Тамсілдер жинағы
методическая разработка ( класс) на тему
Сынып сағаттарына, тәрбие сағаттарына үлгі болатын аңыз әңгімелер жинағы
Скачать:
Вложение | Размер |
---|---|
tamsilder_zhinagy.docx | 24.01 КБ |
Предварительный просмотр:
«Өмірдің мақсаты танып-білу емес, іс әрекет.» Т.Г. Гексли
1. Жеңіліске бір қадам қалғанда, жеңіс келеді.
2. Жоқтың артында – Бар тығылып жатады.
3. Өз қателігіңді талда. Жетістікке жетуді ойла.
4. Табыс тесіктен де келеді.
5. Қаласаң – болады.
6. Табысқа талпынған ғана жетеді.
7. Табыс жүгірген сайын, жақындай түседі.
8. Басқаларға сенім мен табандылықты ұялат.
9. Ойың іске асқанда, арманың орындалады.
10. Өзің жалаңаяқ болсаңда, арманың асқақ
болсын.
11. Өткеннің бәрін өртеп өшір де, жоспар жаса.
12. Адамдардың көзін жеткізем деп тыраштанба,
нақты болғанын,
қалай болатынын дәлелде.
Басқаны үйреткен кісі қайталау арқылы меңгерген білімдерін нығайтумен ғана емес, пәнге үңілуге мүмкіндік алумен де өзін-өзі үйретеді. Сондықтан да асқан дарынды Иохим Форций өзі жайында:-не естіп, не оқысам да, соның бәрі тіпті бір айдың ішінде-ақ ойымнан шығып кетеді, ал басқаларға үйреткенімді өзімнің бес саусағымдай соншалық айқын білемін,- дейді екен.Сондықтан ол зор табыстарға жету үшін шәкірттеріне өздеріне шәкірттер тауып, оларға күн сайын өздері үйреніп жатқан нәрселерін үйретіп отыруды кеңес қылады.
Ян Амос Коменский
Роберт Кийосакидің пайдалы кеңестері
1) Мектептер сенімді жұмысшыларды дайындайды, жұмыс берушілерді емес.
2) Актив — табыс алып келеді, пассив — сені кедей етеді.
3) Ақша — биліктің бір түрі, бірақ қаржы сауаты одан да құдіретті күш.
4) Ақылды адам өзінен де жетік адамды жалдайды.
5) Сен мені жылытсаң, мен саған отын саламын.(қатаған суықта пештің алдында отырған адам)
6) Кедейлік пен борышқор болудың айырмашылығы бар, екіншісі уақытша болса, біріншісі өмір бойына.
7) Менің екі әкем де үкіметтің салығын өз уақытында төлеп тұрған, бірі оны берілген мерзімнің басында орындаса, ал екіншісі соңында орындаған.
Сын адамды қарық етеді, ал талдау керісінше адамның көзін ашады.
9)… Бір рет те құламай, сәби жүруді үйренбейді, себебі біз жүруді құлай-құлай үйренеміз. Бизнестің жолы да солай. Неліктен қоғамның көп бөлігі ауқатты адамдардан тұрмайды, себебі олар жеңілуден қорқады. Ал жеңіс тұғырынан көрінгендер жеңілістің дәмін де татқандар. Сәтсіздік ол жетістікке жетудің бір бөлігі. Сәтсіздікке жолағысы келмеген адамдар жетістікке де жете алмайды.
10) Үлгілі оқы, сосын беделді компанияда жұмыс істей аласың (Кедей әке),
11) Үлгілі оқы, сосын беделді компанияны сатып ала аласың (Бай әке).
12) Ақшаға деген құмарлық — бар жауыздықтың тамыры (Кедей әке),
13) Бар жауыздықтың тамыры — ақшаның тапшылығы (Бай әке).
14) Тамаша көлік пен үлкен үй сенің әлі жеткілікті бай немесе ақша табу икеміңнің мол екенін білдірмейді.
15) «Мені ақша қызықтырмайды» немесе "әңгіме ақшада емес" деп кедей әкем айтатын, ал бай әкем: «Ақша — бұл билік» — деп өз пікірінен қайтпайтын.
16) Шөже шөжені алыстан таниды.
17)… Тыңдау сөйлеуден маңызды. Егер бұл шындық болмағанда біздің екі құлағымыз бен бір аузымыз болмас еді.Көп адам жаңа ойлар мен мүмкіндіктерді тыңдап сосын пайдасына асырудың орнына аузымен ойлап, жағаласа береді. Сұрақ қоюдың орнына қарсы пікірін көп танытады.
18) Басқалар байқамағанды көре білу жетістікке жетудің негізгі кілті.
19) Тәуекелдің әр кез алдыңнан шығатыны рас, одан қашқақтаудың орнына, оны басқаруды үйренейік.
20) Серфингке әуес адамдар жаңа толқынның келеріне сенеді. Толқынға асығып немесе кешігіп қалғандар тақтасынан міндетті түрде құлайды.
21) Ақшаның құлы болуға да, биі болуға да болады.
22) Бірі: «Ақшамен ойнама, тәуекелге барма» десе, екіншісі: " тәуекелді басқаруды үйрен", — дейді.