Базар жырау өлеңдеріндегі дидактикалық сарын
классный час (9 класс) по теме

Макажанова Назгул Ахметовна

Оқушыларға Базар жырау туралы түсінік беру

Скачать:

ВложениеРазмер
Microsoft Office document icon bazar_zhyrau.doc35 КБ

Предварительный просмотр:

Класы: 9 «Ә»

Пәні: Қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: Базар жырау өлеңдеріндегі дидактикалық сарын

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың Базар жырау туралы білімдерін жинақтау, толықтыру, жыраулар әдебиетіндегі Базар жырау рөлі туралы айту.

Білімділік: Базар жырау өлеңдері арқылы оның суырып салма ақын - жырау, терең ойшыл, шебер суреткер екенін дәлелдеу, дидактикалық сарында жазылған өлеңдерімен таныстыру

Тәрбиелік: өлеңдерінің рухани құндылығын түсіне отырып елжандылыққа, бауырластыққа, ерлікке тәрбиелеу

Дамытушылық: оқушылардың өлеңді мәнерлеп оқу, есте сақтау қабілеттерін дамыту;

Сабақтың түрі: жаңа білімді игерту

Сабақтың типі: дәстүрлі

Оқытудың әдіс-тәсілдері: баяндау,сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық , Базар жырау шығармалары, INSERT стратегиясы.

                                     Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу

Класты түгендеу

Оқушылардың назарын сабаққа аудару

II. Үй тапсырмасы: жырау поэзиясынан өздеріне ұнаған бір өлеңін жатқа оқу

III. Жаңа сабақ: Базар жырау Оңдасынұлы1842 жылы қазіргі Қызылорда обылысы, Қармақшы ауданы, Ленин ауыл кеңесінде дүниеге келген. Болашақ жырау әкесінен ерте жетім қалып, есейгенше нағашысы Өтемістің қолында тәрбиеленеді. Есін білгеннен бастап он алты жасқа дейін байдың қойын бағады. Бозбала шағынан бастап бар ықыласын, талап – тілегін ақындық өнер жолына бағыштайды. Бұхара халықтың мұң-мұқтажын көксеп жырлағаны үшін үстем тап өкілдерінің қудалауына ұшырайды.Қазалы мен Үргеніштің түрмелеріне де түседі.Өзі тұстасәйгілі сөз зергерлерінің (Шернияз,Мұсабай,Нысанбай,Ешнияз,Бұдабай, т.б) үлгісімен өз өнерін әрмен қарай өрістете,шыңдай түседі. Толғау,сөз саптау ерекшелігіне қарағанда Базар жырау Бұқар мен Махамбет мектебіне көбірек еліктегенге ұқсайды.Тілі шешен, жалпы көпшілікке түсінікті,өмір шындығынан туған тебіреніс – толғаныстары мол. Жырау көзі тірісінде, әсіресе,қартайған шағында құрдасы әрі туысы Нұрымбеттің Төремұрат деген оқыған баласына ауызша айта

отырып, көп толғау жырларын,дастандарын хатқа түсірткен. Базар жыраудың өлеңдері 20 ғасырда ғана баспа бетін көре бастады. С.Сейфуллин, М.Жұмабаевтар аса жоғары баға беріп,Бұқар жырау мен Махамбеттен кейінгі толғау алыбы деп таныған. Жырау шығармаларын жинастыруда Ә.Диваев,С.Сейфуллин,Ә.Марғұлан, Ә.Қайнарбаевтар үлкен еңбек сіңірді. Базар жыраудың Нұрлыбек дейтін баласынан тарайтын немересі Құрақбай қалған.

   Жыраудың сол кездегі шығыс және ислам философиясымен жақсы таныс болғандығы анық. « Әр кемелге – бір зауал», « Тіршіліктің түрлері», « Керқұлан», « Кермиық»,т.б

іргелі толғауларында ол өмірдің мән-мағынасына көз жүгіртеді, тіршілікте кездесетін жақсылық пен жамандық, адамшылық пен зұлымдық хақында тереңнен ой толғайды.

Ақын жырлары афоризмге толы, жырау ел аузында айтылып жүрген мақалдарды өз елегінен өткізіп, қайтадан түрлендіріп, әрлеп, кейде тіптен басқаша мағына беріп, асқан шеберлікпен қолданады. Сонымен қатар Лұқпан хакім, Қорқыт бабалардың да өнегелі сөздерін ретті жерінде жырға қосып отырады. Жыраудың жастық шақ, табиғаттың әр түрлі маусымы, туып-өскен жер,т.б. жайлы шығарған толғау – термелері де көп. Сараң байларға,әділетсіз әкімдерге, қиянатшыл кісілерге арнаған сын-сықаққа толы, қазақтың ауызекі поэзиясындағы арнау-эпиграмма жанрында шығарылған бірқақпайлары да жетерлік. Жыраудың дидактикалық сарында жазылған өлеңдері қатарына мыналарды жатқызуға болады: « Халық үшін туған қайратты ер», « Әр кемелге-бір зауал».

 Жыраудың дидактикалық сарында жазылған өлеңдерінен көркемдік айшықтаулардың түрлерін тапқызамын

IV. Бекіту сұрақтары:

Базар жырау Оқдасынұлы қай жылы,қай жерде дүниеге келді?

Балқы Базар деп аталуының себебі?

Базардың астына жүйрік ат міңгізіп, үстіне шапан жауып, жыраулық жолына сәт сапар тілеген кім?

Жыраудың қанша дастаны мен қанша өлең-жырлары сақталған?

Жыраудың шығармашылығына аса жоғары баға берген  қазақтың қандай ақындары?

Базар жыраудың артында ұрпақ қалған ба?

Жыраудың дидактикалық сарында жазылған өлеңдерін ата?

Дидактикалық сарында жазылған өлеңдерінен қай өлеңі сіздерге қатты ұнады?

VI. INSERT стратегиясымен жұмыс.

VII. Үйге тапсырма: Базар жыраудың дидақтикалық сарында жазылған өлеңдерінен ұнағанын жатқа оқу.

VIII. Бағалау:

   


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Кешкі оқу мектебіндегі қазақ тілі сабағында оқушылардың оқуға ынтасын, пәнге қызығушылығын арттыру, ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыту

Мақалада кешкі мектебіндегі оқушылардың пәнге ынтасын көтеріп, ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыту мақсатында қолданылатын әдіс-тәсілдер туралы жазылған...

Дидактикалық ойындар

«Дидактикалық ойындар» әдістемелік құралы  лексикалық ойындар, фонетикалық ойындар, орфографиялық ойындар топтамасынан тұрады. Ойындар сөздік қорды молайтуды, сөздің дұрыс дыбысталуын, сауатты жа...

Кестелер, кестелер құру, кестелерді редакциялау, кесте ішіндегілерін енгізу және пішімдеу

Кестелер, кестелер құру, кестелерді редакциялау, кесте ішіндегілерін енгізу және пішімдеу...

Білімнің адам өміріндегі рөлі

Білімнің  адам өміріндегі рөлі...

конспект урока «Легендарные музыканты – Кюйши и Жырау.»

Цель урока:  - Изучать историю музыкальной культуры КазахстанаЗадачи урока: - повторить пройденный материал (казахские музыканты, исполнители, поэты – термины – кюйши, жырау, жыр, акын, айтыс, са...

презентация к уроку «Легендарные музыканты – Кюйши и Жырау.»

Цель урока:  - Изучать историю музыкальной культуры КазахстанаЗадачи урока: - повторить пройденный материал (казахские музыканты, исполнители, поэты – термины – кюйши, жырау, жыр, акын, айтыс, са...

Орыс мектебіндегі қазақ тілінен сөзжұмбақтар

Бұл сөзжұмбақтар орыс мектебіндегі қазақ тілінен сабақ беретін мұғалімдерге, жас мамандарға дидактикалық материал болып табылады....