Функционалдық сауаттылықты арттыру – уақыт талабы
статья на тему

Аяпова Жумагул Исагаликызы

Функционалдық сауаттылық дегеніміз – бұл жеке тұлғаның әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық салаларында белсене араласуы және өмір бойы білім алуына негіз салу, заман ағымына ілесе алатын, меңгерген білімін күнделікті тұрмыс тіршілікте өз керегіне жаратып, өмірге дайын болу.

Скачать:

ВложениеРазмер
Microsoft Office document icon funkts.sauat_.omir_talaby.doc90.13 КБ

Предварительный просмотр:

       Ақтөбе қаласындағы №1 орта мектебінің

                                                                     тарих пәнінің мұғалімі

                                                                         Аяпова Жұмагүл Исағалиқызы.

          Функционалдық сауаттылықты арттыру – уақыт талабы

«Ұстаздың қолында адам өмірінің келешектегі тұтас тағдыры тұр»
                                                                                   В.Г. Белинский

      Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы қазақстан халқына      «әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін бес жылдық  ұлттық жоспар қабылдауды  міндет  етті.

      Осы міндетті жүзеге асыру барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық жоспардың мақсат- міндеті нақтыланып жасалды.
    Қазақстан Республикасындағы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту  мақсатында - ұлттық жоспарда мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін  кешенді жоспар жасау болып табылады. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін барысында жасалатын іс-шаралардың мақсаттылығын, біртұтастығын және жүйелілігін есепке алу керек.

     Жалпы,  функционалдық сауаттылық дегеніміз – бұл жеке тұлғаның  әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық  салаларында белсене араласуы және өмір бойы білім алуына негіз салу,  заман ағымына  ілесе алатын, меңгерген білімін күнделікті  тұрмыс тіршілікте өз керегіне жаратып, өмірге дайын болу.

Жоспардың міндеті – жалпы білім беретін мектеп   оқушыларының    өзгермелі әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін, білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру  зияткерлік,   рухани және дені сау дамыған азаматын қалыптастыру.

Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін білім беру жүйесінде мына негізгі бағыттар ескерілуі керек, яғни:

•білім беру мазмұны , яғни ұлттық стандарттар, оқу бағдарламалары;

•оқыту нысандары мен әдістері;

•білім алушылардың оқудағы жетістіктерін диагностикалау мен бағалау жүйесі;

•мектептен тыс қосымша білім беру бағдарламалары;

•мектепті басқару моделі, яғни  қоғамдық-мемлекеттік нысан, мектептердің оқу  жоспарын реттеудегі дербестігінің жоғары деңгейі;

• барлық мүдделі тараптармен  әріптестікке негізделген достық қалыптағы білім беру ортасының болуы;

•ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеу үрдісіндегі белсенді рөлі.

 Бұл негізгі бағыттар жүзеге асуы үшін  оқушыға берілетін  білімд әлеуметтік өмірге пайдалана алатындай дағдыларын қалыптастыру, өзінің оқыту  әдістемесінің мазмұнын түбегейлі өзгертуі  керек.

Балаларды жай оқытып қана қоймай, тиянақты оқыту керек, оқырман болуға үйрету керек. Бала бойындағы сауатсыздық, жалқаулық, ұқыпсыздық, немқұрайлылық,  сабаққа, айтылып жатқан сөзге зейін қоймау, берілген тапсырманың мәнісіне мән бермеу сияқты әрекеттердің олардың бойында мектепке келген күннен-ақ басталатынын ғалымдар анықтап отыр. Сондықтан бала мектеп табалдырығынан аттаған күннен  бастап  мұғалім олармен функционалдық  сауаттылықты қолға алып, дамытуы керек. Ал функционалдық сауаттылығының дамымай  қалуы оқушыларымыздың бойынан  күнделікті өмірде көрініс  табуда. Олар  сабаққа жалқау, негізгі ойды түсінбеу сияқты көріністер көрініп қалады.

Сондықтан, сабақтағы тапсырмалар әлеуметтік өмірден алынып, балаға жақын болуы керек. Себебі балалар іскерлік бағыттағы мәтіндермен жұмыс жасай алмайды, түрлі схемаларды түсіне бермейді.соған байланысты игерген білімдеріне өз көз-қарастарын білдіруде диалогтық сыйпаты жеткіліксіз болып жатады. Сондықтан білім берудің бастауыш буынында жаңа адамды дайындауда негізгі мақсат-міндеттерін жете түсінген ұстаздың ғана еңбегі жемісті болмақ. әрбір мұғалім оқушысының сауаттылық деңгейін көтеру үшін білім берудің түрлі тиімді әдіс-тәсілдерін ұтымды пайдалануы керек.

Оқушылар әртүрлі материалдармен жұмыс жасай білуі үшін пән аралық байланыс жасап, қосымша білімдер бере отырып, жұмыс дағдыларын қалыптастыруы керек, әрбір оқу пәнінің білімдік мақсатымен қатар, тәрбиелік және дамытушылық мақсаттарын күшейту арқылы оқушыларды әлеуметтендіріп, функционалдық сауаттылықтарын дамытуға болады.  Ол үшін еліміздегі озық,өзін пратикада дәлелдеген әдістер мен әлемдік білім беру практикасындағы  функционалдық білімді дамытуға бағытталған ойлар мен ұсыныс-пікірлерді қолдану керек. Егер оқушыларымыздың функционалдық сауаттылығы төмен не дамымаған болса, оқығанының мазмұнын түсінбейді, орта мектепті бітірген соң да өмірге қажетті қарапайым іскерлік дағдыларын меңгермей шығады.  Тіпті түлектердің үштен бірінің оқуға мүлдем құлқы болмайтын көрінеді. ғалым С.Раевтың ойынша, сауатсыздық дерті адамға кішкентай кезінен бастап жұғады екен.
         Қазір көптеген баланың кітапханамен байланысы аз, олардың балаларға арналған тәрбиелік мәнді, ой-өрісін дамытатын, көзқарастарын қалыптастырып, өмірге икемділігін қалыптастыруға бағытталған баспаларға – балаларға арналған газет-журналдарға-  жазылулары аз. Міне мұндай балалар алдағы уақытта сауатсыздардың қатарына қосылары қақ. Оның есесіне олардың нені жақсы көріп, немен айналысатыны бәрімізге белгілі емес пе. Бұл оқушылардың сабаққа өз бетінше ізденуге, жазып-сызуға деген ынтасы да түсіп, құлқы болмайды, сабаққа қызығушылығы аз болады. Олар теледидардан көргендеріне жете мән бермей қарағандықтан ондағы оқиғаның да мәнін түсіне бермейді. Бұлар мектептен білім алса да, қызмет жасауға келгенде қарапайым жазу үлгісін білмейтіндігін көрсетіп келеді. Жоғары оқу орындарын бітірген жастарымыз жұмыс сұраған арыздарын өздері жаза алмайтындықтарының куәсі болып жүрміз.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың өзінің Жолдауларында «функционалдық сауаттылықты арттыруды» негізгі тапсырма етіп жүктеуі бекер емес. Елбасы: «білім беру тек қана оқытумен ғана шектелмей, оны керiсiнше, әлеуметтiк адаптация процесіне бейiмдеу қажет», - дейді.

      1997 жылы-ақ Елбасымыз адамдардың сауатсыздығын жою, орта білім беру жүйесіндегі реформалануға тиісті стратегиялық нысан екенін атаған еді.

     Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру қазіргі таңда оқыту жүйесіне қойылып отырған әлеуметтік сұраныс талаптарымен сай келу үшін бастауыш сыныптардан бастап оқушының оқу, жазу сауаттылығын, жаратылыстану ғылымындағы сауаттылығын, математикалық сауаттылығын, компьютерлік сауаттылығын, денсаулық мәселесіндегі сауаттылықты, құқықтық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған арнайы жұмыс арқылы оң нәтижелерге қол жеткізуге болады

      Ұсынылған осындай шаралар оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырып қана қоймай, олардың бәсекеге қабілеттілігін күшейтеді. Функционалдық сауаттылықты арттырудың методологиялық базасы осы бәсекеге қабілеттілігіне байланысты іске асады. Олай болса,бұл мектептегі білім жүйесіне жаңа мазмұн әкеліп, педагогикалық білім мазмұнының жаңаруы мен жоғарылауына септігін тигізбек.

   Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы және кітапхананың мәдени-ағарту, ғылыми көмекші мекеме екендігі жайлы түсіндіру, кітапты сүйе білуге, кітапты қадірлеуге баулу үшін,мектеп оқушылары арасында «үздік оқырман» сайысын өткізіп, кітапханаға жазылып, кітап алып оқып жүрген балаларды дәріптеп, кітапхана сабақтарын, сайыстар өткізуге болады.

Мысалы, кітапханашы :   Кітап жинап түптеймін, жыртылмасын,
                                          Мұқабасын бүкпеймін, қырқылмасын.
                                          Таза болсын беттері, кірлемесін,

                                            Көрген кісі кітабы кір демесін, - М.әлімбаевтың  өлең жолдарымен бастап,   халқымыз өнер мен білімді қадірлеген. Бүгінгі таңда барлық адамзат алдында тұрған басты мақсат - білімді ұрпақ тәрбиелеу. Ал ұрпақ білімді қайдан алады? әрине кітаптан. «Шын мәнінде сарқылмайтын бір ғана қазына бар – бұл кітапхана» деген Пьер Буаст. "Ізденсем, білсем" деген балаға кітапхананың есігі әрқашан да ашық. Ата-бабамыз кітапты ерекше ақылшы ұстаз санаған. "Кітап-білім бұлағы, білім - өмір шырағы" деген қанатты сөз қалдырған. ''Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге" деп Абай айтпақшы, адам баласы үшін кітап — тілсіз тәрбиеші. Кітап адам баласына бала кезінен бастап өмірінің соңына дейін сырлас досы бола алады.
мектебімізде  кітапханамен жақсы қарым-қатынас жасап, кітапты көп  оқып жүрген оқушыларымыз бар. Кім кітапты көп оқыса, оның  білімі мен білігі артық  болады.
   XXI ғасыр - білім, ғылымның ғасыры. Білім – басты көрсеткіш. Ал білімнің кәусар бұлағы кітап екені бәрімізге белгілі. Болашақ білімді жастардың колында дейді ойшылдар:

                                                    Кітап - білім бұлағы,
                                                   Кітапхана - сол кітаптар тұрағы.
                                                   Көп үйреніп, көп оқыған баланың
                                                  Анық тағы білімпаз боп шығары,- деп оқушылардан оқыған кітаптары туралы сұралады. Оқушылар өздері оқыған,  өздеріне ұнаған қызықты кітаптарынан  әңгімелерін  айтады.

Кітапханашы:  Өмір мәні - өнер менен білімде,
                         Айтайықшы кітабынды жыр ете.
                         әрі ақылшың, рухани қазынаң,
                         құнды байлық баға жетпес бұл өте,- деп, оқушылардан   кітап туралы тақпақтарын  мәнерлеп айтып жарыстырады.

Міне, жоғарыда айтқандай  кітапты  көп оқыған оқушыларға қатарындағы балалар қызыға қарап,  кітап оқуға қызығушылығы оянуы мүмкін.

        Сол сияқты тарих  пәнінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда ойын әдістерін пайдаланудың маңызы зор.Ондағы мақсат тарихи ойындарды пайдалана отырып, өз беттерінше ойлауларын қалыптастырып, функционалдық сауаттылыққа тәрбиелеу,  оқушылардың тез ойлап, тез түсініп,   тез жауап беру дағдыларын қалыптастыру.
      Тарих сабақтарында қолданылатын тарихи ойындарды пайдаланған кезде ойындардың өтіліп отырған тақырыпты толықтыратындай, оның мазмұнына сәйкес келетіндей болуы керек. Ойындардың мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай ауызша да, жазбаша да жүргізуге болады.Мақсатты жүргізілген ойындар оқушылардың функционалды сауаттылығын арттырып,  пәнге деген  қызығушылықтарын оятады.

     Мысалы,  5 класта қазақстан тарихынан    «Сыңарын тап» ойынын ойнату арқылы оқушылардың алған білімдерін бекітіп,ой-өрістерін кеңейте түсуге болады.

(І бағандағы сөздің мағынасын анықтайтын сөйлемді табыңыздар)

1.Нумизматика

Тағы да 5 класта   «Сандар сөйлейді» ойынын екі түрлі жағдайда қолдануға болады.Біріншісі – датаны көрсетіп, оқиғасын айттыру, ал екіншісі – тарихи оқиғаны көрсетіп, жылдарын таптыру.    

сандар

 Нені білдіреді?

2 млн 700 мың

1600

3000

155

480

150

Жауабы: (еліміздің жер көлемі; солтүстігінен оңтүстігіне дейінгі шақырым; батыстан шығысқа дейінгі шақырым; жануарлар саны; құстар саны; балық саны)

Жазбаша ойын жүргізу үшін «Алғыр оқушы»  ойынын ойнатуға болады.

  (5 минут уақыт беру, болған оқушылар тапсырмаларын тапсырады.)

1. ғұндар қанша руға бөлінеді?

2. ғұндарда жеке меншік болды ма?

3. үйсіндер қандай егістік дақылдарын екті.

4. үйсіндердің астанасы қай қала?

5. Сақ қоғамы қанша топқа бөлінеді?

6 класта қазақстан тарихы пәнінен  «Тарихи бас қатыру» ойынын ойната отырып, әрі алған білімдерін бекітеміз, әрі ойлау қабілетін дамытамыз.

    Мысалы, төменде тарихи тұлғалардың аты-жөні келтірілген. Онда әріптер тәртібі бұзылған. Сонымен бірге әрбір сөзде басы артық әріп бар. Берілген адамдардың атына сәйкес әріптердің дұрыс тәртібін қалпына келтіру талап етіледі, ал артық әріпті оң жақтағы қатарға орналастыру керек, дұрыс орындалған тапсырма тігінен оқығанда тағы бір тарихи адамның есімін оқуға мүмкіндік береді.

Ш-ИРКШ-Кир

Ы-ИСИРМТОЫ- Томирис

Р-ПАСПАРГР- Спаргап.

А- АИРИАД- Дарий.

Қ- ҚРДАЛЕНАСК –Александр

 «Портреттер сөйлейді» ойыны арқылы тарихи тұлғалардың портреттері беріледі де,

шарты көрсетілген портреттегі тұлғаның  аты-жөнін атап, өмірбаянына тоқталады. Бұл ойын арқылы да оқушылардың сауаттылықтары артып, ойы өрістейді.

 «Тәуелсіздік баспалдағы » ойыны.

І-саты. 1985ж.   Жазы -1987ж

ІІ-саты . 1987 ж. Жазы -1989ж мамыр «Жеделту»

ІІІ- саты 1989ж. Мамыр -1991 ж. Тамыз.

Негізгі  мәселелер :

  -қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен тілінің  қайта  өрлеуі.

  - қазақстандағы барлық халықтардың  мәдениеті мен тілдерінің  тең  құқықты дамуы-

   білім  деңгейінің артуы.

 - қазақ  тілінің қызметтік  қолданылуы аяларының кеңеюі.

 - Мәдениеттің идеологиясыздандырылуы.

     Оқушылармен «үндемес» ойыны карта бетіндегі қалалар мен басқа да нысандарды  есінде жақсы сақтауы үшін жүргізіледі. Ол үшін екі оқушы тақтаға- тарихи карта- алдына шақырылады да, бірі  картадан тарихи нысандарды көрсетеді. Ал екіншісі  сол көрсетілген нысандардың аттарын тақтаға жазып тұрады. Осылай бірнеше тапсырма орындалған соң,  класс оқушыларының көмегімен тексеріледі.

 «Қарлы кесек» ойыны оқушыларды логикалық шапшаң ойлауға, шапшаң жауап беруге, шапшаң қимыл жасауға үйретеді. Мұғалім  бір сөзбен ғана жауап беретін сұрақты қойып, «Қарлы кесекті» лақтырады. Оқушы допты қағып алып, шапшаң жауабын береді. Егер жауап дұрыс айтылмаса, мұғалім допты жерге түсіріп жібереді.Ойынды келесі оқушымен жалғастырады.

Тарихтан оқушылардың білімдерін туған жерінің тарихымен байланыстыру үшін қосымша факультатив сабақтарын жүргізудің маңызы зор. Мысалы, «Ақтөбе – менің қалам» факультативін жүргізе отырып, оқушыларға туған қаласының негізі салынған жылдардан бастап қазірге дейінгі  даму тарихынан мәлімет беру арқылы білімдерін кеңейтіп, функционалдық сауаттылықтарын дамытуға болады. Тарихтың қилы-қилы белестерін басынан туған қаласы қалай өткізді, қалай даму жолына түсті, қандай тарихи тұлғалары бар, жеткен  жетістіктерін қандай екенін білу оқушыларды соншалықты қызықтыратынын осфы факультативті жүргізе отырып көз жеткіздім.

     Міне, осы тағы да басқа мақсатты ойындарды жүргізе отырып, оқушыға  тарихи білімдер беріп, оны саралап дамытып, болашағына қажетті білім негіздерінің негізін берік қалап, функционалдық сауаттылықтарын дамытуға болады.


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Басым. Басым берәмлекләре. Басымны арттыру һәм киметү ысуллары.

Тема: Басым. Басым берәмлекләре. Басымны киметү һәм арттыру ысуллары.Максат: Басым төшенчәсен һәм аның үлчәү берәмлекләрен аңлату; басымны киметү һәм арттыру ысулларын, аның  тормышта кирәк...

Бүгінгі жас жеткіншектердің қазақ тілін үйренуге деген қызығушылығын арттыру

Қазіргі жастардың қазақ тіліне  қызығушылығын арттыру жолдары жайлы жазылған....

Кешкі оқу мектебіндегі қазақ тілі сабағында оқушылардың оқуға ынтасын, пәнге қызығушылығын арттыру, ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыту

Мақалада кешкі мектебіндегі оқушылардың пәнге ынтасын көтеріп, ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыту мақсатында қолданылатын әдіс-тәсілдер туралы жазылған...

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру жолдары

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру жолдары.«Мұғалімнің жаңа ұрпағы білім деңгейіжөнінен әлдеқайда жоғары болу керек....

Жаңаша әдіс-тәсілді қолдану - заман талабы

Бүгінгі таңда еліміздің қоғамдық өміріндегі елеулі өзгерістердің бірі – білім беру саласында жүргізіліп жатқан өзгерістер екені белгілі. Соның ең бастысы әлемдік білім кеңістігіне ену үшін мұғал...

Үштілділік - заманның талабы.

"Үштілділік - заманның талабы" мақала...