Тарихтың қайнар көзі – деректер. Ежелгі дәуір адамдарының бет пішіні. (5-6 класс)
план-конспект урока по истории (5 класс) на тему

Аяпова Жумагул Исагаликызы

Ежелгі адамзаттың бет бейнесін тарихи деректер арқылы оқушыларға түсіндіре отырып, адамның шығу тарихы туралы ұғымдарын кеңейту;

Тірек сызбалармен, суреттермен жұмыс жасай отырып, оқушылардың жазбаша. ауызша сөйлеу қабілетін дамыту, деректермен жұмыс жасау қызығушылығын арттыру;

Оқушыларды құндылықтарды сақтай білуге тәрбиелеу.

Скачать:

ВложениеРазмер
Microsoft Office document icon tarikh_5-6_sabak_zhospary_2003.doc224.5 КБ

Предварительный просмотр:

Сабақтың тақырыбы:  Тарихтың қайнар көзі – деректер (5 класс)

                                          Ежелгі дәуір адамдарының бет пішіні (6 класс)

Сабақтың мақсаты:

 1.  Ежелгі адамзаттың бет бейнесін тарихи деректер арқылы оқушыларға түсіндіре отырып,  адамның шығу тарихы туралы ұғымдарын  кеңейту;

2. Тірек сызбалармен, суреттермен жұмыс  жасай отырып, оқушылардың  жазбаша. ауызша  сөйлеу  қабілетін дамыту, деректермен жұмыс жасау қызығушылығын арттыру;

3. Оқушыларды  құндылықтарды сақтай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дамыта оқыту

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ -жауап, салыстыру, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, сызбалар.

Сабақтың барысы:

І. КІРІКТІРІЛГЕН    БӨЛІМ

БАҒДАРЛАУ – МОТИВАЦИЯЛЫҚ КЕЗЕҢ

- Суретпен жұмыс  (суреттегі адамдардың бет-пішінін суреттеу)

 

  • Оқулықпен жұмыс
  • Жамбыл облысындағы Ойжайлау қорымынан табылған адамның бет-бейнесі: бас сүйегі үлкен, беті кішкене, мұрны таңқылау.
  • Батыс Қазақстан жерінен табылған адамдардың пішіні: басы домалақтау, беті жалпақтау, көзі шүңіректеу, мұрны дөңестеу.
  • Жоғарыда айтылған суреттегі және оқулықтағы адамдардың пішінін тарихи тілмен қалай атауға болады?

ІІ. САРАЛАНҒАН   БӨЛІМ

ОПЕРАЦИЯЛЫҚ – ОРЫНДАУШЫЛЫҚ КЕЗЕҢ

Тапсырма № 1

5 класс       тізбек құру  «Тарихи деректер» түрлері

Жауабы:

Тарихи деректер

1. тарихи аңыз, шежіре                                             1. патшалар мен әкімдер заңдары

2. мифтік аңыз әңгімелер                                         2. мемлекет, сауда құжаттары

3. халықтық жыр-эпостар                                        3. жылнамашылардың жазбалары

4. ертегі, мақал-мәтел, жұмбақ,                               4. әртүрлі әдеби шығармалар

    шешендік сөздер

5. салт-дәстүр жырлары

6 класс  1. «Термин сөздермен жұмыс»

Антропология – адам қаңқасын зерттеу арқылы адамның дене бітімін, сипатын

                            анықтайтын тарихтың бір саласы.

Тарихи антропология- тарих ғылымының саласы. Тарихтың әр кезеңінде белгілі бір аймақта өмір сүрген халықтардың түр-түсі, бет пішініндегі ұқсастық, өзгерістерді зерттейді.

Биологиялық кезеңіне қарай                  3 нәсіл: еуропоидтік, монғолоидтық, негроидтық.

      2. Оқулықпен жұмыс

1. Қола дәуірі

                                        Адамдарының сипаттамасын жазу.

2. Ерте темір дәуірі

Тапсырма №2

5 класс  Суретпен жұмыс «Археологиялық ескерткіштер»

(Суреттің атын жазыңыз; деректің қай түріне жататынын анықтаңыз)

     

6 класс  Кестені толтырыңыз:

Қола дәуірі

 Ерте темір дәуірі

Андрондықтар: еуропоидтық нәсілге жатады. Қыр мұрынды, ат жақты, өңі ақшыл, шашы сарғыштау, бойы орташалау болып келген.

Сақтар: бас сүйегі шағын, беті жалпақтау, көз шарасы үлкен, қабақ сүйегі шығыңқы, кеңсірігі дөңестеу болып келеді.(монғолоидтық белгілердің пайда болуын аңғартады).

Сарматтар: еуропоидтық белгілер басымырақ.

Үйсіндер: басы орташа, маңдайы тайқылау, бет сүйегі шығыңқы, қабақ доғасы орташа, кеңсірік бітімі дөңестеу( монғолоидтық белгі басымырақ).

ІІІ. КІРІКТІРІЛГЕН    БӨЛІМ

РЕФЛЕКЦИЯЛЫҚ – БАҒАЛАУ КЕЗЕҢ

Тапсырма №3

5-6 класс  1. Тест

1. Халықтардың тұрмыс-тіршілігін, рухани мәдениетін, шешіресін зерттейтін ғылым саласы

А) археология     В) этнография    С) антропология    Д) топономика

2. Тарихты заттай деректер бойынша зерттейтін ғылым

А) тарих              В) археология       С) этнография     Д) топонимика

3. Тастағы суреттер негізінен қай тақырыпта салынған?

А) аңдарды бейнелеу  В) аң аулау көріністері   С) діни ұғымдар    Д) табиғат

4. Төмендегілердің қайсысы жазба дерекке жатады?

А) заң                 В) киім-кешек             С) жұмбақ        Д) аңыз әңгіме    

Тапсырма № 4  

5 класс    «Сыңарын тап» (І бағандағы сөздің мағынасын анықтайтын сөйлемді табыңыздар)

1.Нумизматика

2. Геральдика

3. Антропология

1. Адам қаңқасын зерттейді

2. тиындар, ақша тарихын зерттейді.

3. таңба, елтаңбаларды зерттейді.

6 класс «Тарихи антропология» туралы әңгіме құрастырыңыздар.

 Бағалау: Өзін-өзі бағалау парағы – 5 класс

Әр тапсырмаға 5 ұпайдан беріледі.

40-35 ұпай – «5

34-26 ұпай – «4

25-15 ұпай – «3

Тапсырмалар

Мұғалім берген ұпай   саны

Оқушының жинаған ұпай саны

Баға

1

Тарихи деректер

10

2

Оқулықпен жұмыс

10

3

Суретпен жұмыс

10

4

Тест

5

5

Сыңырын тап

5

Барлығы

40

Бағалау: Өзін-өзі бағалау парағы – 6 класс

Әр тапсырмаға 5 ұпайдан беріледі.

45-40 ұпай – «5

39-35 ұпай – «4

34-26 ұпай – «3

Тапсырмалар

Мұғалім берген ұпай   саны

Оқушының жинаған ұпай саны

Баға

1

Анықтамасын жазу

15

2

Шағын әңгіме

10

3

Кестені толтыру

10

4

Тест

5

5

 Әңгіме құрастыру  

 5

Барлығы

45

Үйге тапсырма

5 класс   Мәтінді оқу.  Суретке әңгіме құрастыру

6 класс  Мәтінді оқу.   Қазіргі замандағы адамдардың бет пішінін сипаттап жазу.


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

"Без тарихта эзлебез" телдән журнал

Әлеге чара укучыларны Татарстанның үткәне, бүгенгесе белән таныштыра....

Без тарихта эзле.

Безнең тарихыбызны күпме генә оныттырырга, юк итәргә тырышмасыннар, татар халкы барыбер үзен саклап кала алган....

Тарихта без эзле.(презентация)

"Тарихын белмәгән халык, белгәннәрнең колы була."  Г.Афзал...

Без тарихта эзлебез! (7 нче татар төркеме өчен проект-дәрес)

7 нче татар төркеме өчен татар әдәбиятыннан  проект - дәресТема:  Без тарихта эзлебез!Максат: 1. Укучыларны болгарларның  тормышы, көнкүреше, гореф-гадәтләре белән таныштыру; туган төбә...

Тарихтың қайнар көзі – деректер

1.  Тарихи деректер арқылы оқушыларға құнды ілім еріп, патриоттық сезімін ояту; Тірек сызбалармен, суреттермен жұмыс  жасай отырып, оқушылардың  жазбаша. ауызша  сөйлеу  қабіл...

Деректер базасы

Класы:        11Сабактын такырыбы:    Деректер базасы. Сабактын максаты:              Білі...

Ежелгі Қазақстан тарихы, Дарынды оқушымен жұмыс жоспары, дәптері. 6-сынып

Ежелгі Қазақстан тарихы, Дарынды оқушымен жұмыс жоспары,  дәптері. 6-сынып...