Главные вкладки
Бижанова Майра Нажметовна
бастауыш класс мұғалімінің сайты
Көңілді адам - әрқашан ажарлы адам! М. Горький
Профессия: Учитель начальных классов
Профессиональные интересы: работа с учениками
Увлечения: психология
Страна: Казахстан
Населенный пункт: г. Актобе
Место работы: СШ №1
Навигация
Ссылка на мой мини-сайт:
https://nsportal.ru/bizhanova-mayra-nazhmetovna"Адамды бақыттылыққа үйрету мүмкін емес, бірақ бақытты болатындай етіп тәрбиелеуге болады"
А.С. Макаренко
Сайтқа қош келдіңіздер!
О себе
Еңбек өтілімі -8 жыл. . Білімі - жоғары. Мамандық - бастауыш класс мұғалімі. .Қазіргі таңда № 1 орта мектебінде бастауыш класс мұғалімі қызметін атқаруда.
Книги, которые сформировали мой внутренний мир
Әзілхан Нұршайықов"Махаббат қызық мол жылдар"
Мұхтар Әуезов "Абай жолы"
Мой взгляд на мир
"Аз жұмысты қиынсынсаң - көп жұмысқа тап боласың. Азға қанағат қылмасаң - көптен құр қаласың" - Ыбырай Алтынсарин
Мои достижения
Шәкірттерімнің жетістігі менің жетістігім
Моё портфолио
15.04.2012, 20:00 | |
Қазіргі заман мұғалімі Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы. Ұстаз болу – мінездің күн шуағы, Ұстаз болу – адамның асылдығы, Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол - өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады. Ұстаздың осыншама қадір-қасиет, құрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауында.Өйткені оның қарапайым да сыпайы киім киісі, мәдениетті сөзі, әдепті жүріс-тұрысы, жинақы іс-әрекеті, білімі шәкіртке де, ата-анаға да, жұртшылыққа да өнеге. Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады,- дейді. Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі жас буын - еліміздің келер күнгі келбеті. Бұл жөнінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру»,- деген тұжырым жасады. |
Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,
Сырлары көп сыртқа әлі шықпаған.
Шаршаса да осы жолдың бойында,
Қандай рақат,шын бақытын тапса адам.
Добавить учебный материал в портфолио
Добавить творческую работу ученика
Код для вставки списка публикаций на другие сайты
Добавить творческую работу ученика
Код для вставки списка публикаций на другие сайты