Тақырыптық-күнтізбелік жоспар 3-сынып
календарно-тематическое планирование на тему
Түсінік хат
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрінің 2013 жылғы 27 қарашадағы № 471 бұйрығына сәйкес
қазақ тілінен 3 сыныптың сағат санының өзгеруіне байланысты күнтізбелік-тақырыптық жоспарына өзгертулер енгізілді. Осы бұйрыққа сәйкес қазақ тілі аптасына 4 сағат жүргізіледі. Оқулық авторлары: А.Қайырбекова. Алматы «Атамұра» баспасы 2014 жыл.
3-сыныпқа арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспар Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің 2013 жылғы 03.04. №115 бұйрығымен бекітілген оқыту қазақ тілінде емес жалпы білім беретін мектептің 1- 4 сыныптарына арналған оқу бағдарламасына (Астана 2014) және «Атамұра» баспасы шығарған оқулыққа сүйеніп жасалды. Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде егеменді еліміздің мемлекеттік тілі – қазақ тілін оқыту өмірлік зор маңызға ие болып отыр.
Пәнді оқыту мақсаты – қарапайым және негізгі (негізгі деңгейдің алғашқы игерімі) деңгей бойынша қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан меңгерту; сөйлесім әрекетінің түрлеріне сай оқушыны тілдік білім негізінде түсінікті сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету.
Оқыту міндеттері:
1) оқушыларға сөйлесім әрекетінің түрлерін күнделікті қарым-қатынас деңгейінде меңгерту;
2) оқушылардың тілдік дағдысы мен білігін дамыту;
3) қарым-қатынас әдебінің қарапайым нормаларын меңгерту:
4) ойын жағдаяттарында қазақ тілін қолдану арқылы оқушыларды жаңа әлеуметтік тәжірибеге қатыстыру;
5) оқушыны сөйлесімдік қарым-қатынастың жаңа тәсілдеріне (қазақ тіліндегі), қазақ халқының мәдениетіне, ұлттық-мәдени сөйлесім ерекшелігіне баулу;
6) оқушылардың оқу білігін, шынайы өмірлік жағдаяттарда алған тілдік білімдерін шығармашылықпен пайдалануға дайын болу білігін қалыптастыру;
7) оқушыларды қазақ халқының балаларға арналған әндермен, тақпақтармен және ертегілермен, фольклормен, ойындармен таныстыру;
8) оқушылардың қазақ тіліне қызығушылығын дамыту, қазақ еліне, мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін тәрбиелеу.
Бағдарламаның мақсатын іске асыру жолдары:
1. Дыбыс, буын, сөз, сөйлем туралы ұғымдарды біртіндеп меңгерту.
2. Сөз құрап тұрған дыбыстарды, дауысты, дауыссыз, жуан, жіңішке, ашық, қысаң болып бөлінетінін тиісті көрнекілік, ойын-жаттығуларын орындату арқылы меңгерту.
3. Үлестірмелі карточкаларды қолданып сөйлем, сөз, буын құрату.
4. Оқушыларды әдептілікке, адамгершілікке тәрбиелеу, туған еліне, Отанға деген сүйіспеншілікке баулу.
І тоқсан – 36 сағат
ІІ тоқсан – 28 сағат
ІІІ тоқсан – 40 сағат
ІV тоқсан – 32 сағат
По теме: методические разработки, презентации и конспекты
Тақырыптық күнтізбелік жоспар
Тақырыптық күнтізбелік жоспар - 5 класс...
Тақырыптық - күнтізбелік жоспар
Бұл материалда физика пәнінің 7 класқа арналған тақырыптық - күнтізбелік жоспар қамтылған. ...
Тақырыптық-күнтізбелік жоспар 3-сынып
Түсінік хат Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрінің 2013 жылғы 27 қарашадағы № 471 бұйрығына сәйкесқазақ тілінен 3 сыныптың сағат санының...
"Қазақ билері" қазақ тілінен 11 сыныпқа арналған сабақ жоспары
қазақ тілінен 11 сыныпқа арналған сабақ жоспары ...
"М.Мақатаев."Райымбек!Райымбек!" дастаны" тақырыбында ашық сабақ жоспары,9-сынып
Сабақтың тақырыбы: М.Мақатаев «Райымбек! Райымбек!» поэмасыСабақтың білімділік...
Дарынды оқушымен жұмыс жоспары мен дәптері. Математика. 5-сынып
Математика-ғылымдар патшасы» К.Гаусс[[{"type":"media","view_mode":"media_large","fid":"10363835","attributes":{"alt":"","class":"media-image","height":"346","style":"float: right;","width":"450"}}]]...
Қазақстан тарихы. Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс жоспары, дәптері. 8-сынып
Ø Үлгермейтінге бірден жағдаятты сұрақ қойып, тез жауабын талап етуге болмайды. Ø Оқушының ойлану мен дайындалуына жеткілікті уақыт беруØ Міндетті түрде жауап жазбаша болғаны жақсыØ ...