Тарихты білу – ұрпақ парызы
статья по истории (10 класс)

Тарихты білу – ұрпақ парызы   
    Тарих — ұлттың жады. Танымды тарихы жадында жатталған ұлт қана ұлт ретінде сақталып, басқалармен қатар терезесі тең өмір сүре алады. Тарихын қастерлеген ұлт қана өткеннен тағылым алып, келешегіне сеніммен қарайды.

 

Скачать:

ВложениеРазмер
Файл tarihty_bilu_-_urpak_paryzy._nurgazin_o.e_1.docx185.45 КБ

Предварительный просмотр:



Нұр-Сұлтан қаласы, №57
Мәшһүр Жүсіп атындағы орта
мектептің тарих пәнінің
мұғалімі
Нургазин Оралғазы Ергазинович.

                             
Тарихты білу – ұрпақ парызы   
   Тарих — ұлттың жады. Танымды тарихы жадында жатталған ұлт қана ұлт ретінде сақталып, басқалармен қатар терезесі тең өмір сүре алады. Тарихын қастерлеген ұлт қана өткеннен тағылым алып, келешегіне сеніммен қарайды.

Тəуелсіздік жылдары Қазақстан тарихы қайта жазылып, ұлттық жəне мемлекеттік мүдде тұрғысынан қайта зерттелуде. Кеңестік кезең жылдарында солақай саясаттың негізінде бұрмаланып жазылған келеңсіз тарихи тұстары қайта қарастырылынып, ақиқат тұрғысынан жаңаша зерделенуде. Сонымен бірге, азаттық жылдарындағы еліміздің жеткен жетістіктері басты назарда болып отыр.

«Сөздің ең ұлысы, ең сипаттысы — тарих» — деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қай заманда болмасын, тарихшыларға артылар жүк ауыр болған. Оның себебі-де түсінікті. Қай заманды алсаңыз да, тарих — халықтың ұлттық санасын қалыптастыру, мемлекеттік идеологияны насихаттау, жас ұрпақты патриотизм рухында тəрбиелеу қызметін атқарған. «Тарих ғылымы — барлық ғылымдардың атасы» десек, артық айтпаған болармыз

Қазақ халқының жадында тарих əрқашан сақталып келген. Елбасы да    тарихи танымға айрықша назар аударды.  Осыған орай, Елбасы Н. Назарбаевтың Жарлығы мен үш жыл қатарынан: 1997 — «Қоғамдық келісім жəне саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы», 1998 — «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы», 1999 — «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы» деп аталынды. Ұлттық тарихқа стратегиялық тұрғыдағы өзінің көзқарасын Мемлекет басшысы 1999 жылы шыққан «Тарих толқынында» кітабында баян етіп берді.

Елбасы əртүрлі-деңгейде сөйлеген сөзінде, оннан астам жарияланған еңбектерінде Тəуелсіз Қазақстанның өмір шындығына сай жаңа тарихын жазуға жəне сол арқылы халқымыздың жаңа тарихи санасын қалыптастыру ісіне басты назар аударуда. Ол өткен тарихын білмеген, өзінің ұлттық қасиет терінен айырылған халық қасіретке ұшырайтындығы туралы, өзінің жақсысы мен жайсаңын сыйламайтын адам басқаларға құрмет бола алмайтындығы жөнінде терең тұжырымдар жасады.

Қазақтың тарихы сонау көне заманнан тараған  ауызша тарихтан басталады. Қазақтың ауызша тарихы – ұлт руханияты. Қазақ ертеден өз ата-тегіне, ру шежіресіне айрықша мəн берген. Өз ұрпағына ру шежіресі туралы аңыз-əңгімелерді жаттатып отырған. «Шежіре – халықтың құрамына кіретін тайпа-рулардың тегін таратып, бір-бірімен туыстық дəрежесін айыратын тізбе. Шежіре негізінен қарасөзбен, кейде өлеңмен жазылады, көлемі əрқалай болып келеді.

Қазақ шежіресіне кеңінен тоқталған, қазақтың арғы тегін, ру-тайпаларын тармақтап, жүйелеп берген құнды еңбек – Ш.Құдайбердіұлының «Түрік, қырғыз-қазақ һəм хандар шежіресі» кітабы.Еңбекте қазақтың қайдан шыққаны туралы ой қозғап, Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүздің ру-тайпалары туралы, оның ішінде Орта жүздің Арғын, Найман, Керей, Уақ, Қыпшақ, Тарақты сияқты руларына қатысты деректер береді. Сонымен қатар хандар шежіресі, Шыңғысхан шежіресі туралы, осман түріктері мен сұлтандары туралы, сарт, өзбек, ноғай, башқұрт, түркімен сияқты түркі жұртына қатысты шежіре деректері мен қазақтың ру-тайпаларын тармақтап берген сызба-кесте ұсынған.

Мəшһүр Жүсіп Көпейұлының «Қазақ шежіресі» еңбегі ел аузынан жинаған аңыз-əңгімелер, шежіре деректері арқылы қазақтың шежіресін, өткен өмір жолын жан-жақты сипаттауға арналған. Өткеннен сыр шертетін шежіре еңбек халық арасынан жинаған руға байланысты, сол рудың батыры, балуаны, ақыны, өнерлісі, ел ағасы туралы аңыз-əңгімелерге толы.

Өздеріңізге белгілі, қазақтар еш уақытта ешкімге қарсы соғыс ашпаған, ата-бабалар жерін ерлікпен қорғаған халық. Сондықтан бізге тарих арқылы Рухы биік Қазақ ұлтын əлемге таныту өте маңызды. Ол үшін, алдымен өзіміз ғылыми айналымдағы құжаттар мен материалдарды толық игере отыра, ұлттық санамызды жаңғыртуға бірлесе отыра күш салуымыз қажет.


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

"Без тарихта эзлебез" телдән журнал

Әлеге чара укучыларны Татарстанның үткәне, бүгенгесе белән таныштыра....

Статья "Тұлғаны тану – бүгінгі жастардың парызы"

АХМЕТ бАЙТҰРСЫНОВ өз еңбектерінде тұлға дамуы барысында оқып, рухани байлығы арқылы тұлғаның тануы мүмкін екенін айтқан.«Бұл күнде оқудың керек екеніне ешкімнің таласы жоқ. Қай жұрт болса да оқумен іл...

Без тарихта эзле.

Безнең тарихыбызны күпме генә оныттырырга, юк итәргә тырышмасыннар, татар халкы барыбер үзен саклап кала алган....

Тарихта без эзле.(презентация)

"Тарихын белмәгән халык, белгәннәрнең колы була."  Г.Афзал...

Без тарихта эзлебез! (7 нче татар төркеме өчен проект-дәрес)

7 нче татар төркеме өчен татар әдәбиятыннан  проект - дәресТема:  Без тарихта эзлебез!Максат: 1. Укучыларны болгарларның  тормышы, көнкүреше, гореф-гадәтләре белән таныштыру; туган төбә...

Тарихтың қайнар көзі – деректер. Ежелгі дәуір адамдарының бет пішіні. (5-6 класс)

Ежелгі адамзаттың бет бейнесін тарихи деректер арқылы оқушыларға түсіндіре отырып, адамның шығу тарихы туралы ұғымдарын кеңейту;Тірек сызбалармен, суреттермен жұмыс жасай отырып, оқушылардың жазбаша. ...

Тарихтың қайнар көзі – деректер

1.  Тарихи деректер арқылы оқушыларға құнды ілім еріп, патриоттық сезімін ояту; Тірек сызбалармен, суреттермен жұмыс  жасай отырып, оқушылардың  жазбаша. ауызша  сөйлеу  қабіл...