Махамбет Өтемісұлының шығармашылығы.
методическая разработка (7 класс) на тему
Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру.
- ақын өлеңдеріндегі Исатай бейнесін және тарихи деректер бойынша тұжырым жасай білуге үйрету, Махамбет шығармашылығы арқылы әдебиет теориясы ұғымдарын меңгерту
- оқулық пен қосымша материал деректерін пайдаланып өз пікірін қорғай білуін, шешен де дәлелді сөйлеу шеберлігін дамыту
Махамбет өлеңдері арқылы оқушылардың бойындағы тарихи ұлттық сана қалыптастыру, ерлікке, патриотизмге тәрбиелеу.
Скачать:
Вложение | Размер |
---|---|
2_urok.doc | 61 КБ |
Предварительный просмотр:
Сабақтың тақырыбы: | Махамбет Өтемісұлының шығармашылығы. | |||
Сілтеме: | Оқулық, интерактивті тақта, тақырыпқа байланысты қосымша материалдар. | |||
Мақсаты: | Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру. ақын өлеңдеріндегі Исатай бейнесін және тарихи деректер бойынша тұжырым жасай білуге үйрету, Махамбет шығармашылығы арқылы әдебиет теориясы ұғымдарын меңгерту оқулық пен қосымша материал деректерін пайдаланып өз пікірін қорғай білуін, шешен де дәлелді сөйлеу шеберлігін дамыту Махамбет өлеңдері арқылы оқушылардың бойындағы тарихи ұлттық сана қалыптастыру, ерлікке, патриотизмге тәрбиелеу. | |||
Типі: | Жаңа сабақты меңгерту | |||
Түрі: | Ойталқы | |||
Көрнекілігі: | Махамбет өлеңдерінің жинағы, бейнефильм, қосымша деректер, суреттері. | |||
Оқыту нәтижесі: | Тақырыпты меңгеріп, білім қоржындарын Махамбет шығармашылығымен толықтыру. | |||
Тірек ойлар: | «Азаматтық рух», «Туған жерге сүйіспеншілік». | |||
Уақыты | Стратегиялар | Ресурстар | Сабақтың мазмұны | |
Мұғалімнің әрекеті. | Оқушының іс-әрекеті. | |||
5-7 мин. | Шақыру | I.Ұйымдастыру бөлімі -Амандасу, назарларын бүгінгі сабаққа аудару. | Оқушылардың тиімді жұмыс жасауына жағдай жасау. | |
Флеш-тренинг: «Жүрек жылуы» | Флеш-тренингтің өтуіне ықпал жасайды. Мақсаты: класта жылы, мейірімді атмосфераны орнату. | Оқушылар ортаға дөңгеленіп тұрып, бір-біріне бүгінгі күнге сәттілік тілеп, жүрек жарды жылы сөздерін айтады. | ||
3минут | Топқа бөлу | II. Топқа бөлу арқылы үй тапсырмасының игерілу деңгейін тексереміз. (Өткен Дулат Бабатайұлының «Аягөз, қайда барасың?!» өлеңінің шумақ жолдарын табу бойынша бес топқа бөлінеді. | 1-топ: Тауды екіге жарасың Тастың қашап арасың, Кесіп өтіп кезеңді Аягөз, қайда барасың? 2-топ: Тарбағатай тауынан Тоқсан сала қосылып, Тоғыз өзен түйісіп, Ақтын төмен жосылып. 3-топ: Ағының тасты ағызып, Арнаң қалды осылып. Күркіреген үніңнен Аңдар қашты шошынып. 4-топ: Қырға суың тарады, Ойға суың барады. Тоғанменен тосылып, Аягөз, сенің бойында. 5-топ: Несібе, ырыс тегіс қой, Сай-салаң толған жеміс қой. Қырың-малдың кіндігі, Ойың- өнім егіс қой. Оқушылар өз топтарына отырады. | |
10 мин 10 мин | «Миға шабуыл» әдісі «Жигсо» әдісі «Венн» диограммасы | Диалог тік оқыту. Үлестірме мәтін Махам беттің «Жұмыр қылыш»күйі | III.Үй тапсырмасын тексеру. «Мұғалім – оқушы» -Шешендік өнер дегеніміз не? -Шешендік өнердің пайда болуы неге байланысты? -Қазақ риторикасын сөз еткенде алдымен ауызға кімді аламыз? -Қазақ халқының би-шешендерін ата? -Үш жүздің билерін ата? -Біз қай жүзге жатамыз? -Қай би-шешеннің нақыл сөздерін білесіңдер? IV Негізгі бөлім. Мұғалімнің кіріспе сөзі. Тарихи деректер. ХІХ ғасырда Бөкей ордасында Ресей патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы көтерілген қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі болды. Оның басшылары Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы болған еді. Олар халықты хан-сұлтандарға, білегі жуан билерге қарсы көтерді. Көтерілістің болу себебі: шаруаларды шұрайлы қонысынан, жер-суынан, өрісінен айырылуы, хан-сұлтандар мен патша өкіметінің езгісіне, қыстағына түсіп күйзелуі еді. Махамбет тек көтеріліс басшысы ғана емес, ол- ақын, қаруымен де, жалынды сөзімен де халқына қызмет қылып, сол заманнан естелік етіп өлеңдерін қалдырған. Халықтың азаттығын көксеген күрескер, ел бастаған батыр, өр рухты ақын. V. Топтық жұмыс. Мұғалім оқушыларға мәтінді таратып, жұмыс жасау жоспарымен таныстырады. Мәтіннен Исатай мен Махамбет бейнелеріндегі ұқсастықты табу. | Оқушылар қойылған сұрақтарға толық- дұрыс жауап беруге тырысады.Дұрыс жауап беріп,әр жауапқа бір ұпайдан жинайды.(фишка) Мұғалімнің сөзін тыңдайды. Махамбет туралы бейнефильм қарайды. Оқушылар жаңа ақпаратты өз беттерінше, кейін топпен бірге отырып талқылайды.Сосын әр топ бір-біріне түсіндіреді, сұрақ қояды. Жұмыс кезінде АКТ-сы бойынша Махамбеттің «Жұмыр қылыш» күйіне түсірілген видео ойнап тұрады. Венн диограммасын толтырып, тақтамен ұқсастықты тексереді. |
10 мин. | «Қара жорға» әуені | VI. Шығармашылық жұмыс: «Азаттық үшін алысқан қазақтың арыстан ұлдары» тақырыбы бойынша әр топ өз ойларын постерді қорғау арқылы жеткізеді. VIІ. Сергіту сәті. Мұғалім «Қара жорға» әнін қосады. | Қосымша, өздері білетін деректер, ұялы телефондар арқылы жұмыла постер салады.
Оқушылар экранға қарап, қайталап билейді. | |
5 мин. | Рефлек сия | VIІІ.Бағалау. | Топтың көшбасшылары топ мүшелерінің жұмыс жасау деңгейіне тоқталады. «Екі жұлдыз, бір тілек» стикерді жабыстыру. Нәтижелі жұмысқа «Үш шапалақ». . | |
Сабақты талдау | Не жақсы болды? | Қойылған мақсат пен міндеттер өз мәресіне жетті. | ||
Қандай кемшіліктер болды? | Топ жұмысы барысында кейбір оқушылар толық жұмыс жасаған жоқ. | |||
Жұмыс барысында қандай жетістіктер болды? | Кластың жұмыс жасау қарқыны өте жақсы. | |||
Нені дамыта аласыз? | Сын тұрғысынан ойлау. Топта жұмыс жасау мәдениетін, кластастарын ынтамен тыңдауға. |
Сабақтың бағасы. | Сабақ тың өту деңгейі | Сабақ «Сын тұрғысынан ойлау», «АКТ қолдану», «Диалог» модулдерін, топтық, жұптық, ұжымдық жұмыс түрлерін қолдану барысында жақсы деңгейде өтті. |
Не жақсы өтті? | Оқушыларға сабақта дәстүрлі емес жұмыс түрлерін қолданған ұнайды. | |
Қандай ойдасыз? | Жаңа технология бойынша сабақтарды жалғастыру. | |
Нені дамытар едіңіз? | Оқушыларды сапалы білім алуға дағдыландыру, сабақ жоспарына жеті модульді енгізу. | |
Нені өзгерткіңіз келеді? | Оқушылардың қызығушылық қабілетін оятып, дамыту. | |
Сізге қандай көмек керек? | Оқушылардың себебі оларға сапалы білім керек және әріптестер мен мектеп әкімшілігінің қолдауы. |
№1 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Қалмағамбетова Г.Ш.
По теме: методические разработки, презентации и конспекты
«Рыцарь и поэт» ( посвящается Махамбету Утемисову).
Его имя дорого каждому, кто знаком с историческим прошлым, литературой и культурой Казахстана, кому близок свободолюбивый дух казахского народа. Махамбет Утемисов для казахской поэзии, для духов...
Менің отбасым. Шығармашылық жоба
Жобаның міндеттері: Оқушыларды әр түрлі ақпарата көздерін пайдаланып өз беттерімен ақпарат жинақтауды үйрету. Әлеуметтік сауалнама жүргізу. Жобаның мәселесіне талдау жасау. Тақырыпты толық сипаттау тә...
конспект урока на тему”Восстание Исатая Тайманова и Махамбета Утемисова (1836-1838годов)”.
Тема: ”Восстание Исатая Тайманова и Махамбета Утемисова (1836-1838годов)”. Цели урока: Обучающая: 1.Изучить причины, повод и цели восстания.2.Знать периоды, ход и движущие силы национально-о...
Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармалары
Қазақтың көрнекті ақыны, күйші композиторы, отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманұлы бастаған көтерілісті (1836-1837) ұйымдастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы – Махамбет Өтемісұлы На...
Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармалары
Қазақтың көрнекті ақыны, күйші композиторы, отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманұлы бастаған көтерілісті (1836-1837) ұйымдастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы – Махамбет Өтемісұлы На...
Махамбет Өтемісұлының өмірбаяны, «Бағаналы терек», «Мен едім» өлеңдері
9-сыныпқа әдебиет пәнінен сабақ жоспары...
Ханғали Сүйінішәлиев. Ішкі Орда және жалынды ақын Махамбет
Кітапта дауылпаз ақын, туған халқын қызғыштай қорыған батыр, Исатайдың айнымас серігі болған Махамбеттің күреске толы өмірі баяндалады. Махамбет ақынның отты жырлары бүгінгі жас ұрпақтың...