Имандылық - қастерлі қасиет
материал по теме

Жумагалиева Роза Матжановна

Тәрбие сағаты

Скачать:

ВложениеРазмер
Файл trbie_sagaty.docx16.45 КБ

Предварительный просмотр:

Имандылық – қастерлі қасиет

Мақсаты: Имандылық сөзіне түсінік беру.Имандылық дәстүрін қастерлеп,иманды адам болуға,

                    Обал – сауап талаптарын сақтауға,адалдыққа,қайырымдылыққа тәрбиелеу.

                    Адамгершілік асыл қасиеттерді жоғары ұстауға баулу.

                    Өз ойларын еркін,жүйелі жеткізе білуге үйрету.Танымдық қабілеттерін арттыру.

Әдісі: әңгімелеу,пікірталас,сұрақ-жауап

Көрнекілік: даналық сөздер,суреттер,сұрақ жазылған үлестірмелер т.б.

«Иман сақтауға қорықпас жүрек,айнымас көңіл,босамас буын керек.»    Абай.

«Адамда қалай да болса,қашан да болса,пайда келтіретін ой мен ісі – ізгілік деп аталады.»

                                                                                                                  М.Жұмабаев.

Ақылды кісі азбайды.

Әдептілік,ар-ұят – адамдықтың белгісі,

Тұрпайы мінез,тағы жат – надандықтың белгісі.

Жүру барысы: І.Кіріспе бөлім

1.Даналық сөздерді оқу,мағынасын ашу. (балалардың ойын тыңдау)

2.Имандылық дегенді қалай түсінесіңдер?

3.Қандай адамдарды иманды,мейірімді деп айтамыз?

4.Мейірімділік,қайырымдылық қасиеттер барлық адамның бойында кездеседі ме?

5.Өзіміздің арамызда осындай адамдар бар ма?

ІІ.Негізгі бөлім

    Имандылық араб тіліндегі нану, сену деген мағынадағы иман сөзінен шыққан.Өмір заңдылықтарына айқын сеніммен қарап,адамгершілік рәсімдері мен уәждерін,міндеттері мен мақсаттарын бұлжытпай орындайтын ақ ниетті,адал жүректі,көпшіл адамды – иманды адам дейміз.

    Иманды адам – айналадағыларға және бүкіл адамзатқа тек жақсылық ойлайды,оларға мейір-шапағатын төгіп,жанашырлық,қамқорлық жасауға әзір тұрады.Әркімге әдеппен,ізетпен,инабатпен қарайды.Сондықтан да иманды адамды бет-бейнесінен танып,халық оны иман жүзді адам дейді. Адамгершілікті қалыпты бұзған адамды «имансыз» деп,одан түңіледі.Адамгершілігі,ар-ұяты бар адамның бет-бейнесі,иманжүзділігі жарқын,биязы,өзі парасатты келеді.

     Иманы кәміл адам мейірімді болады.Мейірімділік – адам бойындағы  қасиетті сезім. Ата,әке,ана мейірімі,отбасындағы адамдардың бір-біріне деген мейір-шапағаты – әдептік әсем құбылыс, ұлағатты ұғым,адамгершіліктің асқар шыңы.

     Халқымыз ұрпағын мейірімділікке тәрбиелеп,қатыгездіктен қағып,қаталдықтан сақтандырып отырған.Еліміз ер-азаматтарын мейірімді болса екен деген ниетпен Мейірман,Мейіржан,Мейірбек деген аттармен атаған.Мейірімділіктің бір көрінісі – қайырымдылық.Қайырымдылық – мүдделі, кіріптар,көмекке мұқтаж адамдарға,табиғатқа,жан-жануарға іс жүзінде жақсылық жасау.

Сұрақтар: 1.Қайырымды адам деп кімді айтамыз?

Кіріптарға қайыр беру,мұқтаж жандарға көмектесу,қарттарды аялап,мүгедектерді қорғап,аялау.

2.Қайырымдылық қалай орындалады?

Жылу беру,сыйлық ұсыну,демеуші болу,сый-сыбаға тарту,көрімдік,байғазы,бәсіре т.б. жөн- жоралғылар арқылы іс жүзінде ізеттілікпен,ілтипатпен орындалады.

    Инабатты болу,мейірімді,қайырымды болу – бұл адамдық, кісілік парыз.Ол үшін әрбір адам өзінің қайырымдылық борыштарын терең сезініп,іс-қимыл жасауға міндетті.

ІІІ.Пікірталас

1-топ: Жарлы болсаң да, арлы бол.

            Кімнің ұяты жоқ болса,соның иманы жоқ.

2-топ: Ұялмаған әнші болады.

(бір-біріне қарсы пікір айту)

ІҮ.Қорытынды бөлім

   1.Адам бойындағы ең жақсы қасиеттерді атап бер.

   2.Имандылық дегенді қалай түсіндіңдер?

   3.Өзімізді осындай жақсы қасиеттерге қалай тәрбиелеуімізге болады?


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

«Қайырымдылық – асыл қасиет»

«Қайырымдылық – асыл қасиет»...

Мейірімділік асыл қасиет

Мейірімділік асыл қасиетМейірімділікті анадан үйрен.Халық даналығыМақсаты: Балалардың «мейірімділік», «қайырымыдылық», «құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.Міндеттері: -...

оқушылардын рухани адамгаршілік қасиеті

оқушылардың рухани адамгершілік қасиетін психолгиялық тұрғыда дамыту                       ...

"Қара сабынның қасиеті"

Кіріспе          Қара сабын – қазақтың дәстүрлі тұрмысында пайдаланады. Оның негізгі құрамы алаботаның күлі.Зерттеу жұмысының мақсаты: Қара сабынның жасалу жолы...