"Ананың анасы" Габит Мүсірепов
план-конспект урока (7 класс) по теме
Жас мамандарға көмекші құрал, тәжірибе алмасу аясында көмек. Ананың баласы үшін арашасы. Ананың батылдығы, батырлығы, ержүректілігі.
Скачать:
Вложение | Размер |
---|---|
ananyn_anasy.doc | 17 КБ |
Предварительный просмотр:
Ақтөбе қаласы
№ 1 орта мектеп
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Қалмағамбетова Гүлжамила Шынтасовна
Сабақтың тақырыбы: Ғабит Мүсірепов «Ананың анасы» әңгімесі.
Сабақтың мақсаты: оқушыларды жазушының өмірі және шығармашылығымен таныстырып,білім қоржындарын толықтыру; әдеби-көркем сөйлеу тілін дамыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге бейімдеп, логикалық тұрғыдан ойлауды қалыптастыру; өмірдегі ең жақын да қымбат адам анаға тағзым ете білуге, сыйлауға, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты игеру.
Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау, іздену, ойқозғау.
Көрнекілігі: жазушының портреті, ана суреті, ана туралы өлең жолдары.
Құрал-жабдығы: интерактивті тақта, магнитофон.
Пәнаралық байланыс: тарих, музыка.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
-сәлемдесу, класс оқушыларының сабаққа қатысымын тексеру.
-флеш-тренинг өткізу./ класта жылы, сабақтың нәтижелі өтуіне ортаны қалыптастыру/ Оқушылар ортаға шығып, сағаттың тілімен бір-біріне бүгінгі күнге, сабаққа, аптаға жылы тілектерін білдіреді./
ІІ.Сабаққа қызығушылығын ояту. а) «Менің анам....» / «Сөйлемді аяқта» әдісі бойынша әр оқушы өзінің анасы туралы ой қозғайды./
ә) «Бас иеміз аналарға» / Ана туралы жазылған өлең, шығармаларды еске түсіру кезеңі./
ІІІ. Жаңа сабаққа кіріспе. / Оқушыларға интерактивті тақтаның көмегімен Ғабит Мүсіреповтың өмірі және шығармашылығы туралы бейнефильм ұсынамын.Сондай-ақ «Ананың анасы» әңгімесіне қысқаша тоқталып өтемін. Себебі, бұл әңгімені оқушылар өз беттерінше үйден оқып келді./
- Оқушылар көрген бейнефильмдерін пысықтау барысында, топқа бөлініп хронологиялық кесте жасайды.
-«Ананың анасы» әңгімесі бойынша жұмыс: а) «Кім жылдам» ойыны бойынша әңгімеден ананың портретін табу.
... Бейшараның боз көйлегі жырым-жырым. Қолдары қарғаның тұяғындай қап-қара. Еріні қырық тілінген, жарық-жарық. Бірақ түйілген қабағынан, от жанған көзінен жанын шошырлық.
ә)Жұптық жұмыс түрі: әңгімеден тұрақты тіркестерді, афоризмдерді, теңеу сөздерін табу. / Мысалы: Соның суық ызғары табанымнан, қара таңбасы маңдайымнан әлі кеткен жоқ. Оқтаудай ойнап, киіктей орғып, жұлдыздай ағып.т.б./
ІV. Сабақты бекіту бөлімі. а)Топтық жұмыс, әр топ өзінің қарсыласына
«Жуан-жіңішке» сұрақтар әдісі бойынша сұрақ қояды.
ә) Әңгіме мазмұны бойынша «Ана» портретін салу.
б) Класс болып «Ана туралы» өлеңін орындау.
V.Бағалау. Үй тапсырмасы / «Ана алақаны» тақырыбына эссе жазу.
По теме: методические разработки, презентации и конспекты
Исследование. Портреты Анны Ахматовой на границе живописи и поэзии
Исследование. Портреты Анны Ахматовой на границе живописи и поэзии....
Персональная запись Игнатьевой Анны (руководитель Глухова Светлана Анатольевна) на Международной детской Доске почёта
Воспитанница МБОУ ДОД "Янтиковская детская школа искусств" – Игнатьева Анна (руководитель Глухова Светлана Анатольевна) за свои победы на конкурсах разного уровня решением к...
Беседы по истории хореографии. Анна Павлова
Работа о творчестве выдающейся русской балерины А. Павловой...
Анна Ахматова.
Презентация знакомит с жизнью и творчеством Анны Ахматовой....
Çĕре –Анне, ĕçĕ – Аттемĕр тейĕр» Ухсай Яккăвĕн «Атте-анне» поэмине пĕтĕмĕшле тишкермелли урок
Урок тĕсĕлирика хайлавне вуласа тишкермелли урок - хутăш урок.Урок тĕллевĕсем:Сапăрлăх тĕллевĕ:ачасене паллă поэтăмăр пултарулăхĕпе кăсăкланма мухтанма, ăна тĕслĕх вырăнне хумаллине вĕрент...
Конспект открытого урока по развитию речи с детьми категории «Особый ребенок» Тема: «Овощи. Знакомство с репой»
Цель:· формирование начальных представлении о репе, как об овоще. Задачи:·...
"Проще пареной репы" материал к урокам кулинарии
Дополнительный материал к урокам кулинарии. Значение, полезные свойства репы. Блюда из репы....