Мағжан Жұмабаев "Батыр Баян"поэмасы
план-конспект урока (11 класс) по теме
Сабақтың мақсаты :
1. Мағжан поэмаларын атап,олардың мазмұндық тақырыбына қысқаша шолу жасау. «Батыр Баян» поэмасының тарихи-эпикалық сипатын таныту,сюжеттік-композициялық құрылысына талдау жасап,тақырыбы мен идеясын анықтау.
Поэманың көркемдік қуатын таныту.
2.Оқушылардың әдеби-теориялық білімдерін дамыту. Өз ойларын көркем-әдеби тілде жеткізе білуге дағдыландыру.
3.Оқушыларды Отансүйгіштікке,ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ
Сабақтың тегі: Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың әдіс-тәсілдері: анализ-синтез, сұрақ-жауап, проблемалық баяндау, ой шақыру\кластер\, компьютерді қолдану.
Сабақтың көрнекілігі: Мағжанның суреті, интербелсенді тақтада - презентация
Скачать:
Вложение | Размер |
---|---|
magzhan_sabak.doc | 58.5 КБ |
Предварительный просмотр:
Павлодар облысы, Ертіс ауданы,
Қоскөл ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Беспаева Айсұлу Оразқызы
Сабақтың тақырыбы : Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы.
Сабақтың мақсаты :
1. Мағжан поэмаларын атап,олардың мазмұндық тақырыбына қысқаша шолу жасау. «Батыр Баян» поэмасының тарихи-эпикалық сипатын таныту,сюжеттік-композициялық құрылысына талдау жасап,тақырыбы мен идеясын анықтау.
Поэманың көркемдік қуатын таныту.
2.Оқушылардың әдеби-теориялық білімдерін дамыту. Өз ойларын көркем-әдеби тілде жеткізе білуге дағдыландыру.
3.Оқушыларды Отансүйгіштікке,ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ
Сабақтың тегі: Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың әдіс-тәсілдері: анализ-синтез, сұрақ-жауап, проблемалық баяндау, ой шақыру\кластер\, компьютерді қолдану.
Сабақтың көрнекілігі: Мағжанның суреті, интербелсенді тақтада - презентация
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
Оқушыларды сабаққа жұмылдыру. Шаттық шеңбері. Күй әуені ойналады «Хафиз».
Мағжан өлеңдерінен үзінді оқылады.
- Ессіз жүрек аспанға қол сермеді
Ессіз жүрек ақылға жол бермеді.
Жастық –у ғой,айнымай у ішіппін,
Бұл күндерде кеудені ой кернеді.
- Дариға, сол күндерде күнім қараң,
Қазақ елі,бір ауыз сөзім саған:
Болғайсың,сыншы болсаң,әділ сыншы,
Кінәні жүрекке қой,қойма маған.
Сыр мен сезім тоғысқан бұл тамаша өлең жолдарының авторы Мағжан Жұмабаев.Мағжан -қазақ поэзиясының жарық жұлдыздарының бірі,дара туған дарын,жыр еркесі атанған ақын. Өткен сабақта біз оның өмір жолы,шығармашылығымен, лирикалық өлеңдерімен таныссақ, бүгін поэмаларымен танысамыз.
ІІ. Жаңа тақырыпты меңгерту.
1. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады.\сабақ тақырыбы экраннан көрсетіледі\
2. Мағжан поэмаларына шолу жасалады.
Елі сүйген.елін сүйген Мағжан ақын тамаша лирикалық өлеңдерімен қатар кең тынысты эпикалық поэмалар да жазды.Олар: «Ертегі», «Жүсіпхан», «Қорқыт»,
«Қойлыбайдың қобызы», «Тоқсанның тобы», «Батыр Баян»
Ақынның бұл шығармалары - көркемдігі жағынан ертегідей сұлу романтикалық сарынға толы, тақырыбы мен идеялары жағынан ұлттық әдебиетіміздің алтын қорына қосылған, баға жетпес құнды туындылар.Поэмаларының аттары экраннан көрсетіледі.
- «Ертегі» 1926 жылы аллегориялық тәсілмен жазылған. Сюжеті ертегіге ұқсайды. Оқиға шығыста болады. Мысықтар мен тышқандар арасындағы соғыс.Бұл поэмасы үшін саяси кінә тағылады.
- «Жүсіпхан». Балаларға арналған, ертегі түрінде жазылған поэма.
- «Қорқыт». Міңгілік өмірді іздеген Қорқыт ата өмірін суреттейді,өмір мен өлім туралы философиялық тақырыпқа жазылған.
- «Қойлыбайдың қобызы». Ақын Қойлыбай бақсының қобызын бәйгеге қосып,қобыздың бәйгеден озып келгендігін шабыттана әңгімелей отыра, өнер құдіретін танытады.
- «Тоқсанның тобы»1927ж. Ақын кеңес үкіметі құрған жаңа өмірді жырлайды.
Ақын поэмаларының ішінднгі күрделісі, көркемдігі жағынан шоқтығы биігі-
- «Батыр Баян»поэмасы.Поэма 1923 жылы жарық көрген.
- «Батыр Баян»поэмасының сюжеттік негізіне, кейіпкерлері мен жанрлық ерекшелігіне тоқталу.\экран\
Поэмада 17-18 ғасырдағы қазақ пен қалмақ арасындағы жаугершілік заман ,сол кезде болған оқиға суреттеледі.
4. Поэманың негізгі кейіпкерлері:\экран\
Абылай хан, Батыр Баян, Ноян,қалмақ қызы,Қанай би, Батыр Баянның досы –Жанатай.
5 Кейіпкерлердің қайсысы тарихи тұлғаға жатады?
Абылайдың суретінің тұсына--------- 1711-1780 ж.Қазақ халқының ұлы ханы.
Ел азаттығы үшін күрескен тарихи тұлға.
Баянның суретінің тұсына------------- 1700-1715ж аралығында дүниеге келіп,1757ж
дүние салған. Қалмақ ,жоңғарларға қарсы, ел азаттығы жолында күрескен батыр, тарихи тұлға.оның ұрпақтары СҚО Булаев ауданында тұрады делінеді.
Қанай би суретінің тұсына--------------- XYII-XYIIIғ Көкшетау төңірегінде өмір сүрген,
бір рулы елді билеген би-шешен.тарихи тұлға.
\Өмірде Баянның Ноян деген інісі болмаған. Ноян, қалмақ қызы,Жанатай-әдеби кейіпкер\
6. Оқушыға қойылар сауалдар:
а\ Абылай хан не себепті Батыр Баян келгеннен кейін де, қалмақтарға қарсы жорығын 1 күнге шегерді.
Жауап: Қалмақ ханының 7 кісісін жіберіп,ақ киіз үйді сыйға тартуы,Абылайханның сыйлықты қабыл алуы.
ә\Абылайдың бұл шешіміне кім қарсы болды?
Жауап: Батыр Баян
б\ Поэмада Баян образы қалай сомдалған. Портреті бар ма?
Жауап: Баянның портреті оның ішкі жан дүниесіндегі өзгерістер мен қайшылықтарды,
ақыл мен сезім арасындағы тартыстарды көрсету арқылы сомдалған.Оны поэ-
маның мына тұстарынан көреміз:
1.Абылайдың Баянсыз жауға шаппауы-кейіпкер портретінің бірінші штрихы.
2.Қалмақ қызын алып қашып келгеннен кейнгі Баянның ар мен жүрек таласы.
Жан қиналысы;
Алайда ар алысқан жүрегімен,
Теңізде алысқандай күшті сеңмен...
Осылай іштен күйген Батыр Баян,- деген өлең жолдарынан көрінеді.
3. Інісі Ноян мен қалмақ қызы қашып кетті деген хабарды естігендегі күйі;
Боз үйде жалғыз қалып Баян енді,
Жаралы жолбарыстай күңіренді.
Немесе:Жалп етіп сөнген шамдай ақыл өлді.
Өлді ақыл.Атып тұрып Батыр Баян,
Боз үйден оқ жыландай шыға келді.
Немесе:
Алыстан екі қара көрді Баян,
Кілегей қара бүлттай төнді Баян
Ой жоқ боп,жүрек шоқ боп,құр екпін боп,
Сұңқардай сорғалаған келді Баян.
4. Інісі мен қалмақ қызын өлтіргендегі жан күйзелісі,ашу мен ақыл, сана мен сезім
таласы;
Зарланып күңіренді Батыр Баян...
...Жейтұғын өз күшігін болдым бөрі,
Ісімді мынау ағат немен жабам?
Қара бет болдым алаш баласына,
Ер дер ме енді мені Абылай данам?!
Немесе:
Күй,жүрек!Көл бол,жасым! Өрттен ішім!
Алдымда айнам жатыр бөбек пішін...
...Сорлы ағаң атып жығып өз інісін,
Иіскейді енді зарлап аппақ төсін.
Тартқанда сынбадың-ау,сұм садағым!
Қайтейін, арымадың арда күшім!
Жоқ , әлде, жоқ,жоқ....Әлде...Өлтірдім бе,
Інімді алты алаштың намысы үшін?!
Немесе:
...Інісі ер Баянның-жасық Ноян
Атадан азып туған дер болар ма?
Құл болса бір қыз үшін балдырғаны
Алашқа бұдан ауыр шер болар ма!-
Деп зарланып.күңіренді жаралы ер,
Айырылған екі жаннан қаралы ер.
Зарланып көзінен қан тамшылатты,
Тұңғиық жанды жеген қап-қара шер...
5.Абылай ханмен тілдескендегі батылдығы;
6.Жолдасы Жанатайға көрсеткен жанашырлығы;
7.Қалмақтармен соғысқандағы ерлігі
Бұндай психологиялық портрет поэманың өзіндік ерешклігі болып табылады.
ІІІ. Бекіту
в\ Төмендегі айшықты сөздер қай кейіпкердің сипаттамасынын алынған?
Бөліп жазыңдар.
Балдырған бөбек делік 14 жаста, бөрінің бөлтірігі, асау жүрек, сұм сұлу,қайнаған қан,
адасқан аққу құстай, жас қанына тұншыққан соң, бар ақылы білегінде.
Жауабы: Ноян- бөрінің бөлтірігі, асау жүрек, қайнаған қан,жас қанына тұншыққан соң,
Бар ақылы білегінде.
Қалмақ қызы- Балдырған бөбек делік 14 жаста, сұм сұлу,адасқан аққу құстай.
6. Ноян мен қалмақ қызының образдарын салыстырып,Венн диаграммасын жасау
Ноян\ерекшелігі\: Қалмақ қызы\ерекшелігі\:
1.қайсар,күшті. Ортақ 1. сұлу-сұм сұлу
2. ақылы білегінде. Жас\15-14ж\ 2. ақылды
3. албырт батыл 3. тұтқын қыз
4. өз еркі өзінде. ғашық
сезімтал
7.Образдар бойынша қорытынды жасалады
а\.Оқушыға сауал?Батыр Баян,Ноян,қалмақ қызының образдары арқылы біз нені көреміз?
\экраннан көрсетіледі\
Жауап: Бұл образдар арқылы жастықтың албырттығын,сезімнің соқырлығы мен
ақылға бағынбайтын асаулығын, ашу мен ақылдың, сана мен сезімнің
таласын әрі көзсіз ерлікті көреміз.
8. Поэманың сюжеттік-композициялық құрылысы талданады.\экраннан көрсетіледі\
Талдау.
Тарихи деректер бойынша Баянның Ноян деген інісі болмаған.Ақынның Ноян деп алғаны Баянның шөберелес ағасы Сары батырдың баласы-Қыстаубай. Ел ішіндегі әңгіме бойынша Қыстаубай қалмақтың Лағыл деген қызына ғашық болып,алып қашқан. Сары батыр қарсы болып,Баянға қашып кеткен екі жасты қуып жетіп,өлтір де,киімі мен қару жарағын әкеліп,өзімше көм дейді. Баян жастарды қуып жетіп.оларды өлімге қия алмайды. Киімін,қаруын алып,оны қозының қанына малып,Сары батырға әкеліп береді.Кейін жорықтарда ұлын көргенде, Сары батыр Баянға ренжіген екен дейді.Ал поэмада бұл аңыз басқаша көрініс тапқан.
9. Поэманың көркемдік ерекшелігі,ақынның тіл шеберлігіне келейік.
Талдау.
1. . Майданда жолбарыстай жалғыз ойнап,
Сан қолға аш бөрідей кірмеп пе еді? --------------теңеу
2. Боз үйде жалғыз қалып Баян енді,
Жаралы жолбарыстай күңіренді.--------- -эпитетті теңеу.
3 Ақылға алғыр құстай ашу төнді...
... Жалп етіп сөнген шамдай ақыл өлді---------------эпитетті теңеу.
4. Бурабай арқа аралы, жер еркесі-----------------------метафора
5. Бөрінің бөлтірігі –бала Ноян---------------------------метафора
- Жолбарыс жортып кетті бетін түзеп.------------ метафора
7. Қомағай қара топырақ бүлкіл қағып,--------------- кейіптеу
Асығып екі жанның қанын ішті.
8. Мұңайып мәңгі мұңды белдер қалды.
Жынды жел сақ-сақ сүйді бетінен...
Жан-жақта жас қайыңдар қала берді,
Иіліп әдеппенен сәлем еткен.------------------------ кейіптеу
9. Эпитеттер: кермиық дала,жел ой, қағынған жер, қорқақ ақыл, арда күш,сұм садақ
қап-қара шер
Қорытынды: өлең жолдарынан сөзбен сурет салған ақын шеберлігіне,ерекше дарынына тағы бір рет көз жеткіздік.
10. Ақын поэмада қандай адами қасиеттерді сөз етеді?
«Ой шақыру»
11. Поэмадағы негігі тартыс .\экраннан көрсетіледі\
Ақыл .сана,сезім.жүрек,ар.
ІV. Қорытынды
12. Сабақ қорытылады:\экраннан көрсетіледі\
1.Күрделі поэма
2. Терең психологиялық – реалистік поэма.
3. Тарихи-эпикалық поэма.
Сонымен балалар біз бүгінгі сабақта М.Жұмабаевтвң «Батыр Баян» поэмасымен таныстық. Оның адам жанының қалтарысын көрсете білген күрделі .тарихи-эпикалық,психологиялық поэма екенін білдік.
V.Үйге тапсырма: «Батыр Баян » поэмасына пікір жазып келу.
VІ. Бағалау. Оқушылар өздеріне бағалау парағы бойынша баға қояды.
По теме: методические разработки, презентации и конспекты
Һ. Такташның "Мәхәббәт тәүбәсе" поэмасы буенча класстан тыш уку дәресе
8 класста әдәбият дәресе өчен дәрес эшкәртмәсе...
И.Юзеевның "Өчәү чыктык ерак юлга" поэмасы буенча ачык дәрес планы
Илдар Юзеевның “Өчәү чыктык ерак юлга” әсәре буенча ачык дәрес планы Тема: Илдар Юзеев“Өчәү чыктык ерак юлга” Максат: И.Юзеевның поэма язу остасы икәнлеген ачыклау, укучыла...
Абай поэмасы Ескенд3р
план -конспект урока по казахской литературе...
Г.Тукай “Шүрәле” әкият-поэмасы
Г.Тукайның “Шүрәле” әкият-поэмасы. 5нче рус сыйныфының рус төреме өчен...
"Мағжан Жұмабаевтың "Батыр Баян"поэмасы"
Дариға, сол күндерде күнім қараң,Қазақ елі,бір ауыз сөзім саған:Болғайсың,сыншы болсаң,әділ сыншы,Кінәні жүре...
Мұқағали –поэзия патшасы. М. Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы бойынша.
Сабақтың мақсаты: Сезіммен өлең өрген жыр парағы Мұқағали поэзиясына талдау жасау, ақын өлеңінің идеясын, мақсатын ұғын...
Конспект открытого урока по классу баян/аккордеон на тему «Развитие технических навыков игры на баяне на материале гамм, упражнений и этюдов в младших классах ДШИ»
Тема урока: «Развитие технических навыков игры на баяне на материале гамм, упражнений и этюдов в младших классах ДШИ».Цель урока: развитие технических навыков. Освоение техники игровых дви...