Кешкі оқу мектебіндегі қазақ тілі сабағында оқушылардың оқуға ынтасын, пәнге қызығушылығын арттыру, ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыту
статья по теме

Байбосынова Касиет Абдуалиевна

Мақалада кешкі мектебіндегі оқушылардың пәнге ынтасын көтеріп, ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыту мақсатында қолданылатын әдіс-тәсілдер туралы жазылған

Скачать:


Предварительный просмотр:

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Байбосынова К. А.

«№ 15 орта мектебі» КММ

Кешкі (сырттай ) оқыту бөлімі

КЕШКІ ОҚУ МЕКТЕБІНДЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУҒА ЫНТАСЫН, ПӘНГЕ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ, АУЫЗЕКІ СӨЙЛЕУ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ  

                Бүгінгі таңдағы басты мәселелердің бірі басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, қолдану аясын кеңейту.    Мемлекеттік тілді орыс мектептерінде оқытуда оқушыларды қазақша дұрыс сөйлеуге, оқуға, сауатты жазуға, бір-бірімен қарым-қатынас жасауға (айтылым, жазылым, оқылым, сөйлесім әрекеттері ) үйрету, ойлау қабілетін дамыту және олардың өз ойын қазақша жеткізе алатындай болуы көзделеді. Қандай істі болсын жүзеге асырудың әдіс-тәсілдері мен көмекші құралдары болады. Осыларды дұрыс таңдап тиімді пайдаланғанда ғана мақсатқа жете аламыз.                                                                                                                                    Көбінесе, кешкі мезгілде оқитындар әр түрлі жастағы оқушылар. Отбасы, тұрмыстық  жағдайына, денсаулығына байланысты, түрлі қиын жағдайларға тап болып, сол себептен жалпы мектепке бара алмаған жандар. Кейде жәй мектепке бармай жүрген  жасөспірімдерді осы кешкі мектепке ауыстыруға тура келеді. Бұл оқушылардың оқу үлгерімі нашар, білім деңгейі төмен. Өзіне сенімі жоқ, үлгерімі төмен оқушыны қолдап-қуаттау қажет. Қандай да ұнамды сапасын танып, педагог сол арқылы балада сенім оятады, ұмтылыс пен дербестік, кедергілерден сескенбеу қасиетіне баулиды. Осыған орай, оқушыларымның оқуға ынтасын көтеріп, пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында, мемлекеттік тілді меңгертуде шәкірттерімнің жас ерекшеліктерін, білім деңгейін, қабылдау қабілетін, жеке ерекшелігін  ескере отырып, жұмыста қолданатын оқыту формаларын, әдіс-тәсілдерін іріктеп,  оқушының қабілетіне, қызығушылығына, икеміне, біліміне қарай лайықтауға тырысамын.                                                                                                            Сабақтың тартымды, қызықты, әрі сапалы болуы әр оқытушының өзіне, білім деңгейіне, кәсіби шеберлігіне байланысты, тапқырлықты, көп ізденуді қажет етеді. Осы мақсатта сабақта әр түрлі әдіс-тәсілдерін пайдаланып, сөйлеу жаттығуларын, ойын элементтерін және көрнекіліктер қолданамын. Оқытуда түрлі жұптық, топтық жұмыс түрлерін қолданудамын, әр түрлі бақылау формаларын: алдын ала берілген ауызша сынақ тапсырмалары, тесттер, дифференциалдық тапсырмаларды орындатамын.                                                              Кешкі оқу мектебіндегі жасы үлкен оқушылардың әр түрлі жұмыс орындарында, мекемелерде, фирмаларда жұмыс істейтіндіктен, әдістің ішінде ерекше орын алатыны – диалог.                                                                                                  Диалог оқушылардың сөйлесу әрекетін, сұрақты дұрыс қоя білуде, ақпарат алмасуда, жалпы тіл үйренуде таптырмас жұмыс түрі. Оны құрастыру үшін бір тақырып бойынша оқушының сөздік қорын дамыту, жаңа сөздер үйретіп, мағынасын түсіндіре отырып, оларды жасайтын формаларды меңгертіп, сөйлем құрауға үйрету, сөз бен сөзді байланыстыруға, ауызша ойларын жүйелі айтуға, әңгімелеуге жаттықтыру керек. Сонда оқушы диалог құру кезінде сауатты құруға тырысады.  Бұл оқушының тілін дамытады.                                                                                              

Диалогтарды толықтыру жаттығуына бірнеше мысал келтірейік:

  • Кешіріңіз, білуге бола ма, сіз қай мектепте оқисыз?
  • ................................................................................... .
  • Мектебіңіз қай жерде орналасқан?
  • .................................................................................   .
  • Мектебіңіз ұнай ма?
  • ................................................................................ .
  • Осы мектепті не үшін таңдадыңыз?
  • ................................................................................ .
  • Сіз қайда жұмыс  істейсіз?
  • ................................................................................ .
  • Отбасыңыз бар ма? Неше балаңыз бар?
  • .............................................................................. .
  • Үйіңізде сізбен бірге кімдер тұрады?
  • ................................................................................. .                

  1. ..................................................... не үшін бардыңыз?
  2. Астанада ................................................ көрдіңіз?
  3. ................................................ бірге болдыңыз?
  4. Елордада........................................... таныстыңыз?
  5. Барған мақсатыңыз..................................?
  6. Онда қанша күн.......................................?
  7. ...................................................... қандай әсер алдыңыз?                

Сұрақ-жауап түріндегі сөйлесу үлгісі (диалог):  

  • Қазақстан қандай мемлекет?
  • Қазақстан – көп ұлтты, тәуелсіз мемлекет.
  • Онда қанша ұлт өкілдері тұрады?
  • 100-ден астам.
  • Олар қалай тұрады?
  • Олар бір-бірімен тату, ынтымақты тұрады.
  • Қазақстанның халқы кімдер?
  • Қазақстанның байырғы халқы –қазақтар.
  • Қазақтар қандай халық?
  • Қазақ халқы – қайырымды, мейірімді халық.

Осы диалогтің жауап сыңарлары арқылы баяндауға болады:

        

        Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Онда 100-ден астам ұлт өкілдері бар. Олар бір-бірімен тату, ынтымақты тұрады. Қазақстанның байырғы халқы – қазақтар. Қазақ халқы – мейірімді, қайырымды халық.

Керісінше, осы жауап сыңарларына сұрақтар қою жолымен қайта диалогке көшуге болады.

        Оқушылардың сөйлеу қабілеттерін арттыру барысында жұмыс жүргізудің бірі – мәтінмен жұмыс. Мәтінмен жұмыс істер алдында міндетті түрде мәтіндегі кездесетін таныс емес сөздермен жұмыс жасаймыз. Жаңа сөздердің мағынасын оқушылар түсініп, аудармаларын меңгерулері қажет. Мәтінді меңгеруді  түрлі жолдармен жүргіземіз:                                                                                                                                                                

1) Мәтінді толық мәнерлеп оқу.                                                                                

2) Мәтінді қазақ тілінен орыс тіліне аудару.

3) Оқыған мәтіннің мазмұнын айтқызу. Қазақ тілінде ауырлау болса, орыс тілінде жеткізу.

4) Мәтіндегі сұраққа дұрыс жауап беру.

5) Мәтінді өз ойымен бірнеше сөйлем арқылы жеткізе білу.

6) Мәтіндегі жаңа сөздер мен сөз тіркестерін тақтаға жазып, есте сақтауын қадағалау.

7) Мәтіндегі негізгі ойды қысқаша баяндау және дәптерлеріне жаздыру.    

Қазақ тілін меңгерудің басты мақсаты – тыңдау, сөйлеу, ойлау, оқу, жазу болса, мәтінді меңгеру барысында тілдік қызметтің барлық түрі жан – жақты қамтылады.                                                                                                                                         Тіл дамыту жұмысының негізгі түрлерінің бірі – сөздік жұмыс. Сөздік жұмысы – тіл дамыту жұмысының бастапқы негізі болып табылады. Егер оқушының сөздік қоры кедей болса, ол айтайын деген ойын нақты жеткізе алмайды. Сондықтан да сөздік жұмысының оқушыларға сөздерді, сөйлемдерді дұрыс жазуына, сөйлеу дағдыларын дұрыс қалыптастыруына тигізетін көмегі зор. Сөздік жұмысы әр сабақ үстінде, жыл бойында, бүкіл оқу кезеңінде белгілі жоспармен, жүйемен жүргізілуі керек. Оқушы сабақ сайын жаңа сөз үйреніп отырады. Әр сабақта үйретілетін жаңа сөзді оқушының күнделік өмірде, қарым-қатынаста қолданатын белсенді сөздігіне айналдыру оқушының сөздік қорын байытудағы негізгі мақсат болып саналады.  Жаңа сөздер есте қалу үшін «Жоғалған әріп», «Сөз ойлан», «Дұрыс ата»  ойын элементтерін қолдануға болады.                                                                                                                                              Оқушының сөздік қорын тек сабақ кезінде ғана толықтырмай, сыныптан тыс уақытта да толықтырып отыруға болады. Оған әсіресе сыныптан тыс жұмыстар күшті әсер етеді. Қызықты ұйымдастырылған сыныптан тыс жұмыстарға оқушылар қызығып, белсенді түрде қатысады.                                                                                           Қазіргі екінші тілді үйрену сабақтарында кең қолданылатын әдістің бірі – ойын. Ойын түрлерін қолдану пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, сабаққа белсенді қатысуын қалыптастырады.  Шәкірттеріміздің оқуға ынтасы асып, оқу процесінің деңгейі көтеріледі. Енді өз тәжірибемде өткізетін ойынның бірнеше түрлерін   айта кетейін:                                                                            “Қазақстан Республикасы” бойынша сұрақ-жауап ойыны. Тәртібі: үстелдегі билет түріндегі қағазды оқушы алады. Екінші бетінде Қазақстанның жер, облыс атаулары, т.б. өтілген тақырыптарға сәйкес сұрақтар, тапсырмалар жазылған. Оқушы оларды Қазақстан картасынан көрсетеді немесе сұрақтарға жауап        қайтарады.                                                                                                                          “Жұбын тап” ойыны. Мұнда мақалдарды айтып үйрену жаттығуы жүргізіледі. Үстелде мақалдың бір сыңары бір қағазда, екінші сыңары екінші қағазда араласып жатады. Ойнаушы бір сыңарын таңдап, оның екінші сыңарын табады. Сөйтіп біріктіріп оқиды, оны қолданып сөйлем құрайды.                                              “Тірек сөздер”. Мұнда оқушыларға жақсы таныс әр түрлі тұрмыстық тақырыптарда (өмірбаян, отбасы, сыныптың бір күні, мектептегі спорт жарысы, т.б.) берілген тірек сөздерді пайдаланып шығарма жазады. Сондай-ақ берілген тірек сөйлемдер негізінде ойды кеңейтіп, дамытып, өз туындысын туындатады.                                                                                                                                   Топтық ойындар:1.Тіл үйренушілер екіге бөлініп, бірінші топ жуан сөздер, екінші топ жіңішке сөздер айтып жарысады.                                                                                                                   2. Сынып екі топқа бөлініп, бір топ ілік септікті бір есім сөз айтады, екінші топ тәуелдік жалғауының 3-ші жағын қосып, сөз тіркесінің жалғасын айтады.  Мысалы: 1 топ: оқушының...                                                                                            2 топ: дәптері т.б.                                                                                                 Осыған ұқсас ойын түрлерін мұғалімнің өнертапқыштығына қарай көптеп ойлап табуға болады.                                                                                                                        Сонымен бірге өз тәжірибемде жүйелі қолданатын оқытудың бір түрі – деңгейлік тапсырмалар. Деңгейлік тапсырмалар оқушының қазақ тілінен алатын білімін толықтыра отырып, қажетті дағдылар мен біліктердің қалыптасуын қамтамасыз етеді, оқушының ойлау қабілетін, тілін дамытады. Бұл тәсілдің ең маңыздылығы – әр оқушы өз шамасына қарай тапсырманы орындай отырып, өзінің нені білетін және білмейтінін толық сезінеді, сыныптастарынан қалмау үшін келесі жолы білмегенін біліп алуға тырысады. Әр оқушының деңгейіне, ерекшелігіне қарай сынып тапсырмалары мен үй жұмысының тапсырмаларын          дайындап         беремін.                                                                                                  Кешкі мектебінде  қазақ тілін оқытуда тағы бір ең қолайлы жолдарының бірі – тірек-сызбаларын пайдалану. Тірек сызбалар оқушылардың сөйлеу тілін арттыру мақсатында пайдаланатын тәсілдің бірі. Сонымен қатар тірек сызба жаңа грамматикалық және лексикалық тақырыпты жеңіл түсінуге, есте сақтап қалуға көмектеседі. Тірек сызбалар арқылы  сөйлем құрастырып, өз ойларын айтып жеткізуге үйренеді, сабаққа қызығады, еңбектенуге талпынады.                                 Сондай-ақ интерактивті тақта арқылы әр түрлі тест тапсырмалары,  презентациялар, викториналар дайындалып жүргізілсе, оқушылардың оқуға ынтасы, пәнге қызығушылығы арта түсетіні даусыз.                                                               Осылайша оқушылармен әр түрлі жұмыс түрлерін өткізуге тырысамын. Бұл жұмыстар өз нәтижелерін беруде. Әрине бұнымен шектелмей, жұмысты одан әрі жалғастыру басты міндетім.                                                                                       Қорыта келе осы әдіс-тәсілдерді қолдану         нәтижесі:                                               Оқушы тұлғасының танымдық қабілеттерін дамытуға;                                            Оқуға         жағымды         қызығушылық         қалыптастыруға;                                                                   Белсенді сөздік қорын, ауызша және жазбаша тілін ұстартуға;                                 Тұлғаның қиындықтарға даяр болу және оны білу, қарым – қатынас, ойын, танымдық, өзін-өзі бекіту қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етеді.                      

ӘДЕБИЕТТЕР                                                      

  1. Дюсебаев С. Қазақ тілі: Методическое руководство. – Алматы: Мектеп,

2008 ж.

  1. Сатыбаева А., Сатыбаева Г. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. – Астана:  Фомант, 2008 ж.  
  2. Рысбаева Г. Қазақ тілі мен әдебиет. 2000 ж.,  № 4.  
  3. Қараев Ж. Деңгейлік оқыту технологиясы.                                                                                                                      

        


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ

   ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ  ҚАБІЛЕТІН  ДАМЫТУ  ( Баяндама)...

"Қазақ тілі сабағында" "На уроке казахского языка"

Календарно-тематическое планирование в 7 классе составлены по модулям.В данном модуле составлены следующие темы. Например:  "На уроке казахского языка", "На уроке английского языка",  "На ур...

Интеллектуалды ойындар - оқушылардың қабілеттерін дамыту құралы ретінде

Ойын - қоғамдық тәжірибені қалыптастыру бағытындағы іс-әрекеттің бір түріИнтеллектуалды ойындар сабақтың тиімділігін, сапасын арттыруымен бірге оқушының оқу белсенділігін, шығармашылық ойлау қабілеті...

Жаңа технологиялар қазақ тілі сабағында

Мақалада қазақ тілі сабағында қолданылатын жаңа технологиялар туралы жазылған. Олар Коммуникативтік технологиясы, "Дамыта оқыту", және "Деңгейлеп оқыту" технологиялары....

Бүгінгі жас жеткіншектердің қазақ тілін үйренуге деген қызығушылығын арттыру

Қазіргі жастардың қазақ тіліне  қызығушылығын арттыру жолдары жайлы жазылған....

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру жолдары

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру жолдары.«Мұғалімнің жаңа ұрпағы білім деңгейіжөнінен әлдеқайда жоғары болу керек....

Орыс мектебіндегі қазақ тілінен сөзжұмбақтар

Бұл сөзжұмбақтар орыс мектебіндегі қазақ тілінен сабақ беретін мұғалімдерге, жас мамандарға дидактикалық материал болып табылады....