Инновациялық технология
материал по теме
"Инновациялық технология" атты баяндама
Скачать:
Вложение | Размер |
---|---|
innovaciyalyk_tehnologiya..docx | 95.64 КБ |
Предварительный просмотр:
ШҚО,Үржар ауданы,
Мақаншы ауылы,
Әсет Найманбай мектебі.
Қырықбаева Гүлім Айтмұхамбетқызы.
Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үрдістің қарқынды білім беру жүйесінің алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Ол-өз жұмыс орнында және бүкіл техникалық тізбекте технологияның үздіксіз өзгерістеріне, жаңалықта- рына бейімделе алатын орындаушының тұлғасын қалыптастыру. Егеменді еліміздің болашағы білім беру жүйесі мен мектептерге байланысты. Заман талабына сай қазіргі мектептерде білім мазмұнын, оның құрылымдық жүйе-сін жаңарту-білім реформасының жүзеге асуының басты шарты. Осы талапқа сай оқушылардың белсенділігі мен танымдық іс-әрекеттері арқылы оқушы- лар шығармаларын дамыту, қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны дамыту,осыған орай оқытудың жаңа технологияларын енгізе отырып, білім беру мен тәрбиелеу-мұғалімдер алдындағы басты мін-дет.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдай жасау,оқытудың жаңа технологияларын енгізу» білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді.
Сондықтан әр түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылар-дың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдай,тәжірибеде сы-нап қараудың маңызы зор. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты жан-жақты маман болу мүмкін емес дей келе мен қарапайым тілмен өз ойымды жеткізіп көрсем деймін.
Біздің заманымыз жаңа технология мен компьютер заманы. Соңғы 10 жыл ішінде біздің өмірімізге түбегейлі өзгеріс енді. Жаңа буын оқулықтары- мен электронды мәдениет әлеміне аяқ бастық. Сонымен бірге мұғалімнің де рөлі өзгерді. Ол енді жоғарғы деңгейдегі жаңашыл ұстаз болуы тиіс. Оған қойылатын талап та жоғарғы деңгейде болады. Жаңа технологияның дамуы-ның арқасында балалардың дамуына үлкен үлес қосылды. Заман ағымына қарай қазіргі традициялық сызба мына қағиданы басшылыққа алады «мұға-лім-оқушы-оқулық». Осы уақытқа дейін біз пайдаланып жүрген кез-келген практикалық материал, энциклопедиялар, диафильмдер қызықсыз болып қалды. Практикалық өмір дәлелдегендей ендігі таңда инновациялық техно- логияларсыз дамыған мектепті көз алдымызға елестету мүмкін емес. Ұстаз- дар жылдар бойына сары майдай сақтап, тырнақтап жинаған өмірлік азығын енді кішкентай ғана компакт-дискіде сақтайтын болды. Күні кеше ғана бұл қол жетпейтін фантастикалық әлем еді. Қазіргі таңда бәріне бейім,тез қабыл- дайтын ізденімпаз тұлғалар оның бәрін санасында ұстап,мобильді телефон- дарды, әр түрлі DVD-плеерді қолдануды меңгере бастады. Алдағы 10 жыл аралығында компьютерлік білімді меңгеру деңгейі өсіп, бастауыш сынып оқушыларының да компьютерді үйренуге деген талабы артады. Компьютер- дегі мәтіндер, аудио-бейне көрсетілімдер, анимациялар балалардың білім алу деңгейін жоғарлатады. Ғалымдардың дәлелдеуінше: 20%-естігені, 30%-көргені, 50%-өзі әрекет еткені есте қалады екен. Осының бәрін практикалық өмірде көрсетіп жүрген өз мамандығының майталман шеберлері инновация лық технологияларды, яғни мультимедиялық презентацияларды еңбегінің жемісі ретінде қабылдай отырып, мұғалімдік мамандықтың қыр сырын түсі- ніп алға ұмтылады. Өз жұмысына деген қызығушылық артады. Жаңа техноло гияны меңгере білген ұстаз өз өмірінің қуанышқа толы екендігін түсініп, көре біледі. Мұның қаншалықты бақыт екенін сезініп, заман ағымына қарай жаңа технология элементтеріне сүйене отырып, мультимедиялық кабинеттерде ин терактивті тақтаның көмегімен слайдтар арқылы өткізу тиімді тәсілдердің бі- рі деп есептейді.
Компьютердің қыр сырын меңгерген интеллигент тұлғалар ғаламтордың да пайдасын көре бастады. Үнемі ізденісте жүріп өзіне қажетті мағлұматтар- ды , қол жетпес ақпараттарды ғаламтордан таба бастады. Бұл прогрестің ал-ға жылжуы емес пе? Яғни адамзатқа бағынбайтын биік белес тауларды бағын дырғанмен бір есеп. Жадымыздағы компьютер, плеер, диск, мобильді теле -фон деген сөздер құлағымызға сіңісті болып күнделікті қалыпты дүниеге ай- налуда. Болашақта біз технологияның дамуынан әлі де үлкен жаңалықтар, ғылыми ашылулар күтеміз. Себебі, біз ізденуден жалықпайтын жаңашыл тұл- ғамыз. Ал өз іс-тәжірибеме келетін болсам:
Жаңа технологияны меңгеру-мұғалімнің кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсе-рін тигізеді, өзін-өзі дамытып оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына кө-мектеседі.
Ал өз іс-әрекетін тиімді ұйымдастырып отырған қазіргі кездегі мұғалім-нің міндеті жоғарыда айтылған мүмкіншіліктерді пайдалана отырып әр оқу-шыға еңбек етуде. Жаңа ғасырға жаңа бағдарламалар да енгізілуде.Жаңа бағ дарламада ең алдымен, оқушының білім алуға деген ынтасын, жауапкершілі- гін арттыру, берілетін оқу материалының күрделі болуы, баланың білім ал- уы үшін қамтылған. Жаңа оқулықтағы тапсырмалар жаңа технологияға не-гізделіп берілген. Қазір заман өзгерді. Қоғам педагогикалық шеберлік дең -гейі жоғары, жаңашыл, инновациялық көзқарастағы ұстаздарды қалыптасты- руды талап етуде.
Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашы-лық ізденісі,өз мамандығына деген сүйіспеншілігі алдындағы шәкірттерін бағалауы орын алады.
Сондықтан қазіргі мектеп мұғалімі қоғам талаптарын ескеріп,өзінің ал-дына педагогикалық міндеттерді қоя және шеше білетін, оқыту мен тәрбие технологияларын меңгерген, білім беру процесін басқара алатын,тәжірибеде педагогикалық ситуацияларды оқушы тұлғасының дамуына бағыттап жоба-лай және жүзеге асыра алатын бәсекеге қабілетті, шығармашыл тұлға болуы қажет. Ұстаздың шығармашылығын төмендегі сызбадан көруге болады.
Бүгінгі шәкірт-ертеңгі маман. Ендеше,қоғам талабына сәйкес мұғалімнің негізгі мақсаты-оқушының білім сапасын көтеру. Ол үшін мұғалімнің алдында сабақ сапасын көтеру түрін жетілдіру, оқушының сабаққа деген қызығушы-лығын арттыру,қабілетін дамыту міндеттері тұр. Демек,мұғалім бір ғана әдіс-пен шектелмей,шығармашылығын шыңдап,озық іс-тәжірибелерді пайдалана білуі шарт.
Оқушы үшін пәнге қызығушылықты оятатын, ойластыратын негіз- оқы-тушының интелектуалдық ізденісінде. Олай дейтінім, қазіргі кезде сабақты ұйымдастырудың, оқытудың жаңа технологиясы дамып,оны қолдану тәжі-рибеге енген кезеңде одан алыс қалу кешірілмейтін жағдай.
Сабақ ұйымдастырудың түрлеріне басты назар аудару керек. Мен өз са-бақтарымда оқыту мен тәрбиелеудің әр түрлі тиімді формаларын оқып - үй-реніп, қолданып отыруға тырысамын. Осы орайда сөзім дәлелді болу үшін жұмыс барысымдағы іс-тәжірибемнен баяндайын. Жаңа педагогикалық тех-нологиялар бір-біріне ұқсамайды,тек дұрыс пайдаланып,шәкірт жүрегіне жол таба білу қажет.Кез келген технологиямен жұмыс жүргізгенде сол техно логияны мұғалім өзі жақсы меңгеруі тиіс. Технологиямен жұмыс жүргізу 4 саты арқылы іске асады.Олар:оқып меңгеру; тәжірибеде қолдану; шығарма шылық бағытта дамыту; нәтиже. Бұл технологияның мақсатын төмендегі сыз- бадан көре аласыздар.
Осыны ескере отырып,мен оқу үрдісінде М.Жанпейісованың «Модуль-дік оқыту технологиясын»таңдап алдым. Мұндағы менің мақсатым-өз беті-мен дами алатын, әр түрлі өмірдің қиындықтарына төзе білетін, белсенді, білімді оқушы тәрбиелеу. Модульдік технология дамыта оқыту идеясына не- гізделген. Модульдік оқытудағы негізгі мақсат-оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту.
Модульдік оқытудың өзегі-оқу моделі. Оқу моделі ақпараттардың аяқталған блогынан,бағдарламаны табысты жүзеге асыру үшін берілген мұғалімнің нұсқауынан тұрады.
Менің алға қойған негізгі мақсатым-оқытудың жаңа элементтерін пай-далану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту. Модельде 1-3деңгейлік тапсырмалар:тест сұрағы, сынақ тапсырмасы, шығармашылық жұмыс бойынша жұмыс жүргізіледі.3-деңгей-мемлекеттік стандарт деңгейі, бұны барлық оқушылар орындауы, білуі міндетті.2-деңгей бұған қарағанда күрделірек, ал 1-деңгейді өз пікірін жеткізе алатын,өз ойын шығармашылық-пен дәлелдей алатын қабілетті, озат оқушылар ғана орындай алады. Бағалау: 1-деңгей-«3»,2-деңгей-«4»,3-деңгей-«5»деген бағаның тапсырмасы.
Бұл технологиямен 2005-2006 оқу жылының жартысынан бастап жұмыс істеудемін. Осы жылдар ішінде мол тәжірибе жинадым деп айта алмаймын, бірақ мұғалімнің ынтасы, жұмыс істеуге деген құштарлығы білім беру жүйе- сінде нәтижеге жеткізетінін байқадым. Оқушылардың тапсырманы өз беті-мен орындауы-шығармашылық жұмыстың бастамасы.Сонымен қатар, сынып оқушыларының қай пәнге икемді екенін байқап,әрі қарай дамытуға көп кө-мегін тигізеді.Балалар 1-деңгейді орындауға еліктеп,сабақтан тыс уақытта да өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланатын болады.Бір байқағаным, шығарма-шылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін.Сондықтан да менің міндетім-оқушының бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көр-сету.Кез келген оқушы мұғалімнің басшылығымен орындаған шығармашы-лық жұмысының нәтижесін көрсету арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамы-та алады.Баланың қабілеті мен талантын неғұрлым ертерек байқасақ, сол-ғұрлым оның қабілетін толық ашуға мүмкіндік болады.Егер қабілетті оқушы жұмысын уақытынан ертерек аяқтайтын дәрежеге жетсе,басқа оқушылар-дың жұмысын тексеруге рұқсат етемін.Сонда ол оқушылардың өзіне деген сенімін қалыптастырады,мұғалімнің сенімімнен шыға алатынына көзі жететін болады.
Мен сабағымда оқушыны біліммен, іскерлікпен, дағдымен қарулан-дырып қана қоймай ,олардың танымдық,шығармашылық қабілеттерін де дамытамын. Мысалы:
Ана тілі.
Ана тілі пәнінен мәтіннің тақырыптық идеясын толығымен ашу үшін оқып, әңгімелеумен шектелмей, қосымша мәтіндегі ұнаған көрінісіне сурет салу, жағымды, жағымсыз кейіпкерлерге мінездеме жазуды»эссе»арқылы жүзеге асыруға, топтастыру стратегиясы, 5 жолды өлең, инсерт әдісі, Венн диаграм- масы, Семантикалық картамен жұмыс, тест сұрақтарына жауап бере отырып , әрбір сабақты қызықты да тартымды етіп өткізуге болатынына кәміл сене- мін. Егер өлеңмен таныссақ, өлең ұйқасына салып өлең құрау сияқты шығар- машылық жұмыстар істеуді, сұлулық пен әсемдік туралы шығарма жазуды, оқушылардың сөздік қорын дамыту үшін ертегі құрау ойыны, сөзден сөз ту- дыру, ойдан жұмбақ құрау ойындарын жүргіземін. Осындай шығармашылық жұмыстарды ойдағыдай атқару үшін мұғалімдердің оқушыға берер әсері мол болу керек. Мысалы:балаға сенім қалыптастыру үшін «сен білесің», «сенің қолыңнан келеді», «үйренесің»деген сөздерді жиі айту қажет. Оқушының өз ойынан шыққан жетістігін жоғары бағалап, мадақтап,көтермелеп отыру қа- жет. Нәтижесінде : бала ойлай отырып, елестетеді, қиялдайды, болжам жа- сайды. Мысалы: мына слайдқа қарап отырып оқушылар ара, шыбын туралы мағлұматты жинайды. Бұл әрине ізденімпаздықтың, болжамның жемісі.
Олай болса, жаңа технологияның әдіс-тәсілдерін пайдалану білім сапасын арттырудың бірден-бір жолы.Оқу үрдісінде осы технологияның тиімді жақтарын төмендегі сызбадан көре аласыздар.
Математика.
Математика сабағында оқушылардың өздігінен жұмыс істеуінің оның ақыл ойының қалыптасуына үлкен мәні бар. Модульдік оқытудың тиімді жақтарының бірі-осы оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауына көп көңіл бөлінеді.Сынып оқушыларын шағын топтарға бөлу арқылы оқытуда нашар оқитын оқушылар көпшіліктің көлеңкесінде қалмайды. Әрбір шағын топ оқушылары берілген тапсырмаларды ақылдаса отырып, бір-біріне түсіндіре отырып шығарады.
Менің өз іс- тәжірибем бойынша шағын топтардың топ жетекшілерін пайдаланған тиімді екеніне көзім жетті. Себебі, бір жағынан ол оқушылар өз бетімен тапсырмалар дайындап, оны өз топтарындағы үлгерімі төмендеу оқу шыларға орындаттырады. Оқушыларды адалдыққа тәрбиелеуге, адамгерші- лік қасиетінің артуына көмектеседі. Уақыт үнемделеді. Өз бетімен жұмыс жа сау арқылы ойлау қабілеттері дамиды.Көп жағдайда оқушыны тақтаға есеп шығартуға тырыспаймын. Тек қандайда бір есепті талқылағанда, жеке оқушы лардың шығармашылық тапсырмаларын көрсету мақсатында ғана тақтаны пайдаланамын. Себебі, есепті тақтаға бір оқушы шығарса, көптеген оқушы- лар өздігінен ойлауды тоқтатып, дайын есепті көшіруге кіріседі .Есеп шығару кезінде оқушыларға есептің түрлі жолдарын, тәсілдерін игерту керек. Мате- матика сабағында оқушының ой еңбегі мен қабілетін арттыру және дамыту- дың тиімді әдістерін қалыптастыра білу де үлкен ізденісті талап етеді .Оқу- шылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ойын түрлерін пайдалану керек.
Дамыта оқыту технологиясын оқып меңгеріп,тәжірибемде қолданып, оқушыларды шығармашылық бағытта дамытуда нәтижесі төмендегідей болды:
Міне, өз білімін осылайша жан-жақты толықтырып отыратын мұғалім оқушысын еш уақытта жалықтырмайды деп есептеймін.
Қорыта келе айтарым, инновациялық технологияларды қолдану арқылы белгілі бір жетістіктерге жетеріміз анық.Оқушыларға инновациялық техноло-гияны меңгерту таңғажайып әлемнің есігін ашып берумен пара- пар емес пе? Өмірдегі шынайы, ғажап адамзатқа маңызды ашылулардың бәрі ізденімпаз ұстаздардың қолында.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Жанпейісова М.М. «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде». Алматы, 2002ж.
2.Жадрина М.Ж. «Қазақстан Республикасындағы жалпы орта білім беруді дамытудың тенденциялары мен мәселелері». Алматы, 2002 ж.
3.Ахметұлы.Қ., Баймолдаев.Т.«Жаңа буын оқулықтары арқылы жас ұрпаққа білім беру жолдары. Алматы, 2003ж. РррррррРРьььшогрг рРРРРр
По теме: методические разработки, презентации и конспекты
Методические объединения, конспекты открытых мероприятий, педагогические технологии. Технологии интегрированного урока, нетрадиционные технологии. Формы, методы и способы обучения детей с ОВЗ. Технологическая карта урока.
Причины и возможности применения технологий интегрированного урока, нетрадиционных технологий, особенностей форм, методов и способов обучения в обучении детей с ограниченными возможностями з...
Развитие речи учащихся начальной школы при помощи использования современных образовательных технологий (технологии критического мышления, технологии продуктивного чтения, метода проектов)
«Берегите наш язык, наш прекрасный русский язык, этот клад, это достояние, переданное нам нашими предшественниками... Обращайтесь почтительно с этим могущественным орудием, в руках умелых оно в состоя...
"Применение новых педагогических технологий. Личностно – ориентированные технологии. Технологии творческого развития»
Гуманизация образовательной среды в школе как условиеличностно – ориентированного образования.§1 Приёмы педагогической поддержки в становлении личности младших школьников.§2 Личностно – ориентированны...
Рабочая программа учебного курса «Технология» для 1 класса по технологии и авторской программы курса «Технология» Н. А. Цирулик по ФГОС
Программа учебного курса «Технология» для 1 класса по технологии и авторской программы курса «Технология» Н. А. Цирулик по ФГОС...
Рабочая программа учебного курса «Технология» для 2 класса по технологии и авторской программы курса «Технология» Н. А. Цирулик по ФГОС
Рабочая программа учебного курса «Технология» для 2 класса по технологии и авторской программы курса «Технология» Н. А. Цирулик по ФГОС...
Методическая разработка «Использование современных педагогических технологий на уроках ОРКСЭ» Мастер-класс: Современные образовательные технологии на уроках ОРКСЭ: технологии организации самостоятельной деятельности.
Дання методическая разработка представляет собой этап актуализации знаний на уроке "Добро и зло.граница между добром и злом" .Модуль ОРКСЭ – « Светская этика».Т...
Урок русского языка с использованием технологии проблемного обучения, групповой технологии, технология здоровьесбережения. « Что такое корень слова? Что такое однокоренные слова?»
Урок русского языка по теме "Что такое корень слова? Что такое однокоренные слова?", на этом уроке используются технологии проблемного обучения, групповой работы, здоровьесбережения....