Абайтану. 9 сынып
методическая разработка (9 класс) по теме

Сугирбекова Айман Избасаровна

      Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары, Абайды тану, бағалау, насихаттау, оқыту – қоғамдық ой-санада тың серпілістер туғызып, мақсаткерлікке жұмылдырады. Заман, уақыт талабына орай Абайды жаңа қырынан тану, ғылыми тұрғыдан тың байламдар жасалуы – заңдылық.

Скачать:


Предварительный просмотр:

Сүгірбекова А.І. taraz.aiman@mail.ru

                                          АБАЙТАНУ 9 СЫНЫП

                                        Тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

1

Кіріспе. Адамзаттың Абайы

1

«Абайды білмек парыз ойлы жасқа» /10 /

2

Абайдың өмірі

1

3

Абайдың рухани дүниетанымының өсу және қалыптасу кезеңдері

1

4

Ақынның халық даналығын тануы

1

5

Абай шығармаларындағы шығыстық сарындар

1

6

Абай және орыс әдебиеті

1

7

Абай және Пушкин

1

8

«Онегиннің өлердегі сөзі» өлеңі

1

9

Абай және батыс әдебиеті.  Дж. Байрон «Көңілім менің қараңғы»

1

10

А.Мицкевич «Тұтқындағы поляк жандаралының сөзі», И.В.Гете-М.Ю.Лермонтов «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңдері

1

11

Абай мұрасының орыс және өзге тілдерде танылуы

1

«М.Әуезов және абайтану мәселелері/4/

12

Абай мұрасын зерттеушілер және абайтану ғылымының қалыптасуы.  Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсыновтың ақын шығармалары жайында айтқан пікірлері

1

13

М.Дулатов, Ж.Аймауытов, және т.б. зерттеушілердің ақын шығармалары жайында айтқан пікірлері

1

14

М.Әуезовтің абайтануға қатысты зерттеу еңбектері

1

15

Ақын шығармаларының басылымдары

1

«Абай шығармаларындағы ғылым, білім тақырыбы» /10/

16

«Жасымда ғылым бар деп ескермедім»

1

17

«Интернатта оқып жүр» өлеңінің негігі тақырыбы

1

18

«Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде жастарға өсиеті

1

19

«Сегізінші» қарасөзі

1

20

«Он жетінші» қарасөзі

1

21

  «Жиырма бесінші» қарасөзі

1

Абай қарасөздеріндегі тәлім-тәрбие мәселесі

22

«Екінші»  қарасөзіндегі ақынның айтқан өсиетнамасы

1

23

«Оныншы» қарасөзіндегі бала тәрбиесі туралы ойы

1

24

«Он сегізінші» қарасөзіндегі киіну мәдениеті туралы көзқарасы

1

25

«Он тоғызыншы» қарасөзі

1

26

 «Отызыншы»  қарасөз

1

«Абай танымындағы ән мен күй» /4/

27

Абай әндерінің таралуы

1

28

«Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа», «Құлақтан кіріп бойды алар»

1

29

«Өзгеге, көңілім, тоярсың»

1

30

«Сегіз аяқ», өлеңдері

1

31

«Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, қалам  қас» әні

1

32

 «Ескендір» поэмасы

1

33

Дастандағы Ескендір мен Аристотель образдары

1

34

Қорытынды

1



Предварительный просмотр:

Сүгірбекова А.І. taraz.aiman@mail.ru

Мерзімі

 Пән

Сыныбы

Пән мұғалімі

Тексерген

1

Абайтану

9

Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Адамзаттың Абайы.

Сабақтың жалпы мақсаты: Пән туралы түсінік, мақсат-міндеттері. Абайтанудың өзектілігі. Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Абайдың 150 жылдық мерейтойында сөйлеген сөзі. Абайды оқыту, түсіндіру, жұртқа таныту жолындағы абайтану ғылымы мен қазақ мектебінің міндеті туралы ұғындыру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі:  эссе, топтастыру.

Сабақтың көрнекілігі:

1) Абай «Шығармаларының екі томдық толық жинағы» Алматы «Жазушы» 2005 ж;
2) М.О.Әуезов Абай Құнанбаев «Монография. Мақалалар, зерттеулер» Алматы «Санат» 1995 ж;
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі:  сауаттылық хаттар, лекция.

I. Қызығушылықты ояту сатысы:

1) Оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын тексеру.

2) Өткен тақырыпты еске түсіру.

II. Мағынаны ажырату сатысы. Жаңа сабақ

             Бүгінгі қазақ әдебиеті тарихында Абай мұрасына байланысты "Абайтану" деп аталатын пән саласы қалыптасып даму үстінде келе жатыр. "Абайтану" деп тікелей ұлы ақын мұрасын жан-жақты тереңдей зерттеу, оның барлық салалары бойынша ғылыми зерттеу жұмыстары негізінде болған ғылыми еңбектерден құралатын саланы айтамыз. Ол – қазақ әдебиеттану ғылымының, әдебиет тарихының үлкен бір саласы. Абайтану кемеңгер ақынның өмірі мен шығармашылық өнері, философиялық, қоғамдық, эстетикалық көзқарасы, қазақ поэзиясындағы өлең жүйесін, ақындық тілді дамытудағы үлесі, музыкалық мұрасы жайында сан-салалы зерттеу еңбектерді қамтиды.

           Абай мұрасын ғылыми-шығармашылық тұрғыдан зерттеп танып білу арқылы абайтанудың негізін қалап, дербес ғылым саласы дәрежесіне көтерген академик Мұхтар Әуезов болды. Сондай-ақ, кемеңгер ақын мұрасын зерттеушілердің қатары жыл өткен сайын толығып, жас буын жаңа толқын лектері де араласа бастады. Абайтанудың басы, алғашқы адымдары баспасөзде ресми түрде 1889 жылдан басталып, биыл 116 жылға толып отыр. Абайтанудың жаңа ғасыры – қазақ елінің төуелсіз заманы - ақын мүрасын тани түсуге де парасатты ықпалын тигізері күмәнсіз.

           Абайдың 150 жылдық мерейтойына байланысты өткізілген халықаралық ғылыми конференцияда белгілі абайтанушы М.Мырзахметұлы: "Біз Абайды ұлы дейміз, бірақ, ұлылығын дәлелдей алмай жүрміз",- деді. Осындай өте күрделі мәселелердің бірі – абайтану тарихында жинақталған дерек көздері мен ғылыми жұмыстарын, ғалымдардың зерттеу еңбектерін танып білу, ой қорыту.

          Абай мұрасының зерттелу тарихына көз жіберсек, баспасөзде ресми түрде 1889 жылдан бастальш, бүгінде қазақ ғылымының дәстүрлі, тамырын тереңге жайған үлкен саласына айналды. Ұлы ақын мұрасын танып білуге арналған ғылыми мақалалар, монографиялық зерттеулер, текстологиялық талдаулар, әр түрлі деректер саны жыл сайын молығып келеді. Абайтану ғылымының қалыптасып дамуына К.ЬІсқақұлы, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Н.Рамазанов, Т.Ибрагимов, М.Әуезов, Қ.Жұбанов, Ә.Жиреншин, С.Мұқанов, М.Сильченко, М.Қаратаев, Қ.Жұмалиев, Б.Кенжебаев, А.Нұрқатов, З.Ахметов, М.Базарбаев, Қ.Мұхаметқанов, Х.Сүйіншәлиев, З.Қабдолов, С.Қирабаев, Т.Кәкішев, Р.Нұрғали, Н.Ғабдуллин, М.Мырзахметұлы, Р.Сыздықова, С.Қасқабасов, Р.Бердібаев, Т.Әлімқұлов, Т.Қожакеев, Ә.Нарымбетов, Ш.Елеукеяов, А.Егеубай, Ж.Ысмағүлов, Т.Жұртбай, Қ.М.Жүсіпов, Ө.Күмісбаев, Д.Ысқақұлы, Б.Әбдіғазиев, М.Бейсенбаев, Б.Байғалиев, Ж.Шойынбет т.б. ғалым-зерттеушілер қомақты үлес қосты. Профессор М.Мырзахметұлы 1994 жылғы "Абайтану тарихы" атты еңбегінде абайтануға қатысты деректердің төрт мыңға таяп қалғандығы туралы мәлімет береді.

        Абайтану тарихының даму жолдары. Абайды танудың басы, алғашқы адымдары

          Абай мұрасының бірегей білгірі академик М.Әуезов: "Абайды танудың басы, алғашқы адымдары төңкерістен бұрын басталған", - дейді. Ақынның көзі тірісінде 1887 жылы екі өлеңі "Жаз" және "Болыс болдым, мінеки" өлеңдері "Дала уалаяты" газетінде жарияланды. Бұл өлеңдер Көкбай ақынның атынан шығады.

          Абай қайтыс болғаннан кейін оньщ әдеби мұрасын халықтық мұрасын халықтық тұрғыдан бағалап, қолдан келгенше аянбай әрекет еткен қалам қайраткерлері де болды. Бірақ бұлар ақын мұрасын әр түрлі дәрежеде таныса да, ол дәуірдегі әдеби сынның толыспаған жағдайына байланысты үлкен талап қоярльщ дәрежеге көтере алмады. Олар ақын мұрасын қазақ тілінде шығатын баспасөз арқылы насихаттауды Абай қайтыс болғаннан кейін-ақ, көп ұзамай қолға алды. Абай қайтыс болғаннан кейін Әлихан Бөкейханов "Абай (Ибраһим) Құнанбаев" деген тақырыппен "Семипалатинский листок" газетінде азанама жариялады.

         Төңкеріске дейіші дәуірде Абайдың өмірі мен әдеби мұрасын танытуда елеулі еңбек еткендердің ішінде Кәкітай Ысқақұлының орны бөлек. Абайдың немере інісі Көкітай Ысқақүлы мен өз үлы Түрағұл Абайұлы Абайдың өлеңдерін жинап, 1909 жылы Петербургтен жариялады. Кәкітай Абай өлеңдерін түгел қамти алмады. Ақын өлеңдерін түрлі тақырыптарға бөліп, жіктейді. Бірақ бұл сөздерге қарап, төңкерістен бұрын Абай жөнінде еш нәрсе жазылмады, айтылмады деуге болмайды. Абайтанудың басы, алғашқы адымдары төңкерістен бұрын насихатталып, тарала бастаған еді.

             Абайдың ақындық еңбектері үш түрлі жолмен жайылып тарағанын ескеру керек.

             Бірінші жолы – баспа арқылы тарауы; екіншісі – халық арасына ауызша жатталып, әнмен аралас тарауы; үшіншісі – қолжазба арқылы тарауы.          Және осылайша ақын шығармаларының оқушы, тындаушы жүртшылыққа мәлім болуымен бірге, Абайдың өмірі мен ортасын, еңбектерінің әр алуан сипатын, өз шамасынша, көпшілікке мәлімдеп отырған үлкенді - кішілі танытқыш сөздері, деректерді де еске алуымыз керек. Бұл сонғы айтылған жайлар, жоғарыдағы ескертуіміз бойынша, Абайдың төңкерістен бұрын қаншалық танылғанын анғартатын деректер болады.

             Қай ақынды болса да ең мол танытатын баспаға шығу болғандықтан, алдымен төңкерістен бұрын Абайды баспа жүзінде танытқан еңбекке тоқталайық. Бүл орайда қазақтың мәдениет тарихына, Абай мұрасына ерекше еңбек сіңірген, Абай өзі тәрбиелеп, баулыған жүртшылықтың көрнекті өкілі - Кәкітай Ысқақұлы еңбегін айрықша айту керек. Кәкітай Абай шығармаларының ең алғашқы таңдамалы жинағын тұңғыш рет Петербургтегі «Бороганский» баспаханасында 1909 жылы шығарды. Сол жинақтың аяғында Кәкітай жазған ақынның бірінші өмірбаяны беріледі. Шығармалар жинағына Кәкітай өзінше талдау жасап, «Ой туралы», «Өзі туралы», «Ел туралы», «Ғашықтық туралы» деген сияқты тақырыптарды бөліп шығарып, әр өлеңнің мазмұнына қарай мөлшермен жіктейді.

          Анығында, Абай өзі тірісінде шығармаларын бұлай топтаған жоқ еді. Ақынның тілегінен тыс түрде редактордың өзінше бөлшектеуі редакторлық-ғылымдық дұрыс деуге болмайды. Бұл – шартты түрдегі, біраз зорлықпен жасалған жіктеулер. Себебі, көбінше Абай өлеңдерінің ішкі мазмұндарына қарасақ, «Ой туралы» деген бөлімде өзі турасындағы сөздер жүреді. "Ақындық турасында» деген бөлімде көңіл-күйінің лирикасы да араласып жүреді.

          Сонымен, Көкітай жасаған жіктеулер дәлді емес. Бірақ, соған қарамай, төңкерістің алғашқы жылдарында Кәкітай Абайды қайта басып шығарған кейінгі редакторлар да сол қалпында қайталап берген. Әрине, бұл тұста Абайдың «Жаз» сияқты бірер өлеңі 1887 жылдарда «Дала уалаяты» газетінде басылғанын ескерту керек. Және сол жылдарда Абайдың көзі тірісінде, оның «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» деген бір өлеңін Жүсіпбек деген адамның көпе-көрнеу ұрлық жасап, «Қазан» баспасы арқылы, өзі шығарған бір жинақтың басына, сол баспаханаға жазған өз хаты есебінде бастырып жіберген еді. Баспахана иесі байға сәлем хат жазғанда:

Бізләргә ойын арзан, күлкі қымбат,

Нәрсе ғой екі түрлі сыр мен сымбат, -деп тұрып, Абайдың ұзақ көркем өлеңін түгелімен көпе-көрінеу, әдебиет ұрысы есебінде жазып жіберген. Өз сөзі етіп бастырып та шығарған.

           Қысқасы, төңкерістен бұрын Абайдьщ баспаға шығуы, әсіресе, жинақ боп шығуы, зор қадірлі тарихтық іс болғанымен, ойдағыдай шыға алмаған Әрине, Кәкітайдың бастыруы Абайдың көп өлеңін бүкіл Қазақстан өлкесіне таратуға себеп болғаны рас.Түгел шықпаса да, таңдалып, топталған өлендердің өзімен-ақ Абай Батыс Қазақстан, Сыр бойы, Алатау өлкесі, бүкіл Орталық Арқа қазақтарына түгел данқты, қадірлі ақын боп таныла бастады.

             Абайдың сол алғашқы жинағына кірмей қалған өлеңдері мен шығармалары жайына тоқталайық. Кәкітай Абай шығармаларынан қара сөздерді түгелімен алып қалған. Онан соң ақынның бас тіршілігі, аталық, достық, қайғы-шері сияқты жеке адамдарға арнап айтқан көп көркем жырлары басылмағаи Мысалы, Абайдың аса сүйікті баласы Әбдірахман ауырып жатқанда, кейін сол қаза болғанда шерленіп шығарған жырлары баспаға берілмей қалған Көкітай ол өлендерді Абайдың өзіндік, үй ішілік, сыры ғана деп оғат түсініп, көпке танытудан іркіліп қалған. Онан соң Абайдың ел жуандарының, атқамінерлерін талай бұзар, бұзық мінездеріне әдейі нақтылап, арнап айтқан сатиралық сөздерін баспаға бермегеи Сол қатарда: «Абыралыға», «Дүтбайға», «Күлембайға», «Қыздарға» тағы талай сын өлеңдері баспаға берілмей қалған Кейбір, «Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай» сияқты көпке мәлім атақты өлеңнің екі шумақ - сегіз жол өлеңі Кәкітай бастырған жинақта және шығарылып тасталған. Жалпы, бұл алуандас өлеңдерді Кәкітайдың баспага бермеу себебі белгілі. Сол Абай сынаған адамдардың өзі немесе бала, бауырлары баспаға шығарушы адамдарға өкпелейді, «арыздық ұстанады» деп жасқанып қалған. Осындай

себептердің салдарынан Абай шығармаларының жарымына жуығы Кәкітайдың бастыруында жарыққа шықпай қалды.

          Төңкерістің алғашқы жылдарында сол Көкітай шығарған жинақты енді жаңа емлемен Қазанда бір, Ташкентте бір бастырған редакторлар болды. Бұлар Кәкітайға ешбір жаңалық қоспаудың үстіне, мысалы, Ташкентте бастырушы редактор Абай еңбектеріне кей кезде надандық, топастықпен өрескел зорлықтар да жасаған. Абайдың тіл байлығын түгел түсінбей, ақын сөзінің кейбіреуіне өзінше түзету береді. Мысалы, Абай:

... Ер жігіт таңдап тауып еппен жүрсін,

Төбетке өлекшінің бәрі бір бас, - деген өлеңде «өлекші» сөзін түсінбей:

... Төбетке ұлы-кішінің бәрі бір бас, - деп өзгертеді.

         Төңкерістен бұрын және төңкерістің алғашқы жылдарында Абайдың халыққа тарауы, тек баспа жүзінде ғана болған жоқ дедік. Оның көп өлеңдері өнші-ақындардың, жас-кәрінің жаттауымен және оқушы жастардың жадына алып, айта жүруінен ауызша тарауы да көпке мәлім. Абайға оның тірісінде алыс болыстардан болмаса да барлық Семей облысының уездерінен көршілес Ақмола, Жетісу облыстарынан әдейілеп келіп, көп өлеңдерін жаттап алып, әнге салып, өз елдеріне жаңалық, үлгі-тәлім есебінде таратып жүрген көп өнерпаздар болған. Солардың бастылары – Көкшетаудан келген атақты Біржан немесе Әсет, Жаяу Мұса, Ғазиз, Естай, Шашубай сияқты талай талантты әнші- ақындар болды.

          Бұлардан басқа Абайдың өз ауылымен көршілес ауылдарда бала оқытушы кейбір молдалар еңбек етеді. Сол қатарда Қазаннан, әскерлік татар молдалары: Ғабитхан, Кішкене мола (Мұхамед-Кәрім), қазақтан шыққан Мүрсейіт, Самарбай, Ыбырай, Хасен, Дайырбай сияқты бала оқытушылар Абайдың өлеңдерін көп көшіріп, таратып отырады.

            Абай өзі барлық шығарған еңбектерін жинастырып, ұқыптылық етпеген Тек 1896 жылы Мағауия, Кәкітай, Көкбайлардың айтуы бойынша, осы жылдан бастап, барлық шығармаларын жинастырып, көшіріп алуға ұйғарады. Жаңағы моддалардың: Ғабитхан, Кішкене молда сияқты жасы үлкендері Абай өлеңдерін ертерек жинастырьш, көшіріп жүрсе, кейінгі Мүрсейіт бастаған көпшілік Абай шығармаларының жинақтарын сол жаңағы 1896 жылдан бері қарай көшіретін болды.

             Жалпы Абай мұраларын көшіріп, таратушылар арасында Мүрсейіт Бікейұлының еңбегін айрықша атап көрсету керек. Бұл адам Абай тәрбиесін, үлгісін дұрыс ұғынуы бойынша, ескі діншіл молдалыққа берілмей, Абайдың өзге достары сияқты, өздігімен ізденіп, орысша да оқыған. Жазуы аса анық, шебер болғандықтан және өзі Абай сөздерін оның халқына ұқыптылықпен көшіріп таратуды өмірлік мақсат-міндет етіп алады. Қазір Абайдың басылып жүрген таңдамалы өлеңдер жинағы немесе толық жинақтары болса, барлығында да біздің сүйенетініміз – сол Мүрсейіттің көшірмелері.

              Абай мұрасын зерттеуші, насихаттаушыларға профессор М.Мырзахметұлы: Ә.Бөкейханов, Зейнелғабиден, Кәкітай Ысқақұлы, Сұлтанмахмұт, Самат Әбішұлы сияқты төңкеріске дейінгі қазақ қауымының қоғамдық ой-санасының демократиялық-ағартушылық бағытындағы интеллигенттер тобын жатқызады.

           Абайдың қайтыс болуына он жыл толуы қарсаңында "Қазақ" газеті үн көтерді. Мәселен, осы газетте 1913 жылы Ахмет Байтұрсынов "Қазақтың бас ақыны" атты мақаласын жариялады. 1914 жылы Семейде қазақ әдебиеті тарихыда бірінші рет әдеби кеш өткізіліп, ол Абай рухына арналды. Сол 1914 жылы М.Дулатов "Абай" атты мақала жазды. Міне, осылай Абай таныла бастады.

                Абайтану ғылымының қалыптасуы мен даму тарихы

            Төңкерістен кейінгі жылдарда Абайды тану, әсіресе, соңғы кездерінде үдей бастады. 1920 жылдан бергі отыз жыл бойында Абайды тану ісі неше салада жыл санап үдеп, өркендеумен келеді. Ең алдымен, баспасөз жүзінде Абайдың шығармалары шығып және Абайдың өмірі мен шығармалары туралы жазылған мақалалар, Жеке кітаптар, үлкенді-кішілі зерттеулер аса көп боп молайғанын айту керек.

          Абайды тану, таныту тек қазақ тілінде ғана болмай, орыс тілінде де едәуір молайды. Және басқа туысқан елдердің көбінің тіліне де Абай шығармалары аударылып басылып, әр алуан зерттеулер шықты.

          Абай ақындығын дұрыс бағалаумен қатар 20-жылдары оны басқаша түсінуге тырысушылық та бой көрсетпей қойған жоқ. Алаш қозғалысын қазақ халқына қарсы қою саясаты кезінде Абайды ұлтшылдардьщ қатарына қосу сияқты қателіктер де орын алды. Ал, мәдени мүраны таптық-социологиялық тұрғыда сынға алған тұста ол байшыл, феодал ақыны ретінде бағаланды. Алғашқы көзқарас С.Мұқановтың «Қара тақтаға жазылып қалмаңдар, шешендер!» атты мақаласында көрінсе, кейін қазақ жерінде таптық тартыстың ұлғаюы, партиялық, пролетарлық әдебиет жасау саясатын үстануы бүл жіктеушілікті тіпті ұлғайтып жіберді.

            Ұлы ақын шығармаларын қаралау Абайды ұқыпты зерттеушілердің еңбегін тоқтата алған жоқ. Олар өз поэзиясын қорғай жүріп, ақын шығармаларын жинау, толықтыру, табылғанын біртіндеп жариялау жұмыстарымен шұғылданды. 1933 жылы басылған толық жинақ осылай туды. Жинақты дайындаған М.Әуезов еді. Ол жинаққа «Абайдың туысы мен өмірі» атты тұңғыш зерттеу еңбегін қосты. Мұнда ол Абайдың шыққан ортасы, тегі, айналасы, өз өміріне қатысты көптеген деректердің бетін ашты.

Абай шығармаларының толық жинағының шығуы ақын творчествосымен қазақ халқын кеңірек танысуына, ол жөніндегі қайшылықты пікірлерді дұрыс пайымдауға жол ашты....

           Абайдың өмірін, дәуірін зерттеп жүріп, кейде кемшілікті қате пікір айтып қалса да, негізінде абайтануға елеулі үлес қосқандар қатарында С.Мұқанов, М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайлов, Б.Кенжебаев, Б.Шалабаев сияқты тағы бірталай әдебиет тарихшылары мен жазушылары болды.

          Абайдың өмірі мен мұраларын толық ғылыми жолмен тануға себепші – оның толық жинағының баспаға шығуы. Және ақынның өмірбаянының толық жазылуы. Абайдың толық жинағы бірінші рет 1933 жылы М.Әуезовтің құрастыруымен, латын әрпімен басылып шыққан.

          Қазақ әдебиеттану ғылымының бастау негізіне айналған абайтану ғылымының қалыптасуына, абайтанудың дербес ғьшым саласына көтерілуіне академик М.Әуезовтің сіңірген еңбегі өлшеусіз. Ол осы ғылыми зерттеу саласының кең мағынасында негізін салды, зерттеудің бағыт-бағдарларын, принциптерін анықтады, абайтанудың жүйелі, біртұтас ғылыми концепциясын жасады.

          «Бұл тұста атап айтатын нәрсе, - дейді академик З.Ахметов: Мұхтар Әуезовті ойша жасанды концепция, қағида туғыза салуға бейім тұратын, кейбір жоқ жерден жаңалық ашуға ұмтылатын зерттеушілердің қатарына қоюға еш болмайды. Оның мәселені ұзақ жылдар бойы егжей-тегжейлі, жан-жақты да терең тексеріп алып, соның негізінде ғана үлкен қорытынды-байламдар айтуды дұрыс деп санайтынын осы абайтану саласындағы зерттеулерінен анық аңғарамыз» дейді.

          Абай мұрасының жиналуы мен зерттелуі туралы мәселеге М.Әуезов Қазан төңкерісінен кейінгі жылдардан бастап-ақ қызу араласа бастаған еді. Әрі М.Әуезовтің Абай өмір сүрген ортада туып, жастайьшан ақын шығармаларымен таныс болып өсуінің де белгілі дәрежеде мәні бар. Өйткені, ол сол дәуірдің ірілі-ұсақты оқиғаларын, ұлы ақын туралы ел арасындағы сан қилы әңгімелерді ой дүниесіне тоқи жүргендіктен, Абай өмірінде кездескен көп оқиғалардың сырын Абай мұрасын зерттеушілердің көбінен әддеқайда жетік білді. Бұл жағдай Абай мұрасын жинап зерттеудегі М.Әуезовтің орасан зор еңбегінің жемісті болып аяқталуына айтарлықтай септігін тигізді.

           Алғаш рет «Абай» журналында ақын мұрасы жайлы жазылған мақала, деректерімен көрінді. «Абай» журналы М.Әуезовтің қаламының ысылып, адымын ашқан басылым болып табылады. 1922 жылы «Шолпан» журналында жарияланған «Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі» деген нағыз зерттеушілік тұрғыдан жазылған мақаласында Абай мұрасы жайлы алғаш рет теориялық негізде батыл барлау жасады. «Осы дәуірдің өзінде-ақ шығармаларын жақсы түсінуші, ол мұра туралы мағлұматы молы да Мұхтар Әуезов деген қоғамдық пікір қалыптасқан да еді. Абайдың әдеби мұрасының сырын терең ғылыми тұрғыдан білу керек деген тұжырымды ойға да ол осы тұста келген сияқты. Өйткені 1922 жылы «Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі» деген елеулі пікір таласын тудырған көлемді мақаласын жазумен қатар, Абайдың өмірі туралы естеліктерді Абайға байланысты әр түрлі дерек көздерін жинастырып жүрген жас талап Мұхтарды көреміз» дейді белгілі абайтанушы ғалым М.Мырзахметұлы. Қоңыр деген бүркеншік атпен жарияланған бұл мақалада М.Әуезов Абайдың қазақ әдебиетіндегі орнын, негізгі бағытын көрсетеді.

             Бұл кезеңде Абайдың әдеби мүрасы туралы талас-тартыстың етек алуына байланысты Абай қай таптың ақыны, оны мұра ретінде қабылдау керек пе, әлде жоқ па деген сұрақтар туа бастады. Қоғамды тапқа бөлу, таза пролетариат мәдениетін жасауға ұмтылу – тұрпайы социологиялық танымды тудырды.

            30-жылдардағы ұлы ақынның әдеби мұрасы маңында болып өткен пікір таласында орын алған әралуан көзқарас тұрғысынан пікір айтқандардың ішінде Мұхтар Әуезов пен профессор Құдайберген Жұбановтың еңбектері айрықша орьш алады. Өйткені дәл осы жылдары Абайдың әдеби мұрасын бағалауда тұрпайы социологиялық, формалистік, компаративистік көзқарастар өріс алып отырғанда, осы қым-қуыт қайшы пікірлерден тыс ғылыми негізде жазылған еңбек М.Әуезовтің «Абай ақындығының айналасы» мен Қ.Жұбановтың «Абай қазақ әдебиетінің классигі» деп аталатын зерттеу мақалаларының жазылуы – абайтану саласындағы ой-пікірде соны құбылыс ретінде қабылданды.

             Абайдың 1909 жылғы тұңғыш өлеңдер жинағынан кейінгі осы күнге дейін жарияланып келген ақынның толық жинақтары мен академиялық басылымдары М.Әуезовтің жинап бастыруымен, тікелей араласуымен, басшылығымен шығарылып келеді. Әсіресе, ссы толық жинақтардың бәріне негіз болған әрі қазақ халқы өзінің ұлы ақыны Абай шығармаларымен түңғыш рет жете танысып білуіне мүмкіңдік алған 1933 жылғы тұңғыш жарияланған толық жинақ ақын мұрасын танып-білуде орасан маңызы бар мәдени құбылыс болғандығы ақиқат.

             «Мұхтар Әуезов 1924 жылы Ленинград университетінде оқып жүрген кезінде Семейдегі жаңа ұйымдастырылған қазақ педагогикалық техникумына қазақ әдебиетінен дәріс оқу үшін арнайы шақырумен келеді. Ол туған елге оралысымен-ақ ұстаздық, ғылыми-творчестволық, әлеуметтік жұмыстарға қызу араласып, бар ынта-жігерімен беріледі. Мұхтар Әуезов қазақ педагогикалық техникумында қазақ әдебиетінен дәріс бере жүріп, Абайдың түңғыш толық жинағын құрастыруға бар күшін жұмсады. Абайдың Мүрсейіт қолжазбаларында қамтылмаған, бірақ ел аузында сақталып қалған өлеңдерін хатқа түсіріп, қайта тірілтті. Дәл осы жылдары ұлы ақынның тұңғыш ғылыми өмірбаяны да жазыла бастады», - дейді М.Әуезов мұрасын зерттеуші ғалым-жазушы Т.Жұртбай.

             М.Әуезовтің ұзақ жылдар бойы жүргізген ізденіс үстінде туған ой-пікірлері түгелге жуық «Әр жылдар ойлары» деген атпен басылым көрген монографиялық еңбегінің желісіне сіңісіп отырған. Бұл еңбек автордың ұлы ақын мұрасына арналған жоғары оқу орындарында абайтанудың арнаулы курсынан оқылған дәрістері арқылы жинақталған ой-пікірлері мен танымдары болатын.

             Абайдың өмірі мен шығармашылығы жайында ұзақ жылдарға созылған ғылыми зерттеулерін түтас қорытындылай отырып жазған ғылыми монографиясы мен атақты «Абай жолы» роман-эпопеясын жазу ұлы қаламгердің ғылыми-творчестволық ізденіс үстінде тер төккен 30 жылдан астам уақытын алды. Жазушының өз мәлімдеуіне сүйенер болсақ, Абай жөнінде жазу ойы 19 жасында-ақ асқарлы арманға айналған. Ұлы ақын мұрасын 17 жылдай толассыз іздену, зерттеумен шұғылданып, 12 жыл бойында тікелей жазумен айналысқан. Абай мұрасы М.Әуезовтің бүкіл ғылыми-творчестволық ғұмырында шарқ ұрып іздену үстіндегі рухани дем берушісіне, таусылмас қуаттың қайнар бұлағына айналған.

           XX ғасырдың ұлы туындысы «Абай жолы» эпопеясын жазуға қадам басқан күннен-ақ Мұхтар Әуезовтің алдына Абайдың ғылыми өмірбаянын жазу, оған қажетті өдеби, тарихи деректер көзін іздестіріп, жаңадан табылған ауызша немесе архивтік мағлұматтарды талдап қорыту, бір ізге түсіру міндеті қойылды. Екінші жағынан, осы салада өзі танып-білген, ойда қорытқан өмір шындығын көркемдік шындыққа айналдырып, эпопея желісіне сіңіру сияқты аса күрделі шығармашылық мақсат та тұрады. Жазушының осы екі саладағы ғылыми-шығармашылық ізденістері бірін-бірі жақсы толықтырып отырды.

            Ұлы ақынның мұралары, ғылымдық дұрыс жол бойынша жазылған жылдармен, хронологиялық тәртіппен тізілді. Ақын шығармаларьш бұлайша топтау Абайдың ең алғаш бала шағында айта бастаған өлендерінен басталып, өмірінің соңғы жылдарындағы өлендерімен аяқталады. Бұлайша тізілгенде Абайдың ақындық еңбек жолы қалайша өсіп, дамығанын аңғаруға болады...

           Ақынның толық жинағы, кейін 1939-1940 жылдары екі том болып, тағы басылып шықты. Онан соң, әсіресе, толығырақ болып топталып, Ұлы ақынның жүз жылдық мерекесіне арналған толық жинақ түрінде 1945 жылы басылды. Бұл жинақтың кіріспе сөзін жазған С.Мұқанов болды.

          Ендігі атап өтетін тағы бір алуан, ғылым үшін бағалы еңбектер, таза ғылымдық зерттеулер. Абайдың ақындығы мен дәуіріне арналған нағыз ғылымдық, ойдағыдай толық мол монография жазылмады десек те, жалпы тексеру-зерттеулердің ұзын саны мол екенін айту керек.

           Бұл ретте Абайдың шығармаларын әр тақырыптарға бөліп, тексерулер жасаған диссертациялық жұмыстардың бірталай екенін еске алу керек.1948 жылы басылып шыққан профессор Қажым Жұмалиевтың «Абайға дейінгі қазақ поэзиясы» және «Абай поэзиясының тілі» деген еңбектерін айрықша атап өтуге болады.

            Абайдың ақындық мектебі туралы нақты ғылыми зерттеу нысанына алып, арнаулы зерттеулер жүргізіп, молырақ пікір айтқан ғалымдар Қ.Мұхаметханов пен Ә.Жиреншин болатын. Қ.Мұхаметхановтың 1951 жылы 7 сәуірде үлкен тартыспен қорғалған «Абайдың ақындық мектебі туралы» кандидаттық диссертациясы абайтану тарихында айтарлықтай мәні бар ғылыми еңбек ретінде бағаланды.

            Қазақ поэзиясының өлең құрылысын жан-жақты зерттеген академик З.Ахметов орыс тілінде жазылған іргелі ғылыми еңбегінің тұтас бір тарауын қазақ өлеңінің құрылысын дамытудағы Абайдың рөліне арнады. 1954 жылы шыққан «Абай и Лермонтов» деген еңбегінде орыстың аса көрнекті ақыны мен қазақ классигінің арасындағы шығармашьшық байланысты, рухани жақындықгы, Абайды Лермонтов алып барған жолдың зандылығын көз жеткізе ашып берген болатын.

            Алпысыншы жылдардың орта кезінде талантты әдебиетші-сыншы Айқын Нұрқатовтың «Абайдың ақындық дәстүрі» атты көлемді монографиясы дүниеге келді. Ал ақынның қарасөздерін сонау елуінші жылдардың бас кезінде қолға алып, зерттеген әдебиетші ғалым X. Сүйіншәлиев болды.

            Қазақ әдебиетінде абайтану ғылымына соңғы жарты ғасырдан аса кезеңде қосқан әдебиетшілердің үлесі әлдеқайда зор және әр алуан болды. Е.Ысмайылов, М.Қаратаев, Т.Нұртазин, Б.Шалабаев, Ы.Дүйсенбаев, Б.Кенжебаев, М.Базарбаев, З.Қабдолов, С.Қирабаев, З.Ахметов, Р.Бердібаев, М.Мырзахметұлы, Қ.Мұхаметханов, Т.Кәкішев, Р.Нұрғали, Т.Әлімқұлов, Х.Әдібаев, Н.Ғабдуллин, С.Қасқабасов, Ә.Нарымбетов, Ш.Елеукенов, А.Егеубай, Т.Қожакеев, т.б. ғалымдардың еңбектерін ерекше айтамыз. Бертін келе Қ.Мұхаметханұлы, З.Ахметов, М.Мырзахметұлы, Ж.Ысмағұлов, Б.Байғалиев, Қ.Салғарин және Төкен Ибрагимов сияқты абайтану саласында жұмыс істеп жүрген ғалымдар қосылды.

            Абай өміріне, оның өмір сүрген ортасына, айналасына байланысты деректерді толықтыра беру, шығармаларының текстологиясын зерттеуді жалғастыру, әсіресе, прозалық шығармаларын әртүрлі жолдармен қарау, Абай қолжазбаларын іздестіру, оны мазмұны, дүние танымы түрғысынан толығырақ зерттеу, Абай мектебі мен оның ақындық дәстүрі жайлы жаңа еңбектер жасау, Абай реализмі мен оның творчествосы нәр алған бастаулар жайында жаңа сөз айту, Абайдың саяси-қоғамдық, тарихи, философиялық көзқарасы, қазақ әдеби тілін ұстартудағы рөлін кең ашу – алдағы күннің жалғаса беретін міндеттері қатарына жатады. Абай жайлы жаңа ұрпақтың жаңаша сөзі керек.

            Абайтану ғылыми ұзақ жолдан өтті. Қазақ әдебиеттану ғылымыньщ үлкен бір саласы больш қалыптасты. Оның қол жеткен табыстарын бекіте отырып, дәуірдің жаңа міндеттеріне сәйкес дамыта беру, Абайды бүтінгі заманның игілігіне айналдыру – бәріміздің де абыройлы борышымыз.

Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Абайдың 150 жылдық мерейтойында сөйлеген сөзі.

                                  Абай сөзі — халықтың              бойтұмары

       Ұлы ақын, гуманист ойшыл А. Құнанбаевтың туғанына 150 жыл толуына орай Семей өңірінде дүбірлеп өткен тойға Нұрсүұлтан Назарбаев қатысты. Республикамыздың шартарабынан, алыс та жақын елдерден жиналған дүйім жүрт алдында ол бірнеше мәрте сөз сөйледі. Сондай бір жүрек тереңінен шыққан лебізін Президентіміз Абай және Шәкәрім кесенелері бой көтерген Жидебай қорығында білдірді. C:\Users\Алуа\Pictures\img453.jpg

        Ұлы Атаға арнаған бұл сөзін Елбасы ерекше бір тебіреніс үстінде толғана тұрып сабақтады. Жөні де солай еді. Өйткені, мұнда еліміздің ең мүбәрак перзенті, данагөй үұстазы Абай жатыр ғой. Ақын ағасынын қолындағы қаламды жерге түсірмей қағып ап, асыл жырдың керуенін алға бастап әкеткен кемел ойшыл Шәкәрім жатыр ғой. Ұлттық ой-санамыздың екі бәйтерегін мәпелеп өсіріп, мәуелетіп жетілдірген әулеттің ең аяулы адамдары жатыр ғой.

           Біз бүгін ақынға тағзым жасап, аруаққа табына келдік, деді Президент. Демек, алдына айқын жөн сілтеп, артына адастырмас жол тастап кеткен рухани пірімізді марапаттап мадақтау үшін емес, оның көрсетіп кеткен өнегесі мен айтып кеткен өсиетін қайткенде ойдағыдай жүзеге асыра алатындығымыз жайында қабырғалы қауым боп ақылдасуға келдік.

          Әділет бар жерде ғана теңдік болатынын, бірақ теңдік дегенде шүлен үлестіру емес, әркімнің еңбегі мен ыждағатына, білімімен талантына лайық алар ырзық несібесі екенін Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін байыптап оқыған адам айқын аңғарар. Абай адамдар мен халықтар арасындағы татулықты дәріптеді. Тек татулық бар жерде ғана әділет болмақшы, тек әділет бар жерде ғана адал мен білікті, ынталы мен іскер өз мүддесіне жете алмақшы. Сондықтан да Абай адамзатты әділетке шақырып, өз қандастарын өзгелермен қатар тұра алатындай өнер-білімге, еңбексүйгіштік пен ыждағатқа үндеді.

            Оның бұл өсиетін шын жүрегімен түсінген ізбасарларын таптық әумесерлердің орағы тым балауса кезінде орып жіберді. Олардан жаңа үрпақ ұзақ уақыт бейхабар келді. Казақтың рухани әлемінде Абай ұзақ уақыт жалғыз қалды. Тарих пен тағдырдың мұнысына да шүкірлік. Абай мұраларымен сусындаған қазақ қауымының қоғамдық санасы таптық идеология қаншама тосқауыл қойғанымен әлемдік әлеуметтік ойдың озық үрдістерінен бәрібір қол үзіп қалған жоқ. Рухани кіріптарлық пен идеялық басыбайлылыққа деген іштей наразылық ешқашан біржолата ешіп қалып көрген емес. Іштей шыңдалу ешқашан тоқтап қалып көрген емес. Соның арқасында ғана тарихтың ұтырлы сәтін зая жібермей, ұтымды пайдалана алдық деп ойлаймыз.

           Сөзін одан әрі жалғастыра келіп, Елбасы былай деді: рухани қайта түлеуіміз де Абай төңірегін қайта тірілтіп, Абай мектебін қайтадан қалпына келтіруден басталды. Шәкәрім, — ең алғаш ақталған қайраткеріміз болды. Сосын бір кезде Абай рухынан от алып түтеген         Сұлтанмахмұт, Мағжан, Жүсіпбек, Ахмет, Міржақып, Әлихан, Шәңгерей, Бернияз, Халел, Ғұмарлар ұлттық-әлеуметтік ойымыздағы өз орындарын иеленді.

          Азат мемлекетіміздің алгаш қолға алған шаруасы Абайды туған аймақтың төбесіне тажал боп тенген қырып-жойғыш қарулардың сынақ полигонын жабудан басталды. Бейбіт күнде тірі пенде түгілі көрдегі аруақтың сүйегін сылдыратып, қаннен-қаперсіз халқымыздың сағын біржолата сындырып жіберуге айналған үрей аймағы енді тарихымыз бен табиғатымызды сауықтыру аймағына айналып отыр.

         Бүгін, міне, ақыл-ойдың асқарларға ұмтылып, биіктерге талпынар ғарыш жайындай ақ шаңқан ғимаратты тамашалап тұрмыз. Байтақ еліміздің батысы мен шығысы, күнгейі мен теріскейі түгел ат салысқан бұл мерейхана қоғамымыздағы ұлтаралық татулық пен ұлттық тұтастықтың, абзал мақсаттар жолында айырмаға қарамай білек те қосыса алатын, тілек те қосыса алатын рухани бірліктің айқын айғағы. Абай жырлап өткен «Әке баласы болмай, адам баласы бола алатын» адами татулықтың ойдағыдай жүзеге асып жатқандығының үздік үлгісі. Ұлы ұстазымыздың ол қағидасын табандылықпен жүзеге асыра алсақ, тек өз елімізде ғана емес, өзге елдермен де, іргелес көршілерімізбен де, алыс-жақын          ықпалдастарымыздың бәрімен де жақсы қалыптасып келе жатқан достық, татулық, екі жаққа бірдей тиімді іскерлік қатынастардың да қаймағын бұзбай нығайта түсеміз.

          Абай өсиетіне адалдық, Президентіміздің пайымдауынша, біздің қай ісімізді де өрге бастырады. Егер ұлы ұстазымыз айтқандай, талаптың мініп тұлпарын, тас қияға өрлей білсек, «Ондай болмақ қайда» деп, өзгенің өнегесінен қаралай қашпай, ғылым сүйсек, «басқалармен қатар тұруға» үйренсек, «Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ», «бес дұшпаннан» қашық боп, «талап, еңбек, терең ой, қанағат рахым» «бес асыл іске» асық бола алсақ, өзгені жазғырудың орнына өзімізді өзіміз жазғырып, өзгеге шамданудың орнына өзімізді өзіміз шыңдай білсек, әрқайсымыздың күнкөрісімізде, еліміздің экономикасы да тезірек түзелер еді.

Қазіргідей заманда Абай жырларына айына емес, аптасына емес, күніне бір рет үңіліп қоймай болмайды. Сонда жан қинап жүрген қай күмәннің де бәріне жауап таба аласың. Қысқасы, жан-жақтан: «бұл қалай?», «анау неліктен?», «мынау неге?» деп жауып жататын көп сауалға жауап беретін ақыл жоқтықтан емес, соны ұғар құлақ, орындар ынта жетіспеуден қырсық көбейіп жатыр. Сол баяғы «ұятсыз, арсыз салтынан қалғып кетер артынан күлкішіл кердең надандықтан» арыла алмағандықтан көп іс мандымай жа-тыр. Әркім өзін өзі түзеудің орнына өзгелерді неге түземейсің деп өкіметті жазғырады. «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос. Малыңды жауга, басыңды дауга қор қылма, қорға, татулас, өтірік, ұрлық, үкімет зорлық құрысын, көзің ашылмас. Ұятын, арың оянсын, бұл сөзімді ойлансын», — деген бабамыздың баяғы зарына әлі мән бермей келеміз.

             Әйтпесе, Қазақстанда жағдайды тездетіп түзеп алу қиын емес. Рас, өндірісті қалыптасқан үрдіспен жөнге қоя алмайсың. Олай етуге бүрынғы жабдықтау жүйесі бүрынғы экономикалық байланыспен бірге күйреген. Бұрынғы шығарған өнімдерінді бұрынғыша өткізе алмайсың. Жаңаша құру үшін табиғи байлықтарымыздың бір бөлігін сыртқа сатып жаңа технология мен жаңа инвестиция табуға, бірлескен кәсіпорыңдар ашып, сырттыңтехнологиясы мен қаржысын ішке тартуға мәжбүрміз. Бірақ, мұнда да әзір көзжұмбайлық көп. Біреулер алданып қалады. Біреулер өз қамын көбірек ойлайды. Біреулер сол баяғы бармақ басты, көз қыстылығына ұрынады.

             Экономикалық талан-таражға тоқтам табылып болған жоқ. Күшпен түзеу онсызда оңбай жатқан істерді одан сайын бүлдіруі мүмкін. Заңмен түзейін десең, сол баяғы кертартпа кердеңдік қолды байлайды. Біреулер тәуелсіздік кешегіні қойып, баяғыға оралтады деп ойлайды. Біреулер жағдай түзелмесе, кешегіні қайта оралтуға оңайлана түседі деген есек дәмемен жүр. Жұрт үстінен мал табатындарға қазіргі әрі де емес, бәрі де емес әрі-сәрі ахуал ұнайды. Біреулер жаңаның өзін ескіше істейтін ұрдажықтыққа басады. Ал біреулер демократияның езін догмаға айналдырып, қалыптасып отырған жағдайдың қиындықтары мен қаупін жеткілікті дәрежеде ескергісі келмейді. Осының бәрі баршаның бөрі бірдей ұғып, бірдей қолдай бермейтін соны өрекеттер іздестіруге итермелейді. Өйткені, қазір де, ақын айтқандай, нағыз «Ақыл керек, іс керек, мінез керек» кез.

             Қайткенде де жағлайды бұл қалпында қалдыруға болмайды. Көктемгі бүкілхалықтық        референдум нәтижесінен туатын негізгі қорытындыны өз басым осылай түсіндім, деп ойын бір түйді Президент. Сондықтан да қоғамымыз бір рет айдай әлем алдында өз еркімен таңдап алған демократиялық даму бағытынан ауытқымайтын, бірақ әлеуметтік-экономикалық реформаның қазіргідей өтпелі кезеңінің кездеспей қоймайтын қиындықтарын мүқият ескеріп, билік жүйесін қайта қарап, әлеуметтік әділет пен тәртіпті нығайтып, әркімнің өз мүддесін өзі жүзеге асырып, өзін қорғай білуіне жағдай жасайтын жаңа Конституция жобасын көпшілік талқылауына ұсындым. Айтылатын пікірлер мен ұсыныстар, сындар мен ескертпелер тиісінше сарапқа салынып, сұрыпталып, түбегейлі нүсқадан өз орнын тапты.

Халқымның маған, менің халқыма артып отырған сенімім зор. Екі ортадағы мұндай ықпалдастық жалпы саяси ахуалымызға да оң ықпал ететінін өмір көрсетіп отыр. Тегеурінді мемлекеттік жүйелеусіз қазіргі тығырықтан шығудың қиын екенін баршамыз да ұғып отырмыз. Бірақ, қалыптасқан қиындықты біржақты пайдаланып, басты бағыттан — реформа мен демократиялық дамудан шегінуге болмайтынын да тап сондай ұққанымыз жөн.

            Бүгінгідей төрт көзіміз түгел жиылып түрған ұлыстың ұлы күнінде,  алыстан меймандарымыз бен достарымыздың алдында, жаңалық пен жақсылыққа, әділдік пен ізгілікке піақырып өткен үлы Абайдың киелі мерейханасы — рухани қағбамыз алдында: баршамыздың игілігіміз бен бақытымыз жолында, ұлы ұстазым өсиет еткеңдей, ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрекпен қызмет етуге серт беремін, деп мәлімдеді Елбасы.

           Жүрекжарды         сөзін тәмамдай келе Президент барша отандастарымызды, егеменді Қазақстанның, тәуелсіз Қазақ Республикасының барлық азаматтарын елімізде қоян-қолтық еңбек етіп, өмір сүріп жатқан барлық халық өкілдерін өтпелі кезеңде басымызға уақытша түсіп түрған қиындықтарға, ұлы ақын айтқандай, ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрекпен —  биік адамгершілікпен, мол төзіммен, зор сеніммен қарап, өзара түсіністік пен ыждаһатты ізденістерді одан әрі өрістете беруге шақырды.

           Жидебайдағы салтанаттың тағы бір айшықты керінісі мерейхананың Зерде кітабына алғашқы қолтаңба қалдыру рәсімі болды. Ол мына жазу еді:

«Абайдың сөзі — қазақтың бойтұмары.

Абайдың мұрасы — қазақтың ең қасиетті қазынасы.

           Заманалар ауысып, дүние дидары өзгерсе де халқымыздың Абайға көңілі айнымайды, қайта уақыт өткен сайын оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түседі. Абай өзінің туған халқымен мәңгі-бақи бірге жасайды, ғасырлар бойы қалың елін, қазағын жаңа биіктерге, асқар асуларға шақыра береді.

          Абайдай данышпан перзентті дүниеге әкелген қазақ халқы ата-бабаларының арманы болып келген ел тәуелсіздігін көзінің қарашығындай сақтайтынына, қорғайтынына сенемін. Ылайым, халқымыз Абай армандаған өмірге жетсін деп тілеймін».

          Бұл сөздердің астына қазақ елінің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев деп қол қойды.

III. Ойтолғаныс сатысы

  • Ақын өмірі мен шығармашылығын талдау.

  • Өмірінен түсінгендерін «БҮҮ» кестесіне толтыру.

Білетінім

Үйренгенім

Үйренетінім

Сабақты қорыту. Абай туралы эссе жазу

1.Абайдың мұражайы қай жерде? (Жидебайда)

2.Абайдың алғашқы өлеңдер жинағы қай жылы, қай жерде басылып шықты? (1909ж. Петербург)

3.Абайдың қоңыраулы балуан атанған атасы. (Ырғызбай)

4.Абай ең алғаш дәріс алған татар молдасы.(Ғабитхан)

5.Абайдың жеті атасын атаңыз. (Құнанбай - Өскенбай – Ырғызбай – Айдос – Томан – Тобықты – Арғын)

6.Абайдың үш поэмасы. «Масғұт», «Ескендір», «Әзім әңгімесі».

7.Абайдың атақты ертекшісі. (Баймағанбет)

Оқушылар білімін бағалау.

Үй тапсырмасы: Абай шығармашылығын оқып келу.



Предварительный просмотр:

Сүгірбекова А.І. taraz.aiman@mail.ru

Мерзімі

 Пән

Сыныбы

Пән мұғалімі

Тексерген

16

Абайтану

9

Сабақтың тақырыбы: «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңі

Сабақтың жалпы мақсаты: «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңінің басты идеясы – жастарды ғылым, білімге үндеу, халықтың болашағы үшін ғылым-білімнің маңызын, мақсат-міндетін айқындауы, ғылым, білімді уағыздаған ағартушы ақынның ақылды, білімді адамды аса жоғары бағалауы туралы білім беру.                                                                                                        

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі:  сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі:

  1. Тұрсын Жұртбай «Құнанбай / Тарихи және әдеби тұлға/» Алматы «Алаш» 2004 ж
  2. М.О.Әуезов «Абайтанудан жарияланбаған материалдар» Алматы «Ғылым» 1988 ж;
  3. Электрондық оқулық
  4. Бейнефильм: «Шежірелі Шыңғыстау»

I. Қызығушылықты ояту сатысы:

1) Оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын тексеру.

2) Өткен тақырыпты еске түсіру.

3) Абайға топтастыру.

II. Мағынаны ажырату сатысы. Жаңа сабақ

           «ЖАСЫМДА ҒЫЛЫМ БАР ДЕП ЕСКЕР-МЕДІМ» - Абайдың 1885 жылы жазған өлеңі. Алғашқы 2 шумағы 4 тармақтан, кейінгі 2 шумағы 3 тармақтан тұрады.

           Өлеңнің басты идеясы – жастарды білім, ғылымға үндеу. Ақын ел ағасы ретінде жастарға оқып, білім алыңдар деген құрғақ үгіт айтпайды. Жасында ғылым қажет екенін ескермей, ер жеткен соң қолын кеш сермеп, одан махрұм қалғанын өз басының айықпас қасіреті ретіңце өкінішті сыр етіп шертеді. Бірақ бұл жерде Абайдың өзегін өртеп отырған әйтеуір қатардан қалмай, сауат ашу емес. Өз замандастарынан оқуының да көбірек, білімінің де жоғарырақ екенін ақын жақсы біледі. Бұл білімге оның көңілі толмайды.        

           Оның аңсайтыны – нағыз зерделі де терең ғылым жолы, өзі мейірі қанып сусындай алмаған шығыс ғұламаларының еңбектері, кештеу болса да дәмін татып қалған орыс, батыс классиктерінің шығармалары, қазақ елінен гөрі дамудың неғұрлым жоғары сатысында туұрған елдердің ғылымы. « Мен оған қол жеткізуден кеттім, ендігі кезек сендердікі,» - дейді жас үұрпаққа. Осы тұста ақын нағыз кемеңгерлік танытып, өмір кілті саналатын сол білім, ғылымның бағдарламалық бағытын, оқитын жастың алдындағы мақсат-міңдетін анықтап береді.

           Аз оқумен-ақ: «Өзім де басқа шауып, төске ерледім, Қазақта қара сөзге дес бермедім...», ендеше балаларымды үлкен қалаларда оқытқандағы ойым не?» - деген сураққа айтар жауабы айқын. Ақын:

«Баламды медресеге біл деп бердім,

Шеи алсын, шекпен алсын деп бермедім...» -

деген жолдар арқылы білімді адамның борышы шен-шекпен емес, туған халқына қызмет ету деген үлкен ордалы ой тастайды. Сейтіп ез басының кемшілігін, орны толмас өкінішін әлеуметтік деңгейге көтеріп, саналы ұрпаққа сара жол сілтейді. Туынды мазмұны, айтар ойы жағынан осындай жаңа үн танытса, жазылу түрі жағынан да ақынның өзгеше ізденіс жолын көрсетеді. Шығарманы шартты түрде 4 тармаққа бөлгенімізбен, оның ұйқас өрнектері әр қилы. Алғашқы шумақ 11 буынды қара өлең ұйқасымен жазылса, одан кейінгі шумақ -а, -ә, -б, -ә түріндегі аралас ұйқаспен келеді. Ал соңғы 6 тармақ бірыңғай шұбыртпалы ұйқас үлгісінде. Бірақ шығарма басынан аяғына дейін «ескермедім, тексермедім, кеш сермедім, өстер ме едім, жек көрмедім, деп бермедім, төске өрледім, дес бермедім,теріс көрмедім» деген ұйқастар арқылы тұтас бір өлшемге құрылған бір тармақ түрінде оқылады.

         Қарақалпақ, орыс, ұйғыр т.б. тілдеріне аударылған. Ақынның бұл өлеңіне композитор Нұрғиса Тілендиев романс жазған.                                                            

III. Ойтолғаныс сатысы

  • Өлеңді оқу және талдау.
  • Ақын өкініші.
  • Бала оқытудағы мақсаты.
  • Өзі туралы сырлар

Әдеби талдау:

  • Өлеңдегі ақынның ағартушы-демократтық көзқарасы.
  • Ұрпақты ғылымға үндеуі, «шен алу» сияқты таяз мақсаттан жирендіруі.
  • Сөздікпен жұмыс

Жасымда ғылым бар деп ескермедім

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,C:\Users\Алуа\Desktop\АБАЙТАНУ КУРСЫ\album\4.jpg

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ер жеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім.

Бұл махрұм қалмағыма кім жазалы,

Қолымды дөп сермесем, өстер ме едім?

Адамның бір қызығы бала деген, 

Баланы оқытуды жек көрмедім.

Баламды медресеге біл деп бердім,

Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.

Өзім де басқа шауып, төске өрледім.

Қазаққа қара сөзге дес бермедім.

Еңбегіңді білерлік еш адам жоқ,

Түбінде тыныш жүргенді теріс көрмедім.

  • Өлеңнен түсінгендерін «Соңғы сөзді мен айтайын» кестесіне толтыру.

Үзінді

Беті

Пікір

Сабақты қорыту.

"Жасымда ғылым бар деп ескермедім" өлеңі — осы кезеңнің алғашқы туындыларының бірі.

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,              

Пайдасын көре тұра тексермедім.                  

Ер жеткен соң түспеді уысыма.              

Қолымды мезгілінен кеш сермедім.

Бұл махрұм қалмағыма кім кінәлі,                        

Қолымды дөп сермесем, өстір ме едім?

Адамның бір қызығы бала деген,                    

Баланы оқытуды жек көрмедім.

Баламды медресеге біл деп бердім,

Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.

Өзім де басқа шауып, төске өрледім,            

Қазаққа қара сөзге дес бермедім.

Еңбегіңді білерлік еш адам жоқ,

Түбінде тыныш жүргенді теріс көрмедім, -

деп, ақын өткенді тебірене оймен шолып, келешекке көз жібереді. Оқу-білімді шексіз ардақтаған ақын, бір жағынан, жасымнан бір жолата ғылым соңына түспедім деп өкінеді. Өз заманының ең оқымысты кісісі бола тұра, білгенін азырқанады. Басқа жағынан қараса, сонша өкінетіндей де ғұмыр кешпеген сияқты:балаларын оқытыпты, олардың алдарына мансап үшін емес, білу үшін оқу мақсатын қойыпты. Өзі де қатардағы көптің бірі емес екен: "басқа шауып, төске өрлепті", "қазаққа қара сөзге дес бермепті”. Осындай толғаныс үстіндегі ақын еңбегімді бағалаған ешкім жоқ, сондықтан "тыныш жүргенді теріс көрмедім" дейді соңында. Бірақ бұл "теріс көрмедім" — енді бәрін қойып, тыныш жатамын дегенді білдірмейді. Бұл бір сәттік, "сөйтсе қайтер еді" деген реніш, ыза ғана.

Абай, өз сөзімен айтқанда, "бұзылған заманды түзетудің" жолын іздеді. Сондағы бір сенгені — жаңаша терең білім алып, адамшылықты бойына мол дарытып өсер ұрпақ болды, содан көп үміт күтті.

Үйге тапсырма: «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңін жаттау.



Предварительный просмотр:

Сүгірбекова А.І. taraz.aiman@mail.ru

Мерзімі

 Пән

Сыныбы

Пән мұғалімі

Тексерген

17

Абайтану

9

Сабақтың тақырыбы: «Интернатта оқып жүр» өлеңі

Сабақтың жалпы мақсаты: «Интернатта оқып жүр» өлеңінің негізгі тақырыбы, білім алу, ғылым, өнер үйрену, ақынның ағартушылық-демократтық көзқарастары, жас шәкірттерге «Пайда ойлама, ар ойла» деп, артық білуге талап қылуды аманаттауы, отаршыл патша өкіметінің жымысқы саясатына орай «Қызмет қылма оязға, жанбай жатып сөнуге» деп, өзі үміт еткен қазақ жастарына жар салуы, еңбексіз, ықылас-ынтасыз, михнатсыз нағыз ғылым, білімнің қолға түспейтінін айтуын ұғындыру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі:  сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі:

  1. Тұрсын Жұртбай «Құнанбай / Тарихи және әдеби тұлға/» Алматы «Алаш» 2004 ж
  2. М.О.Әуезов «Абайтанудан жарияланбаған материалдар» Алматы «Ғылым» 1988 ж;
  3. Электрондық оқулық
  4. Бейнефильм: «Шежірелі Шыңғыстау»

I. Қызығушылықты ояту сатысы:

1) Оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын тексеру.

2) Өткен тақырыпты еске түсіру.

3) Абайға топтастыру.

II. Мағынаны ажырату сатысы. Жаңа сабақ

          «Интернатта оқып жүр...» - Абайдың 1886 жылы жазған өлеңі. Көлемі 77 жол.

          Негізгі тақырыбы – қазақ балаларының азаматтық білім беретін мектептерде оқып, білім алуы, ғылымға, өнерге тартылуы, халқына адал қызмет ету жайлы.  19 ғасырдың 80 жылдарында оқу-ағарту ісін жүйелі түрде     жүргізу мақсатымен әкімш. орталықтарында әр түрлі дәрежеде орыс-қазақ мектептері ашылып, олардың жанынан интернаттар құрылғаны белгілі. Ақынның ағартушы-демократтық  көзқарастарының басты-басты принциптері бұл өлеңде барынша толық білдірілген.   Өлеңнің   алғашқы   жолдарында жасөспірім қазақ балаларының оқуға көптеп тартылғанын қанағат сезімімен айта келіп, автор одан әрі осы оқудың әртүрлі көлеңкелі жақтарын сынайды, оның түпкі мақсатының тайыздығына өкініш білдіреді. Мысалы ата-ана баласының үкімет орындарындағы ереже, заңдарды біліп шыққанына ырза. Ал шәкірттердің кейбіреулері орысша арыз жазып, сонымен күн көруді, әрі кеткенде не тілмаш, не адвокат болып, ел ішіндегі алауыздық арасынан жалған беделге ие болуды ғана арман етеді.

           Сол себептен де ақын: «Ойында жоқ бірінің Салтыков пен Толстой» деп, жас ұрпақтың үлкен адамгершілік мұраттарынан, рухани қазынадан қағыс қалатынына қынжылады. Өлеңнің 2-шумағында автор өзінің ағартушылық бағдарламасының негізгі тұғырларын өз тарапынан жастарға тікелей арнаған үндеу сөздерімен жеткізеді: Бас пайдаңды ойлама, ар-абройды ойла; талмай талаптанып, ғылым ізде. Әскери қызмет қылып, шен алуды мақсат етпе, әкімшілік орындарына да қызмет істеп жағынба. Алыс та болса, асыл мақсаттарды көздеп, өмірден іргелі орын алуға ұмтыл. Соның барлығында да тура жолдан тайма, адалдықтан айныма. Ақынның жас ұрпақты оқыту женіндегі талаптары осындай. Кейбір деректерге қарағанда,  

            Абай бұл өлеңді өз балалары – Әбдірахман, Мағауия, Гүлбаданды Семейге апарып, оқуға бергеннен кейін жазса керек. Демек, жаңағы ойлардың бәрі ақынның өмір керіністерінен алған тікелей әсерінен туған.

         Өлең 7 буынды шалыс ұйқас үлгісінде жазылған. Өлең белорус, қырғыз, орыс, ұйғыр т. б. тілдерге аударылған.                                                    

III. Ойтолғаныс сатысы

  • Ақын өлеңін оқу және талдау.
  • Балаларын оқытудағы ата-ана мақсаты.
  • Оқудағы бала мақсаты.
  • Өлеңдегі сыншылдық (патшаның ел билеу және оқыту жүйесін сынауы)
  • Толстой мен Салтыков-Щедринді әкімдер мен тілмаштарға қарсы қоюы.

Интернатта оқып жүр  

Интернатта оқып жүр  

Талай қазақ баласы —

Жаңа өспірім, көкөрім,

Бейне қолдың саласы.

Балам закон білді деп,

Қуанар ата-анасы,

Ойында жоқ олардың

Шариғатқа шаласы.

Орыс тілі, жазуы —

Білсем деген таласы.

Прошение1 жазуға,

Тырысар келсе шамасы.

Ынсапсызға не керек

Істің ақ пен қарасы?

Нан таппаймыз демейді,

Бүлінсе елдің арасы.

Иждиһатсыз2, михнатсыз

Табылмас ғылым сарасы.

Аз білгенін көпсінсе,

Көп қазаққа епсінсе,

Кімге тиер панасы?

Орыс теріс айтпайды,

Жаман бол деп оларды.

Қаны бұзық өзі ойлар

Қу менен сұм боларды,

Орыста қалар жаласы.

Бұл іске кім виноват3 —

Я Семейдің қаласы?

Я қазақтың аласы?

Ойында жоқ бірінің

Салтыков пен Толстой,

Я тілмаш, я адвокат

Болсам деген бәрінде ой,

Көңілінде жоқ санасы.

Ақылы кімнің бар болса,

Демес мүны тілі ащы.

Айтыңызшы, болсаңыз

Здравомыслящий,

Ақыл айтпай ма ағасы?

Пайда ойлама, ар ойла,

Талап қыл артық білуге.

Артық ғылым кітапта,

Ерінбей оқып көруге.

Военный қызмет іздеме,

Оқалы киім киюге.

Бос мақтанға салынып,

Бекер көкірек керуге.

Қызмет қылма оязға,

Жанбай жатып сөнуге.

Қалай сабыр қыласың,

Жазықсыз күнде сөгуге?

Өнерсіздің қылығы —

Тура сөзін айта алмай,

Қит етуге бата алмай,

Қорлықпенен шіруге.

Аз ақшаға жалданып,

Өнбес іске алданып,

Жол таба алмай жүруге.

Алыс та болса іздеп тап,

Кореннойғакіруге,

"Талапты ерге нұр жауар",

Жүріп өмір сүруге.

Я байларға қызмет қыл,

Ерінбей шауып желуге.

Адал жуүріп, адал тұр,

Счетың   тура келуге.

Жаныңа жақса, соңынан

Жалқауланба еруге.

Қисық болса, закон бар

Судьяға беруге.

Ол да оязной емес қой,

Алуға теңдік сенуге.

Я өз бетіңмен тәуекел,

Занимайся прямотой.

Жеңіл көрме, бек керек

Оған да ғылым, оған да ой,

Қалайынша қайда енуге?


                      Сөздікпен жұмыс:

  • ˡПрошение (орысша)— арыз, өтініш.
  • ²Иждиһат (арабша) — талап, жігер.                                                                                        ³Виноват (орысша)  — кінәлі, айыпты.                                                                        Здравомыслящий (орысша)— зерек, әр істі ақылмен ойлап шешетін адам.                    
  • Военный (орысша)— әскери.                                                                                        Коренной (орысша)— ежелгі, негізгі, тұрақты. Бұл жерде істің ең орындысын табу деген мағынада.
  • Счет (орысша)— есеп.
  • Занимайся прямотой (орысша)— турашыл, батыл бол деген мағынада.

C:\Users\Алуа\Desktop\АБАЙТАНУ КУРСЫ\album\6.jpg

Өлеңнен түсінгендерін «Екі түрлі түсініктеме күнделігі» кестесіне толтыру.

Екі түрлі түсініктеме күнделігі

              Үзінді

               Үзінді жайлы пікір

Сабақты қорыту.

  • Өлеңнің «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңімен үндестігін мәтіннен нақты мысалдар келтіріп дәлелде.
  • Өлеңнің патшалық оқыту, ел билеу жүйесін сынауына нақты мысал келтір.
  • Өлеңде Абай Салтыков-Щедринді еске алып, онымен не айтпақшы, соған ой жүгірт.
  • Өлеңдегі ақыл-нақыл сөздерді жинақтап, оның тәрбиелік мәніне тоқтал (мысалы, «пайда ойлама, ар ойла»).

Үйге тапсырма: «Интернатта оқып жүр» өлеңін жаттау.



Предварительный просмотр:

Сүгірбекова А.І. taraz.aiman@mail.ru

Мерзімі

 Пән

Сыныбы

Пән мұғалімі

Тексерген

18

Абайтану

9

Сабақтың тақырыбы: «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі

Сабақтың жалпы мақсаты: «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде жастарды еңбек етіп, оқу оқып, білім алуға шақыруы, ақынның өсиет айтып, келешекке бағдарлама боларлық өлеңі, өлеңнің тағылымдық-тәрбиелік мәні, ғалым болу мен адам болу мәселесінің өзара сабақтастығы жайындағы ақын пікірі, Абайдың  ғылыми ой-пікір қорытуы туралы мағлұмат беру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі:  сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі:

  1. Тұрсын Жұртбай «Құнанбай / Тарихи және әдеби тұлға/» Алматы «Алаш» 2004 ж
  2. М.О.Әуезов «Абайтанудан жарияланбаған материалдар» Алматы «Ғылым» 1988 ж;
  3. Электрондық оқулық
  4. Бейнефильм: «Шежірелі Шыңғыстау»

I. Қызығушылықты ояту сатысы:

1) Оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын тексеру.

2) Өткен тақырыпты еске түсіру.

3) Абайға топтастыру.

II. Мағынаны ажырату сатысы. Жаңа сабақ

           «ҒЫЛЫМ ТАППАЙ МАҚТАНБА» - Абайдың 1886 жылы жазылған өлеңі. Көлемі 77 жол.

           Абай өз заманындағы жас ұрпаққа, «көкірегі сезімді, көңілі ойлы» адамдарға үміт артып, олардың жүрегін оятып, оларды өзінің озат мақсат-мұраттарына тартуға ұмтылды. Жастардың өнімді еңбек етіп, ғылым мен білімге ұмтылуы, алға қойған мақсатқа жетуде табандылық көрсетуі, міне, осындай асыл қасиеттерді уағыздау Абайдың бүкіл шығармашылық жолының негізгі идеялық-тақырыптық үзілмес желісінің біріне айналды.            

          Ақын талантты, өнер іздеген жандар туралы айрықша зор сүйіспеншілікпен айта отырып, олардың алға қойған зор мақсатқа жету жолындағы күресте табандылық, жігерлілік керсететініне үлкен сенім білдіреді. Абайдың бұл өлеңінен ғылымды үйренетін жастар өзінің алдына қандай мақсат қоюға тиісті екені туралы мәселе оны аса қатты толғандырғанын көреміз.

         1909 жылғы жинақ пен 1922 жылы Қазанда жарық көрген басылымдарда бүл шығарманың кейінгі жылдарда бөлек туынды саналып жүрген «Интернатта оқып жүр...» дейтін өлеңге қосылып, біртұтас шығарма болып келетіні де тегін болмаса керек. Қазақ жастарын білім-ғылым үйренуге шақыру – «Интернатта оқып жүр» өлеңінде де ең өзекті идея. Мұнда ақын еңбексіз, ықылас-ынтасыз, мехнатсыз нағыз ғылым-білім қолға түспейді дей келіп, одан ары бірден негізгі ой желісін үздіксіз өрбітіп, оқудағы мақсат не, алған білімді не қажетке жұмсау керек, не істеу, қандай қызмет атқарған жен болады деген мәселелер теңірегінде сөз қозғайды.

Ал мына өлеңдегі:

«Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай  баптанба...» -

дегендегі орын тап деп отырғаны - алған білімді, үйренген ғылымды жұмсайтын орын.   Бұдан Абай:

«Бес  нәрседен қашық  бол,

Бес нәрсеге асық бол...» -

деп адамдық, адамгершілік жайын қозғайды. Алайда ойының негізгі желісін үзбейді. Бұл тұста ерекше бір кеңіл бөлерлік жай – Абай ғалым болу мен адам болу мәселесін бір-бірімен сабақтастыра айтады, бұл екеуінің тамыры, түбі бір деп санайды. Ғалым болудың басты шарты – не нәрсені болсын ақыл таразысына салып өлшеу,- ақыл сенген нәрсеге ғана сену және көзің анық жеткен шындықты тура айтудан тайынбау екендігін нақтылап, мейлінше   дәлелді   етіп,    шегелеп   айтады.

           Осы өлеңдегі Абайдың надандықпен айтылған сөзге ерме дей отырып, «ақсақал айтты, бай айтты...», егер қисық керінсе кімнің сөзі болса да, тіпті жақын адам айтса да, ақылмен жеңуді үлгі етуі әсіресе, сол еткен ғасырдағы қазақ өмірінің жағдайында бірден-бір батыл айтылған пікір болғаны анық. Үлкен адамға, лауазымы жоғары адамға қарсы келіп, өз ойын көлденең тарту сыпайыгершілікке келмейді дегенді желеу қылып, шындықты тура айтуды қалайда шектеу, қолдамау ол заман ғана емес, бүгінгі заманда да аз кездеспейтінін ескерсек, Абайдың осы пікірінің мәні зор дейміз.   Ендеше:

«Ақымақ көп,   ақылды аз,

Деме көптің сөзі  -  пұл...» -

дегенді кепке топырақ шашқандық емес пе деп келгірсімей, ашық айтылған, жас-тарды артық сенгіштіктен сақтандыратын ащы өмір шындығы деп бағалауымыз орынды.

«Сөзіне қарап кісіні ал,

Кісіге қарап сөз алма...» -

деген нақыл түрінде келетін түйін жоғарғы пікірлерге орайлас, жалғас. Сырттай қарағанда мұның өзі бір түрлі, тосын естілуі мүмкін, өйткені кісіні сөзіне қарай бағалама, ісіне қарай бағала дейтін үйреншікті пікірге қарама-қарсы келетін секілді. Ал, байыппен қарасақ, мұнда терең мағына жатыр. Кісіні сөзіне қарай, яғни, ақылына, ойына қарай бағала, кісіге қарап, оның мансабына, дәулетіне қарап ақылға сыймайтын, қисынға келмейтін сезіне иланып алданып қалма, «надандықпен кім айтса, ондай түпсіз сөзге ерме...» деген даналық пікірді аңғартады.

            Абай надандыққа, қандай да болсын теріс, кертартпа ықпалға қарсы тұра алатын оқыған, біліммен қаруланған адамды құрметтеу керек деп санайды. Ең алдымен білімді, ғалым адам мақтан тұтуға лайықты. Ақылды, парасатты адамның идеал бейнесін ұсына отырып, Абай оған жақсылықты жамандықтан ажырата білмейтін, ағыммен ілесіп жүре беруге бейімделген надан, қараңғы адамды қарсы қойды. Топас, кертартпа адамның осы жағымсыз типі ақынның шығармашылық жолына өте тән және ағарту ісін, өнер-білімді жақтаушы Абайдың алдыңғы қатарлы көзқарасын білдіреді.      

            Өлең 6-8 буынды аралас ұйқас үлгісінде жазылған. Туынды ағылшын, араб, азербайжан, қарақалпақ,  қырғыз, орыс, өзбек, тәжік, түрікмен, ұйғыр т.б. тілдерге аударылған.

III. Ойтолғаныс сатысы

  • Ақын өлеңін оқу және талдау.
  • Өлеңнің дидактикаға, ақылға толылығы.
  • Жастарды ғылымға үндеу идеясы.
  • Жастарды надандық, талапсыздық, и.б. жаман қасиеттен жирендіруі.

                                          Ғылым таппай мақтанба

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге.

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз.

Тілеуің, өмірің алдыңда,

Оған қайғы жесеңіз.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ —

Бес дүшпаның, білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым, ойлап қой —

Бес асыл іс, көнсеңіз.

Жамандық көрсең нәфрәтлі1,

Суытып көңіл тыйсаңыз.

Жақсылық көрсең ғибрәтлі² ,

Оны ойға жисаңыз.

Ғалым болмай немене,

Балалықты қисаңыз?

Болмасаң да ұқсап бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз.

Ондай болмақ қайда деп,

Айтпа ғылым сүйсеңіз.

Сізге ғылым кім берер,

Жанбай жатып сөнсеңіз?

Дүние де өзі, мал да өзі,

Ғылымға көңіл берсеңіз.

Білгендердің сөзіне

Махаббатпен ерсеңіз.

Ақыл сенбей сенбеңіз,

Бір іске кез келсеңіз.

Ақсақал айтты, бай айтты,

Кім болса, мейлі, сол айтты —

Ақылменен жеңсеңіз —

Надандарға бой берме,

Шын сөзбенен өлсеңіз.

Аят, хадис емес қой,

Күпір³ болдың демес қой,

Қанша қарсы келсеңіз.

Көп орында көріне айтпа,

Біздің сөзге ерсеңіз.

Мұны жазған кісінің

Атын білме, сөзін біл!

Осы жалған дүниеден

Шешен де өткен не бұлбұл,

Көсем де өткен не дүлдүл.

Сөз мәнісін білсеңіз,

Ақыл — мизан, өлшеу қыл.

Егер қисық көрінсе,

Мейлің таста, мейлің күл.

Егер түзу көрінсе,

Ойлап-ойлап, құлаққа іл.

Ақымақ көп, ақылды аз,

Деме көптің сөзі пұл.

Жақынның сөзі тәтті деп,

Жақыным айтты дей көрме.

Надандықпен кім айтса,

Ондай түпсіз сөзге ерме.

Сізге айтамын, хаупім —

Өзің үшін үйренсең,

Жамандықтан жиренсең,

Ашыларсың жылма-жыл.

Біреу үшін үйренсең,

Біреу білмес, сен білсең,

Білгеніңнің бәрі — тұл.

Сөзіне қарай кісіні ал,

Кісіге қарап сөз алма.

Шын сөз қайсы біле алмай,

Әр нәрседен құр қалма.

Мұны жазған білген құл —

Ғұламаһи Дауани,

Солай депті ол шыншыл.

Сөзін оқы және ойла,

Тез үйреніп, тез жойма,

Жас уақытта көңіл — гүл.

            Сөздікпен жұмыс:

ˡНәфрәтлі  (арабша) — жиіркенішті.

²Ғибрәтлі  (арабша) — үлгілі, өнегелі.

³Күпір (арабша) – діннен шығу.

Мизан (арабша)   — таразы.

C:\Users\Алуа\Desktop\АБАЙТАНУ КУРСЫ\album\10.jpg

            Өлеңнің өзіңдік ерекшелігі – ақынның басқа өлеңдеріне қарағанда ұзақ әрі ақыл-нақылға толы афористік мәнділігінде, олардың тәрбиелік мәнінің қуатында.

          Ағартушы ақын өзінің жастарға айтар өсиетін ссы өлең аркылы қалдырған Абайдың көптеген өлеңдерінде "улы сия", "ащы тіл", "долы қол" қатар жүрсе, бұл өленде ақынның жұмсақ жүрегі, даналыққа толы ойы, данышпандық ақыл-кеңесі, зілсіз ескертпесі астасып келеді. Өлең жастарға дұрыс та мәнді, мақсатты да иманды өмір сүрудің айқын жолын көрсетіп түрған шамдалды шамшырақтай. Өлеңнін егіз ұйқаспен жазылуы (поэзияға Абай кіргізген жаңалығы), өтініш, назды бұйрықты лебі, афоризмдік сипатьшың ақындығы, ойдың бүкпесіз, ашык айтылуы, өлеңнің өсиетгік сипаты оны таддауды қиынға соқтырмайды. Сөздік жұмысына ерекше көңіл аударамыз: "Нафрәтлі", "ғибратлі", "мизан", "кәпір", "ғұламаһи" сияқты сөздерді жазып, түсінік беру керек. Мысалы:

«Ғылым таппай мақтанба» өлеңі:

1) Өлең өздеріңе қандай ақыл-кеңес айтады? Мәтіннен тауып оқып бер. Өзіңе қай ақыл, нақылы ұнайды?

2) «Дүние де өзі, мал да өзі, Ғылымға көңіл бөлсеңіз» деген өлең жолдарын тұсіндір. Сондай-ақ, «Сөзіне қарап кісіні ал, кісіге қарап сөз алма» деген жолдарға қара.

3) Абай айтқан жақсы мен жамандықтың бес қасиетін жаттап ал.

4)  Өлең ұйқасына көңіл бөл Ақын өлеңнің әр жолының аяғын қандай

сөздермен бітіреді?

5)  Өлең ырғағы, екпінге зер сал. Қай мәнермен оқу керек деп ойлайсың?

Мәнерлеп оқуға дайындал

        * Өлеңді өз беттерімен талдауға дағдыландыру мақсатында алдын ала төмендегідей тапсырмалар беріледі:

1.  Адам баласының "бес дұшпаны" ретінде Абай нені айтады?

2. Адам баласының "бес асылы" не екен, теріп жаз.

З.Басқа да қандай ақыл-нақыддар бар? Ұнағанын жазып ал, есте ұста.

4.Өлеңдегі қандай сөздерді мақал, афористік, шешендік сөздерге қосуға болады.

5.Өлеңді талдауды жетілдіру үшін, мұғалім мынадай көрнекілік даярлап, окушыларға пайдалануға ұсынады.

                                        Өленді талдау үлгісі

                                                                                         

Өлеңнің мазмұны

Өсиет, ақыл-нақыл сөздер

Ғылым іздеуге шақыру.

Бес нәрседен қашық, бес нәрсеге

асық болу.

Ғылымға берілу жолы.

Жастарға айтар өсиеті, нақылы.

Ғылым таппай мақтанба

Құмарланып шаттанба

а) Өсек, өтірік, мақтаншақ,    еріншек, бекер мал шашпақ.

ә) талап, еңбек, терең ой,  қанағат, рақым.

Болмасаң да ұқсап бақ

Бір ғалымды көрсеңіз.

«Дүние де өзі, мал да өзі

Ғылымға көңіл бөлсеңіз.

Білгендердің сөзіне

Махаббатпен ерсеңіз».

Надандарға бой берме,

Жамандықтан жиренсең.

Сөзіне қарап, кісіні ал,

кісіге қарап, сөз алма.                  

Сабақты қорыту.

"Ғылым таппай мақтанба" — жас ұрпаққа деген аталық мейірден, үміт пен сенімнен туған өлең. Абай "адам болам" деген жасөспірімге тікелей тіл қатып, ашыла сырласады. Өлең тілі де жеңіл, түсінікті. Ең ардақты мақсатың — ғылымды меңгеру дей тұра, бес зиянды нәрседен аулақ болып, бес асыл қасиетті бойыңа дарытпасаң, ғылымнан да опа жоқ дегенді бірден ашып айтады.

Дана ұстаз бұл өсиет өлеңін жазарда көп ойланьш, көп толғанғаны байқалады. Ол бұрынғы өткен "не бұлбұл шешен", "не дүлдүл көсемдерді" еске алады, Дауани секілді атақты оқымыстылардың айтқандарын ой елегінен өткізеді (өзі: "Ақыл сенбей сенбеңіз, бір іске кез келсеңіз", — дейді ғой). Сөйтіп, "тілеуі мен өмірі алдағы" ұрпағына өлмейтін, ескірмейтін ақылын айтады:

Болмасаң да ұқсап бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз.                        

Ондай болмақ қайда деп,          

 Айтпа ғылым сүйсеңіз.

Немесе:

Сөзіне қарай кісіні ал,

Кісіге қарап сөз алма...      

Немесе:                                                                                                                                                                                    

 Сөзін оқы және ойла,                                                                          

 Тез  үйреніп,тез  жойма, -

Деген сияқты  шексіз  сүйіспеншіліктен  туған  даналық  ақыл-кеңес  беріп, жамандықтан  сақтандырады. Және бұл бір заманның, бір  халықтың емес, барлық   заманның, барлық  халықтың  балаларына  арналған.

Сұрақтар:

1.  Ақынның "Дүние де өзі, мал да өзі, Ғылымға көңіл бөлсеңіз" деген ұлағатты сөзін қалай түсінесің?

2.  "Мұны жазған кісінің атын білме, сөзін біл" деген пікірі туралы не айтар

едің?

3.  "Сөзіне карап кісіні ал, Кісіге қарап, сез алма" деген өсиетті қалай

түсіндірер едің?

4.  Өлеңдегі ақыл-нақыл ақынның өзінікі ме, әлде өзі жазғандай, ғұлама

Дауанидікі ме?

5. Өлеңнің екпіні, ақын кеңіл күйі туралы не айтасың?

1.  Сіздің бес дұшпаныңыз, бес асыл ісіңіз?

2.  "Ғылымдық жолда балалықты қалай қидыңыз?"

3.  "Қай ғалым сөзіне махаббатпен ердіңіз?"

4.  Абай атамыздай сіз бізге қандай ақыл айтар едіңіз?

Топпен жұмыс:

       Талап                              еңбек                               өсек                        өтірік                            

Терең ой                                                                                                              

                                                                                                                           

                                                                                                                     мақтан

        қанағат

                   рақым                                                   еріншек        бекер мал                                                                                              

                                                                                                     шашпақ  

Үйге тапсырма: «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жаттау.



Предварительный просмотр:

Сүгірбекова А.І. taraz.aiman@mail.ru

Мерзімі

 Пән

Сыныбы

Пән мұғалімі

Тексерген

19

Абайтану

9

Сабақтың тақырыбы: «Сегізінші» қарасөзі

Сабақтың жалпы мақсаты: «Сегізінші» қарасөзіндегі ақыл, насихат туралы пікірі, ғылым, білім, ар, ұят жайлы пайымдаулары, ақыл, білім жөніндегі философиялық тұжырымын ұғындыру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі:  сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі:

  1. Тұрсын Жұртбай «Құнанбай / Тарихи және әдеби тұлға/» Алматы «Алаш» 2004 ж
  2. М.О.Әуезов «Абайтанудан жарияланбаған материалдар» Алматы «Ғылым» 1988 ж;
  3. Электрондық оқулық: «Абай қарасөздерінің дауыстап айтылуын компьютерден тыңдату»
  4. Өмірәлиев Құлмат «Абай афоризмі» Алматы «Қазақстан» 1993 ж.
  5. Х.Ж.Сүйінішәлиев «Абайдың қарасөздері» Алматы 1956 ж.
  6. Электрондық оқулық: «Абай қарасөздерінің дауыстап айтылуын компьютерден тыңдату»

I. Қызығушылықты ояту сатысы:

1) Оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын тексеру.

2) Өткен тақырыпты еске түсіру.

3) Абайға топтастыру.

II. Мағынаны ажырату сатысы. Жаңа сабақ

       Сегізінші сөз. Бұл сөз сұрақпен басталады. Осы ақылды кім үйренеді, насихатты кім тыңдайды? «Шынында ақыл, насихат кімге керек? Ақын өз заманының әлеуметтік тегін жіктеп береді. Алдымен ақыл, насихат ел басшылары болыс, билерге керек пе? Жоқ, оларға ақыл мен насихаттың еш қажеті жоқ, қайта өздері елге ақыл, насихат айтамыз деп болыс, би болып сайланған. Тіптен ақыл үйренемін дегені болса да, олардың қолдары тимейді. Ұлықтан сөз есітпеу үшін оған жағыну керек, ел тентегін тыю керек, елді бір қалыпты басқару керек, оның үстіне өз қалтасынан шыққан шығынның орнын толтырмақ болған тірлігі не болысқа, не биге ақыл үйренуге мұрса бермейді. Мүмкін ақыл мен насихат байларға қажет шығар. Дәулет қонып дүниенің жарымы басында тұрған байларға ақылдың керегі жоқ дейді Абай. Олардың ақылы – малы. Олар бәрін паралап сатып алады. Олардың діні, қҰдайы, халқы, жұрты, білім-ұяты, ары, жақыны, бәрі – мал. Тіптен ақыл үйренем десе де мал қамымен қолдары тимейді деп қорытады. Малды бағу-қағу, оны ұрыдан сақтау мұның бәрімен әлек болып жүргенде, ақыл, насихатты кім керек етпек. Ұры, сұм-сұрқияларға ақыл әу бастан артық. Ақыл осыларға керек-ау деген қой жүнді қоңыршыларға келсек, олар өз қара басына жетісіп, күндерін көре алмай жүр. Кедейге білім не керек. Ақылды ана ел атқа мінерлеріне айт дейді олар. Сонымен қыл, білім елге қажет болмаса, ақылды адамның жұрт үшін керегі бар ма деп Абай сөзін сұрақпен бастап, сұрақпен аяқтайды.

III. Ойтолғаныс сатысы

  •  «Сегізінші» қарасөзін оқу және талдау.

Сегізінші Сөз

         Осы ақылды кім үйренеді, насихатты кім тыңдайды?D:\Шакарим-Абай\Суреттер\IMG_0406.jpg

         Біреу — болыс, біреу — би. Олардың ақыл үйренейін, насихат тыңдайын деген ойы болса, ол орынға сайланып та жүрмес еді. Олар өздері де оздық кісіміз, өзіміз біреуге үлгі беріп, ақыл айтамыз деп сайланды. Өздері түзеліп жеткен, енді елді түзерлігі-ақ қалған. Ол не қылып тындасын жəне тындайын десе де қолы тие ме? Басында өзіндік жұмысы бар: ұлығымызға жазалы болып қаламыз ба, яки елдегі бұзақыларымызды бүліндіріп аламыз ба, яки халқымызды бүлдіріп аламыз ба, яки өзіміз шығындап, шығынымызды толтыра алмай қаламыз ба?— деген ебіне қарай біреуді жетілтейін, біреуді кұтылтайын деген бейнетінің бəрі басында, қолы тимейді.

          Байлар, олар өздері де бір күн болса да, дəулет қонып, дүниенің жарымы басында тұр. Өзінде жоқты малыменен сатып алады. Көңілдері көкте, көздері аспанда, адалдық, арамдық ақыл, ғылым, білім — еш нəрсе малдан қымбат демейді. Мал болса Құдай Тағаланы да паралап алса болады дейді. Оның діні, құдайы, халқы, жұрты, білім-ұяты, ары, жақыны, бəрі — мал. Сөзді қайтіп ұқсын, ұғайын десе де, қолы тие ме? Ол малды суармақ, тойғызбақ, саудасын жимақ, күзеттірмек, бақтырмақ, ұры-бөрі, қыс, суық-сұғанақ — солардан сақтанбақ, солардан сақтарлық кісі таппақ. Оның бəрін жайғастырып, аяғын алып келіп, мақтанға орналастырғанша қашан? Қолы тимейді.

         Енді ұры-залым, сұм-сұрқия өзі де тыңдамайды.

         Онша-мұнша қой жүнді қоңыршалар күнің де көре алмай жүр. Аналар

андай болып тұрғанда, білім, ғылым, ақылды не қылсын? Жəне де білім, ғылым кедейге керегі жоқтай-ақ: "Бізді не қыласың ана сөзді ұғарлықтарға айт!" дейді. Оның өзгеменен ісі жоқ, ана алдыңдағы үшеуіндей болған жанның ойында ешбір қайғысы, мұңы болмаса керек.

Қарасөзден түсінгендерін «Ішіне-сыртына» кестесіне толтыру.

Ішіне-сыртына

             Ішіне

Абайдың ақыл, ғылым, білім туралы айтқандары

               Сыртына

Абайдың ар-ұят туралы айтқандары

Сабақты қорыту.

Үйге тапсырма: «Сегізінші» қарасөзін оқу.


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Өздік жұмысы "Жай бөлшектер" 5 сынып

В самостоятельной работе имеется 4 заданеия. Самостоятельная работа на 5-7 минут...

етістік 3-сынып

открытый урок на тему "Глагол" по ФГОС...

11 сынып ата - аналарымен өткізілген №4 жиналыс

11 сынып оқушыларының ата - аналарымен өткізген жиналыс. Ата - аналарды ҰБТ ның ережелерімен таныстырып, әрбір оқушының балдарына жеке жеке тоқталып, аудан көлеміндегі пәндердің нәтижесін айтып кету....

Қаламның болашағы 6 сынып

Бүгінгі сабақ өзіміз туып өскен жеріміз, туған қаламыз туралы әңгімелесіп, жаңа сабақты бастаймыз. Сабақ бастамас бұрын өздерің дайындап келген қала туралы шығармашылық жұмыстарыңнан бастаймыз....

7-сынып, қазақ тілі пәні. Септік жалғаулары

Жалпы мақсаттар-жеті септік сұрақтары, жалғаулары туралы түсінік беріп, меңгерту, оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту; диалогтік оқыту арқылы сабақтың мазмұнын ашу; формативті бағалауды сы...

Абайтану. 10 сынып

Абайтану. 10 сынып...

Абайтану. 11 сынып

     Абайтану тарихында хронологиялық, тақырыптық жүйедегі дербес библиотекалық көрсеткіштерді құрастыру айрықша мәнге ие болуы себепті де 1946 ж. Н.Сәбитовтің тақырыпт...