Статья "Тұлғаны тану – бүгінгі жастардың парызы"
статья по теме
АХМЕТ бАЙТҰРСЫНОВ өз еңбектерінде тұлға дамуы барысында оқып, рухани байлығы арқылы тұлғаның тануы мүмкін екенін айтқан.
«Бұл күнде оқудың керек екеніне ешкімнің таласы жоқ. Қай жұрт болса да оқумен ілгері басып тұрғандығын, кейін қалудың себебі оқудың кемдігінен екенін көріп тұрмыз. Оқусыз халық қанша бай болса да, біраз жылдардан кейін оның байлығы өнерлі халықтардың қолына көшпекші.
Скачать:
Вложение | Размер |
---|---|
statya_isikeevoy.doc | 45.5 КБ |
Предварительный просмотр:
Тұлғаны тану – бүгінгі жастардың парызы.
Исикеева Зульбайра Мухаметкалиевна
№17 мектеп – гимназиясының қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі
АХМЕТ бАЙТҰРСЫНОВ өз еңбектерінде тұлға дамуы барысында оқып, рухани байлығы арқылы тұлғаның тануы мүмкін екенін айтқан.
«Бұл күнде оқудың керек екеніне ешкімнің таласы жоқ. Қай жұрт болса да оқумен ілгері басып тұрғандығын, кейін қалудың себебі оқудың кемдігінен екенін көріп тұрмыз. Оқусыз халық қанша бай болса да, біраз жылдардан кейін оның байлығы өнерлі халықтардың қолына көшпекші.
Қазақтың осы күні сатып алмайтын нәрсесі жоқ, сол алған нәрселердің бірін де қазақ өзі істеген емес. Қазақ пайдаланып отырған шөп шабатын, киім тігетін машиналар, соқа-сайман, арба-шана, киім-кешек, ыдыс-аяқ – бәрі де завод, фабрикаларда істеліп шыққан. Бұл істеліп шыққан нәрселердің сүйегінен іс ақысы он есе қымбат. Бұлай болғанда, қазақ басқа жұрттың өнерін қымбатқа сатып алып отыр.
Басқа жұрттарда өздерінің істеген нәрселері өз ішінде сатылып, жұмсалған ақша өз елдерінде қалып, шетке кетпейтін болса, оны жұртқа шығын деп есептемейді, тек бірінен-біріне ауысқан санайды.
Қазақтың шаруасына бір жақтан надандығынан кемшілік келгенде, екінші жақтан білімсіздігін көріп тұрғандар басынып, елдіктен, теңдіктен қалдырып, тиісті сыбағанасына қиянат етіп тұрғаны санасы бар қазаққа ескерерлік іс еді.Бұл заманда қолы жетпегендерді теңдікке жеткізетін, әлсіздерге күш беретін өнер-білім, сол өнер-білімге мезгілі өтпей тұрғанда үйренсек, тұрмысымызды түзетіп, басқалардың аяқ астында жаншылмас едік, біз де өз алдымызға жұрт екендігімізді білдірер едік.
Осы замандағы жан таңырқарлық нәрсенің бәрі де ғылыммен табылған. Адам баласын көкте құстай ұшқызған, суда балықтай жүздірген гылым. Дүнияның бір шеті мен бір шетінен шапшаң хабар алғызып тұрған ғылым, отарба, от кемелерді жүргізген ғылым. Осыларды істеп отырған жұрттың бәрі де сондай болмаған. Бұлар да басында біздей, құты, бізден де өнерсіз болған.
Халық жүре, оқи, талаптана келе осыншаға жеткен. Әуелгі замандарда жұрт шаһар дегенді білмейді екен, далада аңша өсіп-өніп жүріпті, араларында «менікі-сенікі» болмапты, аңның терісін киіп, етін тамақ, тарамысын жіп, сүйегін ине қылды, екі ағашты біріне бірін үйкеп от шығарды. Жазу-сызуды көпке шейін білмеді, соңынан оны да ойлап тауып, басында аңның терісіне жазып жүріпті. Сөйткен жұрттар осы күні қандай тамаша іс қылып тұр...» Осы ұлы ақынның «Оқу жайы» еңбегіндегі сөздер жастарды үнемі білім мен ғылымға шақырып, әр уақытта да ең қымбаттысы - адамның білімділігі деп түсінеміз. Қазақ әдебиетінен көрнекті ақын- жазушыларымызды өткен кезде оқушылар тұлғаларды жан-жақты танитын болады.
«Ақаңның бұрынғы айтқан сөзін әлі қазақ баласы ұмытқан жоқ, өлеңіндегі белгілі сарын әлі ескірген жоқ.
Ақаң ашқан мектебі, Ақаң түрлеген ана тілі, Ақаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны – «Қырық мысал», «Маса» өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайраты, біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын.
Оны жұрттың бәрі де біледі. Бұның шындығына ешкім де дауласпайды»,-деп М.Әуезов естелігінде жазған екен.
Байтұрсынұлының кітабы — «Маса» Бұл кітапқа енген өлеңдерінде ақын қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерді сынады. Көптеген өлеңдері сол кездегі ағартушылық бағытпен үндес болды. Ол Шоқан, Абай, Ыбырай қалыптастырған дәстүрлерді, гуманистік, демократиялық бағыттағы өрісті ойларды өзінше жалғастырушы ретінде көрінді. Қоршаған ортаға ойлана, сын көзімен қарайды, қоғам қалпына көңілі толмайды. «Қазақ салты», «Қазақ, қалпы», «Досыма хат», «Жиған-терген», «Тілек батам», «Жауға түскен жан сөзі», «Бақ» т.б. өлеңдерінің мазмұны осыны танытады. Кітаптың ішкі сазы мен ой өрнек, сөз орамы қазақ поэзиясына тән өзіндік жаңалық, ерекше өзгеріс әкелді.
Ахмет Байтұрсыновтың өлеңдер топтамасы «Маса» деген атпен Орынборда 1911 жылы басылған. Жинаққа қойған атына ол едәуір ой, салмақты жүк артқан деуге болады.
Ызыңдап, ұшқан мынау біздің маса,
Сап-сары, аяқтары ұзын маса.
Өзіңе біткен түсі өзгерілмес,
Дегенмен, қара яки қызыл маса.
Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,
Қаққы жеп қанаттары бұзылғанша.
Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,
Қоймастан құлағына ызыңдаса?
Осы жолдардан «ызыңдап, ұшқан мынау біздің маса» — сергектікті, қозғалыс күйді, серпіліс пен ізденісті сәулелейтін астарлы бейне екені көрінеді. Ол «үстінде ұйықтағанның айнала ұшып», қоғамның енжар, жалқау, ұйқыдағы күйден оянуына қызмет етеді. Осы ағартушылық ойды ақын басқа да шығармаларында әрі қарай дамыта түседі.
«Масаның» негізгі идеялық қазығы — жұртшылықты оқуға, өнер -білімге шақыру, мәдениетті уағыздау, еңбек етуге үндеу.
Ақын «Ай қазақ» атты өлеңінде жаңа ғасырда өнерлі ел ғана өрелі жұрт қатарына қосылатынын өнеге етіп, 20 ғасырмен бірге келген өнер-білімді үйренуге, игеруге шақырады.
«Азаматқа» өлеңінде А.Байтұрсынұлы ел азаматтарына «Атаның қызметінен жалықпалық», «хақ үшін азап ету міндетің», «Үміті халықтың зор Сіздей ерден. деп жұрт жұмысын жұмыла істеуге үндейді
Байтұрсыновтың «Қазақтың бас ақыны» деген көлемді мақаласы - әдебиеттану ғылымындағы алғашқы зерттеу еңбектердің бірі. Мақалада ұлы ақын Абайдың тарихи миссиясы, рухани болмысы, өлеңдерінің ұлттық сөз өнеріндегі маңызы, көркемдік-эстетик. сипаты баяндалды. Ол Абай өлеңдерінің даралығын, «сөзі аз, мағынасы көп, тереңдігін», сыншылдығын ұғындырды.
Ақын «Ай қазақ» атты өлеңінде жаңа ғасырда өнерлі ел ғана өрелі жұрт қатарына қосылатынын өнеге етіп, 20 ғасырмен бірге келген өнер-білімді үйренуге, игеруге шақырады.
«Азаматқа» өлеңінде А.Байтұрсынұлы ел азаматтарына «Атаның қызметінен жалықпалық», «хақ үшін азап ету міндетің», «Үміті халықтың зор Сіздей ерден. деп жұрт жұмысын жұмыла істеуге үндейді.
А. Байтұрсыновтың шығармашылығы мен ағартушылығы туралы оқушыларды сабақта сұхбаттасып, өлеңдері арқылы терең ойға бағыттаймыз.
«Маса» жинағына тоқтағанда, негізгі идеялық қазығы – жұртшылықты оқуға, өнер-білімге, рухани көтеріліске шақыру, адамгершілікті, мәдениетті насихаттау, еңбек етуге үндеу.
Ақын өз өлеңдерінде демократтық бағыттарды жаңа жағдайда өзінше жалғастырушы ретінде көрінеді.
«Маса» жинағының көркемдік арсеналында талай эпитеттер, теңеулер, инверсиялар, мақал-мәтелдер бар. Мысалы: теңсіздік, озбырлық, әділетсіздік, әрекетсіздік жайғасқан жайды ақын, көбіне «түн», «түнерген төбемізден бұлт арылмай», «қасірет», «өртке дұшар болып» деп бейнелейді.
Ал келесі сабақта сөз өнері жайында жазылған әлемдік ғылымның ең үздік үлгілерін пайдалана отырып, әдебиеттанудағы ұғым, термин, категориялардың соны ұлттық үлгілерін жасады. Мысалы, меңзеу, теңеу, ауыстыру, кейіптеу, әсірелеу, алмастыру, шендестіру, үдету, түйдектеу, кекесіндеу, т.б. «Әдебиет танытқышта» ақындық дарын табиғаты, шығарм. психологиясы, шабыт стихиясына ғылыми тұжырым берілді. Ахмет Байтұрсыновтың өлеңдері ғибратқа толы. Әр сөзімен адамгершілікті дәріптеуді алдына мақсат етіп қойған ұлы Тұлғаны тану – бүгінгі жастардың парызы.
Мектеп бітіруші жас ұрпақ болашақтағы өз бағытын дұрыс белгілеп, саралай білу үшін оларға берілетін білім өзегінде, біріншіден, өзіндік сана, көзқарас, дүниетаным мен сенім қалыптастыру қажет,
сондықтан қазақ тілі мен қазақ әдебиет сабақтарында жаңа ақпараттарды тез түсіну, қабылдау қабілегтілігін, іскерлік қасиетін дамытатын компоненттер қатар қамтылуы тиіс. Сонда ғана білім әлеуметтік күштен оқушы әрекетін дамытудың тетігіне, яғни практикалық қажеттілікті ақтайтын тегеурінді күшке айналады.
Жас жеткіншектерге өз шығармашылық қасиеттерін айқындау, өнер жанрларының барлық түрлері бойынша жас таланттарға демеу көрсету. Ұжымдық шығармашылықта әр оқушының талаптарын көрсетуге мүмкіндік жасау.
Өзінді біл – бұл қызықты!
Өзіңді сынай біл – бұл қажет!
Өзіңді шынықтыр – бұл мүмкін!
Өзіңді көрсете біл – бұл шындық!
Қазіргі заманымызда қойылған басты талаптардың бірі - өмірден өз орнын таңдай алатын, өзара қарым-қатынаста өзін еркін ұстап, кез-келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласынан білімі мен білігін көрсете алатын, өз ойы мен пікірін айта білетін мәдениетті жеке тұлға қалыптастырып, тәрбиелеу. Оқушының жеке тұлға болып дамуы мен алған білімін іске асыруда сөйлеу тілін, әрекетін, тіл мәдениетін, әдебін қалыптастыру педагогиканың қазірдегі өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
Осы қазіргі уақытта қойылған талаптарға жету үшін әдебиет сабақтарында дарынды, беделді, көрнекті ақын-жазушыларымыздың жеке тұлға үлгісінде, олардың шығармалары арқылы жас түлектерді елін, жерін қорғап, патриоттық тәрбие беру – ол жеке тұлғаны жан-жақты және гармониялық дамыту.
Пайдаланылған әдебиет
- А.Байтұрсынұлы. Көп томдық шығармалар жинағы. 5том. Алматы «Алаш» 2006.
- А. Байтұрсынұлы. Маса. Алматы «Раритет» 2005.
- А. Байтұрсынұлы. Ақ жол. Алматы «Кітап» 1990
- “Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.
- Тоғысбаев Б. Сужикова А.Тарихи тұлғалар. Алматы. “Алматы кітап баспасы”, 2009
- Қ.Саят, Ж. Қайырниса. Анықтамалық. Алматы «Аңарыс» 2009
- 7. Б.Аяған Қазақстанның қазіргі заман тарихы. Алматы. Атамұра, 2009
По теме: методические разработки, презентации и конспекты
Как эти девушки красивы! Как наши Тани хороши!
Как провести в школе Татьянин день? Предлагаю провести развлекательно-познавательный вечер отдыха для детей и родителей "Как наши девушки красивы! Как наши Тани хороши!" А девиз вечера таков: "П...
Блокадный дневник Тани Савичевой
Материал рассказывает о девочке Тани Савичевой, которая в блокаду Ленинграда осталась одна......
"Язучыны таны" - татар әдәбиятыннан класстан тыш чара.
"Язучыны таны" уены - татар теле һәм әдәбияты атналыгында үткәрү өчен ачык чара. Бу класстан тыш чара 5-8 класс укучылары өчен тәкъдим ителә....
Тест по поэме П.Хусанкая "Таня"
Вопросы по содержанию поэмы....
Блокадный дневник Тани Савичевой
Уникальный подбор последних материалов о судьбе ленинградской девочки ....
Классный час "Блокадный дневник Тани Вассоевич"
Классный час рассказывает нам о судьбе одного из детей блокадного Ленинграда - девочке Тане Вассоевич. Все трудности этого времени учащиеся узнают из дневниковых записей самой Тани....
Тарихты білу – ұрпақ парызы
Тарихты білу – ұрпақ парызы Тарих — ұлттың жады. Танымды тарихы жадында жатталған ұлт қана ұлт ретінде сақталып, басқалармен қатар терезесі тең өмір сүр...