Анам сенсің – туған жер!
статья (10 класс) на тему

Султанов Кайрат Серикович

Е.Ниетқалиев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп

Тақырыбы:«Анам сенсің – туған жер!»

Орындаған: 10 сынып оқушысы Абатова Аршат

Жетекшісі:  қазақ тілі мен әдебиеті Тулешева Мадина Есимгалиевна

Скачать:

ВложениеРазмер
Microsoft Office document icon arshat.doc34.5 КБ

Предварительный просмотр:

Е.Ниетқалиев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп

Тақырыбы:«Анам сенсің – туған жер!»

Орындаған: 10 сынып оқушысы Абатова Аршат

Жетекшісі:  қазақ тілі мен әдебиеті Тулешева Мадина Есимгалиевна

Анам сенсің – туған жер!

                                  Болдым ғашық, туған дала, мен саған,

                                           Алыс жүрсем, арманым – сен аңсаған.

                                           Жақын жүрсем, мен – төрінде рахаттың,

                                           Алтын діңгек – өзім туған босағам!

                                                                                     Қ.Аманжолов

                                   Жоспар:

  1. Кіріспе бөлім

«Уа, дариға – алтын бесік туған жер»

  1. Негізгі бөлім

1.Әркімнің туған жері өзіне ыстық.

2. Жер жәннатым – Қамыстым.

   III. Қорытынды бөлім.

     «Өз елімде өзендей гүрілдеймін»

               Туған жер... Осы бір сөзде ауызбен айтып та, қаламмен жазып та болмайтын ғажап сыр бар. Туған жер - ол ежелден ата – бабамыздың мекен еткен, өсіп – өнген, тамырын жайып қанаттанған, ыстық қаны тамған, топырағында аунаған қасиетті анамыз, жер мен көктің жәннаты, асқақ жалау әніміз бен қымбатты атамекеніміз! «Отан», «Туған өлке» дегенде жүректері елжіремейтін жан жок шығар, сірә. Шабыты шалқар ақындардың ел – жұртын, туып – өскен жерін таусылмайтын жырға қосуы, батырлардың «туған елдің намысы үшін өлсемде, арманым жоқ» деуі тегін емес.
            Қанша алыста жүрсеңде туған өлкесін сағынбайтын адам болмайды.  Өз елінің әсем табиғатын ансамайтын, сылдырлаған мөлдір суын ішуге асықпайтын жанды да кездестірмейміз. Мысалға алатын болсақ, сонау «Ұлы Отан» соғысында елім деп, жерім деп қасық қаны қалғанша жауға берілмей, шайқасқан,қазақтың аяулы қызы Мәншүк те соғыс уақытында өз елі аңсаумен болды. Бұған дәлел ел ауызыннан жеткен әңгімелерде Мәншүк үй ішіне жазған хатында сіңлісінен өзіне қымбат бір нәрсе беруін өтінеді. Ол, әрине туған жерінің бір уыс топырағы болатын. Майданда жүрген уақытында сол елінің топырағын мойнына бойтұмар етіп тағып, өзінің Отан алдындағы, Атамекен алдындағы азаматтық борышын  еш ұмытқан емес. Жалғыз ғана, Мәншүк емес,кеудесіндегі жұдырықтай жүректері  «Отаным» деп соққан қаншама өршіл жастардың сондағы, ел алдындағы еңбектері еш ұмытылмақ емес. Міне, Отанға деген сүйіспеншілік қайда жатыр?!

 Әрбір қазақ баласының жүрегінде жатталған қасиетті ұғым бар. Ол – ауыл. Ауыл – қазақтың қара шаңырағы. Бұл сөз әр қазақ баласына етене жақын, өйткені бәрі де ауылдың қарлығаштары.

 Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы,

 Одан артық әңгіме табылмайды, - деп ақиық ақын  Мұқағали Мақатаев  жырлағандай, ауыл жайлы әңгіме ерекше ыстық тебіреніске толы. Ауылымның будақтаған түтіні мен ескен самалына ештеңе  деп жетпейді ғой, шіркін! Менің жерім сонау Еділдің сылдырлаған жағасынан орын алған, ұшы – қиыры жоқ кең далада жатқан Қамысты елді – мекені. Бұл ауыл сиқырлы қаламынан жүрекжарды өлеңдерін туғызған Рахметолла Егізбаевтай, Кеңес Одағының батыры Ерденбек Ниетқалиевтей, күміс көмей әншілер мен мың бұралған бишілерді, суырып салма ақындарды туғызған қасиетті өлке. Ауылымның сыртынан қарасаң, еш тыным тапппай жұмыс жасайтын адамдардың, былдыраған бала үні үзілмейтін, қазаннан қара түтіннің иісі кетпейтін керемет көрінісі мені ерекше толғандырады. Арайлап атқан әрбір таңы, жайма шуақ күндері, мұп – мұздай мөлдір суы, айлы түнде жымыңдаған жұлдыздары да мен үшін ерекше. Ал, ақ жаулықты әжелерімнің ауылымның шежіресі туралы айтқандағы ұйып тыңдайтын балаларды айтсаңшы?! Сол әңгімелерден естуімше, ауылымның аймағында «Хантүскен» деп аталатын жер бар көрінеді. Бұл жер кезінде Хангерей хан келіп демалған жер дейді...

Тек бұлар ғана емес, ауылымның маңыраған қойы мен ойнақтаған жылқысына дейін  көзтартарлықтай бейнесін көргенде еліме деген махаббатым артпаса, кеміген емес... Өйткені, бұл жер - мен алғаш қадам басып, ата – анамды қуанышқа кенелтткен, иығыма сөмкемді асып, коңырау үнін естіген жерім, туған өлкем, шырқап салар әнім мен қолымдағы байрағым.
      Қазіргі уақытта ауылда «Ерденбек Нитеқалиев» атындағы жалпы білім беретін орта мектеп, ауылдық аурухана, Әкімшілік ғимараты, ауылдық кітапхана және наубайхана ауыл адамдары үшін  жұмыс жасауда. Бұл да елімнің өсіп – өніп, өркендеп келе жатқандығын көрсетеді.
     Мен қай қырда жүрсемде, қай шетте қалсамда өз Отаным, өл елім үшін оты болып жанып, суындай сарқыламын. Кеудемде «Туған жер» деп соққан жүреггіммен бүкіл қандастарымды өз бауырымдай қадірлеп, құрметтеп, елімнің одан әрі өркендеуі үшін, ата- баба қалдырған кең даланы, тілімді, дінімді қадір тұтып, кейінгі өскелең ұрпақтың бойына сіңіруге тырысамын. Өйткені, бұл - менің жерім, менің  далам, менің Отаным! Елімнің кірпіші болып қалану - менің басты міндетім, борышым!

        «Сүйем сені туған ел – атамекен.

Абзал ана өзіңсің, құшағың кең» - демекші  өмір бойы туған жерімді қызықтап, сүйіп өтемін!


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Исследование. Портреты Анны Ахматовой на границе живописи и поэзии

Исследование. Портреты Анны Ахматовой на границе живописи и поэзии....

Персональная запись Игнатьевой Анны (руководитель Глухова Светлана Анатольевна) на Международной детской Доске почёта

  Воспитанница МБОУ  ДОД "Янтиковская детская школа искусств" – Игнатьева Анна (руководитель Глухова Светлана Анатольевна) за свои победы на конкурсах разного уровня решением к...

Беседы по истории хореографии. Анна Павлова

Работа о творчестве выдающейся русской балерины А. Павловой...

Çĕре –Анне, ĕçĕ – Аттемĕр тейĕр» Ухсай Яккăвĕн «Атте-анне» поэмине пĕтĕмĕшле тишкермелли урок

Урок тĕсĕлирика  хайлавне вуласа тишкермелли урок  - хутăш урок.Урок тĕллевĕсем:Сапăрлăх тĕллевĕ:ачасене паллă поэтăмăр пултарулăхĕпе кăсăкланма мухтанма, ăна тĕслĕх вырăнне хумаллине вĕрент...

тематическое планирование по сенсо-моторному развитию для детей с тяжелыми множественными нарушениями в развитии

Зрительно-слуховая стимуляция №ТемаКоличество часов Первое  полугодие1 четверть - 27часов Обследование зрительного восприятия3  Обследование слухового восприя...

Открытый урок "Развитие художественного мышления и сенсо - моторных навыков в первый год обучения в классе фортепиано".

Урок с учащимися 1 – ого класса (возраст 7 лет) , дополнительная предпрофессиональная общеобразовательная программа «Фортепиано», учебная программа «Специальность и чтени...