Главные вкладки
Макажанова Назгул Ахметовна
Қазақ тілі мен әдебиеті сайты
Профессия: Мұғалім
Профессиональные интересы: Кітап оқу
Увлечения: Музыка тыңдау
Страна: Қазақстан
Населенный пункт: Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы
Место работы: Қарауылкелді орта мектебі
Звание, ученая степень: Бар ізгілік тек білімнен алынар, Білімменен аспанға жол салынар.
Навигация
Ссылка на мой мини-сайт:
https://nsportal.ru/makazhanova-nazgul-akhmetovnaМектеп - білім тірегі, Ұстаз оның жүрегі.
Мектеп - білім тірегі, ұзтаз оның жүрегі.
О себе
Еңбек өтілімі - 2 жыл, мамандығы - қазақ тілі мен әдебиеті, қәзіргі таңда Т. Жармағамбетов атындағы орта мектепте мамандығы бойынша қызмет атқаруда.
Книги, которые сформировали мой внутренний мир
Абай жолы
Мой взгляд на мир
Жер басқанға мәз болма, жерде ізің қалмаса.
Мои достижения
Шәкірттерімнің жетістікке жеткені - менің биікке көтерілгенім.
Моё портфолио
Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.
Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет. Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – МҰҒАЛІМ. Адамның адам болып қалыптасуына ата-аналармен қатар, мұғалімнің де рөлі зор. Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында.
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы –
деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!
Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы “Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген.
Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам.
Добавить творческую работу ученика
Код для вставки списка публикаций на другие сайты