Жанболат Есенғалиұлы Ешовтың

« І с к е с ә т ! » ш е б е р л і к с а й т ы

Құрметті әріптес, менің сайтыма қош келдіңіз! Бірлесе көтерген жүк ауыр болмас, іс-тәжірибемен алмасайық. "Іске сәт!"

Профессия: технология, бейнелеу өнері, сызу пәндерінің мұғалімі

Профессиональные интересы: Оқыту, тәрбиелеу, нәтижеге жету

Увлечения: Балалардың техникалық білімін шыңдау.

Страна: Қазақстан

Населенный пункт: Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Абай ауылы

Место работы: Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектебі

Навигация

Ссылка на мой мини-сайт:
https://nsportal.ru/zhanbolat-esengaliuly-eshov
«Адамға ең бірінші білім емес, тəрбие беру керек. Тəрбиесіз берілген білім — адамзаттың қас жауы, ол келешекте адам өміріне опат əкелeді»
Əбу Насыр əл-Фараби.


Ақырын жүріп, анық бас, еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға.
                                                                                                              Абай Құнанбаев.

О себе

     
Білімім  жоғары.1990 жылы Алматы қаласындағы Абай атындағы ҚазПИ-дің көркемсурет-графика факультетін бітіріп, «Сызу, сурет және еңбек пәнінің мұғалімі» мамандығын алып шықтым. 
 
1990 жылдан бастап қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Абай атындағы жалпы білім беретін орта мектебінде бейнелеу өнері, сызу және технология пәндерінің мұғалімі болып жұмыс жасап жүрмін.
 
2011-2012 оқу жылынан бастап Теректі аудандық балалар шығармашылык үйінде қосымша білім беру педагогы болып қызмет етемін.
 
Педагогикалық еңбек өтілім – 28 жыл
 
Абай атындағы жалпы білім
беретін орта мектебінде    – 28 жыл
 
Теректі аудандық балалар
шығармашылық үйінде        – 6 жыл
 
«Жас авиатор» үйірмесіне жетекшілік етемін.
 
Біліктілік санатым жоғары. 
 

Книги, которые сформировали мой внутренний мир

            "Абай жолы"        Авторы: М.Әуезов

 "Повесть о настоящем человеке" Автор: Борис Полевой.

«Москва түбіндегі шайқас» Авторы: Бауыржан Момышұлы

Моё портфолио

Мен өзімнің оқыту жүйесіндегі кәсіби қызметімді ұйымдастыру кезінде Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының ережелерін, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, білім ұйымдарының ережелерін, сондай-ақ денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарының ұсыныстарын басшылыққа аламын. Қосымша білім беру бағдарламысын құру кезінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 14 маусымдағы №228 бұйрығымен бекітілген «Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын» негізге алдым.

Өзім құрастырған бағдарламаның типтік жобадағы бағдарламадан айырмашылығы – «Жас авиатор» спорттық-техникалық модельдеу үйірме сабақтары кезінде үйірме мүшелерімен жарыстарға қатысуға арналған ұшатын модельдерді жасап, олардың қалыпты ұшу жағдайларын, қашыққа ұшыру мен ұшыру әдіс-тәсілдерін меңгерту көзделген авторлық бағдарлама болып саналады.

Оқу үрдісінің жоспары Абай ауылындағы Абай атындағы ЖББОМ-нің келісім-шартына және ата-аналардың талаптарына сай келеді.Үйірме кезіндегі жұмыстар - балалардың ұжымдық қарым-қатынасының дамуына, көздеген мақсаттарына жетуге ұмтылуға, тиянақтылыққа, техникалық ойлау қабілеті мен авиатехникаға қызығушылығын тәрбиелейді.

Спорттық-техникалық бағытта құрылған бағдарлама мазмұны оқушылармен жүргізілетін негізгі жұмыс түрлерін, күтілетін нәтиже, бақылау әдіс-тәсілдерін қамтиды.

Қазақстан Республикасы  үздіксіз білім беру жүйесіндегі Тәрбие тұжырымдамасында көрсетілгендей,білім беру жүйесініңбасты міндеті– жеке тұлғаның ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде  қалыптасуы  мен дамуы және оның кәсіби жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасау; баланың тәрбиелену, білім алу және жан-жақты қалыптасу, ана тілін, ұлттық салт   дәстүрлерді сақтау, ақпараттану, ден-саулығын нығайту  сияқты құқықтарын іске асыру   болып табылады.

Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс түрлерін ұйымдастыру үшін біз ата-аналармен жақынырақ танысып, отбасының әлеуметтік жағдайын, отбасы мүшелерінің бала тәрбиелеудегі ролін анықтау үшін, ата-аналардың ұсыныс-пікірлерін, ойын бөлісу мақсатында сауалнамалар, анкеталық сұрақтар алуымызға болады. Сонымен бірге жыл бойғы жүргізілетін жұмыс түрлерін ата-аналармен бірлесе отырып жасаған тиімді.



 

 

Добавить грамоту в портфолио
Портфолио: