Табиғи құбылыстар
план-конспект урока по окружающему миру (1 класс) по теме

Бижанова Майра Нажметовна

Табиғи құбылыстар туралы

Скачать:

ВложениеРазмер
Файл 4.docx18.81 КБ

Предварительный просмотр:

  4.Сабақтың  тақырыбы:  . Табиғи  құбылыстар.                                                               

Сабақтың мақсаты:                                                                                                            

  Оқушылардың дене, зат туралы алған білімдерін тиянақтау..Табиғат құбылыстары жөнінде мағлұматтар беру. Өз ойларын тиянақтап айтуға  дағдыландыру, танымдық белсенділіктерін арттыру,шығармашылық  жұмыс жасауға, ізденуге үйрету. Қоршаған ортаны аялауға  баулу,сезімталдыққа,адамгершілікке тәрбиелеу.   

Сабақтың түрі:жаңа сабақ.

Әдіс – тәсілдері:  сұрақ-жауап ,ой қозғау, Венн диаграммасы,топтастыру.

Көрнекілігі:  суреттер, (табиғат құбылыстары) сызбалар, үлестірмелі қағаздар, денелер

  Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру бөлімі:  Оқушылардың сабаққа дайындығын байқау.                                         

II.Үй тапсырмасын тексеру.   « Денелер туралы                                                                                                    

 III.Жаңа сабақ. 

Ой қозғау.                                                                                                     

 а) Оқушылардан жыл мезгілдерінің  ерекшеліктер туралы сұрау. Көктемде  қар ериді,су ағады, су тасиды. Жазда күн ысиды,жел соғады.Күзде күн бұлттанып, жаңбыр жауады. Қыста қар жауады,боран соғады.

 Ойларын жинақтау.  Олай болса бүгін біз  осы табиғаттағы өзгерістер жөнінде айтамыз.Денелер мен заттар үнемі өзгеріске ұшырйды.    Ағаш өседі,құлайды,шіриді. Жан-жануарлар да өседі, көбейеді,өледі.     Ертеңгілік күн шығып, жарық болады, кешке күн батады, қараңғылық болады. Аспандағы бұлт торлайды,жаңбыр жауады,найзағай ойнап, күн күркірейді. Жел соғады,қар ериді,су тасиды.Табиғаттағы өзгерістердің барлығы  табиғатқұбылыстары деп аталады.                                                                                                                                           Жер бетіндегі ауаның бір жерден екінші жерге ауысуы  жел деп аталады                     Жер бетінен ауа жоғары көтеріліп,салқындап, мұз  түйіршіктеріне айналып, олар шоғырланып бұлт құрайды.Бұлтты құрайтын ұсақ тамшылар бірігіп жерге жаңбыр болып жауады. Қыста  биіктегі су тамшылары қатып, мұз түйіршігін түзеді. Олар жабысып қарға айналады. Жер үстіндегі  ауаның бір жерден екінші жерге ауысуы кезінде су  тамшылары бір-біріне үйкеліп, электрленеді. Оң және теріс зарядтар бір бұлт пен екінші бұлт арасында және бұлт пен жер арасында таралады. Жер бетінде электр ағыны пайда болады. Ол бізге найзағай  түрінде көрінеді..Дәптермен жұмыс.  Сабақ тақырыбын жазу.                                                                            Жел, бұлт, жаңбыр, қар, найзағай  сөздерін дәптерге жазу.

V.Сергіту сәті. Жаңбыр жауды – тырс,тырс,    Боран соқты –гу,гу,      Жел тұрды  -ыли,ыли,                                                                                                                       Найзағай ойнайды – тарс,тұрс.                                                                                     

  VI.  Жұмбақтар жасыру.    1.Төгіліп  жерге ақ моншақ,   Ғайып болды сол шақта-ақ. (бұршақ )

2.Көзге көрінбейді, Қолға ілінбейді. (жел)

3.Әуеден  күбі түсті, Күбінің түбі түсті. (найзағай)

4.Ақ сандығым  ашылды, Ішінен жібек  шашылды. (күн)

5. Қанаты жоқ, ұшады,   Аяғы жоқ,желеді,  Ауызы жоқ,ұлиды. (боран)   6.Арыстан  ақырады, Орман  жаңғырады.  (найзағай)

VII.Сабақты  қорыту.   Бүгінгі  танысқан табиғат құбылыстарын  атау.


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Билгесез кушылучыны табу

Максат:Кушканда саннар арасындагы бәйләнешне кабатлау. Яңа типтагы тигезләмәләрне чишәргә өйрәнү. Тигезләмә төзеп мәсьәлә чишү. Язып кушу һәм алу алымнарын ныгыту. “Табигый зоналарны” кабатлау....

Билгесез кушылучыны табу

Конспект урока по математике для 4 класса по теме " Нахождение неизвестного слагаемого" по учебнику М.И.Моро, М.А.Бантовой и др. УМК "Школа России"...

“Бәхет ул – игелек эшләүдән тәм табу.” класс сәгате.

Материал для проведения классного часа....

Ашық сабақ "Табиғатты аялайық !"

Ашық сабақ "Табиғатты аялайық!"...

адам табиғат перзенті

адам және табиғат туралы...

Сабақтың тақырыбы: Айнала дүниедегі денелер мен құбылыстар

Сабақтың тақырыбы: Айнала дүниедегі денелер мен құбылыстарСабақтың мақсаты: 1 Табиғат,қоршаған дүние  туралы түсінік беру 2 Логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау қабілетін дамыту....