Кешкі мектептің сырттай және экстерн түрінде білім алатын 9 – 11 сынып оқушыларына арналған қазақ тілінен сынақ тапсырмалар жинағы
учебно-методическое пособие на тему
Сборник зачетных заданий по казахскому языку для учащихся 9 – 11 классов заочной формы обучения, а также для экстернов вечерней школы.
Скачать:
Вложение | Размер |
---|---|
zhinak_kazak_tili-sbornik.docx | 80.55 КБ |
Предварительный просмотр:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
« № 15 ОРТА МЕКТЕБІ » КММ
КЕШКІ (СЫРТТАЙ) ОҚУ БӨЛІМІ
КЕШКІ МЕКТЕПТІҢ СЫРТТАЙ ЖӘНЕ ЭКСТЕРН ТҮРІНДЕ БІЛІМ АЛАТЫН 9 – 11 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН СЫНАҚ ТАПСЫРМАЛАР ЖИНАҒЫ.
Сборник зачетных заданий по казахскому языку для учащихся 9 – 11 классов заочной формы обучения, а также для экстернов вечерней школы.
ҚҰРАСТЫРҒАН: К. А. БАЙБОСЫНОВА
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ
Өскемен қаласы, 2014 ж.
ТҮСІНІКТЕМЕ
Ұсынылып отырған сынақ тапсырмалары сырттай және экстерн түрінде білім алатын кешкі мектеп оқушыларының жас ерекшелігін, білім деңгейін, қабылдау қабілетін, жеке ерекшелігін ескере отырып, бағдарлама бойынша өтілген лексика-грамматикалық тақырыптарға сай құрастырылған.
Жинақ оқушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу тілін дамыту, грамматикадан өткен материалдарды қайталап, олардан алған білімдерін нақтылап, сауаттылықтарын арттыру мақсатын көздейді.
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан
Мемлекеттік Университеті
Өскемен қаласындағы № 15 жалпы орта білім беру мектебінің кешкі (сырттай) оқу сыныптарының қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
К.А. Байбосынованың «Кешкі мектептің сырттай және экстерн түрінде білім алатын 9 – 11 сынып оқушыларына арналған қазақ тілінен сынақ тапсырмалар» жинағына
Рецензия
Жинақтағы материалдар кешкі мектепте сырттай оқитын оқушылардың қазақ тілі пәні бойынша білімдерін қадағалауға, жетілдіруге, логикалық ойлау қабілеттерін, өздігінен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыруға, сауаттылықтарын дамытуға бағытталған. Сынақ тапсырмалары оқулықтың тақырыптарына байланысты, оқу бағдарламасына, мемлекеттік стандартқа сүйенген, дұрыс, мазмұнды, оқушылардың қабылдауына, орындауына ыңғайлы. Елтанушылық бағыттағы мәтіндер тәрбиелік мәні бар, халқымыздың өмір салтынан, мәдениетінен хабар беретін танымдық мазмұндағы материалдар болып отыр. Оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру мақсатында күнделікті өмірде жиі кездесетін сөйлесу жағдаяттары, оқу үдерісінде жүйелі жүргізілетін әңгіме оқу, мәтінмен жұмыс істеу, көптеген диалогтік және жаттауға арналған монологтік тапсырмалар енгізілген.
Жинақты жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мұғалімдеріне қосымша әдістемелік құрал ретінде қолдануға болады.
Рецензент:
С. Аманжолов атындағы
ШҚМУ ФФ
Қазақ тілі мен әдебиеті
кафедрасының меңгерушісі
филология ғылымдарының кандидаты Г. Қ. Рахимбаева
Рецензия тіркелді: «06 » қазан 2014 жыл.
Тапсырмалар (Задания):
№ 1
1. Сұрақтарға жауап жазыңыз. Жауаптарын жатқа айтыңыз. (Напишите ответы на вопросы. Ответы выучите наизусть).
- Сенің атың (есімің) кім? ----------------------------------------
- Сенің тегің (фамилияң) кім? ----------------------------------------------- - Жасың нешеде? --------------------------------------------------------
- Қай мектепте, нешінші сыныпта оқисың? ------------------------------------------- Мекен-жайың қандай? ------------------------------------------------------------------- Бос уақытыңда немен шұғылданғанды ұнатасың?-------------------------------
2. Сөздердің аудармасын жазыңыз. (Напишите переводы слов).
Аты-жөні, танысу, ермек, мекенжай, сынып, қай мектепте?, сенің жасың, менің атым (есімім), менің тегім, оныншы сыныпта оқимын, көше, даңғыл, пәтер, пәтерде, көшеде, кешкі (сырттай) бөлімі, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, мемлекеттік мекеме, «№ 15 орта мектебі», мен Өскемен қаласында тұрамын, мен ауылда тұрамын, тоғызыншы сыныпта оқимын, үйде тұрамын, пәтерде тұрамын, он бірінші сыныпта оқимын.
3. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып жазыңыз. (Вместо многоточий вставьте нужные буквы).
С....ңлі, а.....а, қам....ор, дәст....р, жи....аз, с....лу, ....же, о...ушы, ....стаз, әдепт..., оңтүст...к, к...з, күм...с, біл...м, ...дебиет, к...нбатыс, солтүст...к, дүйсенб..., гау...ар, желто...сан, сейсенб...., ж...мыс, бұлб...л, тем...р, к...рме, ша...ғы, айда...ар, те...ге, қа...тар, жа...а, жал...ау, қарлы...аш, к...пір, а...аш, е...бек, қаза..., жет...м, ке...ес, с...йлем, с...т, т...л, к...ңіл, ес...к, б...ркіт, д...мді, денсаулы..., ұш...ыш, жан...я, қ...рылыс, ки...з үй, қол...нер, қ...рмет, к...ркем, ән...ран, елта...ба, байра..., р...міз.
4. Мәтінді оқып, аударыңыз. Сөйлемдерге сұрақтар құрастырыңыз. (Прочитайте текст, переведите. Составьте вопросы к предложениям).
Менің атым – Әсел. Мен Шығыс Қазақстаннанмын. Өскемен қаласында туып-өстім. Астанаға оқу үшін келдім. Мен Назарбаев университетінде оқимын. Биыл екінші курс студентімін. Жатақханада тұрамын. Бос уақытымда спортпен шұғылданамын, жолдастарыммен кездесіп, қыдыруды ұнатамын.
5. Ай аттарын оқып, жаттап алыңыз. (Прочтите названия месяцев и выучите их наизусть).
Қыс айлары – Зимние месяцы Жаз айлары – Летние месяцы
Желтоқсан – Декабрь Маусым – июнь
Қаңтар – Январь Шілде – июль
Ақпан – Февраль Тамыз – август
Көктем айлары – Весенние месяцы Күз айлары – Осенние месяцы
Наурыз – март Қыркүйек – Сентябрь
Сәуір – апрель Қазан – октябрь
Мамыр – май Қараша – ноябрь
№ 2
1. Сұрақтарға жауап жазыңыз. Жауаптарын жаттап алыңыз. (Напишите ответы на вопросы. Выучите ответы ).
- Сенің отбасың (жанұяң) бар ма? --------------------------------------------------------
- Отбасың үлкен бе?--------------------------------------------
- Отбасыңда (жанұяңда) неше адам бар? Олар кімдер? ------------------------------
- Анаңның аты-жөні кім? Ол неше жаста? ---------------------------------------------
- Анаң қайда жұмыс істейді? --------------------------------------------------------------
- Әкеңнің аты-жөні кім? Ол неше жаста? -----------------------------------------------
- Әкең қайда жұмыс істейді? --------------------------------------------------------------
- Сенің әпкең бар ма? Оның аты кім? ----------------------------------------------------
- Әпкең неше жаста? Ол қайда жұмыс істейді? ---------------------------------------
- Сенің ағаң бар ма? Оның есімі кім? -----------------------------------------
- Ағаң немен айналысады? --------------------------------------
- Сенің інің бар ма? Оның аты кім? -----------------------------------------------
- Ініңнің жасы нешеде? ---------------------------------------
- Сенің сіңлің (младшая сестра для женского пола), қарындасың (младшая сестра для мужского пола) бар ма? --------------------------------------
- Есімі кім? --------------------------------------------------------------------
- Оның жасы нешеде? --------------------------------------
- Атаң, әжең бар ма? Олардың жасы нешеде? -----------------------------------------
- Сенің әйелің бар ма? -----------------------------------------------------------------------
- Әйеліңнің аты-жөні кім? Ол неше жаста? --------------------------------------------
- Сенің күйеуің бар ма? ------------------------------------------------------
- Күйеуіңнің аты-жөні кім? Ол неше жаста? -------------------------------------------
- Сенің балаң бар ма? Оның аты кім? ----------------------------------------------------
- Балаң неше жаста? ----------------------------------------------
- Балаң оқушы ма? ------------------------------------------------
- Балаң балабақшаға барады ма? ------------------------------------
- Сенің отбасың (жанұяң) қандай? -----------------------------------------------
2. Сөздер мен сөз тіркестерін аударып, есіңізде сақтаңыз. (Переведите слова и словосочетания, запомните их).
Пенсионер, домохозяйка, ученик (-ца), студент, безработный(-ая), не работает, работает, продавец (торговец), врач, юрист, по профессии, ходит в детский сад, учится в школе, рабочий (-ая), каменщик, строитель, служащий (-ая), предприниматель, парикмахер, штукатур, маляр, медсестра, слесарь, мұғалім, ұстаз, зейнеткер, оқушы, үй шаруасындағы әйел, жұмыс істемейді, дәрігер, учитель, жұмыссыз, жұмыс істейді, тас қалаушы, сырлаушы, сылақшы, шаштаразшы, кәсіпкер, құрылысшы, темір ұстасы, медбибі, қызметші, сатушы, заңгер, мамандығы бойынша, он (она), балабақшаға барады, мектепте оқиды, отбасы (жанұя), өгей әке, живем дружно, қайын ене, қайын атам, менің інім, менің ұлым, менің қызым бар, отбасым үлкен емес, жанұям үлкен, мой муж, моя жена, младшая сестра для мужского пола, младшая сестра для женского пола, менің шешем, менің күйеуім, менің әйелім, менің балам, ол студент, менің отбасым (жанұям) жақсы, біз тату тұрамыз, әжем зейнеткер, атам зейнеткер, аға, отчим, айналысады, қарындас, сіңлі, туыстар, старшая сестра, бабушка, дедушка.
3. Сөздерге екпін қойыңыз. (Поставьте ударение словам).
Көктем, қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан, мамыр, сәуір, шілде, тамыз, жұрнақ, үлкен, қызыл, жайлау, ақылды, оқымысты, мұғалім, ұстаз, бала, ғарышкер, ғарыш, мектеп, сайлау, қабылданды, мемлекет, жіңішке, жуан, қатаң, елтаңба, байрақ, жалғаулар, сөйлем, дыбыс, әліпби, рәміздер, оқушылар, қала, дала, оқулық, демалуға, бардық, ашық, бейнеленген, отбасы, маусым, етістік, ортақ, мәртебе, халық, еңбек, дауыссыз, толықтыр, септік, төрт, бес, оқыған, әкесі, сұлулық, демалыс.
4. Сөздерге көптік жалғауын жалғаңыз. (Образуйте слова во множественном числе).
Қарлығаш, аққұтан, қырықбуын, қаз, үй, құс, бұлбұл, түйеқұс, қырықаяқ, шелек, жыл, жолбарыс, ағаш, шөп, жұлдыз, тау, қала, көпір, сөз, терезе, мектеп, аң, тарақ, жалғау, кітап, зейнеткер, туыс, ғарышкер, мұғалім, әже, өлең, күн, түн, әкімшілік, елдімекен, кесе, қабат, газет, журнал, оқулық, ай.
5. Подчеркните окончания множественного числа и образуйте форму единственного числа.
Образец: мектептер – мектеп.
Кемелер, әйелдер, кереуеттер, баяндамалар, ағаштар, қырықбуындар, елдімекендер, пәтерлер, үйлер, оқушылар, мемлекеттер, тастар, карталар, мәтіндер, қағаздар, шөберелер, мұғалімдер, жалғаулар, талдаулар, хаттар, иттер, жоспарлар, тәрелкелер, мейрамдар, емтихандар, балшықтар, доптар.
№ 3
1. Мәтінді толықтырыңыз. Мәнерлеп оқып, аударыңыз. ( Дополните текст. Прочитайте выразительно, переведите).
Менің мектебім
Менің аты-жөнім - ............ . Мен ............... мектепте ........ сыныпта оқимын. Менің мектебім .................. көшесінде орналасқан. Мектебімізде ........... оқушы бар. Мектеп директоры – ................. . Сынып жетекшіміз – .......... . Мектепте тәжірибелі мұғалімдер жұмыс істейді. Сабақтары қызықты, тартымды өтеді.
Мектебім ..... қабатты, іші кең, жарық және таза. Сыныптар қазіргі талапқа сай жабдықталған. Бірінші қабатта спортзал, асхана, шеберхана, мектеп мұражайы бар. Екінші қабатта үлкен акт залы, кітапхана, компьютерлік кабинеттер бар. Мектептің ауласы кең, онда көптеген ағаштар
өсіп тұр. Мектеп алдындағы гүлзарларда ........ өсіп тұр. Ауладағы спорт алаңында түрлі спорт ойындары өткізіледі. Маған мектебім өте ұнайды.
2. Сөйлемдерді оқып, аударыңыз. Жатқа айтып беріңіз. (Прочитайте, переведите предложения. Расскажите их наизусть).
Бір жылда төрт мезгіл бар: қыс, көктем, жаз, күз. Бір жыл мезгілінде үш ай бар. Жылда он екі ай бар. Қыс айлары – желтоқсан, қаңтар, ақпан. Көктем айлары – наурыз, сәуір, мамыр. Жаз айлары – маусым, шілде, тамыз. Күз айлары – қыркүйек, қазан, қараша.
Әр айда төрт апта, әр аптада жеті күн бар. Олар: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі. Бір тәулікте 24 (жиырма төрт) сағат бар. Бір сағатта 60 (алпыс) минут бар. Бір минутта 60 секунд бар.
3. Сөйлемдерді дұрыс құраңыз. (Правильно составьте предложения).
1. Бітірушілер, жас, отырғызған, ағаштарды, мектеп.
2. Сабақ, Қасиет, бізге, қазақ, береді, апай, тілінен.
3. Кітапханада, залы, оқырмандар, бар, үлкен.
4. Үйден, жаңадан, мектебім, емес, алыс, салынған.
4. Сөздерді буынға бөліп, түрін ажыратыңыз. (Разделите слова на слоги, определите виды слогов).
Ескерткіштер, ықшамаудандар, өнеркәсіп, өкілдері, ауыл, көшелері, орындары, өкілдері, тұрады, орналасқан, қалада, мәдениет, ұлттық, орталық.
5. Отделите слова с жіңішке дауысты дыбыстар и с жуан дауысты дыбыстар. Спишите их в два столбика.
Тасқын, жұлдыз, мектеп, терезе, әдепті, өнерлі, сәрсенбі, мұғалімдер, алаң, математика, қазақ, мұражай, тіл, жиналыс, ай, апта, жұма, теңге, гүлдер, еден, кітапхана, оқушы, оқулық, өшіргіш, мемлекет, толқын, ақсақал, көзілдірік, жаттығу, мәтін, аудару, орындау, әдебиет, шығарма, мазмұндама, бұрыш.
№ 4
1. Сұрақтарға жауап беріңіз. Өз қалаңыз (ауылыңыз) туралы жатқа айтып беріңіз. (Ответьте на вопросы. Расскажите о своем городе (селе) наизусть).
1. Сен қай қалада (ауылда) тұрасың?
2. Қала (ауыл) қай жерде орналасқан?
3. Ол қандай қала (ауыл)?
4. Қалада (ауылда) қанша тұрғын бар?
5. Қалада (ауылда) қанша ұлт өкілдері тұрады?
6. Қандай оқу, мәдени орындары бар?
7. Қалада (ауылда) қандай ескерткіштер бар?
8. Қала (ауыл) көшелері қандай?
9. Қалада қандай ықшамаудандар бар?
10. Қалада қандай өнеркәсіп орындары бар?
2. Сөз тіркестерін аударып, сөйлемдер құрастырыңыз. (Переведите словосочетания, составьте предложения на казахском языке).
Возле театра, за городом, посреди площади, в парке, вдоль улицы.
3. Буынға дұрыс бөлінген сөзді табыңыз.
а) Тал-дық-ор-ған ә) Тал-ды-қо-рған б) Тал-ды-қорғ-ан
в) Тал-ды-қор-ған г) Та-л-ды-қор-ған
а) Респ-уб-ли-ка ә) Р-есп-убл-ика б) Ре-спу-бл-ика
в) Рес-пуб-ли-ка г) Р-еспу-бли-ка
4. Мағынасы бір-біріне жақын сөздердің сыңарын тауып жазыңыз . (Из данных слов найдите близкие по смыслу слова).
Жолаушы, шал, қалың, дәу, жұқа, білгір, қария, қымбат, ғалым, жуан, жіңішке, үлкен, ғұлама, асыл, ұғу, бос, түсіну, мән, мағына.
5. Берілген сөздердің синонимдерін жазыңыз . (Напишите синонимы данных слов).
Әдемі, тамаша, үлкен, ескі, халық, әйгілі, тәуір, назар аударды.
№ 5
1. Мәтінді оқып, аударыңыз. Жатқа айтып беріңіз.
(Прочитайте, переведите текст. Расскажите наизусть).
Менің Отаным
Менің Отаным – Қазақстан. Бұл ел Еуразияның орталығында орналасқан. Қазақстан – Қытай, Ресей, Қырғыз, Өзбек, Түркіменстан, Әзірбайжан республикаларымен шектесетін тәуелсіз мемлекет. Қазақстан – таңғаларлық әдемі жер. Мұнда Іле Алатауы, Ертіс, Сырдария, Амудария өзендері және шетсіз-шексіз дала жатыр...
Қазақстан – әртүрлі халық өкілдері бейбіт тұрып жатқан ел. Еліміздің ұлан-байтақ даласында есепсіз байлық бар, бұл – сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктер, пайдалы қазбалар. Біздің Қазақстанда Астана, Алматы,
Павлодар, Шымкент, Қарағанды сияқты көрікті қалалар бар. Мен Қазақстанды өте жақсы көремін.
2. Сөз тіркестерінің әрбір сыңарына сұрақ қойыңыз. (Задайте вопрос каждому словосочетанию).
Менің Отаным, тәуелсіз мемлекет, әдемі жер, көрікті қалалар, Қазақстанда тұрады, көшелері кең, әртүрлі жануарлар, бақытты болашақ, ағып өтетін Есіл өзені, көп қабатты тұрғын үйлер, көз тарту, алыс шетелдерден келген қонақтар, мәдени орталығы, ең алғашқы астанасы, жарлыққа қол қою.
3. Оқиғалық тапсырмалар. Төмендегі жағдайларға байланысты диалогтар құрастырыңыз. (Составьте диалоги по ситуациям).
1. Сіз туристік сапармен Қазақстанға келдіңіз. Саяхат жетекшісінен не сұрайсыз?
2. Автобуста сенен терезені жабуды өтінді.
4. Берілген сөздердің антонимдерін табыңыз. (Найдите антонимы данных слов).
Жақын, кең, кіші, таза, жаңа, аласа, ұзын, ірі, зор, биік, бай, пайдалы.
5. Қарсы мәндес сөздерді тауып жаз. (Напишите противоположные по смыслу слова).
Қалың, қымбат, мағына, жұқа, арзан, сырты, үлкен, жеңіл, бар, кіші, ауыр, іші, жоқ, мағынасыз.
№ 6
1. Мәтінді оқып, аударыңыз. Әр сөйлемге сұрақ құрастырыңыз. (Прочитайте, переведите текст. Составьте вопрос каждому предложению).
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері
Әр халықтың тарихында, салт-дәстүріне, мәдениетіне байланысты рәміздері болады. Қазақстанның да өз рәміздері бар. 1992 (бір мың тоғыз жүз тоқсан екінші) жылы 4 (төртінші) маусымда Қазақстан Республикасының туы, әнұраны, елтаңбасы туралы заң қабылданды.
2. Мәтінді оқып, аударыңыз. Жатқа айтып беріңіз. (Прочитайте, переведите текст. Расскажите наизусть).
Қазақстан Республикасының туы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – тік бұрышты (ені – 1метр, ұзындығы – 2 метр) көгілдір мата. Көгілдір түс – бейбітшіліктің,
тыныштықтың, ашық аспанның нышаны. Тудың ортасында шұғылалы күн орналасқан. Күннің астында қыран құс бейнеленген. Тудың сол жағында қазақ халқының ұлттық өрнегі бейнеленген.
Күн, қыран құс және өрнек алтын түспен берілген. Алтын түс – молшылықтың, байлықтың, құт-берекенің белгісі.
Тудың авторы, суретшісі – Шәкен Ниязбеков.
3. Сұрақтарға жауап беріңіз. (Ответьте на вопросы).
1. Қазақстанның қандай рәміздері бар? 2. Қазақстан Республикасының рәміздері туралы заң қашан қабылданды? 3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының түсі қандай? 4. Ол нені білдіреді? 5. Тудың ені, ұзындығы қандай? 6. Тудың ортасында не орналасқан? 7. Күннің астында не бейнеленген? 8. Тудың сол жағында не бейнеленген? 9. Күн, қыран құс және өрнек қандай түспен берілген? 10. Алтын түс ненің белгісі? 11. Тудың авторы, суретшісі кім?
4. Сөйлемдерден омонимдерді табыңыз. (Из предложений найдите омонимы).
1. Үстелдің үсті дәмге толы екен. Негізгі дәм сезімі төрт түрлі болады: ащы, тұщы, тәтті, қышқыл. 2. Көп ұзамай жаз жетті. Сен Оспанға ертең хат жаз.
3. Жастық пен көрпені төсек үстіне жинады. – Жастық шақта оқып білім алғанға не жетсін, – деді әжесі. 4. Желсіз түнде жарық ай, сәулесі суда дірілдеп. (Абай). Әкесі бір ай курортта болып, жақында ғана келді.
5. Сызбалар бойынша сөз тіркестерін құраңыз. (По данным схемам составьте словосочетания).
Есімдік+зат есім Зат есім+етістік
Сын есім+зат есім Сан есім+зат есім
Зат есім+зат есім
№ 7
1. Мәтінді оқып, аударыңыз. Жатқа айтып беріңіз. (Прочитайте текст, переведите. Расскажите наизусть).
Қазақстан Республикасының елтаңбасы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақ әлемнің біртұтастығын, мемлекеттің бастауы – отбасы ошағын бейнелейді. Шаңырақты айнала –
уықтар шаншылған. Екі жағын пырақтардың қанаттары көмкеріп тұр. Елтаңбаның маңдайшасында бес бұрышты жұлдыз бар. Төменгі
жағында «Қазақстан» деген жазу бар. Реңдік бейнесі – алтын және көгілдір түсті.
Елтаңбаның авторлары, сәулетшілер – Шота Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібеков.
2. Сұрақтарға жауап беріңіз. (Ответьте на вопросы).
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясында не бейнеленген? 2. Ол нені бейнелейді? 3. Шаңырақты айнала не шаншылған? 4. Елтаңбаның маңдайшасында не бар? 5. Төменгі жағында қандай жазу бар? 6. Реңдік бейнесі қандай? 7. Елтаңбаның авторлары кім?
3. Оқиғалық тапсырмалар. Төмендегі жағдайларға байланысты диалогтар құрастырыңыз. (Составьте диалоги по ситуациям).
1. Біреу есігіңді қағып тұр.
2. Сен сабаққа асығып бара жатырсың. Күтпеген жерден сенімен асықпай әңгімелескісі келген танысыңды кездестірдің. Асығыс екеніңді түсіндір.
4. Сөз құрамын анықтаңыз. (Определите состав слова).
Елтаңбасында, оқушылар, маңдайшасында, кезекшілер, бейнесі, авторлары, жұлдыз, оқытушылар, әлемнің, тәрбиешілер, кешкі, достықты, шаңырақты, балалықты, сәулетшілер, жастықты, пырақтардың, бастауы, қанаттары.
5. Көп нүктенің орнына тиісті жұрнақты қойып жазыңыз. (Вместо многоточий напишите нужные суффиксы).
Кітапхана..., тапсырма..., жұмыс..., өнер..., оқу..., шекара..., елші..., би..., дүкен..., бай..., дос..., жол..., әділ..., кызмет..., кес..., бөл..., ұш..., ғарыш... .
№ 8
1. Қазақстан Республикасының әнұранын мәнерлеп оқып, жатқа айтып беріңіз. (Прочитайте выразительно гимн Республики Казахстан, расскажите наизусть).
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны
Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов
Сөзін жазғандар Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы.
Ерліктің дастаны, Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!
Ұрпаққа жол ашқан
Кең байтақ жерім бар,
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы аған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!
2. Сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз. (Письменно ответьте на вопросы).
1. Қазақстан қандай құрлықта орналасқан?
2. Қазақстан қандай мемлекет?
3. Қазақстанның рәміздері қашан қабылданды?
4. Қазақстанның астанасы қай қала?
5. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кім және қашан сайланды?
6. Қазіргі Қазақстанда қанша ұлттың өкілдері тұрады?
7. Еліміздің табиғаты қандай?
8. Республиканың оңтүстік аудандарында не өсіріледі?
9. Республиканың солтүстігінде не өседі?
10. Қазақстан жері қандай пайдалы кендерге бай?
11. Пайдалы кендерді игеру барысында қандай жаңа қалалар пайда болды?
12. Бүгінгі Қазақстан қандай елге айналды?
3. Мақал-мәтелдерді аударып, есіңізде сақтаңыз. (Переведите пословицы и поговорки, запомните их).
Туған жердей жер болмас, Бірлік болмай,
Туған елдей ел болмас. Тірлік болмас.
Ұрлық түбі – қорлық. Досы көпті жау алмас,
Ақылы көпті дау алмас.
Отан – оттан да ыстық.
4. Сөзбен жазыңыз. (Запишите словами).
Үлгі (Образец): 02.05 – мамырдың екісі; ...
01. 06; 14. 01; 16. 01; 15. 02; 16. 07; 07. 04; 17. 04; 17. 10; 03. 12; 06. 11, 10. 08; 25. 09; 19. 03; 18. 04; 23. 07; 06. 09; 05. 07; 18. 11; 06. 06; 17. 12, 10. 02; 22. 03.
5. Жалғауларды жазыңыз. (Допишите окончания).
Менің әке... жақсы адам. Оның бес немере... бар. Олардың екеу... – қыз. Біздің ата... – оқытушы. Сенің ата... қандай адам? Сіздің әке... кім? Оның бала... тәртіпті. Менің туған жер... Ақтөбе. Біздің үйі... жатақханада. Мен әлі үйленбеген... , өйткені жаспын. Мен бір адам... танысып отырмын. Менің жолдасым... аты Айдос. Фамилия... Сәрсенбаев. Туған жері... қайда? Ләззат... телефоны жауап бермей ме? Марат үй... жоқ. Әлішер... інісі институт... оқып жатыр. Қарындас... аулада доп ойнап жүр. Болат – Ләззат..., Сымбат... және Жанат... әкесі. Сіз... мамандығыңыз қандай?
№ 9
1. Оқып, жаттап алыңыз. (Прочитайте, выучите наизусть).
Қазақстан Республикасы: егеменді тәуелсіз мемлекет.
Тұңғыш президенті: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев,
1991 жылы 1 желтоқсанда сайланған.
Конституциясы: Бірінші конституциясы 1993 жылы
28 қаңтарда, екінші конституциясы 1995 жылы
30 тамызда қабылданды.
Ұлттық ақша: теңге.
Рәміздері: елтаңба, ту, әнұран.
2. Мәтінді оқып, аударыңыз. (Прочитайте текст, переведите).
Астана
1998 жылы мамырдың 6-сында Елбасының жарлығымен Қазақстан Республикасының астанасы Ақмола қаласы Астана қаласы болып аталды. Аз уақыттың ішінде Астана қаласы көрікті қалаға айналды. Қаланың ортасынан ағып өтетін Есіл өзенінің екі жағындағы батпақ, қалың өскен қамыстың орны қала халқы демалатын жағажайға айналды. Астана қаласында Президент сарайы, Парламент ғимараты, «Интерконтиненталь» қонақ үйі, Еуразия университетінің жаңа корпусы, Жастар сарайы, министрліктердің үйлері, көп қабатты тұрғын үйлер мен ғимараттар бой көтерді. Парламент үйінің алдында Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің ескерткіштері орнатылды.
Әсем Есілдің оң жағасында салынып жатқан жаңа Астананың сұлулығы ерекше. Мұндағы салынып жатқан құрылыстар алыстан көз тартады. «Бәйтерек» ғимараты Астана тұрғындарын, жақын, алыс шетелдерден келген қонақтарды таң қалдырады.
Астана – Қазақстан Республикасының саяси, әкімшілік, экономикалық, мәдени орталығы, бас қала.
3. Сөйлемдерге грамматикалық талдау жасаңыз. (Сделайте
грамматический разбор предложений).
қандай? ненің? қандай? несі? не?
Үлгі (Образец): Қазақ Республикасының ең алғашқы астанасы Орынбор
не істеді?
болды.
1. Қазақ Республикасының ең алғашқы астанасы – Алматы. 2. Саяхат жетек-шісі Астана туралы әңгімелеп тұр. 3. Біз Астананың көрнекті жерлерін аралап жүрміз. 4. Менің досым Астанаға баруды армандап жүр. 5. Оқушылар гүл шоқтарын Парламент үйінің алдында тұрған Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің ескерткіштеріне қоып жатыр.
4. Мына сөйлемдерге әр түрлі сұрақтар қойыңыз. (Задайте разные вопросы предложениям).
1. Біздің елімізде көптеген ұлт өкілдері араласып тұрады. 2. Қазақ халқы ана тілінде батырлар жырларын, ғашықтық жырларын, ертегілерді, мақал-мәтел-дерді шығарған. 3. Қазақстандағы көптеген ұлт өкілдері өз ана тілдерін ұмыт-
пауға тырысады. 4. Қазақстанда орыс, неміс, ұйғырлар арасында қазақ тілін жақсы білетін адамдар аз емес.
5. Жұрнақтарды пайдаланып, сөздерден туынды етістіктер жасаңыз және орыс тіліне аударыңыз. (Используя суффиксы из слов образуйте производные глаголы, переведите на русский язык).
-ла/-ле, -да/-де, -та/-те
Мереке, мейрам, құрмет, қадір, бас, маза, есеп, сурет, ой, баян, тіс, жаза, тегіс, орын, жөн, салқын, іс, із, жаман, жақын, шеге, тізе, аяқ, қол, әңгіме, таза, би, ақ, тың, ем, аяқ, баға, бейне, үтік, жұқа, жара, үн, гүл, өркен, арман.
№ 10
1. Мәтінді оқып, аударыңыз. Сұрақтар құрастырыңыз. (Прочитайте, переведите текст. Составьте вопросы).
Киіз үй
Киіз үй – Орталық және Орта Азия халықтарының негізгі баспанасы. Ол – көшпенділердің тез жығып, шапшаң тігуге, яғни көшіп-қонуға ыңғайлы үйі.
Киіз үй біздің заманымыздан 3 мың жыл бұрын қола дәуірінен белгілі. Көшпенділердің киіз үйі – тарихымыздағы ең бірінші архитектуралық құрылыс. Киіз үйдің іші қыста жылы, жазда салқын. Сондықтан, шопандар да, туристер де пайдаланады. Киіз үй жер сілкінісінде де ыңғайлы, өйткені ол оңайлықпен бұзылмайды.
Киіз үйдің негізгі бөліктері:
Кереге киіз үйдің негізін құрайды.
Уық – кереге мен шаңырақ ортасын қосатын негізгі бөліктің бірі.
Шаңырақ киіз үйдің күмбез еңсесін құрап, үй сүйегін тұтастырып тұрады. Шаңырақ – киелі мүлік.
2. Асты сызылған сөздердің қай септікте тұрғанын анықтаңыз. (Уточните, к какому падежу относятся подчеркнутые слова?).
Екі адам бір-бірімен ұрысып, арызға келді. Киіз үйді қыс болсын, жаз болсын артып жүре береміз. Олар ақырында маған келіпті. Қыста сіз жер үйде тұрарсыз. Ақшаңызға жер үй мен киіз үй сатып аларсыз. Туыстарыма қонаққа бардым. Тілек-бата сөздер – халықтың ежелгі мұрасы.
3. Мәтінді оқып, аударыңыз. Мәтін бойынша диалог құрастырыңыз. (Прочитайте текст, переведите. Составьте диалог по тексту).
Қазақтың ұлттық тағамдары
Қазақтың ұлттық дастарқанында мынадай тамақ түрлерін көруге болады. Ет тағамдары: қазы, қарта, жал, жая, қуырдақ. Сүт тағамдары:
қымыз, шұбат, айран, қаймақ, ірімшік, құрт, сүзбе. Нан тағамдары: бауырсақ, таба нан, күлше нан, шелпек.
Ең негізгі ұлттық тамақ – қазақша ет. Оны кейбір кісілер «бесбармақ» дейді. Ең құрметті қонақтарға, жасы үлкен қарттарға бас беріледі. Қызға жілік, күйеу балаға төс береді. Етті майлы сорпаға піскен нанымен қосып жейді. Тамақтан соң жасы үлкен, құрметті кісі бата береді.
4. Сұхбатты толықтырыңыз. (Дополните диалог).
- ... ...?
- Туыстарыма қонаққа бардым.
- ... ...?
- Олар қаланың сыртында тұрады.
- ... ...?
- Алыс емес, көлігім бар ғой.
- ... ...?
- Жер үйде тұрады. Аулалары кең, таза ауа, рахат!
- ... ...?
- Әрине, бір реті келгенде бірге барамыз. Маған ол жақ өте ұнайды.
5. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып жазыңыз. (Вместо многоточий вставьте нужные буквы).
Ша...ырақ, шеберл...к, сез...ну, с...раныс, тәж...рибе, ма...ына, ки...з, к...шіру емтиханы, жауапкерш...лік, жетіст...ктер, ерекшел...ктері, қ...рметтеу, қо...ыраулы сағат, қо...амдық, пік...рталас, іскерл...к, қона...жай, с...хбаттасу, м...ралар, нег...згі, әз...рлеу, к...рініс, ма...таныш, ма...сат, кемш...лік, ба...ытты, ту...ан тіл...м, қаз...ргі уа...ыт, шы...армалар жаз...ан, жет...лдіру.
№ 11
1. Мәтінді оқып, аударыңыз. Сұрақтар құрастырыңыз. (Прочитайте, переведите текст. Составьте вопросы).
Қазақ халқының ұлттық киімдері
Ерлердің ұлттық киімдері: жейде, шалбар, жеңсіз қамзол, бешпент, ішік, тон. Ерлердің бас киімінің түрлері өте көп: қалпақ, тымақ, түлкі тымақ, хан қалпақ, тебетей, т. б.
Әйелдердің ұлттық киімдері ерекше болады. Бойжеткендер мен келіншектердің киімдері әсем өрнектермен оюланып тігіледі. Оларға қызыл
түсті маталар пайдаланылады. Ақ, сары, қызыл, жасыл көйлектердің сыртынан алтын жіппен, асыл тастармен, зермен әшекейленген қамзол киіледі. Үйлену тойына киілетін сәукеле қымбат тастармен, күміс, маржанмен әшекейленеді. Бұны жасаушылар бір жыл еңбектенген, көп
қаржы жұмсаған. Көз тиюден сақтайтын киелі құс – үкінің қауырсыны сәуке-ленің төбесіне тігіледі.
2. Мақал-мәтелдерді аударып, жаттап алыңыз. (Переведите пословицы и поговорки, выучите их).
Артық сөйле, кем сөйле, Орынсыз сөз өзіңе тиер.
Таразылап тең сөйле.
Таудай сөздің тарыдай түйіні бар.
3. Артық сөзді табыңыз. (Найдите лишнее слово).
- Шаңырақ, күлдіреуіш, уық, кереге, төбе.
- Түндік, ши, желбау, белдеу, қабырға.
- Сандық, тоңазытқыш, кебеже, жүкаяқ, жастықағаш.
- Бөстек, басарқан, диірмен, асық, әбдіре, көсеу.
4. Етістіктерге болымсыз жұрнақтарын жалғаңыз. (Прибавьте суффиксы отрицания -ма/-ме, -ба/-бе, -па/пе к глаголам).
Айту, сөйлеу, көру, тыңдау, күлу, оқу, үйрену, жату, бару, үйлену, тұру, жүру, жүгіру, келу, кету, ұнау, қарау, ұшу, күту, жинау, түсіну, сұрау, жазылу, ұстау, сүрту, ашу, тапсыру, жіберу, сөйлесу.
5. Сұрақтарға жауап беріңіз. (Ответьте на вопросы).
- Сіз қазақша сөйлейсіз бе?
- Қазақша қалай сөйлейсіз?
- Қазақ тілін үйрену қиын ба, әлде жеңіл ме?
- Сіз қазақ тілін түсінесіз бе?
- Сіз қай тілді үйреніп жүрсіз?
- Сіз ненің көмегімен қазақ тілін үйреніп жүрсіз?
№ 12
1. Мәтінді оқып, аударыңыз. Мәтін бойынша диалог құрастырыңыз. (Прочитайте текст, переведите. По тексту составьте диалог).
Қазақ отбасындағы музыкалық аспаптар
Қазақтың музыкалық аспаптарын шертпелі аспаптар (домбыра, адырна, жетіген, шертер), ыспалы аспаптар (қобыз, қылқобыз, нарқобыз, сазген), үрмелі аспаптар (сыбызғы, сазсырнай, шаңқобыз, т.б.), ұрмалы-сілкімелі
аспаптар (дабыл, даңғыра, дауылпаз, асатаяқ, тоқылдақ, т.б.) деп топтауға болады.
Домбыра – қазақ халқының ұлттық болмысын, жан дүниесінің тылсым сырларын сыртқы дүниеге паш еткен таңғажайып аспап.
Домбыраның пайда болуын археолог ғалымдар тасқа салынған суреттердің ішінде домбыраның бедері кездескеніне қарап, неолит дәуіріне (б.з.д. 4000 мыңжылдық) жатқызады.
Домбыра тым ерте пайда болып, уақыт озған сайын түрленіп, дамып отырған екі ішекті, 9-16 пернелі болып келетін жұмсақ қоңыр үнімен ерекшеленетін, әр қазақтың үйінің төрінде тұрған аспап.
2. Есімдіктерді тауып, қай септікте тұрғанын анықтаңыз. (Найдите местоимения, определите падеж).
Мен студентпін. Сен де студентсің. Саған да, маған да көп оқу керек. Оның жұмысы жақсы. Ол менен де, сенен де көп оқиды. Оны ұстаздар мақтайды. Сені мен мені мақтамайды.
3. Сұрақтарға ауызша жауап беріңіз. (Устно ответьте на вопросы).
- Сіздің ұлтыңыз кім?
- Өз ұлтыңыздың қандай салт-дәстүрі бар?
- Сіздің ұлтыңыздың ұлттық мерекелері қандай?
- Өз отбасыңызда ұлттық дәстүрді сақтайсыз ба?
- Ұлттық киім киесіз бе? Ұлттық киімдеріңізді сипаттап беріңіз.
4. Сөйлемдерді толықтырып жазыңыз. (Дополните предложения).
”Қазақстан – 2030” – еліміздің даму ... .
Елбасының бұл Жолдауында ... ... қорғау көзделген.
Әрбір қазақстандық ... ... ... сақтауы тиіс.
Елбасы Қазақстан халқына ... ... .
“Қазақстан - 2030” атты Елбасы Жолдауының негізгі мақсаты – еліміздің
... ... қатарына ену жолдарын көрсету.
Керекті сөздер (нужные слова): өркениетті елдер, Жолдау жасады, салауатты өмір салтын, табиғат байлықтарын, болашағы.
5. Диалогті оқып, жалғастырыңыз. (Прочитайте диалог, продолжите).
- Сәлеметсіз бе?
- Сәлеметсіз бе?
- Қазақстанға қош келдіңіз!
- Рақмет!
- Біздің жеріміз үлкен, табиғаты тамаша, жері кең әрі бай, қалалары әсем.
- Өз еліңді мақтан етесің бе?
- Иә, мақтан етемін, өйткені Қазақстан жерінде ...
- Саған Қазақстанның қай қаласы ұнайды? Оның қандай тарихи орындары бар?
- ...
№ 13
1. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз. (Прочтите текст, ответьте на вопросы).
Қара шаңырақ
Қазақ отбасында кенже ұл – шаңырақ иесі.
Кенже бала отбасындағы ең кіші бала, кіші ұл. Кенже бала әке- шешесімен тұрады. Кенже баланың өз отбасы болса да, ата-анасымен бірге тұрады.
Кенже бала – қара шаңырақ иесі. Қара шаңырақ – үлкен үй, әке-шеше үйі. Қара шаңыраққа барлық осы отбасының балалары, туыстары жиналады. Әке-шеше қара шаңырақты кенже ұлына береді. Бұл дәстүрдің мәні зор. Қара шаңырақта балаға туыстарын, нағашыларын, ата-бабасын, үлкен аталарын, жеті атасын үнемі айтып отырған.
Елтаңбамыздағы тұлпарлардың мүйіздері жеті буыннан тұрады. Жеті буын қазақтың «жеті атасын білмеген - жетесіз» дегенін аңғартады.
- Қара шаңырақ иесі деп кімді айтады?
- Қара шаңыраққа кімдер жиналады?
- Кенже бала кіммен тұрады?
- Әке-шеше қара шаңырақты кімге береді?
- Қара шаңырақта балаға кімдер туралы үнемі айтып отырған?
2. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыз. (Сделайте синтаксический разбор предложений).
- Қазақ халқы үлкендерді ерекше сыйлайды.
- Батаны сыйлы, жасы үлкен адам береді.
- Құтты қонақ келсе, қой егіз табады (мақал).
- Адам болар бала қонаққа үйір (мақал).
3. Төменде берілген мақалдарды аударып, жаттап алыңыз. (Переведите пословицы, выучите наизусть).
- Аға әдепті болса, іні әдепті,
Апа әдепті болса, сіңлі әдепті.
- Мейірімділікті анадан үйрен,
Әдептілікті данадан үйрен.
- Әдепті бала - арлы бала,
Әдепсіз бала - сорлы бала.
4. Диалогті оқып, толықтырыңыз. (Прочтите диалог, дополните).
- Қазақ халқы дастарқанды қалай бағалайды?
- Қазақ халқы дастарқаннан, дәмнен үлкен нәрсе жоқ деп есептейді.
- Қазақтың ұлттық дастарқанының негізгі тамақ түрлері қандай?
- Ет, сүт, ... тағамдары.
- Ең негізгі ұлттық тамағы ше?
- ... .
- Сүт тағамдарына не жатады?
- ... .
- Нан тағамдарына ше?
- ... .
- Қонақ кетерде үй иесі не дейді?
- ... .
5. Көп нүктенің орнына керекті әріптерді қойып жазыңыз. (Вместо многоточий вставьте нужные буквы).
Жаст...рымыздың үлкен кемшіліг... бар. Ол мынау: сөйлесе кетсең, көпшілігі-ақ мүдіріп, ауз...на сөз түспей, білген сөз...нің өзін бұзып айтып қиналад... да
қалады. Ана тіл...нде таза сөйлей алмайтыны, сөйлемдерін...ң басы мен аяғы аралас...п, сөздер... шұбарала келетіні бірден байқалады. Бұның өзі, әрине, тілін ұстартуға зер салмағандықтың салдары.
№ 14
1. Мәтінді оқып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз. (Прочтите текст, ответьте на вопросы ниже).
«Отан» деген сөзді күн сайын естиміз. Отан дегеніміз адамның туып-өскен жері. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны – Қазақстан Республикасы.
Адамның жақсы, бақытты өмір сүруі көп жағдайда Отанға деген сүйіспеншілігіне байланысты.
Отаныңды сүйе білсең – атақ та, жұмыс та, құрмет те болады.
- Отан дегеніміз не?
- Қазақстан Республикасы кімдердің Отаны?
- Адамның жақсы өмір сүруі неге байланысты?
2. Мақалдарды аударып, жаттап алыңыз. (Переведите пословицы, выучите наизусть).
- Кісі елінде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.
- Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.
- Туған жердің жері де көрікті,
Елі де сүйікті.
- Отан оттан да ыстық.
- Отан от басынан басталады.
3. Берілген сөз тіркестері бойынша құрмалас сөйлемдер құраңыз. (По данным словосочетаниям составьте сложные предложения).
Уақытты бағалай білу, уақытты босқа өткізбеу, еріншек болу, уақыт талабы, уақыт қымбат, уақытты үнемдеу, өзін-өзі қадағалау, жалқау болу.
4. Мәтінді оқып, аударыңыз. (Прочтите текст, переведите).
Қазақ халқының ерте кездегі кәсібі
Қазақ халқы бұрын негізінен мал өсірумен айналысқан. Төрт түлік малдың ішінде қой, жылқы, түйе көбірек өсірілді.
Қазақ халқының күнделікті тұрмысында қойдың маңызы зор болды. Қойдың еті қазақтың негізгі тамағының бірі болып есептелді. Қойдың сүтінен құрт, сүзбе, айран, май, басқа да тағамдар әзірледі. Ал жүнінен киім-кешек, түрлі ыдыстар дайындады.
Жылқы да өте пайдалы мал болды. Ол әрі көлік, әрі тамақ ретінде пайдаланылды. Оның етінен неше түрлі тағамдар әзірленіп, сүтінен аса бағалы сусын – қымыз ашытылды. Жүнінен киім-кешек және тағы басқа бұйымдар жасалды.
Қазақ халқы егін егумен де шұғылданған. Көбіне тары, бидай, арпа, жүгері екті. Қазақтар аң, балық аулаумен де айналысқан.
5. Көп нүктенің орнына жіктік жалғауын жалғап көшіріңіз. (Спишите предложения, вставляя вместо многоточий личные окончания).
1. Мен Алматыда... . 2. Сен кезекші... . 3. Сіз жалқау емес... . 4. Ол жақсы... . 5. Біз студент... . 6. Сендер дайын... . 7. Сіздер бар... . 8. Олар
жоқ... . 9. Мен он екіде... . 10. Сен жиырмада... . 11. Сіз кинода... . 12. Ол циркте... . 13. Мен аға... . 14. Сен іні... . 15. Сіз әпке... . 16. Ол ата... . 17. Біз бала... . 18. Сендер қарындас... . 19. Сіздер көрші... . 20. Олар күшті... .
№ 15
1. Өзіңізді тексеріңіз (Проверьте себя):
- өз тұрған жеріңді, үйіңді суретте;
- күн, ай аттарын есіңе түсір;
- ауа райы мен жыл мезгілдері туралы не білесің?
2. Диалогті оқып, аударыңыз. (Прочтите диалог, переведите).
- Сен демалыста қайда бармақшысың?
- Демалыста Сарыағашқа бармақшымын.
- Ал, өзің қайда бармақшысың?
- Мен Көкшетаудағы Бурабайға барып демалмақшымын.
- Сен қашан жол жүрмекшісің?
- Алла жазса, ертең поезбен жүрмекшімін.
- Жолың болсын, демекпін.
3. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз. Мәтінге бірнеше сұрақ құраңыз. (Прочтите текст, переведите на русский язык. К тексту составьте несколько вопросов ).
Қазақ билері
Ертеде қазақ халқында билік айту деген дәстүр болған. Билер өздерінің бір ғана сөзімен даулы мәселелерді шешкен. Олар ерте заманда осы күнгі соттың да, тергеушінің де қызметін атқарған.
Қазақ билері әділ және елге сыйлы болуға тиісті болатын. Өз әділдігімен елге танымал болған қазақтың атақты билері:
. Төле би (1663 – 1756 жж.),
. Қазыбек би (1667 – 1764 жж.),
. Әйтеке би (1644 – 1700 жж.).
Қазақ халқының бұл билері елді үш жүздің бірлігін сақтауға шақырды.
4. Оқып, жаттап алыңыз. Сөйлемдерді үлгі бойынша жазыңыз. (Прочтите и выучите наизусть. Запишите предложения по образцу).
Үлгі (Образец): Қаңтардың бірі – Жаңа жыл мейрамы.
Қазақстан Республикасының ұлттық мерекелері
1 – 2 қаңтар – Жаңа жыл – Новый год
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні – Международный женский день
22 наурыз – Наурыз мейрамы – Праздник Наурыз
1 мамыр – Халықаралық ынтымақ күні – Международный день солидарности
9 мамыр – Жеңіс күні – День Победы
30 тамыз – Конституция күні – День Конституции
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні – День Независимости
5. Берілген сөздерден сөйлемдер құраңыз. (Из данных слов составьте предложения).
1. Бала, алады, әкеден, мейірім, анадан, ақыл.
2. Асыраушысы, отбасының, әке, қамқоршысы, тірегі.
3. Қай, білімді, ата-ана, парасатты, болмасын, мәдениетті, баласының, қалайды, тәртіпті, болуын, әдепті.
№ 16
1. Мәтінді оқып, аударыңыз. (Прочитайте текст, переведите).
Үлкенді сыйлау – ұлылық
Үлкенді сыйлау – біздің халқымыздың ежелгі дәстүрі. Ол дәстүр бойынша жастар үлкеннің алдын кесіп өтпеуге, сыпайы болуға, үлкенмен сөз таластырмауға, тіпті үлкендердің алдында қатты дауыс көтеріп сөйлемеуге тиіс. Осындай ата дәстүрімізді бүгінгі жастар жадында сақтап, жалғастыра білуі қажет.
2. Мәтінді оқып, аударыңыз. Мәтін бойынша диалог құрастырыңыз. (Прочитайте текст, переведите. Составьте диалог по тексту).
Қолөнер
Қазақтардың тұрмысында қолөнер ерекше орын алған. Әйелдер киіз басып, кілем, ши тоқып, киім тіккен. Еркектер киіз үйдің қаңқасын, жиһазда-рын, қару-жарақтар жасаған. Киіз үй жасайтын шеберлер өте көп болды. Олар кереге, уық, шаңырақ, есік, домбыра, ыдыс-аяқ, әр түрлі құрал-жабдықтар, басқа да бұйымдар жасаған.
Зергерлер күміс пен алтыннан әшекей бұйымдар соқты.
Әйелдер қой жүнінен кілем, мата тоқыды, киіз басты.
3. Берілген мақалдардағы көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңыз. (Вместо многоточий в пословицах вставьте нужные слова).
1. Білім арзан, білу ... . 2. Жақсыдан үйрен, ... жирен. 3. Ер жігіттің қадірін ағайын білмес, ... білер. 4. Жаманмен егескенше, ... кеңес. 5. Әкеге қарап ұл
өсер, ... қарап қыз өсер. 6. Ақылдыға жан қымбат, ... мал қымбат. 7. Арқанның ұзыны, сөздің ... жақсы.
4. Сұрақтарға жауап беріңіз. (Ответьте на вопросы).
1. Наурыз дегеніміз не?
2. Наурыз мейрамы қашан, қай уақытта тойланады?
3. Наурызда күн мен түн не істейді?
4. Мереке күні не дайындайды?
5. Наурызда адамдар не істейді?
6. Қандай ойындар ойналады?
7. Сенің қалаңда (ауылыңда) наурыз мейрамы қалай тойланады?
5. Мәтінді оқып, аударыңыз. Бірнеше сұрақтар құрастырыңыз. (Прочтите текст, переведите. Составьте несколько вопросов).
Ана тілі
Дүние жүзінде 6000-ға тарта тіл бар, бірақ әр халықтың өз ана тілі болады. Ана тілі – бұл әкеңнің, анаңның тілі. Орыс халқының ана тілі – орыс тілі, қытай халқының ана тілі – қытай тілі, неміс халқының ана тілі – неміс тілі. Қазақ халқының ана тілі – қазақ тілі. Ана тілін адамдар кішкентай кезінен әке-шешесінен, әжесі мен атасынан үйренеді. Ер жеткенде халықтан, мектептен, кітаптан, газет пен жорналдан, радио мен теледидардан, кинотеатрлар мен театрлардан үйренеді.
Қазақ тілі – бай тіл. Ол қазақ халқының жазуы, кітабы, мектебі жоқта ұстазы болған тіл. Қазақ халқы ана тілінде дүние жүзіне әйгілі «Алпамыс», «Қобыланды», «Ертарғын» сияқты батырлар жырын, «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» сияқты ғашықтық жырларын шығарған. Қазақ халқы – ертегілерге, мақал-мәтелдерге өте бай халық. Бұл тілді үйренсең, осыларды өзің де оқисың.
Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Қазақстанда тұратын ұлты басқа халықтар да қазақ тілін үйренуге көңіл қояды. Олар қазақ тілін үйірмелерде, қоғам-дарда, мектептер мен институттарда оқып біледі.
Қазақстанда қазақ тілімен қатар орыс тіліне де ерекше көңіл бөлінеді. Өйткені елімізде тұратын басқа ұлттың адамдарымен бұл күндері орыс тілі арқылы түсінісуге болады.
Қазақстанда көптеген ұлт өкілдері тұрады. Олар Қазақстанды өз елі санайды. Бірақ өз ана тілдерін ұмытпауға тырысып үйренуде.
1. А. Ш. Бектурова, Ш. К. Бектуров. Казахский язык для всех.
Алматы: «Атамұра» 2004.
2. Т. М. Артықова. Қазақ тілі. Учебник для 11 класса общеобразовательной школы общественно-гуманитарного направления с русским языком обучения. – Алматы: Атамұра, 2007.
3. С. Дюсебаев, Г. Байтилеуова, А. Кошкари, Г. Боранбаева. Қазақ тілі.
Учебник для 8 класса общеобразовательной школы с русским языком обучения. – Алматы: Мектеп, 2008.
4. Т. М. Артықова, М. Б. Боранбай. Қазақ тілі. Учебник для 9 класса общеобразовательной школы с русским языком обучения. – Алматы: Атамұра, 2013.
5. Қазақ тілін орыс топтарында оқыту. Шымкент, 1994.
По теме: методические разработки, презентации и конспекты
физика пәнінен 7 класқа арналған тест тапсырмалары
7 кластың физика пәнінен жылдық бақылауға арналған тест тапсырмалары...
7 класқа арналған физика пәнінен тақырыптық тест тапсырмалары
бұл материалда 7 кластың физикасына арналған тақырыптық тест тапсырмалары бар....
7 класқа арналған физика пәнінен тақырыптық тест тапсырмалары
бұл материалда 7 кластың физикасына арналған тақырыптық тест тапсырмалары бар....
Кешкі оқу мектебіндегі қазақ тілі сабағында оқушылардың оқуға ынтасын, пәнге қызығушылығын арттыру, ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыту
Мақалада кешкі мектебіндегі оқушылардың пәнге ынтасын көтеріп, ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыту мақсатында қолданылатын әдіс-тәсілдер туралы жазылған...
6-8 сынып оқушыларына арналған "Англия туралы- ағылшынша" атты ағылшын тілінен факультативті курс
Факультативный курс по английскому языку для 6-8 классов...
5 сынып оқушыларына арналған "Ағылшын грамматикасы" атты ағылшын тілінен факультативті курс
Факультативный курс по английскому языку для 5 класса...
"Қазақ билері" қазақ тілінен 11 сыныпқа арналған сабақ жоспары
қазақ тілінен 11 сыныпқа арналған сабақ жоспары ...