«Абай мұрасы – халық қазынасы» (Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына әдеби әуенді кеш)
план-конспект на тему
Егемен ел, өркениетті ұлт санатына қосыламыз десек, әр қазақ азаматы Абай сөзін танып-білмек парыз. Оны ана сүтіндей бойымызға да, ойымызға да сіңіріп өспек керек.
Жас оқырманды ұлы данышпан Абайдың өскелең, ойшыл шығармашылық мұрасымен сусындата отырып, сөз қадірін танитын талапты ұл-қыздар тәрбиелеу.
Скачать:
Вложение | Размер |
---|---|
zhuregi_zhyrdan_zharalgan.docx | 19.17 КБ |
Предварительный просмотр:
Молдағалиева Гулжазира
Жұмажанқызы
Атырау облысы
Құрманғазы ауданы
Абай атындағы жалпы орта мектебі
Мектеп кітапханашысы
«Абай мұрасы – халық қазынасы»
(Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына әдеби әуенді кеш)
Кештің мақсаты: Егемен ел, өркениетті ұлт санатына қосыламыз десек, әр қазақ азаматы Абай сөзін танып-білмек парыз. Оны ана сүтіндей бойымызға да, ойымызға да сіңіріп өспек керек.
Жас оқырманды ұлы данышпан Абайдың өскелең, ойшыл шығармашылық мұрасымен сусындата отырып, сөз қадірін танитын талапты ұл-қыздар тәрбиелеу.
Жүргізуші: Ахмет Байтұрсынұлы: «Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаев» деп бағалаған ұлттың ұлысы, жұртының қарауылы болып «Қалың елім, қазағым!», «Қазақ та адам баласы ғой» деп бірде ашынып, бірде басылып халқына сөз арнап, тілеуін тілеген дана дарамыздың дүниеге келгеніне биыл 170 жыл толғалы отыр.
Әр дәуірде өмірге келген халықтың кемел адамы ұлтының сүйеніші, сүйеу болғанына арғы-бергі тарихты қарап отырсаң көз жеткізесің. Абай да қазақ үшін сондай теңдессіз айтулы тұлға.
Жаңа ғасырдың табалдырығынан батыл аттап, еліміздің қадамын нығайтқан тұста ақынның 170 жылдығын атап өткелі отырмыз. Бұл тағы да «Жүрегімізге қонымды Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы-заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнімізге қосылып, жаңғырып жаңа өріс алып тұр», деп ұлы жазушы Мұхтар Әуезов айтқандай, «Абайды тану арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс» деп Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тиянақтағандай, ұлы ақын, ұлы рухымен қазақтың мәртебесін және бір биіктен танытары анық.
Құрметті оқырмандар! Балалар кітабының апталығының бір күнін ұлы данышпан, ақын Абай Құнанбаевтың туғанына 170 жылдығына арнап отырмыз.
Осыған орай ұйымдастырып отырған «Абай мұрасы – халық қазынасы» атты әдеби кешімізге қош келдіңіздер!
Жүргізуші: Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла,
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма.
Абай болашақ ұрпаққа сөзін осылай арнады. Бұл өткеннің құлазыған ғасырларынан өзіне бейтаныс, басқа, бірақ жарқын болашаққа сенімді жол салған ақынның айтқан сөзі еді. Даланы торлаған надандық түнегіне ол шамшырақтай сәуле төкті және таңы атып, күні шығатын жаққа апаратын жолды өз халқына талмастан көрсетті.
Абай өлеңді ерте, он екі жасынан бастап шығарған. Оның бұл кезеңде шығарғандарының көпшілігі бізге жеткен жоқ. Абайдың жас кезіндегі өлеңдерінің кейбіреулері және бір қатары ұмытылған, болмаса жоғалып кеткен шығармаларының аттары ғана сақталған. Үстем тап өкілдерінің ақынға деген қатынасының да салқыны бұған аз тиген жоқ.Халық поэзияны қастерлеп, ақын атын жоғары бағаласа, ру байлары «Құдайға шүкір, біздің рудан бірде ақын, бірде бақсы шыққан жоқ» деп күпінетін. Поэзияға осындай көзқарастың әсерімен Абай өзінің көптеген өлеңдерін жас достарының атынан таратқан. Оның жаңа достары, негізінен, кедей руларынан шыққан талапты жастар, ақындар, жыршылар және орыс интелегенциясының таңдаулы өкілдері болды. Есейген, мәдениеті өскен Абай орыстың классикалық әдебиеті мен Шығыстың халық творчествосын оқи бастайды.
Отыз бес жасқа келгенде ғана абай творчествоға қайта оралады. Бірақ бұл кезеңде де Абай өз өлеңдерін жас достарының атынан таратады. Тек 1886 жылы, қырық жастан асқан соң «Жаз» деген атақты өлеңді жазғаннан кейін ғана Абай шығармаларына өз атын қояды.
1-оқушы: «Жаз» өлеңі. «Өлең сөздің патшасы» кітабы , 55 бет.
Жүргізуші: Абай сөз өнерін үлкен қоғамдық күш, әлеуметтік тартыстың құралы деп таныды. Абай әуелі өлеңінің не екендігіне анықтама береді.
Өлең деген - әр сөздің ұнасымы.
Сөз қосарлық орайлы жарасымы.
Сөзі тәтті мағынасы түзу келсе
Оған кімнің ұнасар таласуы.
Одан кейін Абай өлеңге өзгеше талап, шарт қояды. Мұны Абайдың эстетикалық көзқарасы, өлең заңы деуге болады.
2-оқушы: «Өлең сөздің патшасы сөз сарасы» өлеңі оқылады. 70 бет.
Жүргізуші: Әр халықтың жақсылығын, өнерін ғылымын үйрену жөнінде халыққа Абайдың өзі үлгі бола алады. Абай өз тұсындағы кебір ақын-жазушылардың өлеңді думан-сауық құралы деп қарағанын сынады. Ақын азамат, әлеумет қайраткері өлеңді өнер деп, ол қоғамға, халыққа тәрбиеші, жетекші болып қызмет істеуге тиісті деп білді. Абай жақсыны дәріптеді, өзіне жақын тұтты.
3-оқушы: «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңі оқылады. 103 бет.
Жүргізуші: Қазақ жерінің ақыны, данышпаны көп болғаны мен Абай біреу-ақ. Абайы бар ел қай халықпен де терезесін теңестіре алады. Абайы бар елдің мерейі үстем. Абай қазақтың барлық жерінде туып, барлық жерінде туын ұстап тұрған кемеңгер.
Ән: «Айттым сәлем, Қаламқас» орындалады.
Көрініс: «Абай мен әкенің айтысы»
Сахнада Абай жазу жазып отыр. Әкесі Құнанбай шығады.
Құнанбай: Орайы келгенде айтармын деп жүр едім. Сенің басыңнан 3 түрлі мін көремін. Соны тыңда?
Абай: Айтыңыз, әке.
Құнанбай: Ең әуелі қымбат пен арзанның парқын айырмайсың. Өзіңдегі барыңды арзан ұстайсың, бұлдай білмейсің. Көп күлкіге, болымсыз ермекке асылыңды шашасың. Жайдақсың. Жайдақ суды ит те, құста жалайды.
Екінші – дос пен қасты сараптамайсың? Досқа досша, қасқа қасша қырың жоқ. Жұрт бастайтын адам ондай болмайды. Басыңа ел үйірілмейді.
Үшінші- орысшылсың. Солай қарай ден қойып барасың. Дін, мұсылман жат санамайтынын ескермейсің!
Абай: Қолында құралы бар бірен-саранға ғана тиетін шыңыраудағы судан қойшы қолаң, жарлы-жақыбайлардың бәріне бірдей пайдасы тиетін жайдақ су артық деп білемін...
(Абаймен әкесі кетеді)
Жүргізуші: Абайдың педагогикалық мұраларының негізгі идияларының бірі – адамдардың өзара қарым-қатынасы, әсіресе жастарды еңбекке баулу. Ақын ойшыл ұлы ұстаз Абай халықтың әл-ауқатының деңгейі, санасы, мәдениеті адамдардың өз ара қарым-қатынасы, бір-біріне мейірбандығы мен парасаттылығы, ұлттың ерекшелігі, салт-дәстүрінің дамуы сол халықтың еңбексүгіштігіне, еңбек ету дәрежесіне тікелей байланысты екенін даналықпен болжады.
Еңбекті Абай байлықтың, молшылықтың көзі көзі санады. Жастарды еңбекке шақырды Оған 1886 жылы жазған өлеңінде
Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман,
Шошимын кейінгі жас балалардан,
Терін сатпай, телміріп көзін сатып,
Теп-тегіс жұрттың бәрі болды аларман,- деп өз кезіндегі еңбек етпейтін жастардың осындай жағымсыз мінездерін сынады.
4-оқушы: «Ғылым таппай мақтанба» 50 бет.
5-оқушы: «Әсемпаз болма әр неге» 174 бет.
Жүргізуші: Қарасөздер, яғни «Ғахлия» Абайдың тың қырынан терең танытады. Абайдың қара сөзі 45 сөзден тұрады. Абайдың сөздері шетінен шертілген сөз, жоқталған мұң, жырланған жыр. Абай поэзиясында жылай жырласа, қарасөзде оның көз жасы балқыған қорғасынның тамшысындай. Оның сөзін оқығанда күллі қазақтың хал-ахуалы мен бірге автордың бейнесі көз алдыңа елестейді. Өлеңдегі жұмбақ адам қарасөзде сұмдық салмақты асыл ойдың, шымырланған қиялдың жиынтығы.
6- оқушы: (31-қарасөз)
Естілген сөзді ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі – көкірегі байлаулы берік болмақ керек: екінші – сол нәрсені керегінде, ия естігенде ғибраттану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғыну керек. Үшінші – сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек: төртінші – ой кеселі нәрселерден қашық болу керек.
Егер бір кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, ия бір қайғыға салыну, ия бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді.
Бұл төрт нәрсе – күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.
Ән: «Көзімнің қарасы» орындалады.
Көрініс: «Жүрек, қайрат, ақыл»
Жүрек, ақыл, қайрат үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп, ғылымға жүгініпті.
Қайрат айтыпты: Ей, ғылым, өзің білесің ғой дүниеде еш нәрсе менсіз кәмелетке жетпейтұғынын, әуелі өзіңді білуге, ерінбей, жалықпай үйрену керек, ол менің ісім, құдайға лайықты ғибадат қылып, ерінбей, жалықпай, орнына келтірмек те – менің ісім. Орынсыз, болымсыз нәрсеге үйір қылмай, бойды таза сақтайтұғын, күнәкәрліктен, көрсеқызар жеңілдіктен, адасқан жолға бара жатқан бойды қайта жиғызып алатұғын мен емес пе? Ол екеуі маған қалай таласады?
Ақыл айтыпты: Не дүниеге, не ахиретке, не пайдалы болса, не залалы болса білетұғын – мен, сенің сөзіңді ұғатұғын – мен, менсіз пайданы іздей алмайды екен, залаладан қаша алмайды екен, осы екеуі маған қалай таласады? Менсіз өздері неге жарайды?
Жүрек айтыпты: Мен – адамның денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан менде мекен қылады, менсіз тіршілік жоқ. Мен таза болсам, адам баласын алаламаймын, жақсылыққа елжіреп еритұғын – мен, жаманшылықтан жиреніп тулап кететұғын – мен, әділет, нысап, ұят, рахым, мейірбаншылық дейтұғын нәрселердің барлығы менен шығады, менсіз олардың көрген күні не? Осы екеуі маған қалай таласады?
Сонда тыңдап болып ғылым айтыпты: - Ей жүрек, сенің айтқаныңның бәрі рас. Ол айтқандарыңнан басқа да көп өнерлеріңнің бары рас, пайдаң да мол, залалың да мол, кейде жақсылықты берік ұстап, кейде жамандықты берік ұстап кетесің соның жаман.
-Ей ақыл! Сенің айтқандарыңның бәрі рас. Сенсіз еш нәрсе табылмайтұғыны да рас. Жаратқан тәңіріні де сен танытасың, жаралған екі дүниенің жайын да сен білесің. Бірақ амал да, айла да бәрі сенен шығады.
-Сенің үшеуіңнің басыңды қоспақ – менің ісім,- депті. Бірақ сонда билеуші, әмірші жүрек болса жарайды. Ақыл, сенің қырың көп, жүрек сенің ол көп қырыңа жүрмейді.
-Қайрат сенің қаруың көп, күшің мол, сенің де еркіңе жібермейді. Орынды іске күшіңді аятпайды, орынсыз жерге қолыңды босатпайды. Осы үшеуің басыңды қос, бәрін жүрекке билет. Үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтадым. Құдайшылық сонда, қалпыңды таза сақта, құдай тағала қалпыңа әрдайым қарайды.
7- оқушы: Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті,
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
Бәрінің күні жоқ біреуінсіз,
Ғылым сол үшеуінің жөнін білмек.
Абайдың афоризмдері, нақыл сөздерін айту.
8-оқушы: Дүние үлкен көл, заман соққан жел, алдыңғы толқын ағалар, артқы толқын інілер, кезекпенен бөлінер, баяғыдай көрінер.
9-оқушы: Жасанды кішіпейілділік жақсы қасиет емес.
Адамның адамшылығы ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.
10-оқушы: Көп адам дүниеге бой алдырған
Бой алдырып аяғын көп шалдырған
Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.
Жүргізуші: «Ғалымның хаты, жақсының аты өлмейді» демекші Абайдың кейінгі жастарға айтқан өсиет сөздерінің тәрбиелік мәні зор. Оның қандай өлеңдерін алсақ та жастарды өнегелі болуға, білімге, атаның баласы болмай, адамның баласы болуға шақырады. Ұлы Абай атамызға арнаған әдеби кешіміз тәмәмдалды.
Әрине бұл бір ғана кеште қасиетті баба жөнінде айтып тауысу мүмкін емес.
Ол бақытты жарқын өмірді аңсады. Ұрпақтарының жан-жақты сауатты болуын қалады. Болашаққа өзінің ғибратты сөздерін қалдырды. Әрдайым атамыздың әрбір сөзінен өнеге алып жарқын болашаққа ұмтылайық.
«Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы ерінбе.
Адалдықты көздесең,
Жаттап тоқы көңілге» - деп Сұлтанмахмұт айтқандай, ерінбейік, жалықпайық , балалар!
По теме: методические разработки, презентации и конспекты
Эссе "Портрет молодого Абая"
Эссе "Портрет молодого Абая" Передо мной лежит открытая книга с портретом молодого Абая. Вглядитесь в работу художника! Сколько труда вложил А.Кастеев в свою картину!...
Абай Кунанбаев
Абай Кунанбаев - великий сын казахского народа, поэт, философ. Он боролся за ликвидацию безграмотности и сделал всё возможное,чтобы казахский народ влился в мировую цивилизацию.Переводил произведения ...
Әуенді тап
1-4-кластарға арналған кластан тыс жұмыс. Музыкалық танымдық ойын...
Әуенді тап
1-4-кластарға арналған кластан тыс жұмыс. Музыкалық танымдық ойынМузыкалық сауаттылықтарын тексеру, Әнге деген қызығушылығын арттыру,...
Жан қазынасы –адамгершілік негізі.
Оқушылардың білімдік дағдысын қалыптастыра отырып, сауаттылығын жетілдіру арқылы сөйлеу тілін дамыту, адамгершілік қасиеттерін шыңдау....
Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы
6-сыныпқа арналған Абай Құнанбаевтың өмірі туралы сабақ...
Жұмекен поэзиясы ұлттық мақтанышымыз» (Жұмекен Нажмеденовтың 80 жылдығына поэзия кеші)
, тамыры тереңге кетіп таспен тістесіп өнген, адаса жүріп ақтықта ақиқатқа жеткен, қандай жағдайда да аппақ арының биік жұлдызы – темірқазық бағыттан табан аудармаған қиын тағдырлы,күрделі өмірлі қайс...