Өнегелі сөз - асыл қазына поэзия сағаты
методическая разработка (5 класс) на тему

Шакибаева Гулсум Мухамбетовна

Нұрпейіс Байғаниннің ата қонысы, кіндік қаны тамған жері, азан шақырып Нұрпейіс атын қойған жер Сүлікті-Шілікті дейтін жер болса керек. Бұл Темір ауданының Шұбарқұдық мұнай өндіріс орнының және «Кеңес Туы» шаруашылығы орналасқан жердің төңірегі.

Скачать:

ВложениеРазмер
Файл nurpeyis_bayganin.docx16.3 КБ

Предварительный просмотр:

                                           № 1 орта мектеп

Өнегелі сөз - асыл қазына

                    поэзия сағаты

                                     Өткізген: Шакибаева Г.М.

                                         

                                          Ақтөбе – 2011

Тақырып: Өнегелі сөз - асыл қазына поэзия сағаты

 Нұрпейіс Байғаниннің ата қонысы, кіндік қаны тамған жері, азан шақырып Нұрпейіс атын қойған жер Сүлікті-Шілікті дейтін жер болса керек. Бұл Темір ауданының Шұбарқұдық мұнай өндіріс орнының және «Кеңес Туы» шаруашылығы орналасқан жердің төңірегі.

  Нұрпейіс өлең айтуға, домбыра тартуға жасынан-ақ құмар болды. Оның қозы соңында жүріп тартқан күйлері, айтқан өлеңдері ауыл арасында тарай  бастады, сөйтіп, 16-17 жасынан бастап-ақ «бала жыршы», кейін есейе келе «жаяу жыршы» атанып кетеді.

  Н. Байғанин негізінен батырлықты, адамгершілік пен адалдықты, әділдік пен ізгілікті дәріптейтін, халық сүйіп тыңдайтын «Құбығұл», «Төрехан», «Қобыланды», «Ер Тарғын», «Алпамыс», «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан» сияқты жыр, дастандарды жырлаған. Дайын сюжеттерді пайдалана отырып, халықтық, әлеуметтік мәселелерге арналған «Ақкенже», «Нарқыз» сияқты өз туындыларын шығарды.

  Нұрпейіс Жамбылдан 14 жас кіші; ол Жамбылды ақын ағам десе, Жамбыл батыр інім дейтін. Шынында Нұрпейістің өзі кесек денелі, тұлғалы, келбетті адам болатын, жас күнінде ақындығымен қатар  балуан болыпты. Оның үстіне Нұрпейіс батырлар  жырын көп біледі. Көп жырлайды. Осы жайларының бәрін білетін Жамбыл еркелетіп, оны «Батыр інім» деп атап кетті.

  1938 жылдан  бастап  Н. Байғанинге әдеби хатшы белгіленіп, ақын шығармаларын М. Хакімжанова,Қ. Шаңғытбаев, А.Ескердіров, тағы басқа ақындар ұқыпты түрде дер кезінде қағазға түсіріп отырды. Н. Байғаниннің өмірі мен шығармашылығы Е. Ысмайыловтың, О. Нұрмағамбетованың, К. Сейдехановтың зерттеулерінде қарастырылған.

  «Қобыланды батыр»  жырының  Нұрпейіс Байғанин жыраудың жырлаған  нұсқасы  осы жырдың ең көлемдісі болып табылады,  оның    көлемі    9300 жол.   Бұл жырды ақынның алғашқы  әдеби  хатшысы  А.Ескендіров  1940 жылы латын әріппен жазып алған.

  Соғыстың соңғы жылдарында Нұрпейіс Байғаниннің әдеби хатшысы ақын Қуандық Шаңғытбаев болды.

  Нұрекеңмен бірге өткен үш жылым маған адам танудың, адам сыйлаудың үш жылдық мектебі боп қалды. Жастай жетім өссем де, осы үш жылдың ішінде ақылгөй атаның, талғампаз ақынның, байтақ халқымның сол бір аяулы азаматының тәрбиесін көргенімді өз өмірдегі үлкен бақыттың бірі деп санаймын.                                                          

                                                                                   Қ.Шаңғытбаев

  1940 жылы Н. Байғанин «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды.

  ...Нұрпейістің  жаңадан қосылған, революциядан бұрынғы шығармалары ақынның 1945 жылғы Қазақстанның ХХV жылдығына арналып шыққан «Таңдамалы шығармаларының» текстісі бойынша алынды. Бұрын бұл шығармалардың ешқайсына түсініктер берілмеген, осы жинақта мүмкін болғанша барлық шығармаларына түсініктер берілді.

                                                                                    О.Ә.Нұрмағамбетова

  Кітапқа ұлы жыршы, эпик ақын Нұрпейіс Байғаниннің өшпес мұрасы, таңдамалы өлең, толғау, дастандары топтастырылып отыр. Ақын-жыраудың көзін көріп, жырларын тыңдаған қазақ әдебиеті классиктерінің естеліктері де тарихи дерекнама ретінде ұсынылды.

  Бұл кітап 2010 жылы еліміз 150 жылдық мерейтойын атап өтетін қазақ халқының ақыны Нұрпейіс Байғаниннің өмірі мен шығармашылық қызметіне арналған.

  Көптомдық “Ақтөбе кітапханасы” сериясының екінші томы эпик ақын, әйгілі жыршы Нұрпейіс Байғаниннің өлеңдері мен дастандары және ақынды көзімен көрген белгілі әдебиетшілер жазған естеліктер енген.1999 жылы Нұрпейіс Байғанинге арналған ескерткіш Ақтөбе қаласының Әбілқайыр даңғылында арнайы тұғырға қондырылды.  Ескерткішті орнату жобасын облыстың бас сәулетшісі, Қазақстан Сәулетшілер одағының мүшесі Б.С. Егінбаевтың басшылығымен «Ақтөбе азаматтық жобалау» институты жасады. Ескерткіштің авторы Грузияның белгілі суретші-монументалисі Гамлет Элиабарашвили.

  Нұрпейіс Байғаниннің келбеті бейнеленген кілем облыстық тарихи-өлкетану музейінде орын алған.

                                                                      Кілемді тоқыған Базаргүл Ысқақова

 Ақын туралы ойшылдар пікірі

  Нұрпейіс Байғанинді оқу,   игеру  арқылы  өткен  тарихыңды,  айтыс  пен  жыршылық  өнер  қырларын,  дәстүр   салты  мен  кісілік  орныңды, сөз  мәйегін,  тіліңнің  бедерін  бағамдауға  болады.

                                                                                       Жұбаназар  Асанов

  Табиғи  ажал  жеңгенімен, рухани ажалдың  әлі  жетпейтін, есімі  ел аузында ықылым  заман  қайталанып, барған   сайын разы  жұрттың  жүрегіне  жылы  ұшырай  беретін адамдар  болады.   Нұрпейіс  Байғанин дәл  осындай  адам еді.

                                                                                      Шаңғытбаев Қуандық

  Нұрекең   ізгі, кішіпейіл   ақын   еді. Өзі  сонша ірі  ақын-жырау  бола  тұра өзгенің  талантын  кішірейткісі, өзін зор  санап тәкаппарланғысы  келмейтін. Бұл – хас   талант    адамдарында  ғана кездесетін  қасиет.                                        

                                                                                                   Дихан  Әбілев  

Нұрпейіс ақынның нақылдары

Білімнен қымбат нәрсе жоқ

Көңілде жатса баспай тот.

Жақсы жолдас досын сақтар,

Жақсы басшы елін сақтар.

Өнерсіз іс оң болмас,

Өнерлі жігіт қор болмас.


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Кешелекнең асыл затлары

Әдәбиятыбызның асыл затларының тормышы  һәм иҗаты  белән таныштыру...

"Арулар - асыл жандар"

8 - Наурыз мерекесіне арналған тәрбие сағаты...

Награды педагога Лебедевой Асии Касымовны.

Представлены благодарности и благодарственные письма, грамоты и дипламы педагога за большой профессиональный труд в работе с детьми....

Награды учащихся студии "Юный художник" ГБОУ ЗДТДиМ, педагог Лебедева Асия Касымовна (Альбом 1)

Представлены награды учащихся студии "Юный художник", которые показывают их достижений в конкурсах и фестивалях разного уровня....

Награды учащихся студии "Юный художник" ГБОУ ЗДТДиМ, педагог Лебедева Асия Касымовна (Альбом 2)

Участие учащихся студии "Юный художник" в конкурсах и фестивалях разного уровня....

Награды учащихся студии "Юный художник" ГБОУ ЗДТДиМ, педагог Лебедева Асия Касымовна (Альбом 3)

Награды учащихся по разным конкурсам и фестивалям разного уровня....

Асыл якның асыл заты

Зәй төбәге татар дөньясына күп кенә атаклы шәхесләрне бирә. Бу исемлектә галимнәр, язучылар, шагыйрьләр, мәдәният һәм сәнгать эшлеклеләре, спорт осталары да бар. Алар Рабит Батулла...