«Қайырымдылық – асыл қасиет»
классный час (4 класс) на тему
Предварительный просмотр:
№1 мектеп-гимназиясы
Тақырыбы:
«Қайырымдылық – асыл қасиет»
Сынып жетекшісі: Нурлыбаева А.Ч.
Сарқан қаласы
2011 жылы
Қайырымдылық – асыл қасиет
Тәрбие сағатының мақсаты: Қайырымдылық, жақсылық жасау дәстүрлері жайында түсінік беру, қазақ тіршілігінде түрліше іске асырылып отырғандығы жайында мәліметтер беру, халқымыздың қайырымдылық дәстүрін жалғастыруға бағыт беру, үнемі жадында ұстауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: Қайырымдылық жайында жазылған ұлағатты сөздер: «Жасаған жақсылығың сатулы болмасын», «Адамға қылған жақсылық өмірінде тозбайды», «Бір-бірімізге қайырымдылық, мейірімділік жоқ жерде бірлік пен ынтымақтастықтың ауылы да алыстай береді», т.б.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
... Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілу керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат алып келеді.
Әл-Фараби
Тәрбие сағатының мақсатын айту.
Күй «Ерке сылқым».
Жүргізуші:
Ата-бабаларымыз ұрпағына мұра етіп қалдырған тілі, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы бар. Олар бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүрген. Ұрпағының білімді болғанын армандаған.
Адамға жақсылық жасау, қайырымдылық көрсету – халқымыздың мақтан етерлік дәстүрлерінің бірі. Бұл дәстүр қазақ тіршілігінде түрліше іске асып отырған.
1-оқушы.
2-оқушы.
Көрші-қолаңның, ағайын туыстың жалғыз аты өлсе, оның етін көпшілік болып бөлісіп, орнына бірігіп ат сатып берген.
3-оқушы.
Алыс сапарға аттанғанда, кедейлерге ет-май деп майда малын уақытша болса да қарасып, мініске деп жылқы берген. Көлік-жай деп көшуге, малға жем-шөп даярлауға түйе беріп көмектескен.
4-оқушы.
Сауын деп кедей-кепшіктерге жаз кезінде сауынға мал берген .
Жүргізуші:
Ата-бабаларымыз қайырымдылық дегенді осылайша түсінісіп, осылай жүзеге асырып отырған.
«Адам баласына қолыңнан келсе, жақсылық қыл, жасаған жақсылығың алдынан шығады,» деген екен. Бір-бірімізге жақсылық жасаудан жалықпайық, достар!
5-оқушы.
Атаны ардақтау, ананы аялау, досты сүю, жолдасты құрметтеу – бізге бабаларымыздан қалған дәстүр. Бұл да – елдігіміздің нышаны.
Жүргізуші:
Ата-әжеге баланың ықыласы мына өлең шумақтарынан көрінеді:
6-оқушы.
Таң атса күлімдеп,
Жүрегім дірілдеп.
Атама жүгірем,
Күн ашық бүгін, деп.
7-оқушы.
Жүрерде жер тіреп таяғын,
Орнынан тұрады ол әрең.
Әттең, мен кішкентай баламын,
Әйтпесе, арқалап алар ем.
Сынып оқушылары «Кеңес» күйін орындайды. 9 оқушыдан құрылған оркестрдің орындауындағы күй тыңдаушы қауымға жақсы әсер етті.
Жүргізуші:
«Ақыл тозбайтын тон,
Білім таусылмайтын кен» - деген ата-бабаларымыздың нақыл сөзі бізге тәрбие береді.
Оқушы:
Жақсы кісі ақылменен тәуір болады,
Мінезі қорғасындай ауыр болады.
Оқушы:
Азаматпен дос бол,
Қадіріңді біледі.
Білімдімен дос бол,
Сасқанда ақыл береді.
Жүргізуші: «Кімге не артық?»
Оқушы:
Тәкаппарға көз артық-
Көріп тұрып, көрмейді.
Жарымеске сөз артық-
Жөн сөйлеуді білмейді.
Оқушы:
Не істесе де оңдырмас-
Артық қолы олақтың.
Тілазарға тыңдамас-
Қажеті жоқ құлақтың.
Ғұмырында, әр уақытта,
Түк істемес құмартып,
Жалқауға
Құлақ та,
Көз де,
Қол да –
Бәрі артық.
Жүргізуші: Балалар, тәкаппарлық пен жалқаулықтан, тілазар болудан бойымызды аулақ сақтайық.
Білімді,саналы болашақ. Білімді, саналы достардан әрқашан жақсылық күтуге болады.
Жүргізуші: Көрініс «Ғылым, ақыл, жүрек» (Абайдың 17-қара сөзінен алынған).
Күй.
Көрініс. «Қиын есеп»
Басы қатты баланың,
Шығара алмай есебін.
Іздеп түрлі амалын,
Күбірлейді қос ерін.
Қиналғандай көрініп,
Оның ... тісі де.
Қарындашты кеміріп,
Кіріскен өз ісіне.
Талай тәсіл қолданып,
Бір жазып,
Бір өшіріп,
Отыр бала ойланып,
Ақ қағазға тесіліп.
- Марат, не істеп отырсың?
- Мына есепті шығара алмай отырмын.
- Е-е, соншама қиналғаның не, мә, көшіріп ал!
- Рахмет. Жақсы болды, қазір-ақ көшіріп аламын.
Мұғалім:
- Балалар, кім-кімге жақсылық жасады? Осы жақсылық па?
(Оқушылар өз ойларын ортаға салады).
Жүргізуші: - Кім, не қасиетсіз?
Оқушы:
Өз ойы болмаса, ер қасиетсіз.
Жігері болмаса жігіт қасиетсіз.
Бал болмаса, ара қасиетсіз.
Жанбай қалған, шала қасиетсіз.
Өнерсіз болса, бала қасиетсіз.
Әділетсіз болса, дана қасиетсіз.
Ұятсыз болса, қыз қасиетсіз.
Көк шықпаса, жер қасиетсіз.
Оқушы: Қайырымдылық – асыл қасиет. Шексіз мейірімді, шексіз рақымды. Алла мұсылман құлдарына әрқашан да бір-біріне мейірімді, қайырымды болуға үндейді.
Оқушы: Рамазан айы – мейірімділік, қайырымдылық айы. Бұл айда мұсылмандар пітір таратады. Бір-біріне қолынан келгенше қайырымдылық жасайды.
Оқушы: «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Әуелі – надандық, екінші – залымдық, үшінші – еріншектік» - деп Абай атамыз айтқан екен. Міне, осы үш нәрседен бойымызды аулақ ұстайық.
Оқушы:
Кісіге адамшылық не керек?
Адамдық – өзге айуаннан артық демек.
Ит талаған төбеттей қалай дейсің,
Аямай әл келгенін жұтып жемек.
Мейірім – жақсы, залымдық жаман дейсің,
Қасқырлыққа қайтесің құр дөңгелеп.
Жан ашып, ешбір жанға жәрдем қылмай,
Өткен адам – өсіп-өсіп құлаған бір бәйтерек.
(Ш.Құдайбердиев)
Оқушы: Өмірде еш өкініш болмасын,
Имандылық босын сенің жолдасың.
Жүргізуші: Бір-бірімізге қайырымдылық, мейірімділік жоқ жерде бірлік пен ынтымақтықтың ауылы алыстай береді. Ата-бабаларымыздан қалған асыл қасиеттерден жұрдай болсаң, қазақпын деуге құқымыз бола қояр ма екен? Енді ата-бабаларымыздың нақыл сөздеріне кезек берейік (Нақыл сөздер айтады).
Жүргізуші: Біз – халқымыздың қайырымдылық дәстүрін жандандыратын, жалғастыратын ұрпақпыз.
Өмір тауқыметін шегіп отырған кемтар адамдарға, көп балалы отбасыларға, қарттарға, зейнеткерлерге қайырымдылық қорлары да өз көмектерін көрсетуде.
Халқымыздың осы бір бағалы дәстүрін – қайырымдылық пен жақсылықты ұмытпайық!
Хор «Атамекен» әні.
По теме: методические разработки, презентации и конспекты
Мейірімділік асыл қасиет
Мейірімділік асыл қасиетМейірімділікті анадан үйрен.Халық даналығыМақсаты: Балалардың «мейірімділік», «қайырымыдылық», «құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.Міндеттері: -...
Аншым –асыл әнім!
Аншым –асыл әнім!Мақсаты; 8 наурыз мерекесі халықаралық әйелдер мейрамы екенін ұғындыру ,ананың көңілі балада ,балаға деген сезімі ерекше екендігін сезіндіру және қыз балалардың өнерлерін тамаша...
оқушылардын рухани адамгаршілік қасиеті
оқушылардың рухани адамгершілік қасиетін психолгиялық тұрғыда дамыту ...
Имандылық - қастерлі қасиет
Тәрбие сағаты...
"Қара сабынның қасиеті"
Кіріспе Қара сабын – қазақтың дәстүрлі тұрмысында пайдаланады. Оның негізгі құрамы алаботаның күлі.Зерттеу жұмысының мақсаты: Қара сабынның жасалу жолы...
Асыл сыйфатларны саклыйк
родительское собрание...
Асыл һәм нисби сыйфатлар.
Тема.Сыйфат дәрәҗәләрен кабатлау. Асыл һәм нисби сыйфатлар.Максат: асыл һәм нисби сыйфатларны аерырга өйрәтү; сыйфат, сыйфат дәрәҗәләре турында белемнәрне ныгыту; сүзлек байлыкларын арттыру, иҗад...