"Қара сабынның қасиеті"
опыты и эксперименты по зож (2 класс) на тему

Кыстаубай Арайлым Аскербеккызы

Кіріспе

          Қара сабын – қазақтың дәстүрлі тұрмысында пайдаланады. Оның негізгі құрамы алаботаның күлі.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Қара сабынның жасалу жолын біліп, емдік қасиеттерін ашу.Оның ерекшеліктерін айқындау.

         Қара сабынның  құрамында натрий, тотықты гидрат бар. Ол жануар майымен араластырып жасалады. Мұны қазақ медицинасында ежелден балалардың, ересектердің сыртқы терілерін, киім-кешегін жууға пайдаланған. Негізінен, тері ауруы, жел-құз, ет пен терінің ортасындағы қара желге өте жақсы көмегі болған. Терідегі түрлі қышыма ауруларына ешқандай дәрі-дәрмексіз қара сабынмен ішкі киімдерін жуып, өзі шомылдырғанда-ақ жақсы болып кеткен деседі жұрт. Қара сабынды суық тигенде сылайтын май ретінде қолдануға болады, ісікке, домбыққан жарақатқа тартса, бітеу жараның соқтасын сорып алады. Ертеде сабынды дайындап біткенде ыстықтай беліне орап алады екен. Денеге өткен ыстығы пайдалы болады. [1] Сонымен қатар қара сабының  жас балаларға пайдасы бар, бөрткен, қотыр шықпайды. Кішкене нәрестелердің іші кеуіп ауырғанда кіндік бөлімін қара сабынмен сыласа пайдалы. Қара сабыннан қазанның түбінде қалған азырақ бөлігін кішкентай етіп, әдемілеп домалақтап, балаларға сақтайды. Мұны «бұзаушық» деп атайды. Бұзаушық баланы шомылдырғанда жұмсалады. «Мынау сенің бұзаушығың» деп қыз балаларға меншіктеп беретін де дәстүр болған.  Бұл сабынның балаларға қолданылатыны – химиялық қоспасыз, табиғи болғандықтан. «Баланы біз қырқынан шыққанша, бір күні тұзды суға, енді бір күні сабынды суға саламыз, біріншісінде тұз сіңіп, терінің пысуына көмектеседі, ал екінші күні қара сабынмен жуады. Бұл қазақ медицинасында терінің жетілуіне, бұлшық еттердің жақсы дамуына көмегі тиеді деп есептелінеді.

Скачать:

ВложениеРазмер
Файл Гылыми жоба1.95 МБ

Предварительный просмотр:

По теме: методические разработки, презентации и конспекты

«Қайырымдылық – асыл қасиет»

«Қайырымдылық – асыл қасиет»...

Мейірімділік асыл қасиет

Мейірімділік асыл қасиетМейірімділікті анадан үйрен.Халық даналығыМақсаты: Балалардың «мейірімділік», «қайырымыдылық», «құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.Міндеттері: -...

оқушылардын рухани адамгаршілік қасиеті

оқушылардың рухани адамгершілік қасиетін психолгиялық тұрғыда дамыту                       ...