Главные вкладки
Муканова Гаухар Жолдаскалиевна
сайт учителей казахского языка и литературы
Профессия: преподаватель
Профессиональные интересы: знание
Увлечения: читать
Страна: Казахстан
Населенный пункт: Республика Казахстан, Атырауская область, Макатский район, поселок Доссор
Место работы: средняя школа имени Абая
Звание, ученая степень: нет
Навигация
Ссылка на мой мини-сайт:
https://nsportal.ru/mukanova-gaukhar-zholdaskalievnaМұғалім мамандығы – жер бетіндегі барлық мамандық атасы
Қытайдың дана ойшылы Конфуций айтқандай «Ескіден қол үзіп, жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім бола алады» – деп , мұғалім өткен тәжірибесін жаңамен ұштастыра алатын, кәсіби қызығушылығы жоғары, танымы биік, бастаған ісінің нәтижесін көре алатын, ғылыми зерттеу жұмыстарын таңдай білетін, педагогикалық үрдістің заңдылықтарымен етене таныс, оқытудың әдістемелік жаңалықтарынан хабардар, оқыту үрдісін ізденімпаздықпен арттыратын өз ісінің шебері болуы керек. Менің ойымша, қазіргі заман мұғалімі – рухани жағынан дамыған, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман болу керек.
Ал шығармашыл ұстаздың алдына қойған үлкен міндеті -оқушыларымызға заман талабына сай тәлім-тәрбие беру болып табылады. Қазіргі уақытта қызметті абыроймен атқару үшін және бізге аманат екен шәкірттерімізді білім шыңына шығару үшін, әрбір сәтімді берекелі түрде өткізуге тырысамын.
О себе
Мен, Мұқанова Гауһар Жолдасқалиқызы, қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беремін. Кембридж бағдарламасы бойынша ІІ деңгейді бітіріп, қазіргі уақытта үйренгендеріммен бөлісіп, жұмыс жасаудамын.
Книги, которые сформировали мой внутренний мир
М. Ауезов "Абай жолы"
Мой взгляд на мир
Менің түсінігімдегі ұстаз – рухы таза, ой – өрісі биік, ұлты мен Отанының болашағы үшін тер төгіп, шыдамдылық пен табандылықтың үлгісін көрсетуші, өз бойындағы асыл қасиеттері мен білімін болашақ ұрпақтың бақыты мен кәдесіне жаратып, қоғамды өрге өркендетуші, жаңашылдықтың бастаушысы, жүрегі – жылы, көңілі – дарқан адам.
Қытай философының «Маған жәй айтсаң – ұмытамын, көрсетсең есімде сақтаймын, ал өзімді іс – әрекетке қатыстырсаң үйренемін» деген даналығы білім алушының білімге ықыласын аттыруда ақпараттық — коммуникативтік технологияларды пайдалана отырып, өзіндік ізденіс жүргізуді практикада жүзеге асырудың маңызды екендігін көрсетеді.
Сапалы білім негізі – жан — жақты ақпараттық материалдарды, көрнекі құралдар мен ұтымды технологияларды, тиімді әдіс — тәсілдерді пайдалана отырып, білім алушыға ешбір кітаптан таба алмайтын білім беру. Өйткені, тек оқулықтағы білімді жеткізуші мұғалімнің құны жоқ деп ойлаймын. Оқулықтағыны оқушы өзі де оқып алады.
Моё портфолио
Қиындығы да, қызығы да жетерлік, ең бастысы - жауапкершілігі жоғары мамандықтың бірі ұстаздық ету екені ақиқат. Өйткені бұл мамандық иелерінің мойнына ешнәрседен хабары жоқ, мыңдаған тарыдай ғана бүлдіршіндердің бойына білім нәрін сеуіп, тәрбие ұрығын егіп, таудай азамат етіп шығару міндеті жүктелген. Сондықтан басқа мамандық иелерінің баршасы да ұстаздарға борыштар деп ойлаймын.
Добавить творческую работу ученика
Код для вставки списка публикаций на другие сайты