мендигалиева

Апта

Күні: 7.10.2014  

Сабақ №1

Сабақ тақырыбы:

Абай Құнанбайұлы, өмірі мен шығармашылығы

Жалпы мақсат:

Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы білетіндерін еске түсіре отырып, оқушылардың білімдерін толықтыруға жағдай туғызу. Өлең құрылысына талдау жасауға,  критерийлер арқылы бағалауға үйрету

Сілтеме:

Қазақ әдебиеті, 6 - сынып, Электронды оқулық, видеофильм.

Оқушылар үшін оқу нәтижелері:

Білу. Абай Құнанбаевтің өмірбаяны мен шығармашылығы туралы біледі.

Түсіну. Абайдың өлеңдерінің мағынасын түсінеді.

Қолдану. Абайдың нақыл сөздерін сөз арасына пайдаланып, мысал келтіре алады.

Талдау. Абай өлеңдерін өлең құрылысына талдау жасай алады. Өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын таба алады.

Негізгі идеялар:

Қазақтың бас ақыны – Абай (Ибраһим) Құнанбаев. Онан басқа бұрынғы -  соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ.

Ахмет Байтұрсынұлы

Сабақта қолданылатын материалдар:

Презентация, электронды оқулық

Оқыту әдістері:

Диалог, сыни тұрғыдан ойлау

Дерек көздері:

Оқулықтағы тақырыпқа сай берілген материалдар

Ғаламтор мәліметтері

Тапсырмалар:

Топтастыру, инсерт, миға шабуыл, жұптық, топтық жұмыс

Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

(2 мин)    

Тренинг

Оқушылар бір – біріне тілек айтады.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

(5 мин)

Топқа бөлу

(1 мин)           

Сүйінбай Аронұлының «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері»

Стикер арқылы

Мәтінге сәйкес және өз ойларынан жақсы және жаман адам туралы жазады

Үй тапсырмасына жауап берген кезде стикер таратып отырамын, содан кейін сол стикерге қарап, топқа бөлінеді

ІІІ. Жаңа тақырып

(3 мин)

(5 мин)  

(4 мин)

(4 мин)

(5 мин)

(2 мин)

Ой шақыру

Абай туралы білетіндері туралы топтастыру жасату

Инсерт

Оқушыларға Абайдың өмірі туралы мәтін беремін.  

(1-қосымша)

Тақтадан электронды оқулықтан Абайдың өмірбаяны туралы видеофильм көрсетіледі.

Оқушыларға өлең туралы оқып, жұпта, кейін топта талқылау тапсырылады.

Өлең туралы мәтімен танысу

Абайдың төменгі сыныпта оқыған өлеңді еске түсіріп, талдау тапсырылады.

Сергіту сәті

Оқушылар Абай туралы білетіндерін топтастырады.

Оқушылар берілген мәтінмен жұмыс жасайды. Әр жолдың тұсына V – “білемін”,?  - “мен үшін түсініксіз”, + - “мен үшін жаңа ақпарат”, ! – “мені таң қалдырады” белгілерін қойып отырып, оқу тапсырылады.

Оқушылар қарап, тыңдай отыра, жұмыс дәптерлеріне түртіп отырады.

Оқушылар оқып, жұпта, топта түсінгендерін талқылайды.

Мәтінді оқып, жұпта және топта талқылайды.

Өлең талдайды.

ІV. Қорытындылау

(5 мин)

Хронологиялық кесте толтыру

Эссе жазу

Сабақ барысында оқылған материалды жинақтап, топпен хронологиялық кесте толтырады

Абай Құнанбаев туралы білетіндерін жинақтап, эссе жазады

V. Үй тапсырмасын  беру  

(1мин)

Абай Құнанбайұлы туралы презентация жасау

Презентация жасап келу тапсырылады

VI. Бағалау

(4 мин)  

Оқушыларды сабақ барысында формативті бағалау жүреді. Өзін – өзі бағалауды, бірін – бірі бағалауды критериалды бағалауды жинақтап, суммативті бағаланады

Өзін – өзі, бірін – бірі бағалайды.

VII. Рефлексия  

(4 мин)

Стикер таратылады.

Стикер арқылы кері байланыс жасайды.

1-қосымша

Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы - Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы Өскенбайұлы Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей уезі) Абай ауданында (бұрынғы Шыңғыстау облысы) Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келді. Абай атақты Тобықты руының Ырғызбай деген тобынан тарайды. Ол ауыл молдасынан оқып жүрген кішкентай кезінен-ақ зеректігімен көзге түседі. Кейін ол Семей қаласында 3 жылдық медресе тәрбиесін алады.

Абай көпті көрген әжесі Зеренің тәрбиесінде болды. Шешесі Ұлжан да ақылды ананың бірі болған. Құнанбай өз заманында ел басқарған адам болды. Ол ел билеу ісіне балаларының ішінде Абайды баулып, араластырды.

Абайды оқудан ерте тартып, оқудан шығарып алуы да сол билікке ұлын қалдыру мақсатында еді. Әке еркімен ел ісіне жастай араласқан Абай тез есейіп, балалықтан да ерте айырылып, жастайынан ел ішіндегі әңгіме, сөз өнерін, билердің шешендік өнеріне құлақ салып, өзінің ерекше талантымен бойына сіңіре білді.

Әке-шешесінің қасында жүрсе де жас Абай оқудан қол үзбейді, бос уақытында қазақтың мәдениетін, араб, парсы, шағатай тілдерін үйренеді. Шығыс әдебиетінің алыптары Низами, Хожа Хафиз, Науаи, Физули т. б. ақындарының өлеңін жаттап өседі. Кейін ол орыс әдебиеті мен тілін өздігінен үйреніп, орыстың ұлы ойшылдары Пушкин, Гоголь, Лермонтов, Щедрин, Некрасов т. б. шығармаларымен танысады. Сонымен бірге ағылшын ғалымы Дарвиннің, Шекспирдің шығармаларын да оқиды. Соның арқасында дүниетанымын кеңітіп, білімін шыңдай береді.

Абай ауқатты отбасынан шықса да халқына үнемі жақын болды, олардың дауын даулап, мұңын жоқтады.

Абайтанудың білгірі М. Әуезовтің атап көрсеткендей, Абай мұрасының нәр алған рухани үш арнасы: өз халқының мәдени мұрасы мен Шығыс, Батыс елдерінің рухани қазынасы болды.

Абай қазақ өлең үлгісін жаңаша тұрғыдан байыта түсті. Сондықтан да Абай қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы деуге болады.

Абайдың ақындық дәстүрін ақынның көзі тірісінде тікелей дамытып, жалғастырған ақын шәкірттері болған. Солардың ішінде ерекше орын алатыны Абайдың өз балалары.
Абай тек қана ақын емес, сонымен бірге сазгер. Халық арасынан шыққан таланттарды танып, олардың еңбегін таратушы болды.

Абай өзінің шығармашылығында қара сөзге ерекше мән берген.
Абай поэзиясының арқауы ғылым, білім, еңбек - осы қара сөздерде жалғасып дамиды.
Қорыта айтқанда, Абай қазақтың демократ ақыны, ұлы ойшыл, философы. Ол қазақ тілінің мәйегінен көптеген өлеңдер мен дастандар сондай-ақ, басқа да философиялық шығармалар жазды.
Ақын 1904 жылы туған жерінде қайтыс болды. Сүйегі Жидебай деген жерге қойылды. Қазір сол Жидебайда ақынның өзі тұрған үйде әдеби-мемориалдық мұражайы бар. Жер бетіндегі күллі қазақ қауымы өздерінің ұлы Абайымен мақтанады. Олар күн өткен сайын Абайды жаңа қырынан тануда. Өйткені Абай мұралары бүгін де, болашақта да өзінің өміршеңдігімен мәңгі жасайтын ғажап туындылар.

Ақынның өз кіндігінен он бала тарады. Бәйбішесі Ділдәдән: Ақылбай, Әкімбай, Әбдірахман, Райхан, Күлбадан, кенже баласы Мағауия. Екінші әйелі Әйгерімнен (Шүкіман) - Тұрағұл, Мекайыл, Ізкәйіл, Кенже. Абайдың үміт күткен талантты балалары: Әбдірахман, Мағауия, Тұрағұл, Мекайыл. Әкелерінің өлеңдерін жатқа айтып, халық арасына таратқан, әнші, домбырашы болған.

Абай есімін еске қалдыру мақсатында көптеген шаралар жүзеге асты. Ең алдымен, Жидебайдағы Абай қыстауы қалпына келтіріліп, ол Семейдегі Абай қорық мұражайының филиалына айналдырылды. Ақын жерленген зиратқа гранит пен мрамордан құлпытас орнатылды. Семейде және Қарауылда ескерткіш орнатылды.

Бағалау критерийлері

Критерийлер №2

Дискрипторлар

Ұпайы

Мах 10

А Білу

 Абай Құнанбаевтің өмірбаяны мен шығармашылығы туралы біледі.

Абайдың туған жылы мен өмірге келген жерін біледі

Абай ақынның төменгі сыныпта өткен шығармаларын есіне түсіреді

Ақынның туып-өскен, тәрбие алған ортасы туралы біледі

Абай ақынның өмір жолы туралы хронологиялық кесте толтыра алады

В Түсіну

Абайдың өлеңдерінің мағынасын түсінеді.

Төменгі сыныпта өткен Абайдың өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын таба алады.

Өлеңнің мазмұнын өз сөздерімен түсіндіре алады

С  Қолдану  

Абайдың нақыл сөздерін сөз арасына пайдаланып, мысал келтіре алады.

Абай Құнанбаев туралы білетіндерін жинақтап, эссе жазады

Абай өлеңдерінде кездесетін тіркестер мен нақыл сөздердің мағынасы түсініп, өздері қолдана алады

Д   Талдау

Абай өлеңдерін талдай алады

Өлеңнің шумағын, тармағын, бунақ санын, буын санын таба алады

Өлеңнің ұйқасын біледі

Өлеңдегі әдеби – теориялық ұғымдарды тауып, анықтама бере алады

БАҒАЛАУ ШКАЛАСЫ

«5»  10-9 балл

«4»  8-7 балл

«3»  6-5 балл

«2»  4-0 балл

БЕКІТЕМІН:

Абай орта мектебінің басшысы

____________Ж. С. Мендигалиева


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Менің отбасым. Шығармашылық жоба

Жобаның міндеттері: Оқушыларды әр түрлі ақпарата көздерін пайдаланып өз беттерімен ақпарат жинақтауды үйрету. Әлеуметтік сауалнама жүргізу. Жобаның мәселесіне талдау жасау. Тақырыпты толық сипаттау тә...

Ашық сабақ. Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы.

Сабақтың мақсаты: Қазақ жырының қара бурасы атанған  Мұқағали Мақатаевтың  өмірімен  және шығармашылығымен  таныстыру.  Дамытушылық: Оқушыларды өздігінен іздену арқылы д...

Ғабит Мүсіреповтың шығармашылығымен танысу.

Сабақтың тақырыбы: Ғабит Мүсіреповтың ...

Ғабит Мүсіреповтың шығармашылығымен танысу.

Сабақтың тақырыбы: Ғабит Мүсіреповтың ...

Абай шығармашылығындағы табиғат лирикасы.

Абайдың  өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру.- оқушылардың ұлы ақын жайлы білетін білімдерін жинақтап, оларды...

Абай Құнанбаев өмірі, шығармашылық жолы

Абай Құнанбаевтың өмірі, шығармашылық жолы туралы түсінік беру...

«Абай мұрасы – халық қазынасы» (Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына әдеби әуенді кеш)

Егемен ел, өркениетті ұлт санатына қосыламыз  десек, әр қазақ азаматы Абай сөзін танып-білмек парыз. Оны ана сүтіндей бойымызға да, ойымызға да сіңіріп өспек керек.Жас оқырманды ұлы данышпан Абай...