"Тіктөртбұрыш" тақырыбына қысқа мерзімді жоспар.
план-конспект урока по геометрии (8 класс) на тему
Скачать:
Вложение | Размер |
---|---|
rrrr.docx | 31.58 КБ |
Предварительный просмотр:
Қысқа мерзімді жоспар
Пәні: Геометрия. Сыныбы: 8 «а»
Сабақ № 10 | Күні: 02.10.14 ж. | |
Сабақ тақырыбы: | Тік төртбұрыш. | |
Сабақтың мақсаттары: | а)оқулық: оқушылардың тік төртбұрыш жайындағы білімдерін жалпылау, тіктөртбұрыштың диагоналдырының теңдігінің дәлелдеуін меңгерту, тік төртбұрышқа берілетін есептерді шешуді үйрету; ә)дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілеттерін, ой ұшқырлығын дамыту; б)тәрбиелік: оқушыларды ұқыпты болуға, тиянақтылыққа, көпшіл болуға тәрбиелеу. | |
Оқыту нәтижелері: | - тік төртбұрыштың анықтамасын айта алады; - тік төртбұрыштың диагоналдарының теңдігін дәлелдей біледі; - тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасына жүргізілген медиананы есептей біледі; - оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауы дамиды. | |
Орындалатын іс-әрекеттер: | ||
Мұғалімнің орындайтын іс-әрекеттері: | Оқушының орындайтын іс-әрекеттері: | |
І.Ұйымдастыру кезеңі. а) оқушыларды түгендеп, сабаққа қатысуын тексеру; ә) оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру. б) сынып оқушыларын «төртбұрыш», «параллелограмм», «тік төртбұрыш», «квадрат» топтарына бөлу. Көшбасшыларға бағалау қағаздарын үлестіру. | Сыныптағы тәртіп, оқушылардың топтасуы. | |
ІІ. Үй жұмыстарын тексеріп шығу. 2.1. Оқушылардың үй жұмыстарын тексеріп өту. 2.2. Өткен тақырып білімдерін еске түсіріп өту: 1) Қандай төртбұрыш параллелограмм деп аталады? 2) Параллелограммның қандай қасиеттерін білесіңдер? | Оқушылар сұрақтарға жауап береді. | |
ІІІ. Жаңа сабақ тақырыбын таныстыру. Сабақ материалын сынып оқушыларымен топтасып жұмыс орындау көмегімен түсіну: Анықтама: Тік төртбұрыш деп барлық бұрыштары тік болатын параллелограммды айтамыз. Теорема: Тік төртбұрыштың диагоналдыры тең болады. Дәлелдеуін топтасып орындау. Өз шешімдерін қорғау. IV. Топтық жұмыс: 1-тапсырма: Тік төртбұрыштың қабырғаларының қатынасы 2:3 қатынасындай, ал периметрі 40 см. Тік төртбұрыштың қабырғаларын табыңдар. Шешуі: Ені: 2х Ұзындығы: 3х Сонда: р=2(а+в) 2(2х+3х )=40 5x=40:2 5x=20 x=4 Бұдан ені – 2х=2⋅4=8 см, ұзындығы– 3х=3⋅4=12 см. №77. Екі бұрышы тік болып келетін төртбұрыштың тік төртбұрыш бола бермейтінін көрсетіңдер. | Оқушылар өз топтары ішінде сабақ материалын игеру бағытында жұмыс жүргізеді. Топтық жұмыс. Оқушылар өз пікірлерін көрсетеді. | |
V. Сергіту сәті. Гимнастикалық жаттығулар орындау. | ||
VІ. Топтық жұмыс. №87.Тік төртбұрыштың бір бұрышының биссектрисасы қабырғасын қақ бөледі. Оның кіші қабырғасы 10 см. Тік төртбұрыштың периметрін табыңдар. А В Берілгені: АВСD-тік төртбұрыш. AC=10 cм, ∠ВАТ=∠CAT CT=TD С Т D Табу керегі: р-? Шешуі: ∠ВАТ=∠CAT=900:2=450. ΔACT-дан ∠СТА=900-∠CAT=900-450 =450. ∠CTА=∠CAT=450 , яғни AC=CT=TD=10 см. CD=CT+TD=10+10=20 см. Р= 2(АС+CD)=2(10+20)=60см. Жауабы: 60 см. Теорема: Тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасына жүргізілген медиана гипотенузаның жартысына тең. Дәлелдеуін жалпы сынып болып орындау. | Топтар арасындағы есепті бірінші аяқтауға бәсеке. Тапсырма аяқталған кезде топ оқушылары қолдарымен белгі беріп білдіреді. Мұғалім белгісімен топтар бір-бірлеріне ауысып, жұмыстарды тексеру жасайды. Тақтада аяқтаған оқушы көрсетеді.
| |
VІI. Сабақты қорытындылау. Венн диаграммасын толтырту. VІІІ. Үйге тапсырма беру: §3, 3.1. тақырып, №88 IХ. Оқушыларды бағалау. (көшбасшының бағаларын ескеру). | Топ көшбасшысының бағалауы. Оқытуды бағалау. |
По теме: методические разработки, презентации и конспекты
Тәрбие жұмысының жоспары
№1 мектеп -гимназиясының тәрбие жұмысы М А З М Ұ Н Ы І Бөлім. Өткен 2012-2013 оқу жылының тәрбие жұмысынына талдау ; ІІ Бөлім. Жаңа 2013-2014 оқу жылындағы тәрбие жұмысының м...
Семинар сабағының жоспары
Бұл сабақтың мақсаты: ұлы Абай Құнанбайұлының туған жеріне саяхат жасау. Ұлы ақын дана да, дара қазақ халқының бағына туған Абай атаны мәңгі есте сақтауға баулу....
Тақырыптық күнтізбелік жоспар
Тақырыптық күнтізбелік жоспар - 5 класс...
7 класта қазақ әдебиеті пәнінен орта мерзімдік тізбектелген сабақтар топтамасы.
7 класта қазақ әдебиеті пәнінен орта мерзімдік тізбектелген сабақтар топтамасы....
7 класта қазақ әдебиеті пәнінен орта мерзімдік тізбектелген сабақтар топтамасы.
7 класта қазақ әдебиеті пәнінен орта мерзімдік тізбектелген сабақтар топтамасы....
Қысқа мерзімді жоспар зайырлылық және дінтану негіздері 9 сынып
Қысқа мерзімді жоспар зайырлылық және дінтану негіздері 9 сынып...
Қысқа мерзімді жоспар география 6 сынып
Қысқа мерзімді жоспар география 6 сынып...