Сугирбекова Айман Избасаровна

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімінің сайты

Әрбір бала жарық жұлдыз, жарқырауына жәрдем ет. Ж.Баласағұн

Профессия: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Профессиональные интересы: оқу барысында жаңа технологияларды қолдану әдістемесі. https://education.microsoft.com/ru-ru/profile/transcript

Увлечения: Электронды оқулықтар, 3D кітаптар құрастыру, көркем әдеби кітаптар оқу

Страна: Казахстан

Населенный пункт: Астана қаласы

Место работы: №91 мектеп-гимназия

Звание, ученая степень: педагог-шебер

Навигация

Ссылка на мой мини-сайт:
https://nsportal.ru/ayman28
Қазақ тілі – өзінің даласындай кең пішілген жайдары да жалпақ тіл. Оған қысылып-қымтырылу, ерін ұшынан шүлдірлеп-былдырлау мүлде жат. Қазақ нені айтса да ауызды толтырып айтады. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңырау желіндей еркін есіп тұрады. Қазақ тілінің биязы мақамы – домбыраның күмбір қаққан сазындай. Асқақ әуенділігі шырқап салар әніндей. Шешендерден шыққан қара сөздің өзінде өлеңге бергісіз келісім, іштей үйлескен ырғақ болады. Сөз бен сөз, дыбыс пен дыбыс өзара ұйқасып, жымдасып жатады. Тыңдаушысын бірден ұйытып әкететін осы үндестік пен әсем ырғақ құлақ түбіне хрустальдай сыңғырлап, қазақ тілін сұлу да сиқырлы етіп көрсетеді. Кейде қазақ болып туғаның үшін және әлемдегі ең бай, ең сұлу тілде сөйлегенің үшін өзіңді бақытты сезінесің.
Қабдеш Жұмаділов

                                            

     "Мектепте ғылымға бағытталған жұмысқа, ережені жаттауға қабілеті аз адам, өз қызығушылығын оятатын белгілі бір іс-әрекет саласында өте дарынды болуы мүмкін. Егер мұғалім бір нәрсені жақсы меңгертуді ойласа, оның қызықты болуын қамтамасыз ету керек"

                  Л.С.Выготский          

                              

О себе

      Педагогикалық еңбек өтілім - 33 жыл 10 ай. Педагог-шебер. 1995 жылы Жамбыл педагогикалық институтының филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығын үздік бітірдім. Тараз қаласындағы Ә.Молдағұлова атындағы №28 орта мектепте 19 жыл қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ бердім. 2018 жылдан Астана қаласында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқарамын. Түрлі тақырыпта құрастырған авторлық, дидактикалық еңбектерім бар: жеке оқушымен жұмыс: дарынды, үлгерімі төмен оқушының жұмыс жоспары, дәптері, таңдау пәндері, Абайтану сабақ жоспары, түрлі-түсті электрондық таратпа материалдар, лото ойындары, хронологиялық кестелер т.б. /taraz.aiman@mail.ru. 8-707-279-36-17

     

Книги, которые сформировали мой внутренний мир

 Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі - білім қазынасы. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. "Кітап дегеніміз - алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік", - деген еді Ғабит Мүсірепов. Кітап таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсерді өмір қажетіне жарата білу - әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. "Кітап маған тақтан да қымбат", - деп көрсеткен Шекспир. Бұл сөзден түйер ойымыз, адамға жан азығы, рухани байлығы бола білген - кітап. Cол себепті оның орны тақтан да жоғары. "Наданмен қас болғанша, кітаппен дос бол", - дейді Баус. Кітап - сенің асып-таспайтын асыл досың. Себебі кітаппен дос болған адамның ой-өрісі кең, сөз мәдениеті жоғары, саналы, жан-жақты болып тәрбиеленері сөзсіз. Білімнің көзін ашып, ең алғаш ғылым саласын таңытқан, оқытып-үйреткен - кітап. Б.Соқпақбаев "Менің атым Қожа", "Балалық шаққа саяхат", М.Әуезов "Абай жолы", І.Есенберлин "Көшпенділер", Ә.Нұршайықов "Ақиқат пен аңыз", Ш.Мұртаза "Қызыл жебе" т.б.

                                                                                          

 

Мой взгляд на мир

Өзгелерге пайдалы адам мәндірек, өзіне пайдалы адам ұзағырақ өмір сүреді.

 

 

Мои достижения

 

11.12.2018ж. «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешені  «Үздік педагог» байқауы. 2 дәрежелі диплом 

13.12.2018ж. Астана дарыны, XI қалалық  «Педагогикалық идеялар фестивалі»  2 дәрежелі диплом 

16-17.01. 2019 ж.«Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсы  2 дәрежелі диплом 

16-17.01. 2019ж. «Үздік педагогикалық өнім-2019» байқауы «Үздік электрондық оқулық» номинациясы 1 дәрежелі диплом 

27.04.2019ж. Астана дарыны. Қалалық «Авторлық бағдарлама» конкурсы 1 дәрежелі диплом 

15.05.2019ж. «Үздік авторлық әзірленім» конкурсы 1 дәрежелі диплом    https://www.youtube.com/watch?v=t6YoGm3grP0

23.10.2019ж. «Педагогикалық идеялар панорамасы» Республикалық байқауының қалалық кезеңі   1 дәрежелі диплом   https://bilimdinews.kz/?p=70006

27-28.02.2020ж. «Үздік электронды портфолио» байқауыI Халықаралық педагогикалық байқау

14.03.2020ж. «Жаңашыл мұғалім-2020» байқауы

24.04.2020ж. «Онлайн-репетитор»: пəндер бойынша бейне сабақтар базасы. Сертификат

29.04.2020ж. Орта білім беру пәндері бойынша бейне-сабақтардың Республикалық байқауының қалалық кезеңі  1 дәрежелі диплом 

25.05.2020ж.  бәйгесі «Цифрлық білім беру: Онлайн оқыту!» Республикалық ашық байқауы      https://bilimdinews.kz/?p=101726

Ғылым және білім министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған, Республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі», «Педагогикалық идеялар панорамасы», «Үздік авторлық бағдарлама», «Үздік авторлық әзірленім», «Үздік педагогикалық өнім 2019», «Цифрлық білім беру: Онлайн оқыту!» «Үздік маман» байқауларының I орын жүлдегері.

Қалалық орта білім беру пәндері бойынша бейне-сабақтар, "Онлайн-репетитор" пәндер бойынша бейне сабақтар базасы, «Абай әлеміне саяхат», "Жаңашыл мұғалім-2020" байқауларының қатысушысы.

Үш жыл қатарынан Microsoft Innovative Education Expert" халықаралық бағдарламасының сарапшысы.

Microsoft Innovative Education Expert" халықаралық бағдарламасы аясында өткен конкурстың жеңімпазы, әлемнің үздік инновациялық педагог-сарапшысы. «Microsoft Sway», «Google Сайт» бағдарламалары негізінде Республика мұғалімдеріне электронды портфолио, жеке сайт, жас мамандарға арналған шеберлік сыныптарын үнемі өткізіп тұрады.

Авторлық құқықпен қорғалатын обьектілерге құқықтардың мемлекеттік тізілімге мәліметтерді енгізу туралы 3 куәліктің авторы: «Дидактикалық материалдар жинағы», «Қазақ әдебиетінен электрондық дидактикалық материалдар жинағы», «Абайтану» электронды әдістемелік оқу құралы.

Республикалық елордалық электронды мектеп 2020-2021 оқу жылында elordamektep.kz сайтында видео-сабақтары жарияланған.

Республикалық, халықаралық конференцияларда өзі құрастырған электрондық оқу құралдары бойынша баяндама жасаған: «Білім беру ресустарын жетілдіру: тәжірибе және болашағы» Халықаралық конференция, «Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға инклюзивті және интеграцияланған білім беру» Республикалық ғылыми-тәжірибелік on-line конференция, «Абай мұрасы – рухани жаңғырудың қайнар көзі» атты on-line негізіндегі Халықаралық ғылыми-практикалық конференция, Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған «Әл-Фараби мұрасы» Халықаралық on-line конференция, Халықаралық ғылыми-тәжірибелік on-line конференция: «Инклюзивті білім беруді дамытудың негізгі бағыттары», VII Халықаралық ғылыми-практикалық конференция: "Білім берудегі инновациялар: ізденіс және шешімдер", VIII Халықаралық ғылыми-практикалық конференция «Тұрақты даму мүддесіне сәйкес үздіксіз білім беру: жаңа міндеттері», Республикалық "Авторлық бағдарламаларды оқытудың өзекті мәселелері" ғылыми-әдістемелік семинар, ҰБА мен Батыс Қазақстан облысы Білім басқармасы және Білім беруді дамыту орталығы Ы. Алтынсариннің 180, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Білім берудегі инновациялар және мобильділік» республикалық онлайн форумы. «Заманауи білім беру жүйесінде Қадыр мұрасы» республикалық ғылыми-әдістемелік конференциясы, «Ахмет Байтұрсынұлы мұрасы: зерттеу, талдау және насихаттау» республикалық педагогикалық оқуы, «Қазақ тіл білімі және оқыту әдістемесі: өзекті мәселелер мен заманауи даму бағыттары» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы, «Мемлекеттік тілдің басымдығымен көптілді білім беру модельдерін дамыту мен тарату» халықаралық-ғылыми-тәжірибелік конференция, «Алаштың арда ұлдары» республикалық ғылыми-танымдық конференциясы, “Ғасыр данасы - Қожа Ахмет Ясауи” халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы, "Білім сапасын арттырудың аса маңызды шарты оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және дамыту" атты қалалық семинар, "Қасиет қонған Қаныш Сәтбаев салған жол - ұрпаққа ұлағат" республикалық ғылыми-практикалық конференция,  «Мағжан әлемі» республикалық фестивалі, XI ғасыр құзыреттерін оқу пәндерінің мазмұны арқылы біріктіру" республикалық  семинары

«Astana BilimLab» ресурстық орталығында қала мұғалімдеріне арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті оқулықтарын 3D электронды форматта құрастыру және ұтымды пайдалану мүмкіндіктері» шеберлік сынып өткізген.

Автор өз іс-тәжірибесімен жеке сайты https://nsportal.ru/ayman28  мен ютуб каналында https://clck.ru/3BV7tx республика мұғалімдерімен бөлісіп отырады.. А.И.Сугирбекова «Қазақ әдебиетіне арналған 3D сөзжұмбақтар», «Абайтану» мультимедия электронды оқу құралы (9-сыныпқа арналған), Қазақ тілінен аудио-мәтіндер жинағы, «Ш.Мұртаза, Б.Момышұлы, Ф.Оңғарсынова, А.Байтұрсынұлы, С.Мәуленов», «Қазақ тілі» /5,7 сынып/, «Қазақ әдебиеті» /5-11 сыныптар/, Орыс мектебіндегі қазақ тілі /1,2 сынып/ 3D электронды оқу құралдарын құрастырған. https://clck.ru/3BVHpN

7-9 маусым 2023 жылы өткізілген «Оқушылармен және ата-аналармен тиімді өзара әрекеттесу үшін әлеуметтік-эмоционалдық құзыреттілікті/дағдыларды дамыту» курсының ұлттық тренері.  https://clck.ru/37xE7u

11.01.2024 жылы Айман Ізбасарқызының іс-тәжірибесі туралы «Хабар» телеарнасынан көрсетілді. https://clck.ru/3BV8bM

Жарық көрген басылымдарым:

1.Тіл ұстартуға арналған дидактикалық материалдар. Сөзжұмбақтар.

ISBN 9965-21-776-9 © Сүгірбекова А.І.ББК 74.268.0. Т 92. Тараз, -100 бет.

2.Қазақ тілінен дидактикалық материалдар жинағы.

ISBN 9965-21-975-5 © Сүгірбекова А.І. ББК 74.268.2. Қ 26.2. Тараз,-300 бет.

 

 

Моё портфолио

     

“... Баланы өз күшіне сендіріп үйрету керек. Қолыңнан түк келмейді дей берсең, бала жасқаншақ, жасық болып қалады. Осыдан сақтану керек”.  

М.Жұмабаев.

 

                                                           

Мои публикации:
Биология
Внеклассная работа
География
Иностранные языки
История
Литература
Математика
Материалы к аттестации
Мировая художественная культура
Музыкально-ритмическое занятие
Обучение грамоте
Окружающий мир
Развитие речи
Разное
Родной язык и литература
Русский язык
Технология
Физика
Физкультура и спорт
Философские науки
Французский язык
Химия
Чтение
Добавить грамоту в портфолио
Портфолио: