Тақырыбы: Менің отбасым.
план-конспект урока (7 класс) по теме

Оспанова Айбала Куанышбаевна

 

Мақсаты:

1.     Оқушыларға жаңа сөздерді меңгертіп, оларды ауызекі сөйлеуде  дұрыс пайдалана  білуге  үйрету.

2.     Оқушылардың сөйлеу әрекетін . қазақша  ойлауын, қиалын дамыту.

3.     оқушылардың қазақ тіліне деген қызығу шылықтарын артырып, отбасы мүшелерін сыйлауға тәрбиелеу.

 Оқыту әдістері:

Аударма, түсіндіру, сұрақ- жауап.

Пәнаралық байланыс:

Орыс тілі.

Скачать:

ВложениеРазмер
Microsoft Office document icon algy_soz_zhumys.doc150 КБ

Предварительный просмотр:

Оқулықтың құрлымы.

Бағдарлама бойынша сабақ модульге негізделген. « Менің отбасым», « Қазақ тілі мемлекетік тіл», Қазақстан Республикасы –Тәуелсіз ел», «Мемлекеттік мерекелер», «Кең байтақ Қазақстаным», « Табиғат тамашасы»,» Хайуанаттар әлемі»,»Табиғат аясында»,» Кино»,»Музыка», «Бинелеу өнері», «Әдебиет»,» Қазақ халқының салт –дәстүрлер», «Жыл мезгілдері» сияқты тақырыптарға топтастырылып  берілген.

Әр модуль  бірнеше тақырыптарға бөлінген. Әр тақырып бойынша оқушы ұғымына сай мәтіндер, сөздік, ауызша және жазбаша, орындауға арналған тапсырмалар берілген. Аудиотаспа не мұғалім көмегі арқылы орындауға( тыңдап, қайталауға) берілген тапсырма жеңілден ауырға ұстанымы бойынша, яғни сөз-сөз тіркесі сөйлем түрінде  айтуға лайықты. Мысалы: бала-баламыз, дос-доспыз.

Жазбаша жаттығулар сөздерді бір тілден екінші тілге аудару, жұмбақ, сөз жұмбақ, дыбыстық талдаулар, сөз тіркесін құрастыру беріледі.

Әр модульдің соңында берілген нәтиже сабақтар матириалдарды оқушының қаншалықты меңгергендігін анықтауға бағытталған.

 Қазақ тілі пәнін оқытудың мақсаты бағдарламаға сай терең, күрделі және аумақты болуы да, сонымен  бірге әр сабақтың  мақсатына қарай  нақтылы, шағын немесе тапсырманың ыңғайына  қарай  орай қысқа , дара  болуы да мүмкін. Ең бастысы қандай жағдайда  болсын , тілді  белгілі бір  нақтылы  мақсатқа  бағытталып, соған жету  міндетіне  қызымет ету керек. Әр  сабақтың  тапсырманың  және  жаттығудың  басты мақсатқа  жету талабы  айқын болса ,  оқушының  оны түсінуі  тез болады.

Бағдарлама оқулықтар мен оқу  құралдарында  болатын өзгерістерді  қамтиды.

7- ші сыныпқа  арналған « Қазақ тілі» оқулығында  тақырыптар бойынша  іріктеліп, оқушының жас  шамасына  лайықталып беріледі.

Тақырып арқылы сөйлеуге үйрету,біріншіден, тіл үйренушілерге не туралы айту керек екенін  аңғарса екіншіден  қалай айту керек , қандай сөздерді  білу керектігіне назар  аудартады.

   Сол себепті тақырыпты  басты белгі ретінде  алып, сол тақырыптың  төңірегінде әңгімелеу  оқушыға  оған қатысты өмірлік жағдайларды меңгеруге жәрдем береді. Бұл ретте  тақырып пен қатар  сөздік, грамматика,  дыбыстардың айтылуы ,  тілдік ережелер мен заңдылықтар  бәрі- кеменді түрде бірге жүргізілнді.

  Фонема морфема, сөз, тұрақты тіркес, сөйлемдер  тілдік тұлғалар  ретінде тілді оқытудың жүйесіне енеді. Тілді оқыту  немесе үйрету  тарихи  тұрғыдан  қалыптасқан тіл  ғылымның салалары мен өзіндік заңдылықтарын, тілдің ішкі  құрлымы  мен тұрақталған бүтіндігін, олардың барлық ерекшеліктерін сақтап оқытуды көздейді.

  Сөйлеуді үйрету барысында қатаң талаппен сұрыпталған  лексикалық, фонетикалық минимдар мен сөздік  материалдар алынады.  Олардың барлығы сөйлеуді меңгеруге тікелей  қатысы бар жағдаяттар болып табылады. Көмекші жағынан ойды білдіретін үлкенді- кішілі сөйлемшелер әртүрлі-бәрі алдыңғы миниудармен , матириалдармен ұштасып кешенді түрде беріледі.

 Сөйлеу түзіліміне қажетті жинақталған тілдік құралдар, лексикалық, грамматикалық тақырыптар өзара тығыз байланыста оқушының өз орындауымен оқытылады. Сонда сабақтың мазмұның іс жүзінде қолдану аясы кеңейеді. Оның бірден бір маңызды шарты – үйреткен матириалды оқушының бірден іс жүзінде қайталап жедел іске асыруы. Бұл жаттығулар мен тапсырмаларды , сұрақ- жауаптарды, тілдік қатысымды тікелей өз күшімен бірнеше қайыра орындалып, күнделікті тіршілікте қолдануға биімделіп, өз қажетіне жарата білуіне жалғасады. Барлық тілдік құралдар мен амал- тәсілдерді ұтымды жұмсаса, оқытудың мақсатына жету қиын. Сонымен қатар түрлі сөздіктер, оқу құралдарын грамматикалық аңықтағыштарды, техникалық  құралдар тілді үйренуге қатысты материалдарды дұрыс пайдалана білмей, сөйлеу де жүзеге аспайды.

 Сөйлеуге үйркту әрбір құралдардың алатын өзіндік орыны бар. Бұл құралдардың әрқайсысын жете білу және меңгеру оқушы үшін ең қажет шарт.

7-ші сынып бойынша кейбір сабақ  жоспарының үлгілері.

Тақырыбы: Менің отбасым.

Мақсаты:

  1. Оқушыларға жаңа сөздерді меңгертіп, оларды ауызекі сөйлеуде  дұрыс пайдалана  білуге  үйрету.
  2. Оқушылардың сөйлеу әрекетін . қазақша  ойлауын, қиалын дамыту.
  3. оқушылардың қазақ тіліне деген қызығу шылықтарын артырып, отбасы мүшелерін сыйлауға тәрбиелеу.

 Оқыту әдістері:

Аударма, түсіндіру, сұрақ- жауап.

Пәнаралық байланыс:

Орыс тілі.

Сабақтың көрнекілігі:

Плакат, отбасы суреті, слайд көрсету.

Сабақтың барысы:

1Ұйымдастыру.

Амандасу. Түгендеу.

IIҮй тапсырмасын сұрау:

6 сыныпта өткен отбасына байланысты сөздерді еске түсіру.

 ( Ата, әже, шеше, әпке, аға)

IIIЖаңа сабақ

Сурет бойынша жұмыс жасау.

1 слайд Отбасы.

Балалар, суреттен не көріп тұрсыңдар? Кәне сурет бойынша жұмыс жасайық.

Мынау менің отбасым. Отбасымда алты адам бар. Олар: Әжем, атам, әкем, шешем, інім және мен. әжем 60 жаста, атам 62 жаста, әкем 40 жаста, шешем 35 жаста, інім 5 жаста мен жетінші сыныпта оқимын. Атам мен әжем әкемнің ата- анасы. Біздің отбасымыз ауылда тұрады. Мен өз отбасымды өте жақсы көремін.

2. Жаңа сөздерді мәңерлеп оқу.

2 слайд жаңа сөздер.

 Маман- специалист

Өндіріс- производство

Ауыл шаруашылығы- сельское хозяйство

Аралас- смешанный

Думан- праздник

Зейнеткер- пенсионер

Нағашы-  родственник по материнской линии

Шымыр- сухопарый

Аққұба- белолицая

Ұста- кузнец

3.Жаңа сөздерден қазақ тіліне  тән дыбыстарды тауып, дәптерге жазу.

Слайд бойынша көрсету.

3 слайд

Өндіріс.

Ө- дауысты, жіңішке,еріндік, ашық.

І- дауысты, жіңішке, езулік, қысаң

Нағашы.

Ғ- дауыссыз, ұяң.

Аққұба.

Қ- дауыссыз, қатаң.

Ұста.

Ұ- дауысты, жуан, еріндік, қысаң.

 IV  Мәтінмен жұмыс. Біздің отбасымыз.

Мәтін туралы слайд көрсету.

4 слайд

1. Мәтінді мәнерлеп оқу.

2. Мәтінен жаңа сөздерді теріп жазу.

Өндірісте, ауыл шаруашылығы, шымыр, аққұба, нағашы, зейнеткерлер, ұста, думан.

3.Оқушылар мәтінді оқи отыра, бір- біріне сұрақтар қояды. Сұрақ- жауап.

1. Отбасында неше адам бар?

Отбасында  алты адам бар.

2. Қанат нешінші сыныпта оқиды?

Қанат жетінші сыныпта оқиды.

  1. Отбасында басшы кім?

 Отбасында басшы - әкем.

  1. Ол қайда жұмыс істейді?

Ол өндірісте жұмыс істейді.

  1. Жасы нешеде?

Жасы 45-те.

  1. Неше атаң бар?

Екі атам бар.

  1. Сен отбасынды құрметтейсіңбе?

Мен өз отбасымды құрметтеймін.

V  Сергіту сәті.

Бас бармағым- атам- үйдің данасы.

Балалы үйрек-әжем- ошақ анасы.

Ротан терек- әкем- отау панасы.

Шылдыр шүмек- анам- шаңырақ ажары.

VI. Дыбыстық талдау « Отбасы» деген сөзге.

О- дауысты, жуан, еріндік, ашық.

Т-дауыссыз, қатаң.

Б-дауыссыз, ұяң

А-дауысты, жуан, езулік, ашық

С- дауыссыз, қатаң.

Ы-дауысты, жуан, езулік, қысаң.

Үш буынды сөз.

От-тұйық буын,  ба-ашық буын, сы-ашық буын. ( 1 тұйық буын, 2 ашық буын). 6 дыбыс.

Ұстаз.

Ұ- дауысты, жуан,  еріндік, қысаң.

С- дауыссыз, қатаң

Т-дауыссыз, қатаң

А- дауысты, жуан, ашық, езлік.

З- дауыссыз, ұяң.

Екі буынды сөз. Ұс-тұйық буын, таз- бітеу буын. ( 1 тұйық буын, 1 бітеу буын) 5 дыбыс

VII. Оқулық бойынша жұмыс жасау.

4 – ші тапсырма. Тәуелдік жалғауын жазу.

Менің атым, сенің есімің, оның отьасы, сенің әке- шешең,  менің ағам, оның інісі, біздің әжеміз, оның әкесі, менің қарындасым, оның сіңілісі, сіздің құрбыңыз, оның балалары, менің үйім.

VIII. Оқушыларға сұқбат құрғызу.

  • Сенің отбасын үлке бе?
  • Менің отбасым шағын.
  • Отбасында неше адам бар?
  • Отбасымда алты адам бар.
  • Сенің ата- анаң қайда жұмыс істейді?
  • Менің ата- анам мектепте жұмыс істейді.
  • Сенің атаң, әжең бар ма?
  • Менің атам, әжем бар.

IX Бекіту. Әр оқушыға тапсырма. Отбасы туралы мақал- мәтелді мәнерлеп оқу.

5 Слайд.

Ата- бәйтерек,

Бала- жапырақ.

2. Ата- анаңның ақылы сарқылмайтын көлмен тең.

3. Ана жақсылығын

   Ауырсаң білесің.

4. Ағаны көріп іні өсер,

   Апаны көріп сіңілі өсер.

5-ші тапсырма.  Төменде берілген  сөйлемдерге сұрақ қойындар.

1. Менің атым- Анар.

Сенің атың кім?

2. Менің отбасым бар.

Сенің отбасын бар ма?

3. Отбасым үлкен.

Отбасын қандай?

4. Менің атам, әжем бар.

Сенің атаң. әжең бар ма?

5 Олар – зейнеткерлер.

Олар кімдер?

6. Әке- шешем жұмыс істейді.

Әке , шешең жұмыс істейді ме?

7. Менің отбасым тату тұрады.

Сенің отбасың қалай тұрады?

Оқушылардың отбасы туралы алған білімін тест арқылы тексеру.

  1. Отбасы мүшелерінің атауы:

А) Әке, шеше, ата, апа.

Ә)Мектеп, тақта, кітап.

В) Табиғат, ата, орман.

2. Дұрыс аудармасын тап.

Я люблю свою бабушку.

А) Мен әжемді сыйлаймын.

Ә) Мен әжемді құрметтеймін.

В) Мен әжемді сүйемін.

3. Сыпайы сөздер.

А) Зерек, ақылды, үлгілі.

Ә)Оқыды, жазды, көрді.

В) Кешіріңіз, рахмет, Сәлеметсіз бе.

4. Сөзде неше буын бар.Шаштараз.

А) бес

Ә) Үш

В) Төрт

5. Дауыссыз дыбыстар неше?

А) 35

Ә) 25

В) 15

6. Буын түрлері нешеу?

А) Бес

Ә) Үш

В) Алты.

7. Біріңғай жуан сөзді тап.

А) Әже, әке, апа.

Ә) Ата, аға, орман

В) Әтеш, гүл, терезе

8. Бірыңғай жіңішке сөзді тап.

А) Жуас, толық, бұйра.

Ә) Өшіргіш, қалам, дәптер.

В) Әліппе, іні, шеше

9. Кешірім сұрағанда қолданатын сыпайы сөзді тап.

А) Қош бол! Саубол!

Ә) Сәлеметсің бе?

В) Кешіріңіз

10. Нүктенің орнына тиісті жалғауды қой.

Әжем кел.....

А) Ды,ты.

Ә) Ді,ті

В) Ым, ім.

Отбасы туралы сөзді толықтыр

Дядя   - (Көке)

Отец –( Әке)

Суп-  ( Көже)

Бабушка-әже

X. Үй тапсырмасы. 6 тапсырма.

2 сабақ.

Біздің пәтеріміз.

Сабақтың мақсаты:

  1. Пәтер сөздері туралы кеңінен түснік беру.
  2. Есте сақтау, оқу, жазу, ойлау, тындай білу қабілеттерін дамыту.
  3. Ұйымшылдыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа  тәрбиелеу.

Көрнекілік. Көрнекі сурет.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Әдіс-тәсіл: Түсіндіру, сұрақ- жауап.,дыбыстық ойын

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру:

Амандасу. Сыныпты түгендеу

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушылар жазып келген 6 тапсырманы тексеру.

Менің атым, сенің есімің, оның отбасы, сенің әке-шешең, менің ағам, сенің әжең, оның інісі, менің қарындасым.

Мына сөздердің аудармасын тап.

Ата, Қарындас, отбасы, тату, жақсы көремін, кішкентай інім.

Дедушка, сестренка, семья, дружно, люблю, младший брат.

  1. Жаңа сабақ. Біздің пәтеріміз.

Сөздік жұмыс.

Төр- почетное место

Бұрыш- угол

Аумақ- размер

Жайлы- удобно

Жапқыш- покрывало

Ұйықтайтын бөлме- спальная комната

Кіре беріс бөлме- прихожая

Ас үй- кухня

  1. Осы сөздердің мағыналарын түсіндіру, аудару.
  2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:
  • Мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды
  • Оқушылар мұғалімнен кейін дауыстап  оқиды.
  • Тізбекпен оқиды
  1. Жаңа сөздермен сөз тіркесін ойлау.

Жайлы орын, әдемі жапқыш, үлкен ас үй, төрт бұрыш.

  1. Сөз тіркесімен сөйлемдер құру.

 Дүкеннен әдемі жапқыш сатып алдым.

Біздің ас үй өте үлкен.

Мен өзіме жайлы орын таптым.

5. Жаңа сөздерді дәптерге жазғызу.

  1. Оқулықпен жұмыс . Сурет бойынша 3-4 сөйлем жазу.

1 тапсырма.

Мынау біздің пәтер. Біздің пәтер үлкен, әдемі, жарық, таза. Пәтеріміз үш бөлмелі. Қонақ бөлме, жатын бөлме, ас үй бар. Қонақ бөлмеде қонақ күтеміз. Жатын бөлмеде ұйықтаймыз. Ас бөлмеде ас ішеміз. Маған менің пәтерім өте ұнайды.

V. Сыныпты екі топқа бөлу. Әр топ өз тапсырмасын орындайды. Дайындыққа 4-5 минут уақыт беріледі. Содан кейін әр топтан бір оқушының жауабын тыңдап, бағалау.

  1. Топ. Аты кім? Кім неше жаста?
  2. Топ Кім қайда тұрады?

I. Топ. Мысалы: Менің атым- Марал. Мен бір мың тоғыз жүз тоқсан бесінші жылы тудым. Мен он үш жастамын.

II. Топ. Мен Қостанай қаласы Абай даңғылы № 25 үйде, №58 пәтерде тұрамын.

VI. Жаттығу жұмысын орындатқызу. Жеке жұмыс.

2 тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды қойып, олардың жалғауын жалға.

1) –ның( -нің,-дың,-дің,-тың,-тің)  оқушының дәптері, есіктің тұтқасы, орындықтың аяғы, пәтердің нөмері, әжемнің әні.

2) –ға( ге, -қа,-ке-) қағазға жазу, бұрышқа қою, төрге отырғызу.

3) –лар) –лер,-дар- дер-тар-тер) мамандар, бұрыштар, дәптерлер, әжелер.

4) лы) –лі-ды-ді –ты-ті) салмақты, ақылды, білімді.

VII  Дыбыстық ойын.

Әр топқа жеке тапсырма беріледі. 1-топ « Ә» 2- топ « Қ»  әріптерінен  басталатын 10 сөзді бөгелмей айтып шығу керек.

1 топ. « Ә» Мыс.

Әже, әліппе, әтеш, әке, Әмір, әйгілі, әскер, әділқазы,әке, әлдилеу, әлем.

2 топ.»Қ» Мыс

Қалам, қала, қағаз, қасқыр, қар, қабырға, қасық, қой, қант, қоян.

VIII  Диолог құрғызу. Оқулықта  берілген сұрақтарға жауап беріп, өзара сөйлестіру.

IX Көп нүктенің орнына  керекті сөзді жазыңдар.

Керекті сөздер: кітап, есік.

I    Менің кітабым                  Менің есігім

II   Сенің кітабың                   Сенің есігің

II    Сіздің кітабыңыз             Сіздің есігіңіз

III    Оның кітабы.                  Оның есігі

X   Үйге тапсырма. Сөздерді жаттау. Өз пәтері туралы жазып келу.

3 сабақ

Менің достарым.

Сабақтың тақырыбы: Менің достарым.

Сабақтың мақсаты:

  1. оқушыларды « достық» деген ұғыммен таныстыру, бір- біріне деген сыпайлық, әдептілік, кішіпейілділік, кешірімдік, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.
  2. Сөздік  қорларын байыту, тіл мәдинетін жетілдіру.
  3. Сөлемдерді қатесіз , сауатты ,мағыналы жазуға үйрету.

                      Сабақтың әдіс- тәсілі: сұрақ-жауап, талдау, сыни тұрғыдан

                                                                   ойлау

                      Көрнекіліктер: суреттер

                      Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру.
  2. Өткен сабақты қайталау:

Дыбыстық таудаулар жасу:

  • тың-тың-тың- достық
  • кө-кө-кө- көңіл
  • сүй-сүй-сүй- сүйеміз
  • міз-міз- міз- сүйеміз
  1. Жаңа сабақ  Менің достарым

1. Сөздік жұмыс жасау.

Тәулік- сутки                                      

Қоғам- общество

Үлгірмейтін- неуспевающий

Белсене- активно

Маңдай- лоб

Кірпік- ресницы

Сымбатты- симпатичный

Тартымды- привликательный

Сыйлайды- уважает

Үнемі- постояно

Қайран қалу- восхищаться

Қармақ- удочка

Құрт- черви

Үйірме- кружок

 

  1. Сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру.

 Мұғалім мәнерлеп оқиды.

 Оқушылар сөздерді дауыстап оқиды, тізбекпен оқиды.

  1. Жаңа сөдермен сөз тіркесін құрастыру.

Бір тәулік, үлкен қоғам, белсене қатысты, үлкен маңдай, әдемі кірпік.

  1. Жаңа сөздерді дәптерге жазғызу.
  2.  Достық ұғым . Тақтада берілген сызба бойынша жаңа тақырыпты түсіндіру.

 

                                                                                                 

 

        

                

        

Менің достарым

        

        

                

                             

        

А) Оқушылар тақтадағы сызбаға қарап, жаңа тақырыпты мұқиат тыңдайды. Сызбаны дәптерге көшіріп жазады.

Б) Мәтін бойынша « Қызымыр ойыны»

  Ойының шарты:

 Оқушылар мәтінді жылдам және мұқиат оқып шығады, сосын сұрақтар құрады. Кім көп сұрақ құрса сол жеңіске жетеді.

  Оқушылар кезегімен  басқаларға сұрақтар қояды, ал олар қысқа жауап қайтарады. Жауап берушіні жүргізуші көрсетеді. Сонан соң « Қызымыр оқушыны» аңықтайды.

  1. Сергіту сәті.

 Достарым көп мектепте

 Көңілдіміз мектепте

 Достықты біз сүйеміз

 Бірге күліп жүреміз.

  1. Оқулықтағы диологты оқу, өзара сөйлесу.

  1. Жаттығу жұмысы. 4- тапсырма. Сөз тіркесін орыс тіліне аудару.

Уақытты үнемдеу- ценнить время.

Егін ору- косить пщеницу

Ауа қысымы- давление воздуха

Уәдесінде тұру- сдержать обещание

Сулы жер- воденное земля

Алатаудың бауырында- в подножие Алатауа.

Көне дәуір- древный век

Дұрыс жауап- правилный ответ

Шөп шабу- косить сено

Үйге бару- идти домой

Институт студенттері- студенты инстетута

  1. Бекіту.

 Сыныптағы оқушылар екі- екіден отырады. Әр оқушы өз тапсырмасын алады. Дайындыққа 4-5 минут беріледі. Содан кейін оқушылар  бір- бірінің  тапсырмасын жауап үлгісі бойынша тексереді.

№ 1 тапсырма

1. Сөзді дұрыс аудару

А) әдемі                                                          а) характер

Ә) мінез                                                          ә) красивый

Б) оқу озаты                                                   б) мягкий

В) жұмсау                                                       в) отличник учебы

2. Өз досынды әңгімеле

№ 2 тапсырма

1. Сөзді дұрыс аударындар

А) жолдастың                                                  а) уважение

Ә) белсене                                                        ә) дружбаый

Б) сымбатты                                                     б) красивый

В) қадыр қасиет                                               в) активно

2. Өз досынды әңгімеле

Жауап үлгісі № 1

1) - ә

2) – а

3) – в

4) – б

2. Менің досым бар. Оның аты – Жанат.Оның жасы он үште. Ол жетінші сыныпта оқиды. Оның шашы қара, көзі қара, бойы ұзын. Досымның мінезі жұмсақ. Оның ермегі кітап оқу, футбол ойнау.

Жауап үлгісі № 2

1) - ә

2) – в

3) – б

4) – а

2. Менің досым бар. Оның аты – Марал. Оның жасы он үште. Ол жетінші сыныпта оқиды. Оның шашы қара, көзі қоңыр, бойы орта. Досымның мінезі жұмсақ. Оның ермегі би билеу.

  1. Үйге: Сөздерді жаттау, 5 тапсырма.

4- сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Менің бос уақытым.

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға жаңа сөздерді сөйлеу әрекетінде  дұрыс пайдалана білуге үйрету.
  2. Оқушылардың сөйлеу әрекетін, қазақша ойлауын есте сақтау қабілетін дамыту.
  3. Оқушыларға өз бос уақыттарын адам өмірінде дұрыс пайдалана білуге үйрету.

Оқыту әдістері: аударма, жаттығу, тындап түсіну, ойландыру, сұрақ-жауап.

 Пән аралық байланыс: орыс тілі.

  Сабақтың көрнекілігі: суреттер, үнтаспа.

  Сабақтың  барысы:

  1. Ұйымдастыру

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.

  1. Үй тапсырмасын сұрау:

Сөздерді жатқа сұрау.

Оқушыларды екі топқа бөліп  дыбыстық талдау жасатқызу.

  1. Достарым
  2. Бос уақыт

Достарым.                          Бос уақытым.

Дауысты 3                             3

Дауыссыз 5                            5

Жуан 3                                   3

Жіңішке 0                             0

Езулік 2                                 2

Еріндік 1                              1

Ашық 2                                2

Қысаң 1                               1

Ұяң 1                                   1

Үнді 2                                  1

Қатаң 2                             3

  1. Жаңа сабақ.

          Менің бос уақытым.

  1. Жаңа сөздермен жұмыс.

А. Жаңа сөздер үнтаспадан тыңдатқызылады.

Б. Оқушылар хормен қайталайды.

В. Оқушылар тізбекпен оқиды.

  1. Жаңа сөздерден қазақ тіліне тән дыбыстарды тауып, дәптерге жазу.

Кешірек.

І-дауысты, жіңішке, қысаң, езулік.

От жағу.

Ғ- дауыссыз, ұяң.

Түнеу.

Ү- дауысты, жінішке, қысаң, еріндік.

Қос.

Қ- дауыссыз, қатаң.

Іздеу.

І- дауысты, жінішке, қысаң, езулік.

  1. Оқулықпен жұмыс.

         Мәтінмен жұмыс.

А) Мәтінді түсіну үшін, алдымен еркін әңгіме жүргізуге болады. Содан кейін сурет бойынша әңгіме оқылады. Әр сөйлем жеке оқылып, оқушылармен бірге аударылады.

Б) Мәтінге сұрақтар қою.

1. Мектепке неше күн барасың?

2. Жетісіне неше рет демаласың?

3. Қыста сен не істейсің?

4. Түскі астан кейін сен не істейсің?

5. Күнде кімдермен кездесесің?

6. Көктем  мен жазда  демалысты қалай өткізесің?

7. Сенбі күні қайда барасың?

8. Күзде қалай демаласың?

  1. «Даналық ағаш» оқыта үйрету ойыны.

Оқушылар мәтінді жылдам, мұқият оқиды. Енді әрқайсысы мәтін бойынша қиын сұрақ құрап, қағазға жазады. Жүргізушінің қолында сандықша болады, соған оқушылар кезегімен өз сұрақтарын салады. Әр оқушы сандықшадан сұрақ жазылған қағаз алып, дауыстап оқып, сұраққа толық жауап береді.

  1. Деңгейлік тапсырмалар орындау.

Сыныпты екі топқа бөлу.

1-ші топ.  III деңгейді орындау.

2-ші топ. II деңгейді орындау.

№ 1. III деңгей.

1. Сызба бойынша сөз тіркесін құрастыр.

Есімдік + зат есім

Зат есім+етістік

Сың есім+зат есім

Үстеу+етістік

2. Үйрену сөзіне фонетикалық талдау жаса.

 

№ 2. II деңгей.

1.Жаңа создерден сөйлем ойлау.

2. Сөздерді сөз құрамына талдау.

 

 

Жауап үлгісі № 1

1. Ол бала.

Бала келді.

Әдемі бала.

Кеше келді.

2. Үйрену.

Дауысты-2

Дауыссыз- 4

Жуан- 0

Жінішке- 2

Ашық- 1

Қысаң- 1

Еріндік- 1

Езулік- 1

Қатаң- 0

Ұяң- 0

Үнді- 4

Жауап үлгісі № 2

1. Бала сабаққа кешірек келді.

Бейнетаспадан сөздер тыңдадық. Әкем үйге от жақты. Дүкеннең әдемі шатыр сатып алдым.

2. Демалысымды- демалыс + (ым,т.ж., I жақ)+ ды ( т.с.). Жолдастарыммен – жолдас+ тар( көптік жалғау) + ым( т.ж. I жақ) + мен( к.с.) . Үйімнің + үй+ ім( т.ж. I жақ) + нің( і.с.). Жанында + жан+ын(т.ж.II ж.) + да ж.с.

  1. Қорытындылау.

Тест.

  1. Суретті кім салады?

А) мұнайшы

В) аудармашы

С) суретші

2. Қай түбір сөзге қосымша дұрыс жалғанғаның көрсет.

А) сауынші

В) жыршы

С) балықші

 3.Сөйлемдегі нүктелердің орнына керекті сөзді қой.

. . . үй салды.

А) дәрігер

В) зерттеуші

С) құрылысшы

       

         4. Ұлттық ойындарды білдіретін сөзді тап.

          А) шахмат

         В) футбол

        С) тоғызқұмалақ

        5. Ө дауысты дыбысы бар сөздерді тап.

        А) мұғалім, дәрігер, оқушы.

       В) ата, орман,әже.

       С) өрмекші, өзен, көше.

        6. Дұрыс аударманы көрсет.

         Музей искусств

        А) әдеби мұражай

        В) тарих мұражайы

        С) өнер мұражайы

       7. Сөздін дұрыс аудармасын тап.

             Родина

        А) отан

        В) жалау

        С) ән ұран

 

        8. сөйлемдегі нүктенің орнына қойылатын сөзді тап.

       Бала . . . . ойнап отыр.

      А) кітаппен

      В) гүлмен

      С) ойыншықпен

  1. Буынға дұрыс бөлінген сөзді тап.

     А) елт-а-ң-ба

     В) ел-таң-ба

     С) ел-т-аң-ба

  1. Ны-ні жалғаулары келесі зат есімдерге сәйкес келеді:

А) бала, бөлме.

В) кітап, өшіргішті.

С) мінез, таныс.

IX. Оқушыларға қате диктант жазғызу.

Оымдс, қаысж, тышра,әтукіл, мақрақ, соб қтыау, емәк, соқ.

Дұрыс жауабы:

Досым, жақсы, шатыр, тәулік, қармақ, бос уақыт, әкем, қос.

X. Үйге тапсырма.

4-ші тапсырма.

5-ші сабақ.

Нәтиже сабақ.

Сабақтын тақырыбы: нәтиже сабақ.

Сабақтын мақсаты:

  1. Өткен тақырыб бойынша алған білімдерін тест жұмысын жүргізу арқылы тексеру, қорытындылау.
  2. Оқушылардың өз ойларын еркін жеткізе білуге қалыптастыру.
  3. Тапсырмалар арқылы оқушылардың ойлау қабілетін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Әдіс-тәсіл: сұрақ – жауап, ойлау.

Сабақтын көрнекілігі:билет

Сабақтын барысы:

  1. Ұйымдастыру:

Амандасу, түгендеу

  1. Үй тапсырмасын сұрау:

Сөздік диктант жазғызу.

Төр, өндіріс, ұста, нағашы, думан, аққұба, жапқыш, бұрыш, сыйлайды, сымбатты, қоғам, шатыр, түнеу, досым, қармақ.

  1. Жаңа сабақ: нәтиже сабақ.
  1. тест арқылы оқушылардың алған білімдерін тексеру.
  1. сөздін аудармасын көрсет: үлгілі

а) умный

в) аккуратный

с) примерный

2. нүктенің орнына керекті жалғауды белгіле.

Сіздер жазып жүр.....

а) ді

в) сыздар

с) сіздер

3. созде неше буын бар: тамақтандырамын

а) жеті

в) алты

с) сегіз

4. Ты,ті жалғаулары келесі зат есімдерге сәйкес келеді:

а) су тәрелке

в) пышақ, нан

с) ыдыс,сүт

5. дауысты дыбыс неше:

а) 20;

в) 15;

с) 7;

6. Мына сөздің аудармасын тап.

Мой брат

а) сенің аған

в) оның ағасы

с) менің ағам

7.Қазақ тіліне тән дыбыстар бар сөздер:

а) сынып, еден

в) қасқыр, түлкі

с) демалыс, мектеп

8. Сөйлемнің дұрыс аудармасын көрсет.

На уроке мы читаем, пишем, отвечаем.

а) сабақта біз қазақша сөйлейміз

в) сабақта біз оқимыз, жазамыз, жауап береміз.

С) сабақта біз есеп шығарамыз, аударамыз.

9. Мұғалім деген сөздің синонимін тап.

а) дәптер, қалам

в) зат, пән

с) ұзтаз,оқытушы

10. Сөздің дұрыс аудармасын тап: әнұран

а) флаг

в) герб

с) гимн

  1. Оқулықпен жұмыс.

Создің дұрыс аудармасын тап:

Шатыр                  сутки

Маман                   палатка

Тәулік                   постоянно

Үнемі                   специалист

  1. «Есте сақта» ойыны

Оқушылар үнтаспаға жазылған 10-15 сөзді тындайды, одан кейін естерінде қалған сөздерді дәптерлеріне жазып шығады. Көп сөз жазған оқушы женімпаз болады.

«Қателеспе» ойыны

Ойын бастаушы сөз айтып бір оқушыға допты лақтырады, ал оқушы сөздің аудармасын айтады.

Мысалы: Бастаушы «достық» дейді, оқушы «дружба» деп допты кері бастаушыға лақтырады. Бастаушыға «достасу» деп те айтуға болады, онда оқушы «подружиться» деу керекте, бастаушыға допты береді. Егер сөздің аудармасын айта алмаса, мақал-мәтелдер, жаңылытпаш, тақпақ, өлең айтуға немесе билеуге болады. Әр оқушы өз өнерін көрсете алады.

  1. Мақалды толықтыр

Басыңа іс түссе,

Досын көмек етеді,

Дұшпан күліп өтеді.

  1. Берілген буындарға ұйқас келетін буындар тауып өлең жолдарын құрастыру.
  • қа, - қа,-қа
  • келдім сабаққа
  • ты,-ты,-ты
  • есік ашты
  • ды,-ды,-ды
  • үйрендім оқуды
  • ға,-ға,-ға
  • тақтаға шықтым.

  1. Оқулықпен жұмыс. Сөйлемді дұрыс құрастыру.

Бір-ақ, серуеннен, ораламын, түскі, мен, асқа.

Дұрыс жауабы: Мен серуеннен түскі асқа бір-ақ ораламын.

  1. Қорытындылау.

Мақалды мұқият оқып, кім? не? сұрағына жауап беретін сөздерді теріп жазу.

1. Шешен сөз бастар

   Батыр қол бастар

  1. Оқу- білім азығы

Білім-ырыс қазығы.

Кім?

Шешен

Батыр

Не?

Білім

Сөз

Қол

Ырс

 

  1. Үйге тапсырма. 2-ші тапсырма.


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Отбасым - алтын ұям интерактивті жоба

Ата-аналар мен мектеп арасындағы қарым-қатынас, Отбасылық байқау...

Менің отбасым. Шығармашылық жоба

Жобаның міндеттері: Оқушыларды әр түрлі ақпарата көздерін пайдаланып өз беттерімен ақпарат жинақтауды үйрету. Әлеуметтік сауалнама жүргізу. Жобаның мәселесіне талдау жасау. Тақырыпты толық сипаттау тә...

Ер есімі ел есінде. Сыныптан тыс сабақтың тақырыбы: Халық қаһарманы - Бауыржан Момышұлы.

Ер есімі ел есінде. Сыныптан тыс сабақтың тақырыбы: Халық қаһарманы - Бауыржан Момышұлы. ...

Сабақтың тақырыбы: Бала тәрбиесі бесіктен.

  Сабақтың мақсаты:1.     Оқушылардың қазақ  халқының  салт- дәстүрін, мәдинеті мен өнері  туралы  тақырыпты  қай дәрежеде  меңгерге...

Сабақтың тақырыбы. Алтын сақа. Халық ауыз әдебиетін қайталау.

Сабақтың мақсаты.1.     Білімділік. Оқушылардың ертегілер туралы түсініктерін кеңейту және естерінде сақтау. Халық әдебиетін қайталап , еске түсіру. Сабақ электрондық оқулықп...

Сабақтың тақырыбы: Абай мен Лермонтов аудармашы.

Сабақтың мақсаты: Әйгілі ақын , дана Абай  туралы толық мағлұматтар беру. Абай өмірін оқуды одан әрі жалғастырып, білімін толықтыруға , ізденуге , зерттеуге ықпал жасау, бағыт беру. Әр түрл...

Менің отбасым

Қазақ тілі 7- сыныпСабақтың тақырыбы:  Менің отбасым...