Мазмұндама "Асқақ үнді, алып ақын"
классный час (9 класс) по теме

Макажанова Назгул Ахметовна

Мазмұндама Жамбыл ақын туралы түсінік беру

Скачать:

ВложениеРазмер
Microsoft Office document icon mazmundama.doc30.5 КБ

Предварительный просмотр:

Класы: 9 «Ә»

Пәні: Қазақ әдебиеті        

Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама «Асқақ үнді, алып ақын» 

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: XX ғасырдың аса әйгілі жыршысы, асқақ үнді алып ақын Жамбыл туралы ақпараттар  беру,ақын өмірімен таныстыру.

Тәрбиелік: Жамбыл өлеңдері арқылы оқушыларды адамгершілікке үйрету. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, түсіну,есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Көрнекіліктері: Оқулық, ақынның сөзіне жазылған цитата:

                Балалар, аманбысың, шырақтарым,

                Майысып көлге біткен құрақтарым

                            Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесіп, кезекші мәліметімен танысу,сынып тазалығына мән беру, оқушы назарын сабаққа аудару.

Бүгінгі сабақ: Мазмұндама. «Асқақ үнді, алып ақын ».

Мазмұндау жоспары:

1.Жамбыл – XX ғасырдың әйгілі жыршысы, асқақ үнді  алып ақын.

2. Жамбыл өмірі қырғыз халқымен тығыз байланысты.

3. Жамбылдың жыршылдық өнерінің екі дәуірі.

4. Жамбыл – импровизатор.

    Мен Жамбыл жайында жар сала ой толғағым келеді. Жиырмасыншы ғасырдың аса әйгілі ақыны шын мәнінде аты аңызға айналған замана жыршысының өткір де, асқақ үні-бір ғана қазақ халқы емес, осы күнгі түркі тұқымдас барлық халықтар поэзиясының арсеналындағы ең озық игілік болып отыр. Мен бұл пікірді бар сеніміммен айтамын. Өйткені Жамбылдың өмірі мен ақындық шығармашылығы көрші әрі оған әрдайым етене жақынқырғыз халқымен өте тығыз байланысты қалыптасқан-ды.

    Әрбір халықтың шежіресінде тұтас дәуірді қамтитын есімдер болды. Ұлы Жамбыл өзінің жыршылық өнерімен екі дәуірді басынан өткерді. Ол өз халқының ежелгі ауыз-екі жыраулық өнерінің арқауын ыдыратпай осы жаңа заманға жеткізді. Жеткізгенде жаңарып, жаңғыртып бұрынғыдан да зор әуен-сазбен байытты. Осындай жаңа дәуірде, профессионалды жазба әдебиеті қауырт өркендеген кезде, ертедегі ауызекі жыраулық дәстүрде жырлайтын ақынның шығуы мүмкін емес-ті. әр нәрсенің өз уақыты бар. әрбір халықтың өзі тудырған қазынасы өшпек емес. Халық Жамбыл сияқты ақын-жыршылардың, көркем сөз зергерінің мұрасын мұқият сақтайды, оны ілгері дамытады және моральдық-эстетикалық дәстүрлердің қорына айналдырады.

Халықтың күші,міне,осында. Сондықтан да сол Жамбыл сынды дарынды таланттарды дүниеге келтірді. Жамбыл жалғыз емес. Оның соңынан ерген ақын,жыршы, тетелес замандастары бар.

     Жамбылды солардың арасынан бөліп, ерекше алатын себебіміз – оның жыраулық дарынының шын мәнінде ұлы болғанында, ең бастысы Жамбыл

 арқылы халық поэзиясы жаңа өмір, кеңестік құрылыс туралы, Отан, достық,бірлік жөнінде өзінің жарқын да, шынайы сөзін айтты. Халықтар достығы, кеңестік патриотизм, интернационализм тақырыбын биік шыңға көтере жырлады. Ауызекі поэзиясының көне дәстүріне сүйене отырып, Жамбыл және оның қазақ-қырғыз замандастары шын мәнінде жаңару құбылысын, яғни кеңес кезінің ақындық дәстүрін туғызды. Егер осыған ой сала қарасақ, мұндай құбылысты тарихи маңызы бар жайттар дер едім.

    Жамбыл – мейлінше күрделі құбылыс. Көпшіліктің көз алдында отырып, өлең-жырды табан астында суырып салып төгіп айту (импровизаторлық) – жұрттың айтқанындай ең жоғары мәртебелі өнер. Тек күшті және өзіне мықты сенген, айтар ойын өлеңмен жатқа төгетін, ақындық шабыты шалқыған, майталман өнерпаз ғана солай жырлайды.

     Жамбыл – құдіретті,қуатты,асқақ үнді алып ақын.

Бүгінгі сабақты бекіту: Сонымен,оқушылар, Жамбыл қандай ақын?

Бағалау:        

                                         


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

"Тукайны искә алып"

Бөек  шагыйребез Г. Тукайның  тормышын һәм иҗатын өйрәнүгә багышланган сыйныфтан тыш чара....

Туган яктан илһам алып...

Азнакай районында туып-үскән шагыйрьләр һәм язучылар иҗатына багышланган әдәби-музыкаль кичә....

Физика дәресләрендә сәләтле балалар белән комплекслы эш алып бару.

Физика дәресләрендә сәләтле балалар белән комплекслы эш алып бару планы....

Батыр үлә, үлмәс ат алып, Батырлыклар белән макталып, Исмең калсын, үзең үлсәң дә, Тарихларда укып ятларлык. М.Җәлилгэ багышланган кичә

БуранКүз ачкысыз каты буран чыкты,Юл табалмый атлар туктады.Кар пәрдәсе аша күренеп калаЕрак түгел авыл утлары....

Мазмұндама "Асқақ үнді, алып ақын"

Жамбыл ақын туралы түсінік беру...

Балачак истәлекләре. Әнкәй безне Сөннән алып кайткан...

Роберт Миннуллин. Балачак истәлекләре. Әнкәй безне Сөннән алып кайткан...                  Дәрес-лекция          ...

Яз Тукайны алып килде (шигъри кичә)

Башлангыч сыйныфлар өчен төзелгән....