«Ұшу тарихы» тарауы бойынша сабақ жоспарының үлгісі «Парашют жасау»
методическая разработка на тему

Жанболат Есенғалиұлы Ешовтың

Сабақтың тақырыбы: Парашют жасау.

Сабақтың түрі: Техникалық модельдеу

Мақсаты: Ұшу аппараттары туралы оқушылардың білім-білік дағдыларын дамыту, парашюттың құрылысымен танысып, моделін жасау.

Міндеттері:  Қажетті құрал-саймандар мен жабдықтарды пайдалана отырып, қатырма қағаз, дайын бастырмалар арқылы жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;

Қағаздан бұйым жасаудың жаңа әдіс-тәсілімен таныстыру – «Оригами»;

Ойлау қабілеттерін, қиялын, шығармашылық икемділіктерін дамыту;

Жұмысқа қызығушылықтарын арттыру, шын ниеттерімен еңбек етуге және ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

Тақырып бойынша:  түрлі материалдармен(қағаз, қатырма қағаз, полиэтилен пленка т.б.) жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін меңгереді, қайшы желім т.б.еңбек құралдарымен жұмыс жасау ережесін біледі және жұмыс барысында қолдана алады.

Тақырыптан тыс:  (қалыптастыру критериялары / жан-жақты оқыту әдістерінің жиынтық бағалары),

Қалыптастырушылық:   өздігіен талпына отырып, өзінің ғана емес, тобындағы басқа да адамдардың жұмыстарын бақылап, баға береді; алған білімдерінің сапасы мен деңгейін көре алады; жұмыс барысында ерік-жігер танытып, кездескен қиындықтарды шыдамдылықпен жеңуге қабілетті.

Танымдық:  алдына мақсат қоя біледі және мақсатына жету үшін тиімді әдіс-тәсілдерді таңдай алады; түрлі ақпарат көздерінен мәліметтер алып, оны өздігінен талдап, салыстырып жұмыс барысында қажеттіне асыруды үйренеді.

Коммуникативтік:  тыңдау, түсіну, жоспарлау, бірлесіп жұмыс істеу, өз ара бір-біріне қолдау көрсету сяқты қабілеттері дамиды; даулы сәттерді айқай-шусыз келісіммен шешуге үйренеді.

Жан-жақты оқыту әдістерінің нәтижесі:  ұжымдық қарым-қатынаста өз орнын қалыптастыруға, замандастарымен бірлесе жұмыс істеуге үйренеді; тапсырылған жұмысты атқару кезінде өз бетінше шешім қабылдауға және жауапкершілікпен атқаруға дағдыланады; ұжым арасында және шығармашылық жұмыс кезінде еңбек ету дағдылары қалыптасады.

Оқытудың әдіс-тәсілдері мен түрлері:  зерттеушілік,  машықтық;  жеке дара,  топтық және басқа.

Оқу ресурстары:  Н.Бабаев, С.Кудрявцев «Летающие авиаигрушки»/  ОНТИ-НКТП-СССР, 1935

Қажетті материалдар мен жабдықтар: қағаздар,  полиэтилен пленкасы, жіптер, жабысқақ пленка, компьютер,  проектор,  экран.

Сабақтың көрнекілігі:  «Парашют» тақырыбына презентация. 

Сөздік терминдер:  полиэтилен пленка, дайын бастырма(шаблон),  оригами.

 

Скачать:


Предварительный просмотр:

ПАРАШЮТ ЖАСАУ

 

Теректі аудандық балалар шығармашылық үйі

 

 «Ұшу тарихы»

тарауы бойынша

сабақ жоспарының үлгісі

 

" П А Р А Ш Ю Т   Ж А С А У " 

  

Дайындаған: Теректі аудандық балалар шығармашылық үйінің    ІІ санатты  қосымша білім беру педагогы

Жанболат Есенғалиұлы Ешов

 

 

Абай ауылы 2018 жыл

 

Сабақтың технологиялық  картасы

Педагогтың аты-жөні:  Жанболат Есенғалиұлы Ешов

Үйірме:  «Жас авиатор»

Сабақтың тақырыбы: Парашют жасау.

Сабақтың түрі: Техникалық модельдеу

Мақсаты: Ұшу аппараттары туралы оқушылардың білім-білік дағдыларын дамыту, парашюттың құрылысымен танысып, моделін жасау.

Міндеттері:  Қажетті құрал-саймандар мен жабдықтарды пайдалана отырып, қатырма қағаз, дайын бастырмалар арқылы жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;

Қағаздан бұйым жасаудың жаңа әдіс-тәсілімен таныстыру – «Оригами»;

Ойлау қабілеттерін, қиялын, шығармашылық икемділіктерін дамыту;

Жұмысқа қызығушылықтарын арттыру, шын ниеттерімен еңбек етуге және ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

Тақырып бойынша:  түрлі материалдармен(қағаз, қатырма қағаз, полиэтилен пленка т.б.) жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін меңгереді, қайшы желім т.б.еңбек құралдарымен жұмыс жасау ережесін біледі және жұмыс барысында қолдана алады.

Тақырыптан тыс:  (қалыптастыру критериялары / жан-жақты оқыту әдістерінің жиынтық бағалары),

Қалыптастырушылық:   өздігіен талпына отырып, өзінің ғана емес, тобындағы басқа да адамдардың жұмыстарын бақылап, баға береді; алған білімдерінің сапасы мен деңгейін көре алады; жұмыс барысында ерік-жігер танытып, кездескен қиындықтарды шыдамдылықпен жеңуге қабілетті.

Танымдық:  алдына мақсат қоя біледі және мақсатына жету үшін тиімді әдіс-тәсілдерді таңдай алады; түрлі ақпарат көздерінен мәліметтер алып, оны өздігінен талдап, салыстырып жұмыс барысында қажеттіне асыруды үйренеді.

Коммуникативтік:  тыңдау, түсіну, жоспарлау, бірлесіп жұмыс істеу, өз ара бір-біріне қолдау көрсету сяқты қабілеттері дамиды; даулы сәттерді айқай-шусыз келісіммен шешуге үйренеді.

Жан-жақты оқыту әдістерінің нәтижесі:  ұжымдық қарым-қатынаста өз орнын қалыптастыруға, замандастарымен бірлесе жұмыс істеуге үйренеді; тапсырылған жұмысты атқару кезінде өз бетінше шешім қабылдауға және жауапкершілікпен атқаруға дағдыланады; ұжым арасында және шығармашылық жұмыс кезінде еңбек ету дағдылары қалыптасады.

Оқытудың әдіс-тәсілдері мен түрлері:  зерттеушілік,  машықтық;  жеке дара,  топтық және басқа.

Оқу ресурстары:  Н.Бабаев, С.Кудрявцев «Летающие авиаигрушки»/  ОНТИ-НКТП-СССР, 1935

Қажетті материалдар мен жабдықтар: қағаздар,  полиэтилен пленкасы, жіптер, жабысқақ пленка, компьютер,  проектор,  экран.

Сабақтың көрнекілігі:  «Парашют» тақырыбына презентация.  

Сөздік терминдер:  полиэтилен пленка, дайын бастырма(шаблон),  оригами.


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Педагогтың іс-әрекеті

Үйірме мүшелерінің

іс-әрекеті

Білім дағдыларын қалыптастыру

Аралық бақылау

1

2

3

4

5

1.Ұйым-

дастыру бөлімі

Кіріспе сөз:

Сәләматсіз Бәрің де.

Құрал-сайман әзір ме?

Ал, сабақты бастаймыз,

Дайын болсақ, әрине.

Қолдарыңнан келеді,

Қандай істің бәрі де.

Мен сендерге сенемін,

Ал, іске сәт БӘРІҢЕ !

Тыңдайды, сабаққа дайын екендерін көрсетеді,

Қалыптастырушылық:  өзін-өзі бақылау

бақылау

2.Жаңа сабақ

Жұмбақ шешу:

Жасырылған суреттен сабаққа қажетті көріністерді табу.

Педагог слайд арқылы суреттер топтамасын көрсетеді. «Ұшу аппараттары»

Барлық табылған заттарға ортақ сөз ойлап табу.

Дидактикалық ойын (топпен жұмыс)

«Көлік түрлері»

-Көліктерді түрлеріне қарай жіктеу.

-Жаңадан не білдік?

-Қандай жаңалық естідің?

Жұмбақ шешеді, дұрыс жауабын салыстырады, сұрақтарға жауап береді.

Қалыптастырушылық:  алған білімдерінің сапасы мен деңгейін салыстырады.

Танымдық: алған білімдері бойынша қажетті ақпараттарды көрсете алады.

Коммуникативтік: сөйлеу мәдениетін үйренеді және сабақ барысында қолданады, .

Жан-жақты оқыту: сабаққа ынтасы артады, бірлесіп жұмыс жасауға үйренеді

Ауызша жауап беру, бақылау

3.Машықтық жұмыс

4.Сабақ-тың қорытын-ды бөлімі.

Рефлексия.

-Мен қолымда екі түрлі парақ ұстап тұрмын (умаждалған, тегіс).

-Осы парақтар жөнінде не айта аласыңдар?

-Салыстырып көрейік. Бұл парақтар төменге құлаған кезде қандай ерекшеліктер болады екен.

-Тегіс парақ сияқты аспаннан қандай зат қалықтап туседі?

-Кім байқады, жаңа сабақта не жасаймыз деп ойлайсыңдар?

- Кім айтады, парашют деген не?

-Парашют не үшін керек?

«Парашют» сөзі (тақтаға ілінеді)

Педагог:  -Парашют дегеніміз – адамдардың немесе басқа да жүктерді биіктен жерге лақтырған кезде қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құрылғы.    

Әр түрлі парашюттың  түрлері болады.

Слайдтан көрсетіледі.

-Парашют қандай болады?

-Сабақтан қандай жаңалық білдік?

-Ерекше не ұнады?

Жұмысты топ болып жасаймыз.

 Ал қазір сергіту сәті.

-Ұшты, ұшты ұшақ ұшты.

-Ұшты, ұшты құрақ ұшты.

-Ұшты, ұшты  .......................... ұшты.

-Ұшты, ұшты ..........................ұшты.

Тағы сол сияқты.

Парашют жасау әдіс-тәсіліне талдау жасау.

Слайдтан парашют жасаудың технологиялық картасы көрсетіледі.

-Парашют жасалу жолдары түсінікті ме?

-Қай кезеңі қиын деп ойлайсың?

-Ең жеңіл кезең?

-Парашют жасауға қажетті нәрселердің бәрі бар ма, тексер.  Парашют жасаудың технологиялық картасы көрсетіледі.

Жұмыс мазмұны:

1.Қағаз бетіне парашюттың дайын бастырмасын сызып, қиып аламыз.

2.Көрсетілген кестесі бойынша қағазымызды бүктеп, дайын бастырманы дайындаймыз.

3.Дайын бастырмадан полэтилен пленкаға немесе түті қағазға бастырып сызамыз.

4.Дайын болған сызбаны қиып, парашюттың күмбезін дайындаймыз..

5.Адамның немесе кез келген кейіпкердің бейнесін қатырма қағазға бастырамыз.

6.Екі дана етіп қиып аламыз.

7.Ұзындықтары бірдей жіптерден парашют жіптерін(стропы) дайындаймыз.

8.Парашют күмбезін тең бірнеше бөлікке бөліп, жіптерін желімдейміз.

9.Жіптердің екінші ұштарын бірге қосып, парашютшының екі ортасына салып желімдеп жапсырамыз.

10.Безендіреміз.

Педагог:  Жұмысқа кірсе берсеңіздер болады. Өздеріңіздің құрған жоспарларыңызды басшылыққа аласыз.. Егер басқалай көмек керек болса, бір біріңізден немсе менен сұрауларыңызға болады.

Іске сәт.

-Сабақ аяқталды. Не үйрендіңдер?

-Осы сабақтағы өз ісіңе ризасың ба? Смайлик арқылы өзіңді бағала.

-Жалпы өз тобың қалай жұмыстанды?

-Не істедіңдер?

-Қандай өзгеріс жасағыларың келеді?

-Парашюттарың қалай шыққанын тексеріп көріңдер.

«Ұшты, ұшты парашют ұшты»

-Жарайсыңдар! жақсы жұмыс жасадыңдар.

     

Бақылайды, салыстырады, сұраққа жауап береді.

Ойын жүргізушінің сөздерін мұқият тыңдап, тек ұшатын нәрселерге қолдарын жоғары көтеріеді..

Сұрақтарға жауап береді, жұмысқа әзірліктерін тексеріп баяндайды,  үлгімен салыстыра отырып, топпен бірлесе жоспар құрады,  

Құрған жоспарлары бойынша жұмыстанады

Сұрақтарға жауап береді,  қорытынды шешім жасайды.

Өзінің және тобының жұ-мысына баға береді. Сабақ барысындағы өзінің көңіл-күйіне анық-тама береді.

Бұйымның сапасын тексереді.

Қалыптастырушылық: сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын анықтайды, білген және алда білетін білімдерін түйіндейді.

Танымдық: алдына мақсат қояды,  улгілерді салыстырып, талдап, өз жобасын жасайды.

Коммуникативтік: өз ойын сөзбен жеткізіп үйренеді.

Жан-жақты оқыту:  шығармашылықпен жұмыстануға үйренеді..

Қалыптастырушылық: қасындағы жолдастары мен жетекшісінің іс-әрекетіне байланысты өз ісіне бақылау жүргізеді

Қалыптастырушылық: топпен бірге жұмыс жоспарын және жасалу жолдарын құрады.

Танымдық: берілген тапсырманы шешудің тиімді жоларын таңдайды.

Коммуникативтік: жопар құрып және бірлесіп жұмыс жасап үйренеді,  өз ара жүмыстарды бөлісіп, бірін бірі бақылай алады.

Жан-жақты оқыту:  өз бетінше шешім қабылдау кезінде өз бетінше жауапкершілікпен жұмыстану қабілеті дамиды.

Қалыптастырушылық:тек өзінің ғана емес, топтағы бәрінің жұмысына бақылау жасап, ақыл кеңес бере алады.

Танымдық: жұмыс нәтижесін бақылап, әрі баға бере алады.

Коммуникативтік: даулы сәттерді айқай-шусыз келісіммен шешуге үйренеді.

Жан-жақты оқыту: ұжымдық жұмыс істеу қабілеті қалыптасады.

Қалыптастырушылық: алған білімде-рінің сапасы мен деңгейін көре алады.

Танымдық: өзінің жұмысының бары-сына және нәти-жесіне баға береді.

Коммуникативтік: өз ойын толық әрі сауатты жеткізе алады, сөйлеу мәдениетінің ережелерін біледі.

Жан-жақты оқыту: тағы да жаңа білім алып, жаңа нәрселер жасап үйренуге талпынады.

Ауызша жауап беру

Бақылау

Бақылау

Ауызша жауап

Өз бетінше жұмыс, өз өзіне баға беру.

Өз өзіне және өз ара бағалау


Парашют жасаудың технологиялық картасы

Рет №

Жұмыстың жасалу тәртібі

Жұмыстың графикалық көріністері

Керекті құрал- жабдықтар

1

Қажетті құрал-саймандар мен жабдықтарды дайындап аламыз

SP_A0177

Полиэтилен пленка(қоқысқа арналған дорба), жіп, 1,5мм сым, ермексаз, жабысқақ пленка, резеңке, қайшы, қысқаш

2

Күмбез сақинасы мен ілмегін дайындаймыз. (сақинасын 12мм болатын пластик түтіктен кесіп алуға болады)

SP_A0152

Қысқаш,

1,5мм сым

3

Дорбаның түбін кесіп аламыз

SP_A0154

Полиэтилен дорба, қайшы

4

Дорбаны тегістеп алып екіге жарамыз. Бір дорбадан екі парашют шығады.

SP_A0155

Полиэтилен дорба, қайшы

5

Центрін тауып, ортасынан тең етіп төртке бүктейміз

Полэтилен пленка, сызғыш

6

Центрінен ұстап тұрып, диагоналінен тағы екі рет бүктейміз

Полэтилен пленка, сызғыш

7

Шетінен артығын дөңгелетіп кесеміз

SP_A0162

Полиэтилен пленка, қайшы

8

Дайын күмбезімізді ашып тегістейміз

SP_A0163

Полиэтилен пленка

9

Тең 8-ге бөліп, жіп(строп) тағатын жерлері мен центрін жабысқақ пленкамен жапсырамыз  

SP_A0165

Полиэтилен пленка, жабысқақ пленка

10

Жібін тағып, ұштарын біріктіреміз. Строптарының басына жүгін, ілмегін және резеңке байлаймыз.

SP_A0171SP_A0174

Полиэтилен пленка, жіптер, ермексаз, дайын ілмегі, резеңке

Пайдаланылған әдебиеттер

 
1. «Энциклопедия авиации»      Владимир Пуков Эксмо, 2013 г.

2. Н.Д.Беляков, А.И. Покровская, Н.Е.Цейтлин.  Мектептегі шеберқолдар  

                                                                                     үйірмесі    Алматы 1956

3. «Как сконструировать и построить летающую модель» Э.Смирнов

                                                    Издательство ДОСААФ,  Москва – 1973

4. В.А.Заворотов. Группа, где всем интересно. Москва.«Просвещение» 1989

5. Роберт Коуп. Ұшу.                                                   Мәскеу.       «Махаон
6. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев –  

                            Алматы "Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы 

7. Сен білесің бе? Топтама. – Алматы: Аруна, 2001– 2006.
8. Қазақ энциклопедиясы 
9. Интернет сайт материалдары.   http://bilim-all.kz

                                                          https://youtu.be/JbUx3yhrkfM


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Приложение № 6. Игры с парашютом.

"Приложение № 6. Игры с парашютом" - это материалы в копилку развития сенсомоторных навыков и веселых игр для дошкольников....

"Технология изготовления парашюта из бумаги"

Материал включает в себя  инструкционную карту по изготовлению бумажной модели парашюта и материалы для бесед по этой теме. Конец занятия - это увлекательные запуски!...

Игры с парашютом

Использование нетрадиционного пособия " парашют"...

Методическая разработка. Изготовление парашюта.

Авиамоделизм – вид спортивно-технического творчества, в  котором дети учатся проектировать и создавать действующие авиационные модели и участвовать в соревнованиях с целью повышения своего спорти...

Методическое обеспечение программы. Изготовление парашюта.

Данное методическое обеспечение предназначено для отработки этапов изготовления модели "парашют" детьми младшего возраста до 12 лет....

"Золотые парашюты"

Статья о проекте "Литературное Видное"...