Ана тілім-баға жетпес байлығым
классный час (1 класс) на тему

бұо іс шараның Мақсаты: Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу.
 

Скачать:

ВложениеРазмер
Файл Ана тілім-баға жетпес байлығым21.68 КБ

Предварительный просмотр:

22 қыркүйек тілдер күні сценарий(Тілім менің-тірлігімнің тірегі)

 

Тақырыбы: Тілім менің-тірлігімнің тірегі.
Ма
қсаты: Жас  ұрпақты ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білуге шақыру.

                  Ана тілін сүюге, ана тілін ардақтай білуге тәрбиелеу.
К
өрнекілігі:  қабырға газеті, ақын-жазушылардың суреттері..
Әдісі: Мерекелік іс-шара.
Барысы .
Мемлекеттік  Гимн орындалады.
Ж
үргізуші:
    Балалар,
қазіргі таңда ана тілін білу, үйренудің қажеттілігі жайлы орасан зор жұмыстар жүргізілуде. 
    1989 жылы,22
қыркүйекте тұңғыш рет Қазақ КСР-нің «Тілдер туралы» заңы қабылданып, онда қазақ тіліне «Мемлекеттік тіл» мәртебесі берілді. 1997 жылы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Ата Заңы қабылданды. заңда қазақ тілі-мемлекеттік тіл деп нақты атап көрсетілген. 
Б. Момыш
ұлы атамыз: «Тілін білмеген-түбін білмейді» деген. Шынында, тілін білмеген      адам өз халқының тарихын, дәстүрін, мәдениетін өз тілінде сезініп, терең бойлай алмаса, ол қасіретемес пе? Сондықтан әр адам ана тілін көзінің қарашығындай сақтауға, білуге тиіс. Болашағымызды баянды етер қаруымыз-тіліміз. Ана тілімізді құрметтей білейік.
Армысыздар,
құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Тілім менің-тірлігімнің тірегі» атты мерекелік іс-шараны ашық деп жариялаймын!
Тілім мені
ң-тірлігім,
Тіл жайында тол
ғанбайтын кім бүгін?
Тіл жайында
үгіттейді кімді-кім?
Тілім мені
ң, тілім менің-тірлігім!
Әрине,  тілімзідің тағдыры үшін күресте халқымыз қам-қаперсіз болған емес.Бүгін де ана тілінің тағдырына алаңдайтын азаматтар баршылық.. Ұлылардан қалған ұлы сөздерге құлақ асайық.
1-о
қушы: «Ана тілін білмейтін адам бір қолы жоқ шолақ адам секілді».Ғ. Мұстафин.

2-оқушы: «Ана тілін ұмытқан адам өз халқөының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді.» Ғ. Мүсірепов.
3-о
қушы: «Әрбір саналы, мәдениетті азаматқа ана тілі мен сол ана тіліндегі әдебиеттің қадірін білмеу-мәдениетсіздік». М. Әуезов.
4-о
қушы: «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту-бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту».Б. Момышұлы.
5-о
қушы: Жарық  көрмей, жатсаң да ұзақ, сен тілім,
Таза, тере
ң, өткір, күшті, кең тілім.
Тарап кеткен балалары
ңды бауырына
А
қ көңілмен тарта аларсың, сен тілім.
Ән: «Анамның тілі»
Ж
үргізуші : Тілім менің тірегім, дінім менің,
                     Тілсіз
қандай болады күнім менің.
                     
Өз халқыма жетеді өз мәнінде
                     
Өз тілімде оқылса жырым менің
6-о
қушы: Мұхтар Шаханов. «Төрт ана».
Та
ғдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала.
Әр адамда өз анасынан басқа
Жебеп ж
үрер, демеп жүрер арқада
Болу керек  
құдіретті төрт ана:
Ту
ған жері-түп қазығы, айбыны,
Ту
ған тілі-сатылмайтын байлығы,
Ту
ған дәстүр, салт-санасы-тірегі
Ж
әне туған тарихы, еске алуға қаншама
Ауыр
әрі қасиетті болса да.
Т
өрт анаға әнін жолдай алмаған
Пенделерді
ң басы қайда қалмаған?
Т
өрт анасын  қорғамаған халықтың
Еш
қашан да бақ жұлдызы жанбаған.
Ж
үргізуші: Қазағым тіліңменен жана берші.
                   
Әуендетіп, әніме сала берші.
                   М
әңгі даңқың түспесін-қазақ тілі.
                   К
өкейімде жатталып қала берші.
Ән: «Қазағым».
    Ж
үргізуші:  Тіл! Тіл-құрал! әсіресе, егер ол өз ана тілін немесе туған тілің болса. әрбір ұлттың өзінің ұлттық тілі болады. Сол ұлттық тілді әрбір адам қорғай білуі қажет. Сол сияқты ұлттық тілді қорғау-біздің міндетіміз.
7-о
қушы: ана тілім-тірлігімнің тірегі,
Тілмен
ғана кірер адам реңі.
Тілсіз
қоғам-өлі мынау дүние,
Т
үсініксіз тылсымменен бір еді.
Ана тілім-
әрекетім азығы,
Бар
ғаламды танушылық қазығы,
Ой-сананы
ң өсуінің күәсі,
Ғасырлардың кейінгіге өз үні. 
    Ж
үргізуші:  Қазақ тілім-өз тілім, ана тілім,
            Абай , М
ұхтар сөйлеген дана тілім.
           
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені
            Болаша
ғым, бақытым, дара тілім.
Ән:  Абайдың әні: «Сегізаяқ».
    Ж
үргізуші: «Тіл –ата-баба аманаты. Ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа ұласқан,бабадан балаға жалғасқан ұлы мұралардың ұлысы алдымен әр ұлттың тілі ғой. Ендеше ата-баба мұрасын жалғастыру, оның мәртебесін көтеру-мына баршамыздың міндетіміз, парызымыз.
О, адамдар,
қадіріне жетіңдер!
Ана тілі
ң-анаң. Сыйлап өтіңдер!
Ту
ған тілін танымаған көрсоқыр,
Болып
өтер ертең мәңгі өкінер.
Ән: «Ана тілін сүйеміз»
Қорытындылау.


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Классный час на тему : Ғаиләм - минең байлығым

Классный час посвященный к году семьи...

Ғаиләм – минең байлығым

Балаларға ғаилә төшөнсәһен аңлатыу, кеше тормошонда ғаиләнең роле, уның ғөрөф-ғәҙәттәре, йолаларының мөһимлеген асыҡлау, балалар күңелендә ата-әсәгә, туғандарға, өлкәндәргә ҡарата һөйөү, ихтирам хис...

“Һаулыҡ – ҙур байлыҡ“

ldquo;Һаулыҡ – ҙур байлыҡ“темаһына арналған класс сәғәте...

Һаулыҡ-ҙур байлыҡ

Класс сәғәте...

“Һаулыҡ – ҙур байлыҡ”

Әҙерлек төркөмө балалары өсөн тәбиғи белем биреү эшмәкәрлеге ...