"Абай табиғат лирикасы"
план-конспект урока (7 класс) по теме
Предварительный просмотр:
Сабақтың тақырыбы: Абайдың табиғат лирикасы
Құрмалас сөйлем
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға Абай өлеңдерін таныстырып ауызекі сөйлеу тілін
дамыту, тақырыпқа байланысты сөздермен сөз тіркестерін
дұрыс қолдануға үйрету.
Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету,ойлау
қабілеттерін,сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
Эстетикалық, экологиялық тәрбие беру олардың поэзия,саз өнерін,
бейнелеу өнері секілді көркем өнер дүниесіне сүйіспеншіліктерін
арттыру.Туған табиғатқа қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : аралас
Әдіс-тәсілдер : сұрақ-жауап, топпен жұмыс,ой қозғау.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта,компьютер , дыбыстық файлдар,слайдтар
Сабақта қолданылатын технологиялар : сын тұрғысынан ойлау,ақпараттық,
сатылай кешенді талдау технологиялары
Пәнаралық байланыс : саз өнері, сурет сабағы
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушылармен амандасу.
Амансың ба алтын күн.
Амансың ба қонақтар.
Амансың ба шәкірттерім
Сіздерді көрсем қуанам!
Психологиялық дайындық:
- Мұғалім: Оқушылар:
- Әрбір адам? Туысым, досым, жұрағат.
- Әрбір сабақ? Үйрену, ұғу, ұлағат
Әрбір ісің? Тірлік, тірек, адамдық.
Әрбір сөзің? . Шындық, бірлік, адалдық.
Бүгін балалар сабағымызға көп қонақтар келіп отыр.Сабақта барлықтарыңызға сәттілік тілеймін.
"Ой қозғау" стратегиясын қолданып,өткен тақырыптарға шолу жасай отыра бүгінгі сабағымыздың
тақырыбын анықтаймыз.
1.ҚР неше мемлекеттік қорық бар?
2.Арал теңізінің солтүстігінде орналасқан қорықты ата?
3.200-ден астам құстардың түрі бар және жануарлар дүниесі бай қорық?
4.Қорғалжын қорығының мақсаты?
5"Барсакелмес" қорығында жануарлардың азаю себебі неге байланысты?
6.Қорықтардың табиғаты қандай?
Ал балалар" табиғат" дегенде қандай ассоциация ойларына келеді?
Қоршаған орта,жер,су,ауа,ағаш,гүл т.б
Слайд табиғат туралы,екі оқушы шығып сурет бойынша өзара диалог құрады.
Дыбыстық файл"Желсіз түнде жарық ай" тыңдату.
-Балалар бұл кімнің әні?
Слайд
-Абай Құнанбаев
-Абай Құнанбаев кім?
-Ақын,аудармашы,қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы.
-Абай Құнанбаев қашан қай жылы туған?
-1845 ж Семей облысында туған.
Ақынның шын аты?
-Ибрагим
-Абайдың әжесінің аты кім?
-Зере
-Шешесінің аты кім?
-Ұлжан
-Абай қайда білім алды?
-Ахмед-Риза медресесінде
-Абайдың орыс жолдасы дүниеге көзімді ашқан кім еді?
-Михаэлис
-Абайдың шығармаларын білесіңдер ме?
Балалар неге біз Абай ,табиғат деп тұрмыз ?Оқушылардың жауабын сұрау
Бүгінгі сабағымыздың мақсаты:
Абайдың табиғат лирикасы.Жыл мезгілдеріне арналған өлеңдерімен танысу.
Слайд
Лирика дегеніміз ақынның ішкі жан дүниесінің сезім күшімен тебіріне толқуы,өз басының көңіл-күйі, күйініш-сүйініші тән. Лирика 4 түрі болады.
1.Философиялық
2.Саяси
3.Махаббат
4.Табиғат
Слайд
Табиғат-адам өмір сүрер тіршілік етер ортасы.Табиғатсыз өмір жоқ.Сондықтан біз сіздермен қоршаған ортаны қорғауға тиіспіз.Абайдың көптеген өлеңдері қазақ даласындағы өмірді суреттеген.Көшпелі ауылды олардың тұрмыс-халін көрсететін сұлу шығармалары бар.Біз бүгін Абайдың жыл мезгілдеріне байланысты өлеңдерімен танысамыз.
Өлеңді мәнерлеп оқыту,сурет салу,қорғау, "Түртіп алу"стратегиясын пайдалана отырып өлеңнен сөздердің қарама-қарсы мағынасын жазу. Жаз, суық, ақ.
1-топ Қыс өлеңі
2-топ Жазғытұрым
3-топ ЖАЗ
4-топ Күз
Салған суреттерін топтар бір-біріне тілек айтып сыйлау.
"Даналық ағаш" ойыны(модуль бойынша грамматикалық тақырыпты қайталау)
1.Құрмалас сөйлем дегеніміз не?
2.Құрмалас сөйлем неше түрге бөлінеді?
3.Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
4.Салалас құрмалас сөйлем неше түрге бөлінеді?
5.Сабақтас құрмалас сөйлем деген не?
6.Сабақтас құрмалас сқйлем дегеніміз не?
Талдау -табыс кілті демекші
Топтарға грамматикалық тапсырмалар беру. СКТТ-Сатылай кешенді талдау технологиясы( Н.А.Оразахынова)
1-топ Фонетикалық талдау
2-топ Сөздерге морфологиялық талдау
3-топ Сөйлемдерге синтаксистік талдау жаса.
4-топ Сөйлемді аяқта. ТРИЗ(өнертапқыштық тапсырмаларды шешу технологиясы,Г.С.Альтшулер)
1.Абай Құнанбаев..........
2.Ахмет-Риза медресесінде.......
3.Абайдың шын аты........
4.Семей облысының Абай ауданыны Шыңғыс тау бөктерінде.............
Сабақты қорыту:
"Бес жол өлең"стратегиясын пайдалана отырып,бүгінгі сабағымызды қорытайық
1.Зат есім
2.Сын есім
3.Етістік
4.Пысықтауыш
5.Түйін сөз
Үйге тапсырма: Үзінді жаттау
Білімдерін бағалау.
По теме: методические разработки, презентации и конспекты
Р.Фәйзуллинның фәлсәфи лирикасы (фәнни-гамәли конференция чыгышы)
Фәлсәфи лирика дип җиһан, яшәеш турындагы уйларны лирик кичереш шәкелендә тасвирлаган әсәрләргә әйтәләр. Фәлсәфи лирика хисләрдән бигрәк фикер әйтүне, мөнәсәбәт белдерүн...
XIX- XX гасыр татар һәм рус әдипләренең иҗатлары аша мәхәббәт лирикасы белән танышу
XIX- XX гасыр татар һәм рус әдипләренең иҗатлары аша мәхәббәт лирикасы белән танышу.Татар әдипләреннән - Г.Кандалый, Г.Тукай, Х.Туфан; рус әдипләреннән –А.Пушкин, Р.Рождественский, А.Фет, А.Ахматова, ...
Қазақстан табиғаты. Табиғи байлықтар. Жаңа тас ғасыры (неолит).
Табиғат байлықтарының түрлерімен, адамзаттың неолитте ойлап тапқан жаңалықтарымен таныстыру; Оқушыларды жаңашылдыққа баулу; Табиғат құндылықтарын сақтай білуге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу....
Абай шығармашылығындағы табиғат лирикасы.
Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру.- оқушылардың ұлы ақын жайлы білетін білімдерін жинақтап, оларды...
Абай табиғат лирикасы
Абайдың табиғат лирикасы туралы түсінік беру...
«Абай мұрасы – халық қазынасы» (Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына әдеби әуенді кеш)
Егемен ел, өркениетті ұлт санатына қосыламыз десек, әр қазақ азаматы Абай сөзін танып-білмек парыз. Оны ана сүтіндей бойымызға да, ойымызға да сіңіріп өспек керек.Жас оқырманды ұлы данышпан Абай...
Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, Табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ (экологиялық жинақ)
Туған жеріміздің уылжыған табиғатын қорғау, оны қастерлеп, қадірлеу - әрбір адамның парызы. Жас жеткіншектерге экологиялық тәрбие беру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Эколо...