Ашық сабақ. Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы.
план-конспект урока (8 класс) по теме

Оспанова Айбала Куанышбаевна

 

Сабақтың мақсаты: Қазақ жырының қара бурасы атанған  Мұқағали Мақатаевтың  өмірімен  және шығармашылығымен  таныстыру.

  Дамытушылық: Оқушыларды өздігінен іздену арқылы деректермен  жұмыс істеуге  баулу және қазақша сөйлеу  тілін дамыту.

 Тәрбиелік: Өнер адамдарын, өнерді құрметтеуге  тәрбиелеу.

  Көрнекілігі: Мұқағалидың портреті, газет , кітаптар.

   Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы.

   Әдісі: Мәнерлеп оқу, жатқа айту, шығарманы талдау, әндету.

         Сабақтың эпиграфы:

                    Таудай едің, таудың алып тумасын

                     Нағыз қазақ едің сөздің турасы.

                     Қыр басында нағып шөгіп жатырсың,

                      Ей, өлеңнің буырқанған бурасы.

                                                                                Жәркен Бөдешұлы.

Скачать:

ВложениеРазмер
Microsoft Office document icon ashyk_sabak_8_synyp_mukagali.doc53.5 КБ

Предварительный просмотр:

                                                Ашық сабақ.

Мұқағали  Мақатаевтың  өмірі мен шығармашылығы.

Сабақтың мақсаты: Қазақ жырының қара бурасы атанған  Мұқағали Мақатаевтың  өмірімен  және шығармашылығымен  таныстыру.

  Дамытушылық: Оқушыларды өздігінен іздену арқылы деректермен  жұмыс істеуге  баулу және қазақша сөйлеу  тілін дамыту.

 Тәрбиелік: Өнер адамдарын, өнерді құрметтеуге  тәрбиелеу.

  Көрнекілігі: Мұқағалидың портреті, газет , кітаптар.

   Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы.

   Әдісі: Мәнерлеп оқу, жатқа айту, шығарманы талдау, әндету.

         Сабақтың эпиграфы:

                    Таудай едің, таудың алып тумасын

                     Нағыз қазақ едің сөздің турасы.

                     Қыр басында нағып шөгіп жатырсың,

                      Ей, өлеңнің буырқанған бурасы.

                                                                                Жәркен Бөдешұлы.

                         

                     « Қазақ жырының аспандағы азғана жұлдыздардың

                        Арасынан сенің жұлдызынды біз оңай танушы едік.

                        Сенің жұлдызың- ең шүғылалы, ең мейрімді жұлдыз»

                                                                             Тұманбай Молдағалиев.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру.
  2. Үй тапсырмасын сұрау

Сұрақ –жауап

С.Торайғыров нешінші жылы дүниеге келген?

Кімінің тәрбиесінде болады?

Кімнен сабақ алады?

Өз бетімен қандай тілдер оқиды?

С.Махмұт нелер жазады?

Қандай романдар жазды?

Неше жыл өмір сүрді?

Кіріспе сөз.

Балалар , ақын Жәркен бөдешұлы  айтып өткендей қазақ жырының  қара бурасы  атанған  ақын М. Мақатаевтың  өткен белестермен  шығармаларын  ой елегін  өткізбекшіміз.

  Сабақтың жоспары:

  1. Мұқағалидың балалық шағы.
  2. Жас кезі
  3. Ақындық жолы.

Мұғалім: 1. Өзінің « Менің анкетам» деген өленіңде  жазылғандай  М Мақатаев  1931 жылы  Алматы облысы , Нарынқол  ауданында  дүниеге  келген. Әкесі соғыста  қайтыс болған. Анасының  аты- Нағиман. Әже  баласы  болған соң  анасын  нақа  деп атаған. Туған апасы:» Мені сөзге , жырға үйір еткен , тәрбиелеген, халқымды  сүюге үйреткен әжем» ,- дейді. Енді балалар М. Мақатаевтың жазған өлеңі « Менің анкетам»  өленің тындайық. ( Аида оқиды)

Аида:            « Менің анкетам»

  • Туған жерің?
  • Ұланынмын Қарасаз деп аталатын ауылдың.
  • Туған жылың?
  • 1931 ж. Құрдасымын Шәмілдің.
  • Шыққан тегін?
  • Шаруамын.
  • Білімің ше?
  • Орташа ғой.
  • Алайда өзім жоғары бағалаймын.
  • Ана тілің?
  • Қазақша.
  • Қысылғанда орысша да,  немісше де бар.
  • Қайда істедің?
  • Мынау « еңбек кітапшамнан « тауып ал.
  • Оқымаған, дипломсыз демесең , бір басымнан  бар мамандық  табылар.
  • Міңдеттісің бе әскерге?
  • Міндеттімін.

Міне мұнда көп мағына бар.

2.Мұғалім: Мұқағалидың  анасының әңгімесіне назар аударайық . Мұқағалидың жас кезі. 

  • Мен ұлымның ақындығы сағыныш  атты сезімнен бастау  алған  деп  ойлаймын. Әкесі Сүлейменді достарыммен  бірге 1941 жылдың желтоқсанында өртең сайынның аузына дейін  тайлы таяғымыз  қалмастан ұмтылмас қимастықпен  шығарып  салғанымыз есінде  қалса  керек. Әйтеуір әкесін ойлап , сағынып,  көзіне жиі-жиі жас алып жүретін.

Оқушы:1941 жылы күзде Мұқағалидың әкесі Сүлейменді әскерге алады . Ел жиналып әскерге шақырылған жігіттерді шығарып салуға бара жатты .Топ ішінде әкесімен қостасушы Мұқағали да бар. Топ бір жерге  жиналып , соңғы рет бақұлдасуға айналғанда Сүлеймен әкеміз тұрып :

-Уа, ел-жұртым, сендерге өтінішім бар. Мына Мұқағали тұңғышым болса да  өзіме тартпай, әкесінің баласы боп өсіп еді, осының бетінен искеуге рұқсат етіңіздер,-деп сұрайды.

     Халық риза болып:

  • ;рұқсат, рұқсат: деп шуласады. Әкесі сонда бірінші және соңғы рет еркін қимылдап, баланы өзіне шақырып, құшақтап, бетінен сүйеді.

Осы жерде қазақ халқында тұңғыш немересін атасы мен әжесі бауырына салтын дәстүрді оқушыларға түсіндіріп өту.

                             

                                  «Әке»

Оқушы:

                   Әке, Сенің жасынңан асып барам,

                   Кезі-кезі келгенде тасып та алам.

                   Кезі-кезі келгенде жасып қалам,

                   Мына өмірге ,бәрібір,ғашық балаң.

                   Құр алақан емеспін қуаныштан,

                   Қуанштар алдымнан құрақ ұшқан.

                   Бір арыстан өмірден өткенімен,

                   Өмір сүріп келеді тірі арыстан.

                   Өкінбе,әке, отың бар сөнбейтұғын,

                   Ол мәңгілік жанады көрмей тыным.

                   Ұрпағың бар, ел менен ер намысын,

                   Тірі тұрса қолынан бермейтұғын.

3.Оқушы: 1948 жылы Алматыда шет тілдер институтында оқып жүріп, артындағы отбасының тұрмысы ауыр болғандықтан, соларға көмектеспекші болып, оқуды еріксіз тастап, аулға оралды. М.Мақатаев «Киров» атындағы колхозда советтің секретары болып жұмыс істейді.1952 жылы Қарасазда бастауыш кластарға орыс тілінен сабақ береді.Ауылда жүріп үйленеді. Әйелінің аты –Лашын. Балалары Майгүл,Жұлдыз,Шолпан,Айбар.Балаларын жанынан бетер жақсы көреді.

 4.  Ақындық жолы

    Балаларға да арнап  көптеген өлендер жазған. Осындай өлеңдері «Бәсіре» деген атпен 1981жылы жарық көрді.Ол қазақ радиосында диктор болған.Газет-журналдарда жұмыс істеген.Ол өте көп керемет өлеңдер жазған.Оның өлеңдері туған жер,табиғат туралы.Жастарды елді,табиғатты сүюге,оны аялай біліуге үйретеді.Алып ақын туған даласы мен тауларына,ормандарына сағынышын баса алмай кеткен ұлы  ақын . Оның өлеңдері: « Туған жерде» , « Отан»

 Енді бүгін біз балалар  М. Мақатаевтың « Туған жерде» өлеңімен танысамыз. Оқулықпен жұмыс.

                          « Туған жерде»

Оқушылар мәнерлеп оқиды.

Таныс өлке ,

Таныс аймақ,

Таныс маң.

Анау жерде құрбыларымен алысқам,

Анау жерде құрбы жанмен табысқам.

Алба- жұлба ақша бұлттар жарысқан ,

Таулар әне ұйықтап кеткен данышпан.

Жолдар анау, шұбатылып шаңы ұшқан.

Таныс өлке , таныс аймақ, таныс маң.

 Мұғалім:

 Мұқағали – халқын , ана тілін , Отанын қадір тұтқан азамат ақын. Ол «Үш бақытым» атты  өлең жазды. Құдай деген кім десе , Отан  дер ем деп кейінгі  жас буынды  халқын , тілін , туған жерін шексіз сүюге шақырады. «Үш бақытым « өлеңің бір оқушы оқиды.

Валя оқиды.

5.Мәтінмен жұмыс жасау.

Мәтінді оқу.

Оқулықпен жұмыс.

Мәтінге сұрақтар қою.

-Кім туралы айтылған?

-Мәтінді бір- бірімен оқып аудару.

-Енді мәтін бойынша  сөйлемнің  орысшасын айтамын, сендер мәтіннен қазақша сөйлемді тап.

Мәтін бойынша бір –біріне қойған сұрақтары.

1.М Мақатаев кім?

2. М. Мақатаев қай жылы қайда туған?

3. Ол әкесінен неше жасында жетім қалады?

4. Оның қандай өлеңімен таныстық?

6. Нұрғиса Тілендиев , Әбирбек Тінәлиев т,б сазгерлер ақынның  көптеген  өлеңдеріне ән жазды. Олар « Сәби болғым келеді»,» Көгершіндер», « Саржайлауым», «Есіңе мені алғайсын». Енді біз Мақатаевтың «Сәби болғым келеді» әнің тындайық.

6. Ән орындалады.

7. Сабақ сонында оқушылар тірек сызба сызады.

        1931ж. Алматы обл.                                       Әкесі Сүлеймен

    Нарынқол ауданында                                       Шешесі Нағиман

  Дүниеге келген                                                     Мұқағали ата баласы

        

Мұқағали ақын

Өлеңдер жазды                                           Неміс,орыс тілін жетік білді

Табиғат туралы        1976 ж. Қайтыс болды

Туған жер                                                    

Тіл, Отан

                                     Әйелінің аты Лашын

                                     Балаларға өлеңдер жазды

                 

8. Тест.

1. Мұқағали нешінші жылы дүниеге келді?

А) 1932ж.

Ә) 1931ж.

Б) 1986ж.

2. Мұқағалидің туған жері?

А) Жамбыл обл.

Ә) Нарынқол ауданы

Б) Тараз

3. Мына өлеңді кім жазды? «Менің анкетам»

А) С.Мұқанов

Ә) М.Дулатов

Б) М. Мақатаев

4. Нешінші жылы орыс тілінен сабақ берді?

А) 1932ж.

Ә) 1950ж.

Б) 1952ж.

5. Мұқағали балаларға нелер жазды?

А) әнгімелер

Ә) романдар

Б) өлеңдер

6. Мына өлең жолын кімге арнады?

Әке, сенің жасынан асып барам,

Кезі-кезі келгенде тасып та алам.

Кезі-кезі келгенде жасып қалам,

Мына өмірге, бәрібір ғашық балан.

А) Анасына

Ә) Ағасына

Б) Әкесіне

7. Әкесі нешінші жылы соғысқа кетті?

А) 1940ж.

Ә) 1941ж.

Б) 1942ж.

8. Мұқағали қандай тілдерді білді?

А) Орыс, Неміс, Қазақ

Ә) Ағылшын, Неміс, Орыс

Б) Орыс, Парсы, Түрік

9. Неше жасында жетім қалды?

А) 9

Ә) 10

Б) 12

10. Анасының аты?

А) Күлпаш

Ә) Нағиман

Б) Гауһар

9. Ойлы жас, өлең менің бар тынысым

    Жақсы сөз, жаны игі халқым үшін.

   Атақ қуып, даңқ қуып,

   Біреулерден жүргем жоқ арту үшін- деп сендерге ой тастап отыр.

10. Үйге тапсырма

Туған жерде өлеңді жаттау.                    

 

   

                   

                     

                    .

                           

 

   

                   

                                                                 


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Менің отбасым. Шығармашылық жоба

Жобаның міндеттері: Оқушыларды әр түрлі ақпарата көздерін пайдаланып өз беттерімен ақпарат жинақтауды үйрету. Әлеуметтік сауалнама жүргізу. Жобаның мәселесіне талдау жасау. Тақырыпты толық сипаттау тә...

Ғабит Мүсіреповтың шығармашылығымен танысу.

Сабақтың тақырыбы: Ғабит Мүсіреповтың ...

Ғабит Мүсіреповтың шығармашылығымен танысу.

Сабақтың тақырыбы: Ғабит Мүсіреповтың ...

Махамбет Өтемісұлының шығармашылығы.

Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру.- ақын өлеңдеріндегі Исатай бейнесін және тарихи деректер...

Абайдың өмірбаяны мен шығармашылығы.

Абай өскен ортаның әлеуметтік-саяси жағдайын түсіндіріп,шығармашылығын шолу.-оқушыларға Абайдың өмірі мен шығармаларының қыр-сырын меңгертіп, тереңдей бойлату, теориялық негіздерін игерту-есте с...

Абай шығармашылығындағы табиғат лирикасы.

Абайдың  өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру.- оқушылардың ұлы ақын жайлы білетін білімдерін жинақтап, оларды...

Сабақтың тақырыбы: Көкжиек. Көкжиек тұстарын анықтау (топ-серуен) экскурсия сабағы.

Оқушылардың көкжиек және көкжиек тұстары ұғымын қалыптастыру.Күнге, жергілікті белгілерге және компасқа қарап көкжиек тұстарын анықтауға жаттықтыру....