Ашық сабақ "Табиғатты аялайық !"
учебно-методический материал (4 класс) по теме

Баткалова Жазира Абдумуталифовна

Ашық сабақ "Табиғатты аялайық!"

Скачать:

ВложениеРазмер
Файл internet_sabak.docx37.27 КБ

Предварительный просмотр:

Сабақтың тақырыбы:        Табиғатты аялайық!

Сабақтың мақсаты:        1 Балалардың «табиғатты  аялау» туралы түсініктерін кеңейту.

                                      2.Туған жерге деген сүйіспеншіліктерін дамыту

                                      3.Табиғатты аялауға тәрбиелеу

Міндеттері:

  • табиғатты аялауға үйрету;
  • табиғатқа аялы қарым-қатынастарын дамыту;
  • табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың түрі: Кіріктірлген сабақ.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, сахналау.

 Сабақтың   қоры: қағаздан жасалған гүлдер, көбелек, жер ана, ленталар.

                                     Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

А) Оқушылардың оқу құралдарын түгендеү.

Б) Психологиялық дайыңдық.

В) Оқушылардың қызығушылықтарын ояту.

2. Дайындық кезеңі.

Табиғат, сен – тіршілік тұнып тұрған

        Сен – күнсің көтерілген күліп қырдан,

Сен – көлсің, сен – ормансың,

Сен – бұлбұлсың,

Адамға сұлулықты шын ұқтырған.

Құрметті оқушылар бүгінгі сабағымыз ерекше болмақшы. Ол өзін-өзі тану мен дүниетану сабақтарын бірлесе отырып өткіземіз.

        Мен өзін-өзі тану пәні бойынша Гүлзира Оспанқызы дүниетану пәні бойынша сабақ өткіземіз.

        Енді бар көңілімізді, назарымызды тақтаға аударсақ өмірдегі барлық жылу – күннен демекші, күннің шуақтарында әріптер берілген, осы әріптерден бір гүлдің атын шығарайық.

        Бәйшешек. Сөзін алған себебім ол гүлдің өзіне тән жақсы қасиеті бар.

Бәйшешек әдемі гүл ең алғаш қалың мұзды жарып шығатын өте мықты, табиғатқа әсем көрік береді.

        Сондықтанда адамзат баласы табиғатты аялай білейік.

Балалар өзін-өзі тану пәнінің артықшылығы ол оқушыларды айналаға мейірімді көзбен қарауға тәрбиелеу. Әр нәрсеге көңіл бөле білуге. Сондықтан сендердің ой-өрістеріңді кеңейтетін тапсырма орындаймыз.

        Енді балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр. Шешуін тауып көріңдер.

  • Ол өте нәзік, әдемі.
  • Ол ешкімге жамандық ойламайды;
  • Гүлдерді өте жақсы көреді;
  • Ол әдемі алқаптарда ұшып жүреді.

Ол не?

Балалардың жауаптары тыңдалады.

Көбелек.

  • Иә, бұл әдемі көбелек (мұғалім көбелектің суретін көрсетеді). Ендеше, осы көбелек бізге қонаққа келіпті.

Көбелек қонағымызға қошемет көрсетіп, гүлді алқап жасайық. Жасаймыз ба? Иә.

Ендеше көбелектің сендерге сұрағы бар екен соған жауап бере отырып, гүлді алқап жасайық.

  • Балалар сендер табиғатта неге ұқсағыларың келеді? Дейді.

Кезекпен шығып, алдыларындағы гүлдерді ала отырып, мына тұрған себетке салайық.

Балалар гүлдерін салып болған соң оған көбелекті қондырамыз.

        Балалардың жауаптары төмендегідей болуы мүмкін.

1. Амина Қ.

        Мен аққуға ұқсағым келеді. Өйткені ол әдемі, сұлу құс. Аққуды атпайды.

2. Камила.

        Мен гүлге ұқсап, жайнап тұрғым келеді, себебі гүл әдемі, адамға қуаныш сыйлайды.

3. Ақмарал.

        Мен табиғатта бұлбұл сияқты әнші болғым келеді.

4. Амина У.

        Мен күн сияқты адамдарға жарық, жылу бергім келеді.

5. Диас.

        Мен табиғатта бүркіт құсқа ұқсағым келеді. Себебі ол сияқты батыл болғым келеді.

6. Әли.

        Табиғатта мен ағашқа ұқсағым келеді. Себебі адамдарға көлеңке береді.

7. Нұр.

        Табиғатта мен қарлығашқа ұқсағым келеді. Себебі ол адаммен дос.

8. Айдын.

        Тоқылдаққа ұқсағым келеді – себебі ол орман емшісі.

9. Елнұр.

        Сауысқанға ұқсағым келеді. Себебі ол сақ.

10. Алима.

        Айға ұқсағым келеді. Себебі айдай сұлу болсам.

11. Әлия.

        Аққуға ұқсағым келеді себебі ол – адал.

12. Аружан.

        Көбелекке ұқсағым келеді, себебі көбелектей әдемі болсам.

13. Әлішер.

Тауға ұқсағым келеді, себебі таудай биік болсам.

14. Әнел.

Суға ұқсағым келеді, себебі судай мөлдір таза болсам.

15. Нұржан.

        Шөпке ұқсағым келеді, себебі шөптей жасыл боп жайнап жүрсем.

16. Ляйля.

        Табиғатта мен ауаға ұқсағым келеді, себебі табиғаттың бәрі ауамен демалады.

Міне балалар көбелекке әдемі алқап жасадық, енді көбелек қонағымызды гүлге қондырайық.

        Ендігі кезегімізді дүниетану пәнінің мұғалімі Гүлзира Оспанқызына береміз.

        Балалар, біз дүниетану пәні бойынша адам табиғат перзенті атты тақырыппен таныстық қой. Ендеше табиғатқа тамсанып бір қараңдаршы, алуан түсті сурет салып қойғандай. Осы табиғатымыз нешеге бөлінеді?

Жауабы: Өлі табиғат, тірі табиғат.

- Өлі табиғатқа не жатады?

- Тірі табиғатқа не жатады?

Балалардың жауаптары тыңдалады.

        Осы табиғаттың ішінде балалар сендерде барсыңдар. Адам баласы табиғат перзенті. Сондықтан да әдемі табиғатымызды аялауымыз керек. Табиғат қандай әсемдей сұлу болса, бізде сондай әсем сұлумыз. Осындай сұлу дүниені жаратқан не?

- Табиғат жер ана.

Балалар енді бәріміз шеңберге тұра қояйық. Енді ортаға бәріміздің асыраушымыз табиғат ананы щақырайық. Түрлі түсті ленталардың біреуін таңдап, осы табиғат Жер анамызға өз тілегімізді айтайық.

Табиғат ананың сөзі.

Армысыздар адамдар, армысыздар балалар. Орталарыңызға жер ана келді.

Балалардың тілектері төмендегідей болуы мүмкін.

1. Аспанымыз ашық болсын!

2. Жеріміз кең болсын!

3. Суымыз тұнық болсын!

4. Ауамыз таза болсын!

Жер ана кетеді.

        Сүйейік табиғатты, аялайық!

Біз де онан жақсылықты аямайық!

Анадай табиғаттың аясында

Жадырап жас балаша демалайық!

Қорытынды жұмыс:

Қонақтарға балалар тілек жазылған жүрекше сыйлайды.

''Көктем аруы'' атты қыз сыны сайысы

Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: „Қыз-елдің көркі" (ұлттық киімді қыздардың суреттері), „Өнер таусылмас азық"(қолөнер түрлерінің фотосуреттері), мақал-мәтелдер, қанатты сөздер.

Барысы: 1-жүргізуші. Қайырлы күн, құрметті көрермендер!

               2-жүргізуші. Бүгінгі „Көктемаруы" атты қыз сыны сайысына қош келдіңіздер!

               1-жүргізуші. Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

                                     Жанары жаны жаздай жайраңдаған.

                                     „Қыз өссе елдің көркі"дегенсөзді,

                                       Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.

                 2-жүргізуші. Пір тұтқан махаббатты, адалдықты,

                                        Көркімен таң қалдырған талай жұртты.

                                         Қыздардың қылығымен өмір қызық,

                                         Қыздардың ғұмырымен заман құтты.

                1-жүргізуші. Өнер-білім тапқырлықтың тарланы,

                                       Еңбектегі әріптестер мақтаны.

                                        Өнеріңді ортаға сал,сайысқа

                                       Өнер көрсет,құрбылармен  жарыс та.

                 2-жүргізуші. Мың бұралған арулар билей басып,

                                      Келеді міне ортаға толқып тасып.

                                      Аруларын сыйлаған халқым менің,

                                      Көңілді қошеметпен қарсы алайық.!

                1-жүргізуші. Сайысымызға қатысатын қыздарымызды қарсы алайық

1.Абилмансур Нурдана

2.Абишева Алима

3.Амангелді Айым

4. Әділханқызы Динара

5. Әлитай Ақнұр

6. Баймолдина Камила

7. Қанатова Амина

8. Какитай Әлия

9. Сайлаухан Ақмарал

10. Шарипова Дана

11.Ізделеу Аружан

                2-жүргізуші.  Шалқытып мерекеде ән салайық,

                                        Өнерпаз өрендерге тамсанайық.

                                        Әділдік пен шындықты арқа тұтқан

                                        Әділқазы алқасымен танысайық

1-жүргізуші. Сайысымыздың шарты бойынша қыздар өз нөмірлерін алып өз өнерін көрсетеді. Сайысымыз 5 турдан тұрады.

                                         1. Өзін-өзітаныстыру.

                                         2. Сұрақ-жауап.

                                         3. Өнер.

                                          4. Ас мәзірін даярлау.

                                          5.Шығармашылық қолөнер сайысы

                   2-жүргізуші. Кел, достар, бастайық,,

                                           Бастайық той кешін.

                                           Қызықтан еш адам,  

                                           Қалмасын құр қалып.

                   

1-жүргізуші. Бірінші сайыс -өзін-өзі таныстыру.

Көңілге түй сен мұны,

Әр бүлдіршін –ел гүлі.

Бақытты елде туғаның

Есіміңнен белгілі.

2-жүргізуші. Екінші сайыс-қыз сұлу көрінеді білімімен.

Кең даланың ежелгі,

Қазақ дейтін халқымыз.

Өзге ұлттай біздің де,

Бар дәстүр мен салтымыз

1-жүргізуші. Әдет-ғұрып, салт –дәстүрі қазақтың,

Жарасымды үйлесімді ғажап шын.

Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,

Насихаттап, жаңартудан қашпайық..

                                                                                      (Сұрақтарға жауап)

1 Қыз өссе – елдiң көркi, гүл өссе – жердiң көркi.

2 Қызға қырық үйден тыйым.

3 Тұлым-қыз балалардың кішкене күніндегі екі шекесінде  қиылмай қалдырылатын екі шок шаш.

4 Шашу. Бұл қуанышқа арнап жиналған жұрттың алдында жасалатын ырым. Әдетте, шашуға кұрт, ірімшік, өрік, кейіннен қант, кампит пайдаланылған.

5 Айран – ұйытылған сүт. Оны қаймағы алынған сүттен де, қаймағы алынбаған сүттен де ұйытуға болады

6 Қатық сиырдың, қойдың, ешкінің қаймағы алынбаған сүтінен ұйытып әзірленеді. Қатық піскен сүттен де ұйытылады. Қатық ұйыту үшін жылы сүтке ұйытқы құйып, ыдыстың бетін жауып, күн түспейтін жылы жерге 2-3 сағаттай қояды

7 Қымыз – биенің сүтінен дайындалатын денсаулыққа шипалы әрі жұғымды сусын. Қымыз қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең құрметті дастарқан дәмінің бірі.

8 Аударыспақ – салт аттылардың бірін-бірі ер үстінен аударып алу сайысы. Бұл ойынға қайрат-күші мол, батыл да төзімді, шапшаң қимылдап, ат құлағында ойнай білетін жігіттер қатысады

9.  Қыз қуу ойыны бір тегіс, жұмсақ топрақты жазық жерде өткізіледі. Мәренің қашықтығы 300 метрдей, ені 30-40 метрдей жер болуы шарт. Ойын өтетеін алаңнан қарама-қарсы жағында, бұрылыста жалауша қадалған бақылау пункті болады

10 Күрес-қазақ халқымен бірге жасасып келе жатқан, ұзақ тарихы бар ойын. Адамның жеке күш-қайраты сынға салынады.Бұл тұста ел жастарды «Күш – атасын танымас» деп қайрайды

11 Теңге ілу  – бозбалалар мен жігіттердің атпен ойнайтын ойыны. Көбіне қыз ұзатылатын және сүндет тойларының думанында ойналады. Жігіттің атқа мықтылығы, ат үстіндегі самдағай әрекеті, денесін игеріп, билеп алған ептілігі сынға салынады

 2-жүргізуші. Үшіншісайыс-өнерліге өріс кең.

Өнерсізден қашып жүр,

Өнермен үлгі шашып жүр.

Өнерді көпбілетін дана болар,

Өнерсіздің ісі шала болар.

 (Қане, қыздардың өнерін тамашалайық)

  1-жүргізуші.

Ата-бабамыздың ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерінің бірі-қонақжайлылық. Қандай жағдайда да „құдайы қонақпын" деп келген адамды кеудесін итермей,жыл шыраймен қарсы алып,қолдағы барымен дегендей,шамасы келгенше сый құрмет көрсетіп аттандыру әркімнің парызы сияқты болатын.

Ендеше, төртінші сайысымыз-ас мәзірін  дайындау.

                 

2-жүргізуші.  Сымбатына сән киім жарасатын,

                        Аспандағы айменен таласатын.

                        Өнеріне сәні сайкеліп тұрған,

                       Аруларға қызығып қарасын деп,-келесі сайысымыз Шығармашылық қолөнер сайысы.

 1-жүргізуші.Әділқазы алқасы аруларымыздың ұпайларын есептегенше өнерпаздардың өнерін тамашалайық.

2-жүргізуші. Енді сөзді төрешілерімізге берейік.(Ұпайларын қорытқанда, қыздардың ұлттық киімін, сайыс бойы өзін қалай ұстағанын, сөйлеу мәдениетін, жүріп-тұрғанын- бәрін де есептеген жөн.)

Қорытынды. Әділқазылар сөз алып, әр номинация бойынша (Көктем аруы, көрермен көзайымы, білімді қыз,өнерлі қыз, дарынды қыз, тапқыр қыз) жүлде тағайындайды.

1-жүргізуші. Өнеріміз сайыста,

                       Жетелейді алысқа.

                       Бүгінгі күннің жеңісі,

                      Достық болып қалуда.

  2-жүргізуші. Баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Наурыз құт–береке , бірлік әкелсін.  

Сабақтың тақырыбы : « Ұшқыр ойлы жұлдыздар »

Сабақтың мақсаты :

  1. Пәндер бойынша өткізілген тақырыптардан алған білімдерін тексеру . Оқушылардың білімдерінің деңгейін анықтау . Білімге , ғылымға деген қызығушылықтарын арттыру.
  2. Оқушылардың тіл байлық, сөздік қорларын молайту, шығармашылық қиялын жүйелеу, ойлау жылдамдығын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
  3. Оқушыларды ана тілін сүйетін, болашаққа үлесін қоса алатын білімді, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу.

Сабақтың түрі :интеллектуалды дамытпалы ойын сабақ

Сабақтың типі: Өтілген материалды меңгерту

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, баяндау, ізденушілік, салыстыру, әңгімелесу, деңгейлік тапсырмалар

Сабақтың көрнекілігі: Даналық сөздер жазылған плакаттар, сұрақтар жинағы, кеспе қағаздар, төсбелгілер, мультимедиялық көрініс, суреттер.

Сабақтың барысы:

Сайыстың бағдарламасы

І кезең «Таныстыру». Бұл кезеңде әр топ басшылары топтарын таныстырады.

ІІ кезең «Ұшқыр ой» топ басшыларына 10 сұрақтар беріледі.

ІІІ кезең «Тапқыр болсаң, талас жоқ» ана тілі ойынша а) тест ә) мақалды аяқта б) мәтіннің кейіпкерлерін анықтау

        Музыкалық үзіліс

ІV кезең «Тіл бәйгесі» қазақ тілінен тапсырма орындау а) ән арқылы тапсырма орындау б) суреттің мәнін ашу

V кезең «Білімді мықта» математика пәнінен сұрақтар, есептер шығару.

VІ «Қортынды бөлім» (Әділ қазылар алқасы ұпай сандарын санап, қорытынды шығарады. Жеңген топ марапатталады)

VІІ «Бағалау»

        (Музыкалық қорытынды)

  1. Кіріспе

Мұғалім сөзі: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен ата-аналар және сайысқа қатысушы сайыскерлер. «Халықтың кемеліне келіп, өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» деп Ш. Уалиханов, «Ғылым мен майданның қатардағы жауынгері тек үнемі оқу, іздену, талаптану, тану, өмір мектепбінен өту арқылы» ғана оның ірі қайраткер дәрежесіне дейін көтеріледі деп Қаныш Сатбаев айтып кеткендей еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз. Осы мақсатпен қазақ тілі, ана тілі, математика пәндерінен 4 «а» сынып оқушыларының арасында «Ұшқыр ойлы жұлдыздар» сайысын өткізгелі отырмыз.

Бәйге түсіп жарыспай,

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәлім, тәрбие табар ма.

Сонымен қатар сіздердің білім деңгейлеріңізді тексеріп, әділ бағасын беретін әділ – қазылар ақасын таныстырайық:

1 – айналым  «Таныстыру»

  1. Топ. «Жас Өрен»

1Ұраны : Жарыс десе жанымыз,

               Бүгінгі күн жарыста

               Алғырлықпен аламыз

Қарсылас топтарға сәлем: 

    Сыныптас ерігіп жүрме бос

              Қол ұстас ,бірігіп тізе қос,

              Жеңіспен мәреге барайық,

               Жеңістің ұранын салайық

Төрешілер алқасына сәлем: Қолыма қалам алатын

                                                 Әділ баға беретін,

                                                Еңбекті әділ бағалар

                                                Армысыздар апайлар.

2-топ «Достық» Ұраны: Қандай сынақ болсадағы беріспе,

                                         Әрқашанда үміткерміз жеңіске

Қарсылас топтарға сәлем: 

     Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым

                Көрсетеміз бізде қандай күш дарын

                Алға қойған мақсатымыз бір өрен

               Сәтті болсын сапарымыз әрдайым

Төрешілер алқасына сәлем!  Алдарыңда  бұл тұрғандар

                                                 Білім жолын қуғандар

                                                 Қателессек көрмеңіздер

                                                Әділ баға беріңіздер!

3-топ «Болашақ» Ұраны:

Болашақтың ұрпағымыз білімді,

Сайыста көрсетпекпіз мектепте алған білімді

        Қарсылас топтарға сәлем : 

             Қиындықтан сірә да біз қашпаймыз,

                        Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз,

                        Қияларға самғап ұшқан құстаймыз

                        Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз

Төрешілер алқасына сәлем: Шеберлікті ,білімді

                                               Сараптап сендер көріңдер,

                                                Әділқазы алқасы

                                                Әділ баға беріңдер!

2. Айналым «Ұшқыр Ой» Топ жетекшілеріне 10 сұрақ

Мұғалім: Мәңгі бақи есте қалар

              Қызықты бір жиын болсын

              Білімдірек шәкірт озар

              Сұрақтары қиын болсын

1 – топ «Жас Өрен»

  1. Ел сөзінің көпше түрі (елдер)
  2. 8:0  неге тең             ( 0 )
  3. «Алпамыс батыр» шығарманың қй түрі?(батырлар жыры)
  4. Қашықтықты қалай есептейміз?(жылдамдықты уақытқа көбейтеміз)
  5. «Ғажайып бақ» шығарманың қай түрі?(ертегі)
  6.  Қабанбайдың азан шақыртып қойған аты?(Ерасыл)
  7. Ілік септігінің жалғаулары?
  8. 1ц де неше кг бар? (100 кг)
  9. Өзенде  үй салатын қандай аң? (андатр)
  10. Көктемнің келгенін қай құс арқылы білеміз? (ұзақ)                                                                                                                                                                                                

2 –топ «Достық»

  1. Суда туып, құрғақта өмір сүреді? (БАҚА)
  2. Өрмекшіде неше аяқ бар? (8)
  3.  Жылдамдықты қалай табамыз? (қашықтықты жылдамдыққа бөлеміз)
  4. 100см де неше м бар? (1м)
  5. Көксерек әңгімесінің басты кейіпкері (құрмаш)
  6. Лирика дегеніміз не? (көркем әдебиет жанрының бірі) адамның көңіл күйін, сезімін, ішкі сырын сөзбен бейнелеу)
  7. Шегіртке несімен шырылдайды? ( аяғы мен қанатын үйкелеу арқылы)
  8. Қай жануар өз үйін өзімен алып жүреді? (тасбақа)
  9. Сөз таптары нешеу? (8)

3 –топ  «Болашақ»

  1. Дүние жүзінде ең кішкене жылқы? (пони)
  2. Ең үлкен хайуан (кит)
  3. Дүние жүзіндегі халықтың саны ең көп мемлекетті ата (Қытай)
  4. Бастауыштың қимылын білдіретін сөйлем мүшесі (баяндауыш)
  5. Кітап-білім...(бұлағы)
  6. 20 литрлік бір шелек 5 литрлік шелекпен қанша рет толтырылады?(4)
  7. Уақытты қалай табамыз?(қаш-ты жылд. Бөлеміз)
  8. Барыс септігінің жалғаулары
  9. 900:3 (300)
  10. Туған жер өлеңінің авторы «Қасым Аманжолов»
  1. Айналым «Тапқыр болсаң талас жоқ»

А) тест орындау 2мин            ә) мақалды аяқта

Б) Ертегіден үзінді оқытып, сол ертегідегі кейіпкерлердің суретін салғызу. Үзінді ертегінің қалай аталатынын табу.

      Ә. Мақалды аяқта

Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Ағаш тамырымен, адам досымен мықты

Туған жер –тұғырың туған ел – қыдырың

Жүзден біреу шешен, мыңнан біреу көсем

Егіннің жайын еккен білер

Арбаның жайын жеккен білер

Түйенің үлкені

Көпірде таяқ жейді.

1- топ «Сатқын жапалақ» ертегісі

Алтын, күміспен көмкерілген ақ ордаларда отыра –отыра  жалықтым.Енді маған әдемі қырналған ақ сүйектен,ылғи ғана бас сүйектен,сарғаймаған жас сүйектен сарай салынсын- деп бұйырады.

2-топ «Ғажайып бақ» ертегісі

  • Жер дүниедегі қазынаның иесі хан ғой, хан иеме апарып беріңдер дедім,- деп жауап қайтарады  үлкен шәкірті.

Қария оның жауабын ұнатпай,екінші шәкіртінен сұрайды:

-Ал менің  орнымда сен қалай шешер едің?- дейді екінші шәкірті:

Дауласқандар безген мүлік бидікі ғой, мен өзім алар едім ,- дейді.

3 –топ «Бес ешкі» ертегісі

Ен дала.айсыз түн ,азынаған боранда өзімнен басқа батыр жоқ деп дандайсыған бөрі құла аттың артына шығып ,шоқайып отырады да молдаларға ұқсап екі көзін шарт жұмып , өзінше әндетіп ұли бастайды.

Музыка қойылады Қайрат Нұртас, Бақыт Алтай «Ойлама» әнін тыңдатып тапсырма орындату.

4 – Айналым «Тіл бәйгесі»

  1. Әннің мәтіні беріледі, оны қазақ тілінен орыс тіліне аударады.
  2. Әнді тыңдай отырып көп нүктенің орнына септік жалғауларын қойады. Сезімге, таңнан, көзден, жақұтыңды, бақытымды, түнде, ойлағаның, бақытын.
  3. «Сәйкесін тап» ойыны

       5-Айналым    «Білімді мықта»

А)Ауызша «Логикалық есептер»

1 –топ Айсұлу 1 сан ойлады, оған екіні қосты, төртті алды. Жауабын үшке көбейтті де, екіге бөлді. Айсұлу қандай сан ойлады?

(8)

2 –топ  Бөлмеде 12 балапан, 3 қоян, 5 күшік, 2 мысық, 1 әтеш және 2 тауық болды. Осында тағы ит және оның қожайыны кірді. Бөлмеде қанша аяқ бар?

(2 адам аяғы )

3-Топ 3 адам шашки ойнап жатты. Барлығы 3 партия ойнады.(2 партия)

 Әр  қайсысы қанша партия ойнады?

1-топ

Көлден ұшты жеті қаз,

Қайтып қонды екі қаз,

Қонбады оның нешеуі?

Кәне, кім тез шешеді? (5)

          2 –топ  

           Жаңа ғана шалғында,

                  Алты бұзау жүр еді.

Әлде шаршап қалды ма,

Жатып қапты біреуі.

Нешеуі енді жайылып,

Айт, жүргенін айырып.(5)

 3-Топ

Аулада бс үйрек

Қорада үш үйрек.

Бір үйрек тығылды,

Бір үйрек жығылды,

Қалғаны неше үйрек?(0)

Ә) Допты жерге соға жүгіріп барып тақтада есеп шығару

1-топ

600 :2 = 300                            430+170=   600                                      

270: 9= 30                            695-600=95

96∙10=  960                             900-370=530

          2 –топ  

900:30=30                          540+81=621

990:3=33                            560-8=552

150∙4= 600                          207-5=202

                  3-Топ

                   327:3=109                            450+3=453

                  416:4=    104                        720-120=600

170∙3=  510                          400-180=220

100∙21=.2100

1-топ

180мин =      3  сағ              1ц =     100  кг

48сағ =    2     тәулік            3т=      3000  кг

24 ай =   2        жыл             2км=   2000    м

   

          2 –топ  

       300 мин =       сағ           10 км=          м

24 сағ =          тәулік       5000кг=        т

300жыл =      3 ғасыр        2000гр =     20 кг

               3-Топ

       186 мин=  3   сағ/6 мин          7000кг=  7     т

120с =      2     мин               20км=     20000    м

72 ай=     6    жыл                 4000г =  4   кг

240 с =      4   мин

Сабақты қорытындылау: Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін алақанның ортасына жазып күн шуақтарын жасайық.

   

        №1мектеп гимназиясы        

 

Бастауыш сыныптар апталығында өткізілген интелектуалды дамытпалы жарыс сабақ.

Тақырыбы: «Ұшқыр ойлы жұлдыздар»

Өткізген мұғалім: Ж.Баткалова

Сыныбы: 4 А