Адам - ардақты ат
классный час (7 класс) по теме

 

«Адамгершілік» ұғымының құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу.

Скачать:

ВложениеРазмер
Microsoft Office document icon sabaktyn_takyryby.doc36 КБ

Предварительный просмотр:

Тәрбие сағатының тақыпрыбы:  Адам - ардақты ат
Сабақтың мақсаты: «Адамгершілік» ұғымының құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу.
Сабақтың міндеттері: Білімділік: адами қасиеттер туралы түсінік беру;
Дамытушылық: балалардың адамгершілік қасиеттерін дамыту, жағымды қарым - қатынас жасай білуге үйрету;
Тәрбиелік: ізгілікті, мейірімді болуға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: дәптер, сюжетті суреттер
Әдістер: әңгімелесу, ойын, жаттығу, түсіндіру, сахналау.
Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Шаттық шеңбері
Мұғалім балалармен сәлемдесіп, оларды шаттық шеңберін құрып, бір - бірімен сәлемдеседі.
Е. Өтетілеуовтің «Нағыз адам боламын» атты өлеңін мұғалімге ілесіп бірге қайталайды.
Бүгін титтей баламын,
Әлі - ақ жігіт боламын.
Сонда, мүмкін, мен ғалым,
Әлде шофер боламын. Т. т.
Әңгімелесу. Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбына бағыттау мақсатында әңгімелесу өткізеді. Әңгімелесуге мынандай сұрақтар қойылады:
Ата - анаң қандай болғаныңды қалайды?
Өзіңнің кімге ұқсағың келеді?
Нағыз адам дегенді қалай түсінесіңдер?
Балалар өз түсініктерін ортаға салып айтады. Мұғалім оқушылардың жауаптарын тыңдап, өзі қорытынды жасайды.
Мұғалімнің сөзі:
- Дұрыс айтасыңдар, балалар, ата - анамыз біздің жақсы адам болғанымызды қалайды. Әрдайым ақылдарын айтады. Біздер ақылды, әдемі адамдарға ұқсағымыз келеді. Өзіміз де мейірімді, адал, білімді болып өсуге талпынамыз.
ЖАҢА АҚПАРАТ
- Балалар, не тәтті?
- Ананың сүті тәтті.
- Не жұмсақ?
- Ананың қолы жұмсақ.
- Не қатты?
- Атаның жүрегі қатты.
- Кім жақын?
- Тату болса, ағайын жақын, ақылшы болса, апайың жақын.
- Бауырмал болса, інің жақын, алдыңа тартқан адал асың,
- Қимас жақын қарындасың.
- Не қымбат?
- Алтын ұяң – Отан қымбат,
- Құт - береке, атаң қымбат.
- Аймалайтын, анаң қымбат.
- Асқар тауың әкең қымбат.
- Дүниеде не қымбат?
- Адам қымбат
- Адамға не қымбат?
- Бала қымбат.
Мәтінмен жұмыс. Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында мәтінмен жұмыс жүргізіледі. Ол үшін сабақта оқушыларға «Кім боласың?» Ж. Жұмаханованың атты мәтінмен танысу ұсынылады. Мәтінді алдымен мұғалім оқып береді. Сосын оқушылар өздері оқиды. Мәтін мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап береді.
♦ Атасы немересіне адам бол дегенде не айтқысы келді?
♦ Сендер «Адам бол» дегенді қалай түсінесіңдер?
Сергіту сәті.
Тапсырма. Сабақ тақырыбына сәйкес оқушылардың білімдерін тереңдете түсу үшін балаларға тапсырма беріледі. Мұнда суреттерге қарап, адам қабілетінің мүмкіндіктері жайында айтып беру тапсырмаларды. Суреттерде сырқат адамға жәрдем көрсетіп тұрған дәрігер, ұшақты жүргізгелі тұрған ұшқыш, білім ізденіп, кітап оқып отырған бала, өнерге талпынып, скрипка тартып тұрған бала, зәулім үй салып жатқан биік кран жүргізушісі, компьютерді меңгеріп, жұмыс жасап отырған бала бейнеленген. Оқушылар мұғалімнің жетекші сұрақтар қоюы арқылы адамның қолынан көп нәрсе келетінін айтады.
Дәйексөз «Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар қалан». Абай Құнанбаев
Мұғалім оқушылардан дәйексөздің мағынасын қалай түсінетіндерін сұрайды. Балалар жауабын тыңдап, қорытынды жасайды.
Тыныштық сәті.
Ұшқыш, дәрігер, құрылысшы, ұстаз. т. т мамандықтар туралы әңгімелеу
Дәптермен жұмыс. Мұғалім оқушыларға дәптерде берілген суреттер бойынша кімге қандай жақсылық жасайтыны туралы әңгімелеп айтып беруді тапсырады.
Қорытындылау. Жүректен жүрекке. Мұғалім сабақты аяқтау үшін балаларды шеңберге шақырады. Балалар шеңберде мұғаліммен қол ұстасып, ән айтады. Біз өнерпаз баламыз. 


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

«Демалыс бағының адам денсаулығын жақсартудағы және жергілікті жердегі табиғи процестерге әсері »

Научный проект ученицы 11 класс СОШ им.Т.Жарокова Жанибекского района ЗКО Коныровой Айман.Руководитель проекта-учитель биологии Закарина Гулия Сансызбаевна.Ссылка для закачки  -  http://depo...

Адал достық

Өзін өзі тану пәнінен өткен ашық сабақ...

Между раем и адом

Статья расказывает о фигуре милостивого блудника на иконе "Страшный суд"...

Адам эволюциясының негізгі кезеңдері

Это интегрированный урок, который я провела в рамках районного семинара. На уроке я интегрировала историю древнего мира, казахскую литературу и биологию....

Жақсы адам тәрбиелегіңіз келсе...

Бала тәрбиесінің тізгінін жасынан бастап қолдан шығармау керек. Өйткені баланың мінез-құлқына, талғам талабына, ой-сезіміне, өзін қоршаған ортаға көзқарасына, жолдас-жора, қатар құрбыларымен қатынасын...

«Адам- табиғат пен жер-ана перзенті»

Оқушылардың қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту, шығармашылық қабілеттерін, жақсылық жасай біл...

Презентация к уроку по рассказу Д.Рубиной "Адам и Мирьям"

Презентация сопровождает учебный материал урока по теме войны. Раскрывается на творчествеДины Ильиничны Рубиной, в частности на рассказе "Адам и Мирьям"...