Аншым –асыл әнім!
методическая разработка (1 класс) по теме

Бекбергенова Сара Алимжановна

Аншым –асыл әнім!

Мақсаты;  8 наурыз мерекесі халықаралық әйелдер мейрамы екенін ұғындыру ,ананың көңілі балада ,балаға деген сезімі ерекше екендігін сезіндіру және қыз балалардың өнерлерін тамашалап ықыласқа бөлену.

Скачать:

ВложениеРазмер
Microsoft Office document icon 8_nauryz.doc39 КБ

Предварительный просмотр:

Аншым –асыл әнім!

Мақсаты;  8 наурыз мерекесі халықаралық әйелдер мейрамы екенін ұғындыру ,ананың көңілі балада ,балаға деген сезімі ерекше екендігін сезіндіру және қыз балалардың өнерлерін тамашалап ықыласқа бөлену.

1жүргізуші  

 Сіздерден өскен балалар ,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті ұстаздар мен аналар!

2 жүргізуші 

Хош келіпсіз ақ жаулықты аналар

Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар

Алдарыңызда жауқазындай құлпырған

Біз алаңсыз балғын шақты балалар!

 1жүргізуші   

Құрметті ұстаздар мен аналар! 8 наурыз халықаралық әйелдер мейрамы құтты болсын!Сіздердің көңілдеріңізге шаттық ,сұлулық,зор денсаулық тілейміз!

2 жүргізуші 

 Құрметті қонақтар!Аналар мерекесіне арналған 3 ә класс ер балалар дайындаған ән шашуымызды қабыл алыңыздар.

1  Хор ән анашым

2  тақпақтар          

3«кім жылдам » ойыны

4Данияр мен Мадиярдың орындауында Қыдыр ата әні

5 жігіттер биі  

  6« биші аналар»ойыны

7Данияр мен Мадияр өнерін тамашалайық

2 бөлім

1жүргізуші  

Бүгін біздер аналар мерекесі қарсаңында «Көктем аруы-2012» сайысын өткізгелі отырмыз.

 2 жүргізуші 

 Жүйріктен жүйрік озар жарыстырса,

Сұлудан сұлу озар салыстырса,

Қол соғып қошеметтеп қарсы алайық,

Өнердің өшпес шамы жанып тұрса

1жүргізуші

 Мінезіне ақылы сай келетін ,

Азиза оқуда бәрін білетін.

Шығады бүгін сайысқа ,

Сәт сапар тілейік аруға.

2 жүргізуші

Болашаққа сенімменен қараған,

Ел бірлігін бақытым деп  санаған.

Өнерімен үлгі болар басқаға,

Гүлназды шақырайық ортаға.

1жүргізуші

 Гүлбақытқа біз тілейміз

Бүгінгі біздің сайыста

Көрінесің биіктен

Арулардан қалыспа

2 жүргізуші

Үміт артып Әселде

Шықты міне сайысқа

Өнеріңмен таң қалдыр

Озып шығып жарыста

1жүргізуші

Білімменен өнерді ұштастырып

Сұлулығымен бізді тамсандырып

Наргиз шығар ортаға

Қошеметтеп қарсы алайық бәріміз

2 жүргізуші

Есте қалар бұл күндер

Бал-бұл жанған жыр күндер

Бүгін өнер көрсетсек,

Оза шыққан дүлдүлдер.

Ойнап-тойлап күлейік,

Жеңімпазды білейік.

Талапкердің бәріне ,

Сәт-сапар біз тілейік!

1жүргізуші

Аялаған арулар алдарыңда,

Бас иіп сәлем беру салтымызда

Көрермен ,әділ қазы құлақ салса,

Арулар өздерімен таныстырса.

 1-ші байқау « таныстыру»

2 жүргізуші 

Ойнаймыз, күлеміз,

Қуанып жүреміз

Бітпейді жырымыз

Ән биге саламыз.

2-ші байқау «өнерлі- өрге жүзер»

1жүргізуші

Көйлек киіп әдемі

Тамсандырар әлемді

Түрлі –түсті сән көйлек,

Жарасымды ,қонымды.

3-ші байқау «сән үлгісі»

2 жүргізуші  

Таңдайынан бал тамған ,

Он саусақтан өнер тамған

4-ші байқау «шебер қолдар» сайысы

1жүргізуші

Әділ қазы береді,

Өнеріне бағаны.

Өнерде кім жеңеді,

Алады сол жеңісті!

2 жүргізуші  

Ана өмірдің қуанышы тірегі

Бала оның жұбанышы жүрегі ,

Ана алдында ел жауы да бас иген

Олар дәйім тыныштықты тіледі –дей келе өзіміздің жасаған сыйлықтарымызды аналарымызға табыс етейік.

1жүргізуші

Аналар мерекесіне арналған ән-шашуымыз аяқталды .Көктем аруы-2012 сайысында жеңіске жеткен ---------------------------- қол шапалақтап қошеметтеп бүгінгі кешімізді аяқтайық


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

«Қайырымдылық – асыл қасиет»

«Қайырымдылық – асыл қасиет»...

Мейірімділік асыл қасиет

Мейірімділік асыл қасиетМейірімділікті анадан үйрен.Халық даналығыМақсаты: Балалардың «мейірімділік», «қайырымыдылық», «құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.Міндеттері: -...

Есеп. Қанша қымбат? 1-класс

Математика пәнінен сабақ жоспарының үлгісі...

Асыл сыйфатларны саклыйк

родительское собрание...

Асыл һәм нисби сыйфатлар.

Тема.Сыйфат дәрәҗәләрен кабатлау. Асыл һәм нисби сыйфатлар.Максат: асыл һәм нисби сыйфатларны аерырга өйрәтү; сыйфат, сыйфат дәрәҗәләре турында белемнәрне ныгыту; сүзлек байлыкларын арттыру, иҗад...