Тәрбие сағаттар жинағы
учебно-методический материал по музыке по теме
Мектептегі іс-шараларға арналған және музыка сабағына арналған тәрбие сағаттар
Скачать:
Вложение | Размер |
---|---|
сынып сағат 5 сынып | 74 КБ |
Наурыз мерекесі мектепшілік | 171 КБ |
Музыкадан тәрбие сағат семинар | 58 КБ |
Онлайн-тренажёры музыкального слухаМузыкальная академия
Теория музыки и у Упражнения на развитие музыкального слуха для учащихся музыкальных школ и колледжей
Современно, удобно, эффективно
Предварительный просмотр:
Ұлы Отан Жеңісінің 68 жылдығына арналған сынып сағат.
Кеше, бүгін, ертең... Уақыт жалғастығына шек жоқ,Өткенсіз бүгін, бүгінсіз ертең жоқ дегендей. Бүгінгі сынып сағатымызҰлы Жеңіс күнінің 68 жылдығына арналады. Ұлы Отан соғысындағы отанымызды ерлікпен қорғаған, мыңдаған батырларды мақтанышпен еске алып, олардың еңбегін мәңгі үлгі тұтып ешқашанда жасаған Ұлы істерін ұмытпауымызға тиістіміз (видео Школьный вальс)
Міне, балалар осылай сол кездегі Кеңес Одағының басқа халқымен барлық жерде Мектеп бітіру кештері өтіп жатқанда. Өздеріңізге белгілі 1941 жылы 22-маусым күні таңғы сағат 4-те бейбіт жатқан елімізге фашистің Германия тұтқиылдан соғыс ашты, еш жарияламастан КСРО-ға шабуыл жасады. Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы басталды.
(видео объявление войны)
Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де, ұмтылмайтын, ескірмейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бірі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүние жүзілік соғыс. Суық хабар сол күні байтақ елімізге, жер-жердегі ауыл-селоға тарады. Ер-азаматтар асығыс соғысқа аттанды. Кейбірі өздері сұралып кетті.
Тарихта Ұлы Отан соғысындай қасіретті соғыс болған емес. Соғыста 50 миллионнан астам кеңес адамы қаза тапты. Соның ішінде 601мыңы қазақстандықтар болатын. Қасиетті жеріміз, бейбіт жатқан еліміз, құлақ естіп, көз көрмеген апатқа ұшырады. Елімізге жауынгерлері қасық қаны, шыбындай жаны қалғанша шайқасты. Жауынгерлер батырлықтың, батылдықтың үлгісін көрсетті. Орасан зор майдан шебінде соғыс қатты жүріп жатты. Осы соғыста Совет Одағының басқа Республикаларымен бірге біз – Қазақстан да аянбай жаумен шайқасты. Соғыстан оралмаған қазақстандықтардың саны қазіргі күнінде 601 000-ға дейін жетіп отыр, оның 350 мыңнан астамы қазақтар.
Тақпақ: 13.Соғыста бір-ақ заң бар мен білетін,
Я өліп, я болмаса өлтіретін.
Жүректе жанып тұрған жұлдызынды,
Жандыратын болмаса, сөндіретін
14.Соғыста бір-ақ заң бар мен білетін,
Кеудеңмен қорғап қалу жердің бетін
Жас қаның туған жерде босқа ақпасын,
Онсыз сен көре алмайсын жердің бетін
8 Мен соғысты
Жек көрем!
Көкем айтып отырса,
Кім қасірет шекпеген,
Кім көз жасын төкпеген!
Талай өткен ғасырлар,
Еш соғыссыз өтпеген.
9 Мен соғысты жек көрем!
Күні ертең – ақ ер жетем!
Туған жерді
Әлпештеп,
Кірпік ілмей
Тербетем!
1941 жыл ақпандатқан,
Сыртта аяз ауылымызды ақ қар жапқан.
Үңірейген үрей тұр соғыс дейтін
Алапат аспан, жерді аттандатқан
10. Аттан! Деді,
Ол ертең аттанады.
Аттанады еңбектің ақ табаны:
Күрегінің орнына қару алып,
Жауынгердің рөлін атқарады.
Ол ертең аттанады.
Жарты Ай тұр шар аспанда-тозған таға,
Үскірік үрлей ме әлде қозғалта ма?!
Әжем жүр туған жердің топырағын,
Тұмар ғып тігіп жатыр бөз қалтаға
11.Біз сендердей жаңа ашылған гүл едік,
Жерге бақыт, елге бақыт тіледік.
Отан-ана отқа күйіп жатқанда,
Біздер ме едік үй бағатын тірі өлік.
Қазақстандықтар Мәскеу үшін шайқаста
Фашистік Германия Кеңес Одағының астанасы – Мәскеуді бірнеше апта ішінде басып аламыз деп жоспарлады. Бірақ Мәскеу түбіндегі шайқаста Қызыл армия ентелеп келе жатқан фашист басқыншыларын тоқтатып, өздері қарсы шабуылға шықты. Бұл жеңісте қазақстандықтардың үлесі зор болды.
Мәскеу үшін шайқаста ерлік көрсеткен қазақ батырлары:
1941 жылы Алматыда генерал И. В. Панфилов 316-атқыштар дивизиясын жасайды. Осы дивизияны 28 панфиловшы-батырлары Мәскеу қаласын қорғауда өшпес ерлік көрсетті.
Волоколомск жолын қорғаған 28 панфиловшының 22-сі қазақстандықтар еді. Мәскеу түбіндегі шайқаста 316-атқыштар дивизиясы ( кейін 9-гвардиялық атқыштар дивизиясы) командирі, Кеңес Одағының Батыры Бауржан Момышұлы болған.
Төлеген Тоқтаров Төлеген Тоқтаров Мәскеу түбіндегі Бородино селосы үшін шайқаста неміс штабына ең бірінші болып кіріп 5 неміс офицерін жойып қаза болған. Кеңес Одағының Батыры
Мәлік Ғабдулин 1941 жылдың қыркүйегінен бастап соғыстың соңына дейін фашистік күштерден Отанды қорғау борышын абыроймен атқарады. Аға политрук болады. Майданда И. В. Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизияда жауға қарсы шайқасады. 1942 жылы Новгород облысына қарасты Холм қаласының маңында болған ұрыста Мәлік солдаттардың біразына басшылық етеді. Ол басқарған сарбаздар фашистердің тісіне дейін қаруланған әскеріне тойтара соққы береді. Кескілескен ұрыстың нәтижесінде жаудың екі таңкісін гранатамен жарып, жаудың 12 солдатын тұтқынға алады. Ұрыс кезінде Мәлік Ғабдуллин жарақат алады. алайда алған жарақатына қарамастан жауға қарсы оқ боратады. Осы ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен (№ 1035) Мәлікке 1943 жылдың 30-қаңтарынан бастап Кеңес Одағының Батыры атағын береді. Бұл атақпен қоса Ленин ордені және «Золотая Звезда» медалі де қоса марапатталады.
Бұлт басып күңіренді,
Күзге қарсы ақ аспан.
Дабыл қағып ерлер жөнелді
Қару-жарақ белге асқан.
Кірпік қақпай алға аттай,
Бейне темір болаттай.
Қарсы тұрды жиырма сегіз ер,
Келсе де жау жер қаптай.
«Ала алмайсың, - деді батыр,
Дұшпанына, - еркімді.
Кең жерімді туған өрт салып,
Бұза алмайсың көркімді!»
Жолын бөгеп дұшпанның
Құрбан болды қайран ер,
Ер боп туған адал баласын,
Қойнына алды туған жер!
Ән 28 батырды
Қазақстандықтар Ленинград үшін шайқаста Гитлердің басқыншылары 1941 жылдың қырқұйегінде Ленинградқа жетті, қаланы толық қоршауға алды. Ленинград үшін ауыр блокада күндері басталды. 900 күн мен түн басқыншылар Ленинградты әуеден, ауыр зеңбіректермен оқ жаудырды. Ленингрдаты азат етуде қазақ сарбаздары да ат салысты.
Ленинградүшін шайқаста ерлік көрсеткен қазақ батырлары: Нұркен Әбдіров 267 әуе дивизиясының 808-ші шабуылшы полкы құрамында майданға аттанды. Барлығы 17 рет әуе шайқасына қатысқан Нұркен жаудың 18 танкісін, 46 жүк машинасы мен көлігін, оның ішінде оқ дәрі тасыған 18 керуенді, жанар май құйған 3 цистернаны талқандап, зенит қондырғыларының бесеуін, бірнеше жабық атыс ұясын, талай жау әскерін құртты. Нұркен Әбдіровке 1943 жылғы наурыздың 31-де еліміздегі ең мәртебелі атақ – Кеңес Одағының Батыры атағы берілген еді
Сұлтан Баймағамбетов Сұлтан Баймағамбетов 1939 жылы әскер қатарына шақырылып, сол жақтан ұрыс даласына аттанады. Өзінің табандылығы, өжеттігімен көзге түскен Сұлтан 147-атқыштар полкінде батальон комсоргі болады. 23-тегі қыршын жас 1943 жылы Ленинград майданындағы шайқаста амбразураны өз кеудесімен жауып, Отан үшін қаза тапты. Осы ерлігі үшін оған 1944 жылы Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
халық поэзиясының алыбы Жамбыл Жабаевтың соғыс жылдарында шығарған өлеңдері «Ленинградтық өренім», «Москва», «Отан әмірі», атты өлеңдері майданның алғы шебінде жауынгерлерді ерлік күреске рухтандырған ұран іспетті болды.
Жамбыл Жабаевтың «Ленинградтық өренім»
Ленинградтық өренім,
Мақтанышым сен едің
Нева өзенін сүйкімді
Бұлағымдай көремін.
Көпіріне қарасам,
Көмкерген су көремін.
Өркеш-өркеш жарасқан
Шоқылардай дер едім.
Сапырылған көк теңіз,
Шомылдырған кемерін!
Шамы күндей жайнаған
Аспанға үйлер бойлаған...
Арқа тұтып алыста
Айбыным деп ойлағам!
Жабықпағын Ленинград!
Отан әмір берген шақ.
Сап-сап қол барар
Қорғап сені ол қалар.
Жанышталар айдаһар!
Жата алмаймын төсекте,
Жаным қалай жайланар?
Құс ұйқылы көнемін,
Қайтып ұйқы көремін,
Жетсін деймін сендерге,
Жыл құсындай өлеңім,
Қаласында Лениннің,
Сайып қыран өренім…
Жасатам жоқ өмірді
Жау сойқанын көргелі.
Төккенім жоқ терімді
Шер қылғалы кеудені.
Қазақ халқының қос шынары Әлия мен Мәншүк
Әлия Молдағұлова Қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының Батыры Ақөбе облысы Кобда ауданыңда 1925 жылы дұниеге келген. Анасы Маржан қайтыс болғаннан кейін нағашысы Әубәкір Молдағұловтың қолында тәрбиеленіп, Санкт-Петербургтегі №9 мектепте оқыған. Ресейдің Рыбинск авиатехникумын бітірген (1941). 1942 ж. өз еркімен Қызыл Әскер қатарына алынып, мергендердің Орта әйелдер мектебін үздік бітіріп шықты (1943). 1943 жылдың тамыз айынан 2-Прибалтика майданында 26-атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысып, мергендігімен көзге түсті. Новосокольники темір жол стансасы маңында болған ұрыста Молдағұлова жауынгерлерді шешуші шайқасқа бастап, қаһармандықпен қаза тапты.
(Ортаға Әлия шығады хат оқиды)
Хатыңды алдым, қуандым Нәзираның сөзіне!
Қалқам, хатың тура келді қиыншылық кезіме.
Әлия қызын туған елін сағынып,
Қайғы түсті осы кезде өзіне!
Көлеңкесі көп өлімнің көзімде,
Басқан ізім қанға толып, өлік болды көргенім,
Бір сенішім Отан қорғау сезімде.
Талтаңдатпаймын сұм фашисті төрімде!
Сіздер жүрсіз бейбітшілік жерінде,
Күліп ойнап туған үйдің төрінде.
Қандай қызық туысқанның арасы,
Өмір сұрсең Советстан елінде.
Аспандағы қап-қара бұлт ілкінді,
Жүрген жерім селкілдеді, сілкінді.
Оқ ысқырып, мин(а) пысқырып
Жер ананың бауыры бүтін бүлінді.
Отан үшін соғысатын неміспен,
Бақыт болса мен қайтармын жеңіспен.
Құшақ жайып қарсы алар қазақ даласы
Достарым да тай құлындай тебіскен.
Қаза тапсам дұшпандардың қолынан
Жан беремін қан төгіспен
Бұл хатты 1944 жылдың 13қаңтарында шешуші шайқас алдында Әлия сіңілісіне жазған. Мүмкін сол шешуші шайқас алдында жауынгерлер бір-біріне өз өмірлері жайында сыр шерткен шығар. Қысқа демалыс. Ертең шайқас. Арғы күніде шайқас, бір айдан кейін де шайқас.
Ән «Әлия»
Мәншүк Мәметова 1922 жылы Мәншүк Мәметова дүниеге келді. Оның шын аты Мәнсия. Ол Орал облысы, Орда ауданында туылған, ал 1943 жылдың 16-шы қазанында қайтыс болды. 1944 жылдың 1 наурызында ержүрек қызға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ұлы Отан соғысы басталғанда Мәншүк Алматы Медициналық университетінде оқитын. 1942 жылы өз еркімен майданға аттанған ол 21 атқыштар дивизиясының құрамында атысты. Аға сержант, пулеметші Мәншүк мергендігімен, ержүректігімен көзге түсті. Ол Невель қаласының түбіндегі шайқаста соңғы демі үзілгенше қолынын пулеметті тастамаған күйінде қаза болды.
Қазақстандықтар Сталинград үшін шайқаста Мәскеу түбінде жеңіліске ұшыраған фашист әскерлері астық пен мұнайға бай оңтүстік аумақты жаулап алмақ болып, Сталинград бағытына ең таңдаулы әскерін жіберді. Кеңес жауынгерлері: “Өліспей беріспейміз!” – деген ант берді. Сталинград қаласының әр үйі, әр көшесі қамалға айналды. Қазақ жауынгерлері таңғажайып ерлік көрсетті.
Сілкінтіп зеңбіректер жердің жүзін
Оқ боран, снарядтар қаққанда ызың
Қаптаған қалын жаудан тайсалмаған
Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын
12.Қолында пулемет Максим оның Бойында күш жігер тасқын оның.
Ерлермен тізе қосып шабуылда, Оғымен қырғын майдан ашты жолын.
Мәскеу үшін шайқаста ерлік көрсеткен қазақ батырлары:
Талғат Бегильдинов 1942 жылы майданға аттанады. Осы өзі бір көргеннен қатты ұнатқан ұшақпен көк жүзінде 500 сағат болады. 305 рет әскери шабуылға шығып, жау ұясы – Берлинді алуға бірінші болып қатысады. Фашистер өздеріне аяусыз өлім оғын сепкен Талғат мінген ұшақты «Қара ажал» деп атаған. 23 жасында Кеңес Одағының екі мәрте батыры атағын иеленіп, соғыста небір көзсіз ерлік көрсеткен қыран қазақ қан майданнан аман-есен оралған соң, әскери әуе академиясын аяқтайды.
1945 жылы 2 мамырда Берлин қаласы алынды, Рейхстаг қабырғасына алғашқы болып ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев
7 Олар Отанымыздың байтақ жерін қорғады,
Ақ сүт берген анасын қорғады,
Самал ескен даласын қорғады.
Пәк жүзді арай баласын қорғады.
Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты.
Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халқымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. Олар Сталинград түбіндегі жертөлелерде, Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған ұрыстарда батыр ерліктер көрсетті. Украинаны, Кавказды, Белоруссияны, Қырымды, Прибалтиканы азат етті, Польша, Румыния, Венгрия, Чехословакия, Болгария, Германия жерлеріндегі майдан жолдарында жеңіс туын көтеріп өтті. Ұлы Отан соғысы жылдарында біздің қандастарымыз қатыспаған бірде-бір үлкен шайқас болмады.
15. Соғыс жалмап аға-іні бауырды,
Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.
Жалғызынан айырыпты ананы,
Әкесінен айырыпты баланы.
16.Бірінің жары өлгенде,
Бірінің жары хабарсыз
Сұрапыл басқа төнгенде
Кетіпті қара қағазсыз.
Ажалға берген шығыны,
Бір аяқ, бір қол жоғалтқан
Кеудеде тірі шыбыны
Бірінің жары оралған
Сол бір сұрапыл жылдары қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді. 500 ден аса жерлестеріміз, оның ішінде 96 қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Жауға қарсы шайқастар алдыңғы шептегі ұрыстарда ғана емес, алыстағы ауыл мен кең байтақ далада да жүріп жатты. Сол жылдары Қазақстан миллиондаған босқындарды өз бауырына аналық мейірімімен тартушы, эвакуацияланған завод пен фабрикаларға, майданға керекті оқ -дәрі мен азық-түлік жеткізуші үлкен арсеналға айналды
Мыңдаған қазақстандық ерен еңбегі мен ерліктері үшін марапатталса, бес жүзден астам адам Кеңес Одағының Батыры атанды, төрт адам бұл атаққа екі мәрте ие болды, 142 адам Даңқ орденінің толық жинағының иегері атанды.
Жеңіс жеңілдікпен келген жоқ. 50 млн адамның өмірін жалмады. Міне, осынау елімізге лаң салған алапаттың жеңіспен аяқталғанына 658 жыл толып отыр. Соғыс өрті қашан да халық есінде. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, бүгін арамызда асқар таудай болып жүрген аталарымызға басымызды иіп, тағзым етейік.
1.Дәл осынау жадыраңқы жай күні,
Болсадағы қай ғасырдың қай күні
Ұлы Отаным басын иіп бір минут,
Есіне алмақ сол бір апат қайғыны
(видио лучший ролик) Оқушылар мәңгі отына гүл шоқтарын қояды.)
Соғыста қаза болған ата-бабаларымыздың ерлігін мәңгі есте сақтау, олардың рухына бас иу қажет. Қазір ортамызда санаулы ғана қалған ардагер қарт аталар мен ақ жаулықты әжелерімізге Дендеріне саулық, бақытты ғұмыр тілейміз.
Ән «Ардагерлер-ай»
2 Жерден, көлден, аспаннан
Соқты, жауды ел күнде
Берлинде алғаш басталған
Бітті соғыс Берлинде.
3 Сол сұрапыл қанды ұрыста
Түн түндігі түрілген
Күн күлімдеп, таң шапағы білінген
Сол сұрапыл қанды ұрыста
Біздің ерлік танылған
Әрбір көше, әр бұрышта
Жеңіс дабылы қағылған
4 Ер азат, еңбек, ерлік, ер ерлікті,
Еңбектің өрнегімен жер көріпті
Мыңдаған Қазақстан күрескері
Жеңіске жеткізді елін, ерлер ері.
19. Сүйінші, халқым, Сүйінші!
Сүйіншіге сүйінші!
Шаттан, ата-анамыз,
Шаттан, аға-бабамыз,
Кек қайтарып фашистен,
Соғыс бітті жеңіспен,
Жеңдік жауды күресте
Жасалсын той-мереке.
Жеңіс күні! Ол қалай келді? 1945 жылдың 30 сәуірінде рейхстаг үстінде Р. Қошқарбаев тіккен жеңіс туы желбіреді. 8-мамыр Берлинде фашистік Германия жеңілгенін мойындап қол қойды. 1945 жылдың 9 мамыр күні бұрын соңды болмаған мың зеңбіректен 30 дүркін салют атылды. Міне, жеңіс күні осылай келген еді.
Бейбіт күннің бәріде - Жеңіс күн демекші, барлықтарыңызды осыҰлы Жеңіс мейрамымен құттықтай отырып, Келешек еліміздің дархан даласы кең, аспаны ашық болсын! Жұдырықтай жұмылған, білектей біріккен кеңпейіл Қазақ елі жасасын!
Мақалдар. Ер есімі, ел есінде.
...Ел басына күн туса, ер етікпен су кешер
Ешкім де ұмытылмайды, ешнәрсе де ұмытылмақ емес
«Отан үшін отқа түскендер»,
Предварительный просмотр:
Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата – аналар! Сіздерді қазақтың ұлттық мерекесі Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Бүгінгі болғалы отырған «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!» атты іс-шарамызға қош келдіңіздер!
І. Наурыз – думан
(Сахнаға тазша баланы ауыл балалары қуып келеді)
Тазша бала:Сағдат
Уа, жарандар, жарандар
Бәрің бері қараңдар,
Мұнда неге жиналдық?
Асықпай,тез тараңдар!
Қабыл болсын
Құтты болсын тойларың
Үйлеріңе қайтыңдар
Болмайды,бүгін,тойларың
Кім шақырды, сендерді.
Алдаған ғой бір залым
Тіл азғырмас кімдерді
Өзгертіпті уақытты, аз білетін көп ғалым
Тазша бала: Қой мен кетейін,әжем келе жатыр осы алдағаным үшін сазайымды берер (жүгіріп кетіп қалады)
«Жайлау» композициясы Адай күйі орындалады
Ортаға Ақ киімді балалар шығады (20-30 ұл шығады)5,6,7,8сын. ұлдары
Көк киімді балалар шығады (10 қыз шығады) 7,8 сын. қыздары
Гүл киімді қыздар шығады (10 қыздар) 5-6 сын.қыздары
Соңында Төрт түлік пірлері ортағы муз.әуенімен шығады.
Қамбар ата Тамирлан
Мінсе көлік, ішсе сусын тамағы,
азаматқа пайдасы тиер бағалы.
Қамбар ата баласымын,
Шапқанда тықылдар тағасы.
Жылқы түлігің мен баламын.
Жылмен бірге жарысқан,
Дүбірің жетер алыстан.
Жылқыны ата баласы,
Жылқы бассын үйіңді.
Жылқы басса үйіңді,
Жимай бассын үйіңді.
Шопан ата Қанат
Мүйізің айлы шақпақтай,
Шүйделерің тоқпақтай.
өнім берем көл-көсір,
малды берсең мендей бер.
Шопан ата баласы,
Қойлар бассың үйіңді.
Қойлар басса үйіңді,
Қоймай бассын үйіңді.
Ойсыл қара Әлім
Сусыз шөлде төземін,
өркешті түйе жануар.
Ойсыл қара баласы,
төрт түліктің бірімін.
Көшсе көлік жүктеген,
пайдасы тиер әр кезде.
Көрінем алыстан әр көзге,
Шешіп түйін жүктеген.
Ойсыл қара баласы,
түйе бассын үйінді.
Түйе басса үйінді,
кие бассын үйінді.
Зеңгі баба Мұса
Сиыр берсең мендей бер өңкей мама,
Кең өрісте шұбыртып өзің бағып.
Кешке жақын қотанға әкеп қама.
Бір өзіңнен барлық өңкей тарайды,
Жануардың ішінде ең жақынға балайды.
Зеңгі баба баласы,
Төрт түлігің мен боламын.
Зеңгі бала баласы,
Сиыр бассын үйіңді,
Сиыр басса үйіңді,
Сыймай бассын үйіңді.
Киіз үйден 7 әже шығып аластайды
1әже Жаңа жыл жарылқа ескі жыл есірке!
2 әже Алас, алас пәледен алас!
3әже Көзі жаманнан алас,
4 әже Тілі жаманнан алас!
5 әже алас, алас, ауру-сырқаудан алас
6 әже тіл мен көзден алас
7 әже Менің ұрпақтарымды аман ет,пәле- жаладан сақтай ғөр,жамандық әрі кет!
Шашу шашылады (Бәрі шығып кетеді)
Жүргізуші Наурыз келсе құт келгені халайық!
Есік ашып,шашу шашып,қол соғып,
Ұлыстың Ұлы күнін қарсы алайық!
Ән Гүлден
Жүргізуші Таң мезгілі болғанда
Наурыз күні туғанда
Бозторғайдай шуылдап,
Бөденедей шырылдап
Берекелі құт болып,
Қызыр баба келіп дарығай!
(музыка әуенімен Қызыр баба келеді)
Қызыр баба Мінгендерің балалар,
Жорға- жорға тай болсын
Жорғалатып келгенде,
Көптің көңілі жай болсын
Ай жағына қараса,
Алтыннан терек орнасын
Айында келген мейманның,
Оған атын байласын
Күн жағынан қараса,
Күмістен терек мейманның,
Оған атын байласын!
Ай мен Күн ортаға шығады
Ай сөзі: Айнала тегіс қараңғы,
Түн боп келдім далаңа.
Жамандық келіп түртпесін,
Уйқыда жатқан далаңды
Тыныштық тілеп мен тұрмын,
Төбеңнен ай боп төгіліп.
Түнмін қараңғы тұңғиық
Ұйықтай бер мазасыз бүгін
Күн сөзі:
Жылуын төгіп әлемге,
аппақ нұрмен келемін.
Қайырлы таң жер ана,
нұрға тосқан желегін.
Күнмін шығыстан ататын,
нұр сәулем аймалап жер жүзін.
Шуаққа толып жататын,
шаттыққа толы әр күнін.
Батысқа барып бататын
күнмін шашырар шапағым,
ертеңге үміт артатын
Екеуі айналып билейді, Қызыр баба олардың қолын ұстап тұрып өлеңін оқиды:
Қызыр баба: Міне халайық!
Күн- Ай туды жаңаша,
Наурыз келді тамаша!
Ұлы тойды бастайық,
Ойын- күлкі жарасса.
Жүргізуші: Ұлыс күні қазан толса,
Ол жылы ақ мол болар.
Ұлы кісіден бата алсаң,
Сонда олжалы жол болар!
Қызыр баба бата берсеңіз!
Қызыр баба: Наурыз бата
Сұрасаң бата берейін,
Үстем болсын мерейің.
Ықыласпен қол жайсаң,
Ақ тілекті төгейін.
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын!
Қайда барсаң жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле – жала жерге енсін!
Ұлы халқым тоқ болсын,
Көйлектерің көк болсын!
Уайым – қайғы жоқ болсын,
Қуаныштарың көп болсын!
Жүргізуші: Уа, данышпан Қызыр баба,
Айтқандарыңыз қабыл болсын!
Келесі 2014 жылда кездескенше сау болыңыз!
(музыка әуенімен ол кетеді)
Ән
Жүргізуші: Бір анадан туғандай,
Бір ұядан ұшқандай,
Бір аспанның астында,
Бір дастархан басында,
Береке,бірлік болсын деп,
Көп көжеден дәм татып,
Күшейтейік бірлікті,
Еңбекпен тірлікті.
Жүргізуші: Армысыз әже! Қош келдіңіз!
Әже (Адина,Арсенмен шығады) Бар бол ,балаларым! Амансыңдар ма балапандарым,Наурыз тойы құтты болсын!Осы ұлыс күніне, сендерге Наурыз көжемді алып келдім.Сонымен бірге, немеремді ертіп келдім,ол өзінің дайындаған ән шашуын жолдайды.
Ән :
Жүргізуші : Сыйлаған жандар атасын,
Көжеден дәмді татқан соң,
Тілейік қабыл болсын деп
Ақ жаулықты әжеміздің тілегін
Әже тілегін айтады:
Әже тілегі Көктем мен жаңаруды айшықтайтын,
ырыс пен ынтымақтың мерекесі Наурыз құтты болсын!
Сіздерге және отбастарыңызға ұлыс бақ әкелсін, ақ мол болып, жыл берекелі болсын!
Жүргізуші : Гүл өссе жердің көркі,
Қыз өссе елдің көркі- деген осы ғой.
Орамызға келіп айналаны гүлге ораған, Наурыз аруы келді!
Қарсы алайық!
(Қыздармен билеп ортаға Наурыз аруы келеді)
Наурыз аруы: Наурыз келіп еліме
Нұрға толды айнала
Жүздерінде қуаныш,
Шаттанып жүр бар бала.
Есенбісіз қырмызы гүлдей жайнаған, берекелі елім.Менің жырым да, сырым да, нұрым да өздеріңіз. Бір тал шыбығымыз екеу болып өссе, ол ортақ мерей.Ортақ той болсын деп тілеймін.
Жүргізуші: Салтыменен ата- бабамның,
Жаңғырды қайта заманым.
Жаңа жыл басы бұл Наурыз,
Қайырлы болсын қадамың!
Қазақ биі
№2 орта мектебі
«Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні !» ( қазақ сыныптары)
Мұғалім: Жусупбекова Г.Т.
2013 жыл
Предварительный просмотр:
Ұлы дала-саз әлемі.
Бейнеролик начало 1Ж: Армысыз күйдің күмбірін, әннің дүл-дүлін арқа тұтқан өнер сүйер қауым. Бармысыз халқынан өнер тапқан, Үкілі домбырасына тұмар таққан дархан елім!
2Ж: АрмысыңҰлы дала-саз әлем қауымдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы
Ұлы дала саз әлемі арнайды бүгін
Ән шашу, әсем әуен, түрлі өнерін.
1Ж: Ерте заманда жұмыр жердің үстімен ән қалықтап ұшқан екен, сол ән қазақ жеріне жақындаған сәтте төмендеп жер бауырлап ұщады екен, бұл қазақ даласының өнерге жақын екендігін көрсетеді. Негізі, біздің қазақ дала саз дүниесінің әрбір жанры – бір-бір ғылым, бір-бір тарих. Қазақ жері - түгін тартса майы шыққан дархан дала!
2Ж: Біздің халық өнерге мол, бай тегі
Әнші, күйші деп айт оның бегін- деп, алғашқы ән кезегіне жол береміз. Қабыл алыңыздар, алдарыңызда Аманжолова Эльмира «Туған жер» әнімен.
Слайд «Қорқыт»
1Ж: Қазақтың дәстүрлі аспаптары мен ұлттық әуендерінің үйлесімділігі көрермендерді көшпенді дала халқының ежелгі әрі жұмбақ әлеміне жетелейді. Жалпы сыр бойының музыкалық мұрасы сонау Қорқыт дәуірінен бастау алған. Қорқыт түркі әлемінің ойшылы, абызы, күй атасы. Қорқыт қобызының қайталанбас әуені ықылым заманның суретін көз алдыңа көлденең тартқандай әсер береді. Ол қобыз сарынмен өмірдің емес өнердің мәңгілік өшпейтінің ұғындырды. Сайын далада Қорқыт заманнан бергі мыңдаған жылдардын жаңғырығы, мұңы, зары, арманы естілгендей болған.
Бейнеролик «Қорқыт»
2Ж: Қарағайдын түбінен, Қайрып алған қобызым.
Үйеңкінін түбінен, Үйріп алған қобызым.
Аққайыңның түбінен, Айрып алған қобызым. –деп Қорқыт атамыз қобызды қолына алған кезде қобыз сайрап қоя беріпті. «Қобыз-абыз» әнің орындайтын Жәнібек Алуа
Слайд «Құрманғазы»
1Ж: Құрманғазы Сағырбайұлы— қазақтың ұлы күйші - композиторы. Қазақтың аспапты музыка өнерінің классигі. Қазақтын домбыра аспабының құдіретін танытқан алғашқы күйші дана компзитоларымыздың бірі. Құрманғазы сахараның даңғыл көкірек дәулескер күйшісі. Ол өмірге ғашық күйші. Тіршіліктің нұрлы сәттеріне ол балаша қуанып, қалтқысыз сезімге бөлене алады. Оның «Қызыл қайың», «Ақжелең», «Адай», «Сарыарқа», «Балбырауын», «Серпер», сияқты күйлері өмірге іңкәр жанның жүрек лүпілі сияқты
Бейнеролик «Құрманғазы»
2Ж: Күймен айтысу, күймен сайысу арқылы өнерлерін сынғасалу қазақ күйшілерінің ертеден бар дәстүрі. Елге есімі мәлім күйшілердің қай-қайсысы да небір әсем өрнекті күйлерін егес үстінде төгіп тастайтын болған. Күй айтысында ердің намысы ғана емес, елдің де намысы сынға түскен сәттер аз емес. Бұған Құрманғазы мен Дәулеткерейдің арасында болған күйшілер сайысы, және соған орай туған толып жатқан күйлер куә. Осындай күй сайыстарында дүниеге келген небір сиқырлы саздары мен шежірелі аңыз-әңгімелері ұрпаққа мұра. Ендеше Құрманғазының күйі «Балбырауын» Жұмабай Әліжан мен Абдуахит Ілияс күй тартысын тамашаланыздар.
Слайд домбыра
1Ж: «Домбырадай мұраны
Қастерлеуге тұрады.
Сонда жатыр даламның,
Үні менен ұраны».- домбыра ұстаған нағыз қазақтардың өнер думанында көзбен көріп масайрап, көңілге терең түйіп, сүйсініп, құлақ құрышын қандырып, дала сазына елітеді. Қос ішекті домбыра үнінде ұлы қазақ даласының сазы жатыр. - Мектебіміздің музыка мектебіне қатысатын оқушылардың ансамбілінің сүймелдеуімен «Домбыра» әні. Орындайтындар Бейсенова Лейла мен Аманжолов Арсеннің дуэтін қабыл алыныздар.
2Ж: Жалпы өнер жарысының ішінде қазақ халқының саз әлемінде күй тартысы мен қатар сөз айтысы да бар. Айтыс десе ішкен асын жерге қоятын қазақ халқы төл өнердің туы жығылмағанын қалайды. Тілінен тікен тайған суырыпсалма айтыскер ақындардың шаппа-шап өнері сахна төрінің сәнін келтіретіні анық. Айтыс - музыкалық-эпикалык дәстүрдің бір арнасы. қазақ халқының ежелден келе жатқан төл өнері - айтыстың жаңа заман, жаңа кезеңдегі өзіндік ерекшеліктерін қазіргі заманда «жастар жырлайды» жас ақындардын бәйге тіккен додасы айқындайды. Айтыс өнері жылдан-жылға, Ғасырдан-ғасырға олан әрі жандана түскендей көрініс берді. «Жырласа жастар жарласын» әнімен Түгел Талғат пен Аманжолова Эльмираны ортаға шақырамыз.
Бейнеролик «Айтыс».
Слайд «Абай»
1Ж: «Әннің де естісі бар, есері бар
Тыңдаушының құлағын тесері бар,
Ақылдының сөзіндей ойлы күйлі
Тындағанда көңілдің әсері бар» - деп Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы – Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы осылай айтқан екен. Өлеңдерімен бірге әндері де халық арасына кең тараған. Абай композитор ретінде қазақ музыкасының алтын қорына тендесі жоқ үлес қосты.
Бейнеролик таулар
2Ж: Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсен менше сүй-, қыздар вокалдық топтын орындауында акапелла «Желсіз түнде жарық ай».
Слайд «Шәмші»
1Ж: Ән әлемінің падишасы, «Қазақ вальсінің королі» атанған халық артисі, ұлы сазгер Шәмші Қалдаяқовтың шығармалары Ұлы дала сазын «Ақ ерке – Ақ Жайықтың» жағасында шалқытып, «Бақыт құшағында» балқытып, айдын көлде жүзгендей «Қайықтаның» сазында тербеліп отырғандай. Жүректе қалар әуендері мәңгілік. Жылы нұр сеуіп жаныңа ләззат беретін Әндері-ай шіркін, Шәмшінің кетті жаңғырып!
2Ж: Шәмші Алматыда үйсіз, күйсіз жұмыссыз қиналып жүрген кезінде ауылдан анасы Сақыпжамалдың қайтыс болғаны туралы хабар алады. Бұл 1958ж еді. Сонда Шәмші үйіне жететін ақша таба алмай қатты қиналыпты. «Ана туралы жыр» әні сол кезде туған ән еді. Оны Шәмші ағамыз парктің ішінде қайғырып отырып шығарған екен. Бірақ, бұл ән тек Шәмшінің ғана анасына емес, барша қазақтың ақ жаулықты аналарына арналып шығарылған десек артық айтқандық емес. Себебі бұл әнді айтып тұрып әркім өз анасын еске алары сөзсіз. Қазір сіздерге «Ана туралы жыр» әнін Маратова Айдана орындап береді . Қабыл алыныздар!
Бейнеролик «Ана»
1Ж: «Бірлік бар жерде- тірлік бар» дейді дана халқымыз. Бұл сөз тегінен тегін айтылмаса керек. Ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз дамып келеді. Еліміз өркен жайып, әрбір шаңырақ шаттық пен қуанышқа кеңелді. Біздің елімізде тұратын әр ұлт қазақ салт-дәстүрін, саз-өнерін қүрметтеп дәріптейді.
2Ж: Дос болып түрлі халықтар,
Жасайтұғын ғасырмын.
Бақыт шынын әлемге
Ұмытылмас асылмын.
Достықты үлгі санаған,
Бір үйде біз тұрамыз.
Қалған ата-бабадан,
Бірлік асыл мұрамыз.
Мектебіміздің бишілер тобының орындауында Би попури
Бейнеролик «Достық»
1Ж: Спорт – көркі өмірдің,
Спорт- досың, серігің.
Жаттықсаң шымыр боларсың,
Шынығып, өсіп, толарсың, - демекші салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік етіп жүрген біздің қазақстан спортшыларымыз да аз емес. Олимпиада ойындарында еліміздің айдынын асырып, көк туымызды асқақтатқан Қазақстандық Олимпиада жұлдыздарын барша Қазақстан ұлттық батырларын, толағайларын үлгі тұтады. Оларға арнап біздің дала ақын композиторларымыз көп деген өлең-саз, жырларын арнады. Көптеген әнұрандар шығарып орындалып жүр.
2Ж: Абыройлымын, Арқаласын күн.
Алты құрлыққа атыңды шығарды,
Арлан ұлдары алты Алашымның!
Тебені мықты,
Терігі тіккен ілгексің.
Қырандай текті,
Қияға ұшқан жүргексің.
Додалы баққа жиналып алған жұрт,
Қазақстанымды үлгі етсін!
«Чемпиондар әні» орындайтын трио Еркін Бердімұрат, Есмағамбетов Алдияр, Мереке Қуаныш
бейнеролик «Қазақстан»
1Ж: Ұлы дала- саз әлемі өнерге деген халық ықыласы қашанда толастаған емес. Қайта уақыт өткен сайын асылдана түсетін халық музыкасына деген құрметтің де көп болатынына эстрадалық жанрға халық аспаптарын қосып орындаған шеберлерді көргенде тағы да көз жеткізе түскендейміз.
2Ж: Жаз өмір жарқылдаған сол бір шағым
Жаныма дарытпаймын дүние тағын
Әнменен қарсы аламыз әрбір таңды
Жайғандай ерке нәзік жер құшағын
«Қазақстаным» әнің орындайтын квартет «Жас өркен» қабыл алыңыздар!
1Ж: Ұлы дала-саз әлемі! Ұш әуемде
Ұш көгімде, күллі әлем
Ән аманат сіздер үшін бүгінгі.
2Ж: Бар болыңыздар,
Сау болыңыздар
Асыл жарқын көрермен!
По теме: методические разработки, презентации и конспекты
конспект урока по новым стандартам "Роль декоративного искусства в жини человека" 5 класс
конспект урока, разработан по новым государственным стандартам. Урок обобщающий, по программе Б.М.Неменского....
"Сәләтле шәхес тәрбияләүдә тәрбия эшенең йогынтысы"
Бүгенге көндә тормыш мәктәп алдына тәрбия эшен яңача оештыру бурычын куя. Чөнки хәзерге чорда безнең илдә бара торган яшәү өчен көрәш, шәхси эшмәкәрлекне хуплау, җәмгыяттә үз-үзеңне генә ихтирам...
Ризаэддин Фәхреддин иҗатында тәрбия-әхлак һәм шәхес тәрбияләү нигезләре”
Материал об использовании трудов Р. Фахреддина для нравственного воспитания детей ....
Кешкі мектептің сырттай және экстерн түрінде білім алатын 9 – 11 сынып оқушыларына арналған қазақ тілінен сынақ тапсырмалар жинағы
Сборник зачетных заданий по казахскому языку для учащихся 9 – 11 классов заочной формы обучения, а также для экстернов вечерней школы....
Тәрбия эшләре буенча директор урынбасарларының район семинарына ачык тәрбия сәгате дәрес эшкәртмәсе . Тема : “Бәхет кайда ул?”
Дәрес темасы – Бәхет.Уздыру формасы – диспут.Максат: 1. Укучыларны “Нәрсә ул бәхет?” дигән темага уйланырга мәҗбүр итеп тормышта үз урыннарын табарга ярдәм итү....
Тамсілдер жинағы
Сынып сағаттарына, тәрбие сағаттарына үлгі болатын аңыз әңгімелер жинағы...
Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, Табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ (экологиялық жинақ)
Туған жеріміздің уылжыған табиғатын қорғау, оны қастерлеп, қадірлеу - әрбір адамның парызы. Жас жеткіншектерге экологиялық тәрбие беру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Эколо...