Қысқа мерзімді жоспар география 6 сынып
план-конспект урока по географии (6 класс) на тему

Қысқа мерзімді жоспар география 6 сынып

Скачать:


Предварительный просмотр:

Сабақтың тақырып:  Атмосфераның құрамы мен құрылысы.

 Сабақ мақсаты:   Атмосфера, оның құрылысы, ауаның құрамы  туралы білім беру, атмосфераның адам өмірі үшін маңызын айқындау.

 

Міндеттері :     - Танымдық  сипаттағы тапсырмалар арқылы   ой – өрісін арттыру,

                           - Атмосфера, оның құрылысы, ауаның құрамы туралы ойларын  кеңейтіп, тұжырымдауға жетелеу;

                           - Ғылыми жаңалықтарға қызығушылықтарын ояту;

                           - Атмосфера, оның құрылысы, ауаның құрамы тақырыбы  бойынша жұптық, топтық жұмыстар арқылы оқушыларды  

                           диалогқа түсуге, ойларын   еркін   жеткізуге дағдыландыру.

Сынып : 6

Мерзімі:   

Сабақ түрі:   Жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі:  «Мен барлаушы», «Көрінбейтін сыйқыршы»,  «Көршіңе әңгімелеп бер», «Ыстық орындық», «Корреспондент»,  «Концептуалдық карта», «Географиялық  диктант»

Оқыту  формасы: жеке,  жұппен, топпен.

Көрнекілігі :  компьютер, фотоппарат, видео, А-3, тақырыпқа  сай  суреттер, маркелер, өшіргіш, қарындаш,

Сілтеме :  6 сынып Физикалық  география.

Күтілетін нәтиже : -  Атмосфера, оның құрылысы, ауаның құрамы туралы біледі.

Ойлау деңгейі

Мұғалімнің

іс –әрекеті

Оқушының

іс – әрекеті

Ұйымдастыру

Мұғалім сөздері: Мен сабақ басталар алдында, «Мен барлаушы» атты әдіс арқылы  психологиялык көніл-күйлеріңізді қалыптасу мақсатында пайдалынамыз. Мен сіздердің жүздерінізді көруге қуаныштымын.  Жайлы отырыңыздар көздереңізді жабыңыз, менен кейін қайталаңыз: «Мен мектепте жүрмін, мен сыныпта отырмын. Мен осыған қуанамын. Менің сабаққа назарым артты. Мен барлаушы сияқты бәрін сеземін. Менің жадым мықты. Менің ойым ашық. Мен оқығым келеді. Мен жұмысқа дайынмын. Мен жұмыс істеймін!

Мұғалім айтқан сөздерді қайталайды

Білу

Жаңа тақырыпқа шығу үшін шағын әңгіме оқылды Қызығушылықты ояту.
«Көрінбейтін сиқыршы »
Жер бетінде көзге көрінбейтін бір сиқыршы бар. Онымен әркім-ақ күнделікті кездесіп отырады. Сен оны көрмейсің, бірақ маңайында екенін сезесің. Міне, ол есікті тарс жапты. Көшемен келе жатқанда топырақтың жұлынып түсіп, жорғалай жүргенін көресің. оны көрінбейтін сиқыршының алып бара жатқанын сезесің. Тіпті басын шұлғып, ырғалған шөптерді байқайсың. Сені үнемі қоршап тұрады. Сенімен бірге жүреді.
Бар ма жоқ па оны анық білмейсің.
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (ауа)
Мұғалім:

Ауа туралы не білесіңдер?
Ол туралы не білгілерің келеді?
Ауа көзге көрінбейді. Біз оны көрмейміз. Бірақ айналамызда екенін білеміз. Біз сабын көпіршіктерін ұшырғанда немесе желпуішті желпігенде ауаның қозғалысын байқай аламыз. Ауа - физикалық дене. Физикалық дене - заттардан тұрады. Ауа - газдардың қоспасы. Оның иісі де, түсі де және иісі болмайды. Ол газдардың ішінде оттегі мен көмірқышқыл газы сендерге таныс. Ағзалар тыныс алғанда оттегін сіңіріп, көмірқышқыл газын шығарып отырады.
1. Сытырлақ дорбаны үрлеп, ауа толтырамыз. Аузың қолымызбен бекітеміз.
- Тез қысыла ма?
Сонда ауа деген газ, дәлірек газдардың қоспасы. 2 ғасыр бұрын ғана ғалымдар ауаның көптеген газдардың қоспасынан тұратынын дәлелдеген. Ауа қоспасындағы ең көп газ – яғни 78 ℅, оттегі - 21℅,
1 ℅ - көмірқышқыл газы. Дәптерлеріңді көтеріңдер, ар жағындағыны көресіңдер ме?
- Жоқ.
Жардың ар жағындағы көрші сыныпты көре аламыз ба?
- Ал сыныптағы заттарды көре аламыз ба?
- Иә.
- Бұл ауаның қандай қасиетін көрсетеді?
- Ауа мөлдір. Бұған айналамыздағы заттарды көзге көре алатынымыз дәлел. Таза ауаның иісі жоқ. Ауа иіссіз. Ауа серпімді, сығылады. Допты алайық. Оны қолыммен қысамыз. Бүйірі қабысады. Бұл кезде ішіндегі ауа сығылады. Қолымызды жіберсем, серпіліп қайта орнына келеді. Серпіліп тұрған - ауа.
Ауаның қасиеттері:
Көзге көрінбейді
Түссіз
Дәмсіз
Иіссіз
Сығылады
Жылуды сақтайды
Отты жағады

Жоспар :

  1. Атмосфераның қасиеттері мен құрамы
  2. Атмосфера қабаты
  3. Атмосфераның маңызы
  4. Атмосфераны ластану
  5. Атмосфераны қорғау 

Түсіну

Атмосфера қандай газдардан тұрады?

Иа, балалар сонымен бүгінгі біздің сабағымыздың мақсаты атмосфера қабаты, оның құрылысы, ауаның құрамы, адам үшін маңызы қандай екенін білу.

Мақсатымызға жету үшін 1-тапсырманы орындайық. Ол үшін әр топқа қиындылары бар конверт берілген. Бұл қиындылар арқылы ауаның газ құрамы деген дөңгелек диаграмма жасайық. Қиындылардан толық бір дөңгелек диаграмма жасап, оларды санмен, және газ атауымен белгілейік.

Өте жақсы балалар, барлығымыз 5-сыныпта алған білімдерімізді өте жақсы көрсете алдық. Яғни, ауаның көп бөлігі азоттан, оттегі және тағы басқа газдардан тұрады. Адамға, жалпы тіршілікке қажетті газ - оттегі.  Ал балалар ауаның құрамы барлық жерде бірдей болады ма? Жоқ ол биіктік бойынша өзгеріп отырады. Атмосфера бірнеше қабаттардан тұрады. Қандай қаббатар және ондағы негізгі ерекшеліктері туралы сендер нұсқамалы карточкамен жұмыс жасау арқылы біле аласыңдар.

«Әңгімелеп бер » әдістемесі

Оқушылар мәтінмен танысады.

Оқушы қадамдары :

  1. Оқиды,
  2. жұппен талдайды
  3. келесі топпен ақпарат алмасады.

«Бағдаршам » арқылы бағалау

КЛАСТЕР жасау

"Атмосфераның құрылысы"

нұсқамалы карточка

Тапсырма

Білім көзі

Жауабы

1. Атмосфера қандай қабаттардан тұрады?

74 бет

2. Тропосфера қабаты.

         А. Тропосфераның қалыңдығы

         В. Тропосфера қабатының басқа қабаттардан негізгі айырмашылығы?

         С. Температура қалай өзегереді? және оның негізгі себебі.

74 бет

5 азат жол

3. Стратосфера қабаты

         А. Қабат биіктігі

         В. Стратосфера қабатында қорғаныштылығымен ерекшеленетін қандай газ қабаты бар?

 

74 бет

6 азат жол

4. Атмосфераның жоғарғы қабаты

        А. Қабат биіктігі

         В.Температурасы

        С. Жоғары температураны неліктен адам сезбейді?

75 бет

2 азат жол

Талдау

«Ыстық орындық»

Бір оқушы орындыққа отырады  қалған сыныптастары отырған оқушыға жаңа сабақ бойынша сұрақтар қояды. Қойылған сұраққа жауап берсе орынан тұрады, келесі оқушы отырады.  

«Ыстық орындық»

«Қолпаштау» арқылы бағалау

Қолдану

«Корреспондент»

Топтағы оқушылар Bilimlend.kz  порталындағы бейнероликті  қарап, әр топтан корреспондент тақтаға шығады баяндама жасайды.

 

Жинақтау

«Концептуалдық карта» ауаның маңызы, ластануы  

 

Бірін-бірі бағалайды.

Дәптер алмасу арқылы бірін – бірі бағалайды

Бағалау

Тақырып бойынша iTest порталы арқылы тестілеу

Үй жұмысы

Сурет салу : «Атмосфераның ластану себептері және қорғау шаралары»

1 тапсырма: сарамандық жұмыс

Өзін-өзі бағалау парағы оқушының аты-жөні _______________________

Критерийлер:

Дискрипторлар:

Баллдар 0-1

1.Ауаның қасиеттерің атайды

1. Көзге көрінбейді
2. Түссіз
3. Дәмсіз
4. Иіссіз
5. Сығылады
6. Жылуды сақтайды
7. Отты жағады

2.Ауаның құрамын атайды;

1. Азот

2. Өттегі

3. Көмірқышқылы

ЖБ: кері байланыс: 2-жұлдыз, 1-тілек.

2 тапсырма: кластермен  жұмыс

Өзін-өзі бағалау парағы оқушының аты-жөні _____________________

Критерийлер:

Дискрипторлар:

Баллдар 0-1

1. Атмосфераның құрылысын түсіндіреді


1. Атмосфера қандай қабаттардан тұратының біледі

2. Тропосфераның қалыңдығын атайды

3. Тропосфера қабатының басқа қабаттардан негізгі айырмашылығын ажыратады.

4. Температура қалай өзегереді? және оның негізгі себебі туралы әнгімелейді.

5. Стратосфера қабатының биіктігін біледі

6. Стратосфера қабатында қорғаныштылығымен ерекшеленетін қандай газ қабаты бар екенің атайды.

7. Атмосфераның жоғарғы қабатынын биіктігін атайды.

8. Температурасын біледі

«Көрінбейтін сиқыршы »
Жер бетінде көзге көрінбейтін бір сиқыршы бар. Онымен әркім-ақ күнделікті кездесіп отырады. Сен оны көрмейсің, бірақ маңайында екенін сезесің. Міне, ол есікті тарс жапты. Көшемен келе жатқанда топырақтың жұлынып түсіп, жорғалай жүргенін көресің. оны көрінбейтін сиқыршының алып бара жатқанын сезесің. Тіпті басын шұлғып, ырғалған шөптерді байқайсың. Сені үнемі қоршап тұрады. Сенімен бірге жүреді.
Бар ма жоқ па оны анық білмейсің.
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (ауа)

ПИШИТЕ В ВАТСАП ПО НИЖЕ УКАЗАННОМУ НОМЕРУ

ЕСЛИ ВЫ ХОТИТЕ ПОЛУЧИТЬ ПОЛНУЮ ВЕРСИЮ КСП ПО КУРСУ ГЕОГРАФИИ ЗА 6 КЛАСС ПОПОЛНИТЕ  КИВИ КОШЕЛЕК  ПО НОМЕРУ 87778671285 НА 2000 ТЕНГЕ (С ПОМОЩЬЮ ТЕРМИНАЛА)

ОТПРАВЬТЕ СВОЙ АДРЕС ЭЛЕКТРОННОЙ ПОЧТЫ И ФОТО ЧЕКА ОБ ОПЛАТЕ ПО ВАТСАП

 (ПОЛНУЮ ВЕРСИЮ КСП ВЫ ПОЛУЧИТЕ НА СВОЙ АДРЕС В ТЕЧЕНИЕ 1 ЧАСА)

ВОЗМОЖНА ОПЛАТА ЧЕРЕЗ БАНКОВСКУЮ КАРТОЧКУ (ЧЕРЕЗ ИНТЕРНЕТ БАНКИНГ)


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Тақырыптық-күнтізбелік жоспар 3-сынып

Түсінік хат  Қазақстан Республикасының  Білім және Ғылым Министрінің 2013 жылғы  27 қарашадағы  № 471  бұйрығына  сәйкесқазақ тілінен 3 сыныптың   сағат санының...

Тақырыптық-күнтізбелік жоспар 3-сынып

Түсінік хат  Қазақстан Республикасының  Білім және Ғылым Министрінің 2013 жылғы  27 қарашадағы  № 471  бұйрығына  сәйкесқазақ тілінен 3 сыныптың   сағат санының...

"Тіктөртбұрыш" тақырыбына қысқа мерзімді жоспар.

Краткосрочный план урока по геометрии в 8 классе на тему "Прямоугольник". ...

"М.Мақатаев."Райымбек!Райымбек!" дастаны" тақырыбында ашық сабақ жоспары,9-сынып

Сабақтың тақырыбы:                  М.Мақатаев   «Райымбек! Райымбек!»  поэмасыСабақтың білімділік...

География. Дарынды оқушымен жұмыс жоспары, дәптері. 8 сынып

География. Дарынды оқушымен жұмыс жоспары, дәптері. 8 сынып...

География. Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс жоспары, дәптері. 6 сынып

География. Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс жоспары, дәптері. 6 сынып...

Қысқа мерзімді жоспар зайырлылық және дінтану негіздері 9 сынып

Қысқа мерзімді жоспар зайырлылық және дінтану негіздері  9 сынып...