"Арулар - асыл жандар"
классный час (10 класс) по теме
Предварительный просмотр:
Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы-техникалық колледжі
.
Саран – 2013 жыл
«Арулар сайысы»
Мақсаты: Қыздарды 8-наурыз мерекесімен құтықтап, сайыс барысында қыздардың жақсы қасиеттерін дамытып, әсемдік сезімге баулу.
Еламан: Армысыздар, ұстаздар, қыздар! Міне, жыл аралатып көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесі бұл.
Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды
Сен деп жаздым алғаш өлең-дастанды
Қуандым ба, өзің бар деп қуандым,
Жыладым ба, өзің жоқ деп жас тамды.
Бәрі де, ана бір өзіңнен басталды.
Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды
Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,
Жасқандым ба, тек өзіңнен жасқандым.
Әділет: Қош келдіңіздер, ұстаздар, біздің топтың қыздары! 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз. Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.
Еламан: Ана деген үш-ақ әріп тіршілік,
Тіршіліктен үлбірейді гүл шығып
Ана деген үш әріпті шырқап жүрем ән қылып
Адамзаттың жүрегінде сақталатын мәңгілік.
Әділет: Көктемнің алғашқы мейрамы 8- наурызды барша жұрт асыға күтеді. Білесің бе, Еламан 8- наурыз неге аналар мейрамы болып белгіленеді?
Еламан: Әрине, білемін 1908 ж. 8-наурызда өздерінің ауыр жағдайына төзе алмаған Нью- Йорктың еңбекші аналары демонстрацияға шыққан.
Міне, осы оқиғаны есте қалдыру үшін 1910 ж. Копенгагенде өткен аналардың 2- халықаралық конференциясы 8- наурызды әйелдер күні деп белгілеп, оны жыл сайын атап өту туралы шешім қабылданды.
Әділет:Жарайсын Еламан, ендеше бүгін біз тобымыздың ең сұлу, ашық жүзді, «КИ-9-12 тобының Аруын» таңдамақпыз. Сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
Еламан: Бастарыңа қонсын дәйім бақ құстары
Күн қуатын тілейміз ғашықтағы
Ұзақ ғұмыр , қуаныш, нұр сыйласын
Өмірдің тыншымайтын ағыстары - деп отырып, ақ мандай, ашық жүзді, аққу мойын, бота көз қыздарымызды салтанатпен ортаға шақырамыз.................. .
Әділет: Бүгінгі аруларымыздың әсемдігін , өнері мен инабаттылығын, жүріс-тұрысын адамгершілігін бағалайтын әділ-қазылар алқасымен танысайық.............
........................................................................................ .
Еламан: 1 – сайыс «Таныстыру»
«Жеті атасын білмеген жетесіз» дейді халқымыз, сол себепті де өздерін таныстыру сайыстың алғашқы шарты болып саналады.
Айдай сұлу аруларды өнерін.
Сәлемдесу рәсімінен көрейік...
Әділет:Құрметті қазылар алқасы өз бағаларыңызды беріңіздер.
Еламан: 2-сайыс «Өнерлі өрге жүзер»
«Шеберлердің қолы алтын» дейді қазақ. Сөзге де шебер, іске де ұста халқымыздың зор мәдениеті мен өнерін паш ететін құндылықтардың бірі –оның қолөнері. (Әң, би өлең, қара сөз оқу)
Әділет: Құрметті қазылар алқасы аруларымызды бағалауларығызды сұраймыз.
Еламан: 3- сайыс «Ас – адамның арқауы». Фантазия, эстетикалық жағынан бағаланады.
Әділет: Құрметті қазылар алқасы өз бағаларыңызды беріңіздер
Еламан: 4-сайыс «Қыздарға әсемдік жарасады»
Қыздарға әсемдік жарасады
Талғамы таң нұрымен таласады
Қыпша бел, сұңғақ бойлы қара көзге
Жан біткен тандай қағып қарасады
Әділет, енді біз соңғы сайысымызда қыздарымыздың күнделікті тұрмыста, салтанатты кештерде талғаммен киім кию үлгілерін тамашалайық. (Арулар киім үлгілерін көрсетеді)
Әділет: Қазылар алқасы өз бағаларыңызды беріңіздер.
Еламан: Арулар-асыл жандар,сағыныштар,
Өкініштер,құшақтар,жалыныштар.
Жек көрсе олар жүрегін мұз жасайды.
Жақсы көрсе балқытып жанына ұстар.
Арулар-аяулылар,ардақтылар.
Өмірдің жылуы боп қалмақ бұлар.
Арулар-тіршілікке күре тамыр.
Өмірді бір-бірімен жалғап тұрар.
Әділет: Келесі сөз қазылар алқасына беріледі.
Еламан: Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше
Осымен сайысымыз аяқталды.
Әділет: Қатысқандарыңызға көптен – көп рахмет! Келесі көктем мерекесіне аман жетейік, көріскенше күн жақсы болсын ағайын!
По теме: методические разработки, презентации и конспекты
Кешелекнең асыл затлары
Әдәбиятыбызның асыл затларының тормышы һәм иҗаты белән таныштыру...
Өнегелі сөз - асыл қазына поэзия сағаты
Нұрпейіс Байғаниннің ата қонысы, кіндік қаны тамған жері, азан шақырып Нұрпейіс атын қойған жер Сүлікті-Шілікті дейтін жер болса керек. Бұл Темір ауданының Шұбарқұдық мұнай өндіріс орнының және «Кеңес...
Награды педагога Лебедевой Асии Касымовны.
Представлены благодарности и благодарственные письма, грамоты и дипламы педагога за большой профессиональный труд в работе с детьми....
Награды учащихся студии "Юный художник" ГБОУ ЗДТДиМ, педагог Лебедева Асия Касымовна (Альбом 1)
Представлены награды учащихся студии "Юный художник", которые показывают их достижений в конкурсах и фестивалях разного уровня....
Награды учащихся студии "Юный художник" ГБОУ ЗДТДиМ, педагог Лебедева Асия Касымовна (Альбом 2)
Участие учащихся студии "Юный художник" в конкурсах и фестивалях разного уровня....
Награды учащихся студии "Юный художник" ГБОУ ЗДТДиМ, педагог Лебедева Асия Касымовна (Альбом 3)
Награды учащихся по разным конкурсам и фестивалям разного уровня....
Асыл якның асыл заты
Зәй төбәге татар дөньясына күп кенә атаклы шәхесләрне бирә. Бу исемлектә галимнәр, язучылар, шагыйрьләр, мәдәният һәм сәнгать эшлеклеләре, спорт осталары да бар. Алар Рабит Батулла...