Қаламның болашағы 6 сынып
план-конспект урока (6 класс) по теме
Бүгінгі сабақ өзіміз туып өскен жеріміз, туған қаламыз туралы әңгімелесіп, жаңа сабақты бастаймыз.
Сабақ бастамас бұрын өздерің дайындап келген қала туралы шығармашылық жұмыстарыңнан бастаймыз.
Балалар өздері алдын – ала дайындап келген көрнекіліктерін пайдаланып, Астана қаласы туралы сөз қозғайды.
Скачать:
Вложение | Размер |
---|---|
kalamnyn_bolashagy_6_synyp.doc | 37.5 КБ |
Предварительный просмотр:
Сабақтың тақырыбы: Қаламның болашағы
Білімділік: білімдері мен түсініктерін кеңейту, көмекші есімдерді
практикалық жолмен меңгерту.
Дамытушылық: Ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру; оқушылардың
дүниетанымын кеңейту; ауызша ойлау мен сөйлеу
қабілетін дамыту; сөз тіркестерін және сөйлем құрау
дағдысын қалыптастыру;
Тәрбиелік: туған жеріне деген сүйіспеншілігін, туған қаламызға
патриоттық мақтаныш сезімін туғызу, бір-біріне
көмек беруге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Сәлемдесу.
б) Оқушыларды түгендеу.
в) Сабақтың тақырыбын және мақсатын қою. (Презентация)
Тілдік ортаға кіру.
Біз қай Республикада тұрамыз?
Біздің ауылға жақын қай қала?
Бүгін аптаның қай күні?
Сәрсенбі қандай күн?
Мұғалім сөзі: Балалар, бүгін бізге қонақтар келіп отыр, сондықтан өз білімдеріңді «Қала» модулі бойынша жақсылап көрсетуге тырысыңдар.
Бүгінгі сабақ өзіміз туып өскен жеріміз, туған қаламыз туралы әңгімелесіп, жаңа сабақты бастаймыз.
Сабақ бастамас бұрын өздерің дайындап келген қала туралы шығармашылық жұмыстарыңнан бастаймыз.
Балалар өздері алдын – ала дайындап келген көрнекіліктерін пайдаланып, Астана қаласы туралы сөз қозғайды.
Өте жақсы. Бүгін біз Астана қаласы туралы қаншама деректерді білдік.
Сонымен, біздің ҚР-ның астанасы қай қала?
ҚР-ның Президенті кім?
Ақ Орда қай жерде орналасқан?
Астана қаласында тағы қандай ескерткіштер бар?
II. Ал енді балалар, бүгін біз сабағымызды жас қала, әсем қала, бейбітшілік қаласы Астана қаласымен танысамыз. (72 бет, 2-тапсырма)
Мәтінді оқымас бұрын сөздіктермен танысайық.
Тұрғын – житель
Орталық – центр
Ғимарат – здание
Бой көтерді – выстроились
Қасиетті – священный
Сөз тіркестерінің мағыналарын түсіндіріп, аудару.
Дұрыс айтуға дағдыландыру.
Сөз тіркестерін құру.
Сөйлем құру.
Мәтінмен жұмыс.
Әр оқушы кезекпен оқып, аударту. (Презентация)
Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы – Астана.
Ол Есіл өзенінің бойында Сарыарқа жерінде орналасқан .
Аз уақыттың ішінде қала танымастай өзгерді. Есіл өзенінің бойында Елбасы Резиденциясы,Парламент үйі, “Интерконтиненталь” қонақ үйі, Жастар сарайы,
көп қабатты тұрғын үйлер бой көтерді. Парламент үйінің алдында Төле би,
Қазыбек би, Әйтеке бидің ескерткіштері қойылған.
Қаланың ортасында бес жұлдызды “Алатау” қонақ үйі салынды.
Астана қаласында 100-ден астам ұлт өкілдері тұрады.
Қала тұрғындарының саны 518 мың адам.
Астана – болашағы үлкен қала.
III. Грамматикалық бөлім.
4-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауларын қойып жазыңдар.
Парламент үйі қаланың ортасында тұр. Көшенің бойы... ағаштар отырғызылған. Әуежай қаланың сырты... орналасқан. Мектептің қасы... үлкен саябақ бар. Саябақтың іші... қызыл, жасыл, көк гүлдер өсіп тұр. Саябақтың қасы... жаңа тұрғын үйлер салынған. Ескерткіштің арты... үлкен ғимарат тұр. Ғимараттың алды... әдемі гүлдер егілген.
IV. Физминутка.
1. Әрі ыдыс, әрі ай аты.
2. Екі жағынан да бірдей оқылатын ұлт атауы.
3. Мечта – арман,
Лес - …
4. Оқу құралы. Ол қызыл, көк, жасыл жазулармен жазылады.
5. Оқу жылы қай айда аяқталады?
3-тапсырма. Берілген сөздерді тіркестіріп, сөйлемдер құраңдар.
Есіл өзенінің
Парламент
Жастар
тұрғын
Паламент үйінің
қаланың
ұлт
болашағы
бойында
үлкен қала
өкілдері
ортасында
алдында
үйі
сарай
үйлер
Мысалы: Астана Есіл өзенінің бойында орналасқан.
5-тапсырма. Сөз құрамына қарай талдау.
Арттарынан, өкілдерінің, ескерткіштерді, тұрғындарының.
Үлгерімі нашар балаларға арнай карточкалар беріледі. (Бабин А., Шурмина Н., Мажиев Р.)
Ауызша жұмыс. Сызбалар бойынша сөз тіркестерін құраңдар.
СЫН ЕСІМ + ЗАТ ЕСІМ
САН ЕСІМ + ЗАТ ЕСІМ
ЗАТ ЕСІМ + ЗАТ ЕСІМ
V. Сөзжұмбақ арқылы сабақты бекіту.
1. Қаланың ортасында қандай бес жұлдызды конақ үйі салынған? (Алатау)
2. Ақорда қай өзеннің бойында орналасқан? (Есіл)
3. Астана сиволы. (Бәйтерек)
4. Астана қаласы кандай далада орналасқан? (Сарыарқа)
5. Сен қай ауылда тұрасың? (Родина)
6. Сен бүгін қалай жауап бердің? (Жақсы)
VI. Балалар білімін бағалау.
VII. Үйге тапсырма. Қ.Мырзалиевтің «Астана» өлеңін жаттап келу.
По теме: методические разработки, презентации и конспекты
Информатика білімі – болашақтың ғылымы
Жанибекский колледж Научно – практическая конференция«Информатика білімі – болашақтың ғылымы» Конференцияның бағыты «Информатика – жаңа қоғам негізі»...