Жақсы адам тәрбиелегіңіз келсе...
учебно-методический материал по теме

Аяпова Жумагул Исагаликызы

Бала тәрбиесінің тізгінін жасынан бастап қолдан шығармау керек. Өйткені баланың мінез-құлқына, талғам талабына, ой-сезіміне, өзін қоршаған ортаға көзқарасына, жолдас-жора, қатар құрбыларымен қатынасына, тұрмыстық жайттарды бағалап, түсіне білу дәрежесіне, күн сайын мысқалдап, қосылып жатқан ащы-тұщы тамшылар көзге көрінбей құралып келіп, оның болашақ адамгершілігімен ақыл парасатының бүкіл жан- дүниесінің қалыптасу дәрежесін белгілейді. Ұядан ұшқан балаларымыздың бақытты адам болғаны ата ана үшін қандай ғанибет.

Скачать:

ВложениеРазмер
Microsoft Office document icon balany_adamgershilik1.doc23.5 КБ

Предварительный просмотр:

Жақсы адам тәрбиелегіңіз келсе...

Баланы адамгершілікке тәрбиелеуде оның отбасы маңызды орын алады. Бала дүниеге келген күннен бастап, отбасы оның тәрбиесі мен денсаулығына жауапты. Қоршаған орта туралы бірінші білім беретін, осы әлемге енгізіп, оны жетектейтін, түсініктер мен дағдыларды қалыптастырып, өмірдің қиындықтарынан қорғайтын әрине оның отбасы.

Кәмелетке толмаған баланың құқық бұзушылығы – оның ең жағымсыз жағдайларда өмір сүруінің белгісі. Ол баланы қандай болашақ күтіп түр?!

Социологтар мен психологтар бірнеше құқық бұзған балаларды, олардың мекен- жайын, олардың өмір сүру ортасын, отбасын зерттеген, он жыл өткен соң, 25 жасқа келген сол балаларды қайтадан бақылап, тексерген. Сонда анықталғаны: сол балалардың көбісі түрмеден табылған. Кейбіреулері белгісіз жағдайларда өмірден өткен. Балалардың мінездемелері нашар болған сайын, олардың алдағы өмірі қауіптене түседі.

Кейбір атааналардың ойынша, баланың тәрбиесімен мектеп айналысуы керек деп түсінеді. Ата-aнамен мектеп әркез бір -бірімен байланыста болуы керек. Мектептің басты мақсаты – баланы дамыту, оқыту, ал ата-ананың міндеті - баланы адамгершілікке тәрбиелеу.

15-16 жастағы балалардың топ құрып, «компания» болып жүретіні ересектерге үлкен мәселе болып отыр, осы мәселені психологиялық тұрғыдан қарасақ, неге топтар осы жаста құрылады? Неге оның көбісі ер балалар?

Баланың өмірінде жеткіншек, 15-16 жас, ең қиын жас. Бұл жаста баланың психологиясында, физиологиясында үлкен өзгерістер болады. Осы өтпелі кезеңде ата- ана балаға түсіністікпен қарап, өзінің құрдасындай сырласып, жеке өмірінде не болып жатқанын білгені дұрыс. Көбінесе, 10-12 жаста балалар мен ата- ана арасында түсініспеушілік болады. Егер уақытында шешімі табылмаса, ары қарай осы байланыс өзгереді.

Қыз бала да, ер бала да анасына жақын болады. Ғалымдардың  12-13  жастағы балалармен жүргізген сауалнамасында ер балалардың  100% әкені, отбасының беделді мүшесі деп санайды, ал аналарын қандай жағдайда да қолдау табуға болатын, қиын кездерде көмек алуға болатын отбасындағы  ең сенімді жан деп бағалаған.

Балалар есейген сайын, организм жетілген сайын балаға әсер ететін көп өзгерістер болады, Осындай кезде қыз балалар анасыменен сырласып, ойларын бөлісіп, жақсы қарым-қатынас жасап, көптеген нашар ойлардан психикасы аман қалады. Ал ер балалардың бұл кезде әкесімен қарым-қатынасы үй шаруасымен ғана шектелініп, ойындағысын әкесінен сескеніп айта алмайды. Ер жетіп қалған ер бала анасына да бұрыңғыдай көп нәрсені айта алмауы мүмкін. Анасы да жігіт болды ғой деп, қыз баласымен сырласқандай сырласа алмайды. Ер бала осылай ата-ана назарынан тыс қала бастайды. Мұндайға дайын болмаған, назардан тыс қалған жас өспірім ой бөлісу үшін өзі сияқты адамдарды іздейді және осы жаста олар жаңа әсерлерге еліктеп, адам таңдамай, көп адаммен қатынасуға үйір болады.

Сөйтіп олар, «Үлкендер бізді жұмсау кезінде ғана іздейді, ал біз доспыз, бір-бірімізді түсінеміз» деп топтаса бастайды. Олардың ойынша, «топта көңілді  болады, бірге жүреміз, бізге ешкім тиісе алмайды» деп ойлайды. Сонымен назарсыз қалған жасөспірім ата- анасынан жырақта, мектепте қоғамдық жұмысқа араласпай, жеке қызығушылықтарын дамытпай, осындай топтарға үйір болып, айналасына өзін агрессиясымен, ауытқыған мінез-құлқымен көріне бастайды. Бақылаудан тыс қалып, бала бетімен кетсе, білгенін істейді. Көшеге шығып, бұзақылық жасауға жақын тұратын болады. «Әкені көріп ұл өсер» дегендей, отбасында ер бала тәрбиесіне әке жақын болуы керек.

Құрметті ата-ана халқымыз: «Аурырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде» дегендей балаларымызға жақын болып, оларменен ой бөлісіп, әңгімелесіп, олардың басқа жаққа бұрылып кетуіне жол бермеу керек.

Әр ата-ана баласының бар мінезіне зер салып, абай болғаны мақұл, оның жолдас-жораларын, кімдермен қандай қатынаста екенін білуі қажет және оның сезімдерін таразылай да, бағалай да білуі керек. Өйткені, сіздің көз алдыңызда жаңа адам, оның ішкі жан-дүниесі, асыл сезімдері қалыптаспақ.

Адамгершілік-рухани тәрбие берудің қағидалары:

  • Балаға жүрегіңді сыйла;
  • Өзіңнің бала болғаныңды ұмытпа;
  • Өз тәрбиесіне өз еркімен қатысуына жағдай жаса;
  • Балаға қарым-қатнасыңмен қуаныш сыйла;
  • Ата-ананың сөзі мен ісі шынайы болсын, жасанды болмасын;
  • Бала сенімін сақтай біл;
  • Балаға сыйлы болғың келсе, баланы өзің сыйлай біл;
  • Баланың жан-дүниесімен санас;
  • Баланың кемшілігін көп алдында бетіне баспа, сеніп айтқан сырын шашпа;
  • Балаңның ерекшелігін, жан-дүниесін ұға біл;
  • Балаңның жетістігін үнемі көрсете біл.

Сонда:

  • Егер баламен достық қарым-қатынас жасасаң, ол адамгершілікке үйренеді;
  • Егер баланы қолдай білсең, ол ата-анасын сыйлауды, бағалауды үйренеді;
  • Егер бала адалдықта өмір сүрсе, ол әділ, шыншыл болады;
  • Егер бала қауіпсіздікте өмір сүрсе, ол адамдарға сене біледі;
  • Егер баланы мақтаса, дұрысын дұрыс деп тапсаң, ата-анасын құрметтейді;
  • Егер баланы мазақ етсең, ол тұйық болады;
  • Егер баланы сынап отырсаң, ол жек көруге үйренеді;
  • Егер балаға қысым жасасаң, қатыгез болады.

Олай болса, бала тәрбиесінің тізгінін жасынан бастап қолдан шығармау керек. Өйткені баланың мінез-құлқына, талғам талабына, ой-сезіміне, өзін қоршаған ортаға көзқарасына, жолдас-жора, қатар құрбыларымен қатынасына, тұрмыстық жайттарды бағалап, түсіне білу дәрежесіне, күн сайын мысқалдап, қосылып жатқан ащы-тұщы тамшылар көзге көрінбей құралып келіп, оның болашақ адамгершілігімен ақыл парасатының бүкіл жан- дүниесінің қалыптасу дәрежесін белгілейді. Ұядан ұшқан  балаларымыздың  бақытты адам болғаны ата ана үшін қандай ғанибет.

Сіздердің ойларыңыз қандай, ата-ана?


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

«Демалыс бағының адам денсаулығын жақсартудағы және жергілікті жердегі табиғи процестерге әсері »

Научный проект ученицы 11 класс СОШ им.Т.Жарокова Жанибекского района ЗКО Коныровой Айман.Руководитель проекта-учитель биологии Закарина Гулия Сансызбаевна.Ссылка для закачки  -  http://depo...

Адал достық

Өзін өзі тану пәнінен өткен ашық сабақ...

Между раем и адом

Статья расказывает о фигуре милостивого блудника на иконе "Страшный суд"...

Адам эволюциясының негізгі кезеңдері

Это интегрированный урок, который я провела в рамках районного семинара. На уроке я интегрировала историю древнего мира, казахскую литературу и биологию....

Адам - ардақты ат

«Адамгершілік» ұғымының құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу....

«Адам- табиғат пен жер-ана перзенті»

Оқушылардың қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту, шығармашылық қабілеттерін, жақсылық жасай біл...

Презентация к уроку по рассказу Д.Рубиной "Адам и Мирьям"

Презентация сопровождает учебный материал урока по теме войны. Раскрывается на творчествеДины Ильиничны Рубиной, в частности на рассказе "Адам и Мирьям"...