ИНФОРМАТИКА ТҮСІНІГІ
материал по информатике и икт (8 класс) на тему

Ташходжаев Султанмурат Акмалович

Информатика — бұл ақпараттың қасиеттерін және оны жинақтау, көрсету, өңдеу мен тасымалдау тәсілдерін зерттейтін ғылым. Информатикада негізгі үш бағытты анықтайды: теориялық, практикалық және техникалық. Олар ақпарат теориясымен, алгоритмдер теориясымен, математикалық логикамен және комбинаторлық талдаумен байлансты информатиканың теориялық сұрақтарын; программалау мен қолданбалы бағдарламаларды қолданумен байланысты практикалық сұрақтарды; ақпаратты өңдеудің техникалық құралдарын жобалауды, құрастыруды және қолдануды зерттейді. 

Скачать:

ВложениеРазмер
Файл informatika_tusinigi.docx43.3 КБ

Предварительный просмотр:

ИНФОРМАТИКА ТҮСІНІГІ

Информатика — бұл ақпараттың қасиеттерін және оны жинақтау, көрсету, өңдеу мен тасымалдау тәсілдерін зерттейтін ғылым. Информатикада негізгі үш бағытты анықтайды: теориялық, практикалық және техникалық. Олар ақпарат теориясымен, алгоритмдер теориясымен, математикалық логикамен және комбинаторлық талдаумен байлансты информатиканың теориялық сұрақтарын; программалау мен қолданбалы бағдарламаларды қолданумен байланысты практикалық сұрақтарды; ақпаратты өңдеудің техникалық құралдарын жобалауды, құрастыруды және қолдануды зерттейді.

Оның басты бағыттары:         

  • есептеу жүйелерін мен программалық қамтамасыз етуді құрастыру;
  • ақпаратты тасымалдау, қабылдау, түрлендіру және сақтаумен байланысты процесстерді зерттейтін ақпарат теоpиясы;
  • математикалық модельдеу, есептеу және қолданбалы математика әдістері, оларды білімдердің түрлі салаларындағы зерттеулерде қолдану; 
  • адамның интеллектуалды қызметіндегі логикалық және аналитикалық ойлау әдістерін (логикалық шешім, оқу, визуалды қабылдау, ойындар, т.б.) модельдейтін жасанды интеллект әдістері;
  • түрлі сипаттағы күрделі мәселелер бойынша шешімдерді дайындау және дәлелдеу үшін қолданылатын әдістемелік құралдарды зерттейтін жүйелік талдау;
  • қоғамды ақпараттандыру процесстерін зерттейтін әлеуметтік информатика;
  • машиналық графика әдістері, анимация, мультимедиа тәсілдері;
  • телекоммуникациялық жүйелер мен желілер, сонымен қатар, барлық адамзатты бірыңғай ақпараттық жиынтыққа біріктіретін глобальды компьютерлік желілер;
  • өндірісті, ғылымды, білім беруді, медицинаны, сауданы, ауыл шаруашылығын және барлық басқа шаруашылық және қоғамдық қызметтерді қамтитын түрлі қосымшалар.

АҚПАРАТ. АҚПАРАТТЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ҚАСИЕТТЕРІ.

Ақпаратпен біз күнделікті өмірімізде әрдайым кездесеміз. Ол зат және энергия түсініктері сияқты ғылымның негізгі түсініктерінің бірі болып табылады.

Ақпарат — адамның түрлі қайнарлардан қабылдайтын мәліметтер, білімдер және хабарламалар.

Ақпаратты материя қасиеті деп қарастыруға болады. Ол материяның табиғаты мен құрылымы туралы, реттілік пен түрлілік және т.б. туралы көрініс береді. Ол материядан тыс өмір сүре алмайды, яғни ол мәңгі өмір сүреді, оны жинақтауға, сақтауға, өңдеуге болады.

Ақпарат қасиеттері. Ақпарат болу керек:

Нақты  – мәселелердің нақты қалпын сипаттайтын ақпарат;

Түсінікті – қабылдауға түсінікті түрде сипатталған ақпарат;

Маңызды – қазіргі мезетте маңызды ақпарат;

Толық – қойылған мақсатқа жету үшін көлемі жеткілікті ақпарат;

Пайдалы – қойылған есепті шешуге көмектесетін ақпарат;

Ақпарат түрлері. Бізді қоршаған түрлі ақпаратты топтауға болады:

пайда болу саласы бойынша:

  • өлі табиғат процесстерін, құбылыстарын сипаттайтын ақпарат элементар немесе механикалық деп аталады,
  • жануар және өсімдік әлемнің процесстері — биологиялық;
  • адамзат қоғамы — әлеуметтік;

тасымалдау және қабылдау тәсілдері бойынша:

  • көрінетін символдар мен образдар арқылы тасымалданаты ақпарат визуалды деп аталады;
  • дыбыспен — аудиалды;
  • сезіммен – тактильді;
  • иіс пен дәммен  — органолептикалық;
  • есептегіш техника құралдарымен берілетін және қаьылданатын ақпарат машиналық деп аталады.

қоғамдық маңыздылығы бойынша ақпаратты үш түрге бөлуге болады:

  • жеке;
  • көпшілік;
  • арнайы.

АҚПАРАТТЫҚ ПРОЦЕСТЕР. БАСҚАРУ ПРОЦЕСТЕРІНІҢ  АҚПАРАТТЫҚ НЕГІЗДЕРІ.

Ақпаратты қабылдаумен, тасымалдаумен, сақтаумен және өңдеумен байланысты барлық әрекеттер ақпараттық процестер деп аталады.

Бір адамнан екінші адамға ақпаратты тасымалдау процесі екі жақты: ақпараттың қайнары бар және қабылдаушысы бар. Қазіргі кезде ақпарат телефон, радио, теледидар, интернет сияқты техникалық байланыс құралдары арқылы тасымалдана алады. Бұл техникалық құралдар ақпаратты тасымалдау арналары деп аталады. Ақпараттық арна арқылы уақыт бірлігінде тасымалданатын  ақпарат көлемі ақпаратты тасымалдау жылдамдығы немесе ақпараттық ағым жылдамдығы деп аталады.

Ақпаратты сақтау процесі деп адамның ақпаратты есте сақтауын немесе оны сыртқы ақпарат тасымалдағышқа сақтайтынын айтады.

Ақпаратты өңдеу процесі деп қандай да бір ережелер немесе заңдар бойынша оның түрленуін айтады.

Адамның немесе жануардың миының және жүйке жүйесінің негізгі әрі тұрақты функциясы қоршаған ортаның қалпы туралы ақпаратты түрлендіріп, ең жөнді әрекетті таңдау болып табылады. Бастапқы ақпаратты қандай да бір есептің шешімін көрсететін ақпаратқа түрлендіру процесі — кез келген қызметпен айналысатын адамның алдына қойылған есепті шешу деген осы.

АҚПАРАТТЫ КОДТАУ.

Бұл ақпаратты нақты көрінісін қалыптастыру процесі.

«Кодтау» терминін көбінесе ақпаратты бір формадан сақтауға, тасымалдауға немесе өңдеуге ыңғайлы екінші формаға өту деп түсінеді.

Компьютер сандық формада келтірілген ақпаратты ғана өңдей алады. Компьютерде өңделетін барлық басқа ақпарат (мысалы, дыбыстар, суреттер, приборлардың көрсеткіштері және т.б.) сандық түрге түрлендірілуі керек.

Әріптер мен сандар жиынтығы арасындағы сәйкестік символдар кодировкасы деп аталады.

ЭЕМ-де ақпаратты көрсету тәсілдері, кодтау және кодтарды түрлендіру көп жағдайда осы ақпарат қалыптасатын, жинақталатын, өңделетін және көрсетілетін құрылғылардың әрекет принциптеріне тәуелді.

Символдық және мәтіндік ақпаратты кодтау үшін түрлі жүйелер қолданылады: пернетақтадан ақпаратты еңгізген кезде кодтау қажетті символ салынған пернені басқанда жүзеге асырылады, осы кезде пернетақтада перненің реттік нөміріне тең екілік сан болып табылатын scan - код орындалады.

Басылған перненің нөмірі пернеде салынған символдың формасына ешқандай қатысы жоқ. Символды тану және оған ЭЕМ ішкі кодын теңестіру  арнайы бағдарламалармен жүргізіледі, олар арнайы кестелерге сүйенеді: ДКОИ, КОИ-7, ASCII (ақпаратты тасымалдаудың американдық стандартты коды).  

ASCII (кесте) кодтау кестесінің көмегімен барлығы 256 түрлі символды кодтауға болады. Бұл кесте екіге бөлінген: негізгі (Ooh-ден 7Fh-ге дейінгі кодтары бар) және қосымша (80h-ден FFh-ге дейін, мұнда h әрпі кодтың он алтылық есептеу жүйесіне қатысын білдіреді).

Мәтіндік ақпаратты ASCII кодтау кестесі

Кестенің бірінші бөлігі стандартталған. Онда басқарушы кодтар орналасқан (00h-тен 20h және 77h-ке дейін). Бұл кодтар кестеден алынып тасталған, себебі олар мәтіндік элементтерге жатпайды. Осында тыныс белгілері және математикалық белгілер орналасқан: 2 lh - !, 26h - &, 28h - (, 2Bh -+,..., үлкен және кіші латын әріптері: 41h - A, 61h - а,...

Кестенің екінші бөлігінде ұлттық шрифтілер, псевдографика символдары орналасқан, олардан кестелер, арнайы математикалық белгілер құрастыруға болады. Кодировкалар кестесінің төменгі бөлігін сәйкес драйверлерді (басқарушы көмекші бағдарламалар) қолданып ауыстыруға болады. Бұл тәсіл бірнеше шрифтілер мен гарнитуралар қолдануға мүмкіндік береді.

Дисплей символдың әрбір коды бойынша экранға символдың көрінісін – жай сандық кодын емес, оған сәйкес келетін суретті шығарады, себебі әрбір символдың өз формасы бар.

Әрбір символдың формасының сипаты дисплейдің арнайы жадысында (знакогенератор) сақталады. IBМ PC дисплейінің экранында символдың жарқырауы символдық матрицаны құрайтын нүктелердің көмегімен жүзеге асырылады. Осындай матрицадағы әрбір пиксель сурет элементі болады және жарық не қараңғы бола алады. Қараңғы нүкте 0 санымен, ал жарық нүкте 1 санымен кодталады. Егер белгінің матрицалық өрісінде қараңғы пикселдерді нүктемен, ал жарық пикселдерді жұлдызшамен белгілесе, онда символдың форасын графикалық түрде суреттеуге болады.

Видеоақпарат әрбір нүктенің (пикселдің) мәнінің сипаты түрінде көрсетіледі. Бір уақытта дисплей экранында жарқырайтын пикселдер саны оның рұқсаттық қабілетімен анықталады. Графикалық ақпараттың сипаты ретінде алынады: экрандағы нүкте координаттары, пиксел түсі, фон түсі. Барлық ақпарат дисплейдің видеожадысында сақталады. Графикалық ақпаратты басып шығарғанда сурет осылайша нүктелер арқылы шығарылады.

Сурет векторлық формада бола алады. Онда ол кесінділерден құрастырылады, олардың бастапқы координаттары, бұрылу бұрышы, кесінді ұзындығы беріледі.

Аудиоақпаратты кодтау – күрделі процесс. Аудио ақпарат аналогты болып табылады. Оны сандық түрге айналдыру үшін аппаратуралық құралдар қолданылады: аналогты - сандық түрлендіргіштер (АСТ), олар аналогты сигналды сандық түрге айналдырады, яғни сандық тізбек түрінде болады. Сандық дыбысты аудио құрылғыға шығару үшін кері түрлендіру өткізіледі, ол сандық –аналогты түрлендіргіш көмегімен жүзеге асады (САТ).


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Методическая разработка к уроку информатики по теме «Информация» для базового курса 10 класса в соответствии с «Примерной программой среднего (полного) общего образования по информатике и информационным технологиям (базовый уровень)».

В соответствии с учебным планированием, объём информации большой, а времени на изучение очень мало. Поэтому так необходимы средства, повышающие эффективность учебного процесса. Одним из таких средств ...

Доклад по информатике : Информатика в основной школе как обязательный предмет, формирующий компетенции учащихся в области ИКТ

Модернизация образования предполагает новые приоритеты для целей общего образования. Среди этих приоритетов – формирование информационно-коммуникативной компетентностиучащихся. Информационная к...

рабочая программа по информатике и ИКТ 2 - 4 классы к учебнику Горячева "Информатика в играх и задачах"

Рабочая программа включает в себя пояснительную записку, примерное планирование учебного материала,календарно - тематическое планирование....

информатика 5. Введение в информатику

разработка урока и презентация к уроку информатики в 5 классе "Введение в информатику"....

Мероприятие по информатике "Занимательная информатика"

Мероприятие по информатике для учеников 10 класса  "Занимательная информатика"...

Рабочая программа элективного курса по информатике "математические основы информатики"

Курс «Математические основы информатики» носит интегративный, междисциплинарный характер и ориентирован на учащих­ся физико-математического, частично естественно-научного и тех­нико-технологичес...