Дидактикалық ойындар
методическая разработка на тему
«Дидактикалық ойындар» әдістемелік құралы лексикалық ойындар, фонетикалық ойындар, орфографиялық ойындар топтамасынан тұрады. Ойындар сөздік қорды молайтуды, сөздің дұрыс дыбысталуын, сауатты жазылуын машық ету мақсатынан басқа сабақтарды түрлендіруге көп септігін тигізеді.
Скачать:
Вложение | Размер |
---|---|
didaktikalyk_oyyndar.docx | 34.19 КБ |
Предварительный просмотр:
«Дидактикалық ойындар»
«Дидактикалық ойындар» әдістемелік құралы лексикалық ойындар, фонетикалық ойындар, орфографиялық ойындар топтамасынан тұрады. Ойындар сөздік қорды молайтуды, сөздің дұрыс дыбысталуын, сауатты жазылуын машық ету мақсатынан басқа сабақтарды түрлендіруге көп септігін тигізеді. Топтастырылған ойындар бастауыш және орта буын оқушыларына арналған. Бұл әдістемелік құрал – шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімнің еңбегі. «Дидактикалық ойындар» кітапшасын көпшілік мұғалім пайдаланар еді. Бұл еңбек озық педагогикалық тәжірибе ретінде таратылуға лайық.
Қ.Тагиманова,
жоғары санатты мұғалім
Қай пәнді болса да, оқушыға түсінікті, қызықты етіп оқыту – әдістеменің
басты бір талабы.
Ұлы жазушы Л.Н.Толстой да өз кезінде шәкірттерді қызықтыра отырып оқытуды, үйрететін материалды қызықты етіп беруді мұғалімдерден ерекше талап еткені мәлім. Осы бағытта дидактикалық ойындардың атқарар қызметі сан алуан. Өйткені, ойындар тәрбие құралы ретінде туған. Ал тәрбие мен білім – егіз. Қазақ халқы баланы тәрбиелей отырып танымын кеңейткен. Білім бере отырып, тәрбиелеген. Сондықтан болар, ғұлама ұстаз Әл-Фараби ілім мен тәрбиені қатар ұстап, тәлім сөзін пайдаланған. Тәрбие – үздіксіз процесс. Сабақ кезінде немесе сабақтан тыс уақытта баланы ойын арқылы өмірге тәрбиелеу – осы үздіксіз процестің жалғасы.
Оқушының бой жүйесін босататын, жан қуаттарын (ойлауын, қабылдауын, елестетуін, зейінін, т.б.) өрбітетін – ойын. Абай сөзімен айтсақ, дүниенің көрінетін һәм көрінбейтін сырын түгендеу арқылы жүргізілуі тиіс. Басқаша айтқанда, ойын нақтылық пен дерексіздік, индукция мен дедукция, талдау мен жинақтау, ұқсастыру, салыстыру, бақылау мен тәжірибе арқылы жүргізілуі тиіс. Оқушыларды ой қорытындысын жасай бәлуге үйрету үшін, осы таным әдістеріне
баулуымыз қажет. Сонда ғана тәлім әрі сәнді, әрі мәнді болады.
Сонымен, орыс сыныптарындағы қазақ тілі сабағында біз ойынды сөйлеу үлгісін көп қайталау мүмкіндігін туғызатын жаттығу ретінде қарастырамыз.
Ойындар келесі маңызды әдістемелік мақсаттарды орындайтын, көздейтін болу керек:
- оқушылардың сөйлеу әрекетіне психологиялық дайындық жасайды,
- тілдік материалды көп рет қайталау қажеттігін тудырады,
- оқушыларды қажет тілдік нұсқаларды таңдауға жаттықтырады.
ЛЕКСИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР
Лексикалық ойындардың мақсаттары:
- оқушылардың сөздік қорын байыту,
- шын жағдайларға жақын ситуацияларға лексиканы қолдануға жаттықтыру,
- оқушылардың сөйлеу, ойлау әрекеттерін жандандыру,
- оқушылардың сөйлеу реакциясын дамыту.
СНЕЖНЫЙ КОМ
Бұл ойын бастауыш сынып оқушыларымен өткізіледі, сондықтан орысша атауын сақтауды жөн көрдім.
Бір оқушы тақтаға шығып, бір сөз айтады. Екінші оқушы жанына барып тұрып, бірінші оқушының сөзін қайталайды да «және» деп өзінің сөзін қосады. Үшінші оқушы екеуінің сөздерін қайталап, «және» деп өзінің сөзін қосады. Ойын солай жалғаса береді.
О1: кітап
О2: кітап және дәптер
О3: кітап, дәптер жіне қалам т.с.с.
Бұл ойынды тек бір тақырып аясында өткізуге болады.
«ТӨРТ» ДЕМЕ
Ойынды «Сан есім» тақырыбын оқыту кезеңінде пайдалануға болады.
Белгіленген бір санға дейін санау керек (20,40, 50-ге дейін), бірақ құрамында 4 цифры бар санға келгенде, оны атамай, «стоп» деу керек. Бір, екі, үш, стоп, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он, он бір, он екі, он үш, стоп, он бес, т.с.с. Қателеспей санаған оқушы жеңеді.
Ойынды 2,3,5 сандарымен өткізуге болады.
БҰЛ МЕНІҢ МҰРЫНЫМ
«Дене мүшелері» тақырыбын оқығанда осы ойынды ойнауға болады. Оқушылар жүргізу-шінің алдына бір сапқа тұрады. Жүргізуші бір оқушыға аяғын көрсетіп «Бұл менің мұрыным» дейді. Оқушы керісінше «Бұл менің аяғым» деп, мұрынын көрсетеді. Енді ол жүргізуші болады. Қалған оқушылар диалог барысында онға дейін санайды. Егер ойыншы осы уақытта дұрыс жауап бере алмаса, ойыннан шығып қалады.
ЖЕМІСТІ СЕБЕТ
Мұғалім ойынды жеміс-жидек туралы сөйле-суден бастайды.
М: балалар, күз менің сүйікті жыл мезгілім. күзді жақсы көремін, өйткені мен жеміс-жидек, көкөністерді жақсы көремін.
О1: Мен де жеміс-жидек, көкөністерді жақсы көремін. Мен қарбызды ұнатамын.
М: Жарайсың! Міне, саған көк-ала шапанды қарбыз(қарбыздың суретін береді).
О2. Ал мен алманы жақсы көремін.
М: Міне саған қып-қызыл алма. Т.с.с.
Енді әр оқушыда жеміс-жидек, көкөністің суреті бар. Оқушылар жүргізуші таңдап алады. Жүргізуші «Алма мен алмұрт, орын алмастырыңдар!» дейді. «Алма» мен «алмұрт» орын алмастырған кезде жүргізуші біреуінің орнына отырып алуы керек. Орынынан айрылған оқушы жүргізуші болады.
Жүргізуші барлық «жеміс-жидектерді» орындарын алмастыруды бұйыруға болады: «Бәрің де орын алмастырыңдар!».
ҚАНША БЕТ?
Мұғалімнің үстелінде әдемі қазақша кітапшалар жататынына оқушылар үйреніп қалды. Оқушылар оларды қызығушылықпен оқып, қарап отырады. Бір күні сабаққа жаңа кітап әкеліп, «Ал егер, «Бұл кітапта неше бет бар?» - деп сұрасам», - деп ойлады мұғалім.
О1: Бұл кітапта үш жүз елу бет бар.
М: Жоқ, одан аздау.
О2: Үш жүз.
М: Аздау.
О3: Екі жүз елу.
М: Көптеу.
О4: Екі жүз сексен.
М: Дұрыс, жарайсың!
Кітаптың бет санын табу оқушылар үшін өте қызықты және пайдалы жаттығу. Ал жүлде ретінде жеңген оқушыға сол кітапты бірінші қа-рап шығуға рұқсат беріледі.
ҚАЛАЙ? (НЕЛІКТЕН?)
Мәтінді оқыған кезде мұғалім бір сөйлем таңдап алады. Оқушылар осы сөйлемге сәйкес, мәтінге сәйкес жағдайларды айтады.
Мысалы, Ыбырай Алтынсариннің «Жаман жолдас» әңгімесі оқылды.
М: Жолдастың біреуі ағаштың басына шығып кетті.
О: Тез, қорыққан, ауру жолдасын тастап, өзінің ғана басын қорғап, жолдасын жау қолына тастап, т.б.
М: Екінші жолдас жерде жатты.
О: Етпесінен түсіп, өлген кісідей, дем алмай, ағашқа шығуға дәрмені болмай, т.б.
ҰМЫТПА
Бұл ойынды «Дүкенде», «Аңдар мен жануарлар», «Жеміс-жидектер» т.б. тақырыптарды оқығанда өткізуге болады.
М: Мен кеше дүкеннен нан сатып алдым.
О1: Мен кеше дүкеннен нан, қант сатып алдым.
О2: Мен кеше дүкеннен нан, қант, сүт сатып алдым.
Егер оқушы сөзді ұмытып, не орын тәртібін алмастырып алса, оны «ұмытшақ» деп жариялайды. «Ұмытшақ» сөзі басқа сөздермен қатар қайталанады.
О3: Мен кеше дүкеннен қант ...
О4: Мен кеше дүкеннен нан, қант, сүт, ұмытшақ, балмұздақ алдым.
Бір де қате жібермеген оқушы жеңеді.
Басқа нұсқалары:
- Мен хайунаттар паркінде қасқыр, арыстан көрдім.
- Мен бақшада алма, алмұрт жинадым.
ФОНЕТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР
Ұсынып отырған фонетикалық ойын-жаттығулар келесі мақсаттарды көздейді:
- қазақ тіліне тән дыбыстарды айтуға жаттықтыру,
- оқушыларды қазақ өлеңдерін мәнерлеп айтуды үйрету.
Фонетикалық ойындарды екі шартты топқа бөлемін:
- Халқымыздың бай ауыз әдебиетінің бір түрі – жаңылтпаштар.
«Ә»
Әсел әсем бе, Әсем әсем бе?
Әсем әсем бе, Әсел әсем бе?
Әсем де әсем, Әсел де әсем.
«Ү»
Түймебай түйедей болса да,
Түйеде түймедей.
«Ы»
Алтынды алтын алтындамайды,
Алтынды адам алтындайды.
«Ы» - «І»
Былдыр, былдыр бүлдіршін,
Білгір бұл бір бүлдіршін,
Бұл бір білгір бүлдіршін
Білгірлігін білдірсін!
«Ө»
Көп көкек,
Көкектеп,
Көктеп келді.
Көкек кеп
Көктеп көк
Көктем келді.
«Қ»
Аппақ, аппақ, бәрі аппақ:
Ақ қар аппақ, бор аппақ,
Ақ сүт, айран, қант аппақ,
Ақ қыс, аққу, қағаз ақ.
«Ғ»
Қоғабай қомағай ма,
Қомағай Қоғабай ма?
Қоғабай да қомағай,
Қомағай да Қоғабай.
«Ұ»
Қыраттарда
Құрақ бар.
Құр аттарда
Құлақ бар.
Құрақ қыраттарда,
Құлақ құр аттарда.
- Шет тілін оқыту әдістемесінен алған тәжірибемнен – өзім құрастырған ЕРТЕГІЛЕР. Бұл ойындарды көбі-несе бастауыш сыныптарда, қазақ тіліне тән дыбыстармен таныстырғанда қолданылады.
«ҚАЙЫРЛЫ ТАҢ!» ертегісі
Я хочу рассказать вам нечто удивительное... У нас во рту живет веселый казахский язычок Тіл Мырза. Наш рот – его уютный домик, а зубы – заборчик. Когда Тіл Мырза просыпается, он потягивается (ы-ы-ы-ы). Давайте и мы потянемся (ы-ы-ы-ы). Хорошо. Жақсы. Затем он смотрит в окно и радуется хорошей погоде (ай-ай-ай). Потом он проводит уборку в домике, выбивает пыль из ковриков (қ-қ-қ). Хорошо получается. Жақсы. Потом Тіл Мырза звонит в колокольчик и зовет всех соседей. Вот так (ң-ң-ң-ң). А теперь, когда все пришли Тіл Мырза здоровается «Қайырлы таң!»
«ПУТЕШЕСТВИЕ В СТРАНУ БУКВЛЯНДИЮ»
ертегісі
Дымбілмес с друзьями отправились однажды погулять. Прогулка получилась замечательной, но возвращаясь домой они заблудились и попали в удивительную страну Буквляндию. Как вы поняли, там жили буквы. Но назывались они в этой удивительной стране по-особому. Девочка там звалась «буковка» (гласные – дауысты), мальчик – «Буквенок» (согласные – дауыссыз). Кроме знакомых нам 33 буквят, жили в Буквляндии и другие 9 букв. С ними сейчас нас познакомит Тазша-бала.
БУКВА Ғ. Идут наши герои по лесу, видят бежит буковка Е и напевает Е-Е-Е-ЕЕЕЕ! Увидела вдруг она наших героев, испугалась, споткнулась, перевернулась и превратилась в буквенка Ғ, который от боли закричал Ғ-Ғ-Ғ. Когда буквенок Ғ успокоился, он сказал, что встречается в хорошо знакомом тебе слове. Кто встречает вас каждое утро у дверей класса? Правильно, учитель. Кто знает, «учитель» қазақша қалай болады? Дұрыс, «мұғалім». Жақсы. Повторите за мной, «мұғалім».
БУКВА І. Путешествуя по стране Буквляндии, наши герои увидели красивый дом. На чердаке этого дома жила-была буковка А. Веселая была буковка, всегда напевала А-А-А-АААА! Буквенок Н служил ей вместо лестницы, буквенок Т вместо антенны, а буковка І была трубой. Когда топилась печь, буковка І кричала от жары І-І-І. Буковка І встречается в слове «перемена». Қазақша «перемена» қалай болады? Дұрыс, «перемена» - «үзіліс». Повторите, жақсы.
БУКВЫ Ұ,Ү. Оказывается, в этой удивительной стране есть свои нарушители порядка. Рядом с домом, в котором жила буковка Ұ поселился злой ластик. Если какая – нибудь буква проходила мимо него, он делал ее непохожей на себя. Так вот, вышла букрвка Ұ на крылечко, увидела ластика, испугалась, хотела спросить «Бұл не?», а получилось «Бұ-ұ-ұ-ұ ...». ластик стер ей ручки, получилась буковка Ү, которая от удивления прокричала Ү-Ү-Ү-Ү. Чтобы хорошозакрепить эти звуки, разучим скороговорку – жаңылтпаш. Ұшқыш жақсы ма?
Үш құс жақсы ма?
Ұшқыш та жақсы,
Үш құс та жақсы.
БУКВЫ Ө, Ә. Когда проходила мимо ластика буковка Ө, веселая буковка, напевала Ө-Ө-Ө-ӨӨӨӨ! Ластик стер ей одно плечо, она превратилась в буковку Ә, которая от удивления прокричала Ә-Ә-Ә.
Өшіргіш – ластик, дәптер – тетрадь.
БУКВА Һ. Живет в Буквляндии буквенок һ. Его часто вспоминает Тіл Мырза зимой. Когда замерзнет, он дует на руки, греет их. Когда в его легких остается совсем мало воздуха, у него получается на выдохе настоящий казахский звук һ.
Менің атам – қаһарман.
Менің құрбымның аты – Гауһар.
ОРФОГРАФИЯЛЫҚ ОЙЫНДАР
Орфографиялық ойындардың мақсаты – қазақ сөздерін жазуды жаттықтыру. Ойындардың біршама бөлігі балалардың еске сақтау қабілетін жаттықтыру, ал кейбіреулері қазақ сөздерін жазу ережелеріне негізделген. Ойындардың көбін үй жұмысын тексеру барысында пайдалануға болады.
СӨЗ БАҚША
Сынып 2 – 3 топқа бөлінеді. Топ санына сәйкес тақтаға 2-3 рет бір сөз жазылады.
қ у ы р ш а қ қ у ы р ш а қ қ у ы р ш а қ
Әр топтың өкілдері кезекпен шығып осы «қуыршақ» сөзін құрап тұрған әріптерден басталатын сөздерді тігінен жазады. Әр оқушы тек бір сөз жазу керек және сөздер қайталанбауы керек. Біраз уақыттан соң тақтада мынадай жазулар пайда болады.
қ у ы р ш а қ қ у ы р ш а қ қ у ы р ш а қ
а ә д и а с а а н а а л а ы ы қ ә е л ы
с д ы з ш х р н т қ ш м л с қ п м ш м з
қ е с а а т ы а у а а а і е ұ
ы н м т м л з р
р а а т
қ
Әрбір дұрыс жазылған сөз үшін бір ұпай беріледі. Бірінші болып «сөз бақшаны» толтырған топқа қосымша ұпай беріледі.
БАСПАЛДАҚ
Ойыншылар тақтаға сөздерден «баспалдақ» салады. Бірінші ойыншы тақтаға кез келген сөз жазады. Кейінгі сөз бұрыңғы сөздің соңғы әрпінен басталуы шарт. Оқушыларда ұзын сөз жазуға стимул болу үшін, ұпайды әр әріп үшін беруге болады. Егер сөз дұрыс жазылмаса, топ ұпай алмайды.
а л м а
л
м
ұ
р
т а р а қ
ы
с а б а қ
а
р
а қ с а қ а л т.с.с.
БАЛА, АЛМА АЛ!
Бұл ойынның шартты атауы. Тақтаға әріптердің саны тең екі сөз жазылады. Оқушылардың мақсаты – ең қысқа жолмен тек бір ғана әріпті өзгертіп отырып бірінші сөзден екінші сөзді шығару. Соңғы сөзді жазған оқушы ұтады.
Бала . . . . . . . . . . алма
Бала – бата – мата – алма
Бор – бар – ара – ата
ӘРІПТЕР БАСПАЛДАҒЫ
Мұғалім тақтаға қысқа сөз жазады. Келесі жазылған сөздің бір әрпі артық болуы керек және сөздердің алғашқы әрпі өзгермеуі шарт. Соңғы сөзді жазған оқушы ұтады. Мысалы:
Қар Ар Жүз
Қара Ара Жоба
Қария Арба Жазық
Қасиет Аспан Жануар
Қабылан Абырой Жерұйық
Қаһарман Адамзат Жауынгер
НЕШІНШІ ӘРІП?
Тақтаға кез келген сөз жазылады. Оның ішінен бір әріп таңдалып алынады. Мысалы, «дәптер» сөзінде «ә» әрпі екінші әріп. Енді «ә» әрпі екінші болып тұратын сөздерді жазу керек. Әр сөзге бір ұпай беріледі.
Д ә п т е р к і т а п к ө л і к
Б ә й ш е ш е к п і к і р м ө л д і р
Д ә у і р к і р ш ө л
Д ә м д і н ш ө п
Д ә с т ү р б і л г і р ш ө б е р е
К ә с і п м і н б е т ө ң і р е к
« 4 × 4 = 16»
Мұғалім тақтаға төрт әріптен тұратын сөз жазады, мысалы «ағза». Оқушылар осы сөздің әр әрпіне басталатын төрт-төрттен сөз жазу керек.
А Ғ З А
Ана ғалым зат аспан
Аға ғылым зерек адам
Ата ғасыр зерттеу аула
Апа ғимарат заман аңыз
Осы ойынға сәйкес «5×5=25» деген ойын де өткізуге болады. Бұл ойында бірінші болып бітірген топ жеңеді.
ОҢЫНАН – ҚАЗАҚША, СОЛЫНАН – ОРЫСША
Бұл ойынды қазақ тілін қызығушылықпен оқитын оқу-шыларға ұзақ мерзімге шығармашылық жұмыс ретінде беруге болады. Оқушыларым осындай 15-тей сөз тапты.
Мысалы: сан – нас, топ – пот, мас – сам, он – но, бар – раб, от – то, ару – ура т.б.
ӨЗГЕРМЕЙТІН СӨЗДЕР
Мұғалім оқушылардың жұмбақтарды шешіп, жауаптары неліктен қызық екенін сұрайды.
- Оңымнан оқы - 2. Оңымнан оқы –
тағаммын, сол сан.
Солымнан оқы - Солымнан оқы –
тағаммын. сол сан.
Күні жоқ менсіз (ҚЫРЫҚ)
адамның.
(НАН)
Бұл сөздер оңнан солға қарай оқылса да, солдан оңға қарай оқылса да өзгермейді екен. Тағы қандай «өзгермейтін сөздер» білесіңдер? Соңғы сөз айтқан оқушы жеңеді. Оқушылар осындай сөздердің 40 шақтысын тапты.
Мысалы: ата, ана, аға, апа, ара, ала, ене, іні, қызық, қазақ, кезек т.б.
ОҢЫНАН – БІР МАҒЫНА,
СОЛЫНАН – БАСҚА МАҒЫНА
Қазақ тілінде оңынан оқылса бір мағына, солынан оқылса басқа мағына беретін сөздер бар екен.
Заман – намаз, қара – арақ, кісі – ісік, қадам – мадақ, шала – алаш, кесе – есек т.б.
АНАГРАММАЛАР
Ойында әріптер ретін алмастырғанда жаңа сөздер пайда болатын сөздер қолданылады. Ойыншылар мұғалімнен сондай сөздер жазылған карточкалар алады. Тапсырма белгілі бір уақыт ішінде орындалу керек. Әр дұрыс құрастырылған сөзге ұпай беріледі. Әрине, ойыншы сөздің мағынасын білуі керек. Ойынды топтар арасында өткізуге болады. Төмендегідей сөздер қолдануға болады:
Қара – Арқа Таз – зат
Азат – Таза Мысық – Қысым
ТЕРУШІ
Бұл ойын оқушыларымның ең сүйікті ойыны. Тақтаға кез келген сөз жазылады (сөздің әріп саны көп болғаны дұрыс), мысалы «қанағаттанарлық».
Оқушылар осы сөздің әріптерінен жаңа сөздер құрастырады. Соңғы сөзді жазған оқушы жеңеді. Берілген сөзден келесі сөздерді құрастыруға болады: қанат, тарақ, рақат, таға, тар, қар, нар, аға, ана, т.б. Оқушылар бұл тапсырмасы үйге алып, 130-дай жаңа сөздер құрастырған.
Ләззат Шортанбаева,
Ақмола облысы, Ерейментау қаласы,
Т.Шаханов атындағы №3 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
По теме: методические разработки, презентации и конспекты
Базар жырау өлеңдеріндегі дидактикалық сарын
Оқушыларға Базар жырау туралы түсінік беру...
Интеллектуалды ойындар - оқушылардың қабілеттерін дамыту құралы ретінде
Ойын - қоғамдық тәжірибені қалыптастыру бағытындағы іс-әрекеттің бір түріИнтеллектуалды ойындар сабақтың тиімділігін, сапасын арттыруымен бірге оқушының оқу белсенділігін, шығармашылық ойлау қабілеті...
Тіл ұстартуға арналған дидактикалық материалдар
[[{"type":"media","view_mode":"media_large","fid":"10363792","attributes":{"alt":"","class":"media-image","height":"292","width":"461"}}]] ...
Қазақ әдебиетінен лото ойындары
Әдебиет әлеміне саяхат Бұл танымдық және қызықты ойын қазақ әдебиетіне қызығатын оқырмандарға ...
Физика. Үлестірмелі дидактикалық материалдар. 10 сынып
Физика - табиғат туралы ғылым ретінде «бірінші ұстаз» атанған гректің ұлы ойшылы Аристотельдің шығармаларында баяндалды. «Физика» грекше фюзис-табиғат дегенді білдіреді. Бұл сөзді...
Қазақ ұлттық ойындары
Қазақ халқының ұлттық ойындары...
Қазақтың ұлттық қозғалмалы ойындары
Қазақтың ұлттық қозғалмалы ойындары...