Қазақ тілі сабағы 8 класс
классный час (8 класс) по теме

Макажанова Назгул Ахметовна

Салалас құрмалас сөйлем туралы түсінік беру

 

Скачать:

ВложениеРазмер
Microsoft Office document icon 8_.doc39.5 КБ

Предварительный просмотр:

Класы: 8 «Ә»

Пәні: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Салалас құрмалас сөйлем

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: Салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары туралы түсінік беру, салалас құмалас сөйлемнің түрлерін атап кету.

Тәрбиелік: Тілдік құндылықтарды бағалау, тілді құрметтеу.

Дамытушылық: Сөздік қорды дамыту

Сабақтың түрі: Жаңа білімді игерту

Сабақтың типі: Дәстүрлі

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, тірек сызбалар.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: жаңа сабақты түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап.                                           

                                Сабақтың барысы

I Ұйымдастыру кезеңі:

        - Оқушылармен сәлемдесу

        - Класты түгендеу

        - Оқушылардың назарын сабаққа аудару

II Үй тапсырмасы: 95-жаттығу. Құрмалас сөйлем ережесін сұрау

III Жаңа сабақ

Салалас құрмалас

Құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып, өзара тең дәрежеде байланысқан құрмалас сөйлемнің түрін салалас құрмалас сөйлем дейміз.

Мыс: Соғыстың алғашқы хабарын жеткізгенде, алғашқы қаралы қағазды әкелгенде, алғашқы жеңістерді жариялағанда уақыт толастаған емес. Бірінші сөйлемдегі хабарын жеткізгенде, екінші сөйлемдегі қағазды әкелгенде, үшінші сөйлемдегі жеңістерді жариялағанда дегенде тиянақты,сондықтан олар тең дәрежеде байланысып тұр.

Салалас құрмалас құрамындағы жай сөйлемдер өзара (тең) екі түрлі жолмен байланысады:

                                       Салалас құрмалас

  1.  Мағыналарының жақындығына қарай, іргелес тұрып,ұласпалы интонация арқылы байланысады. Мыс: Сол төреқұл ғой іздепбара жатқан адамы. Яғни бұл сөйлемнің ұласпалы интонация арқылы байланысында 1-ші жай сөйлем аяқталған жерде дауыс ырғағы бәсеңдемей, көтеріңкі қалыпта айтылады да, тиянақсыз болып тұрады, одан кейін сәл кідіріп, 2-ші сөйлеммен ұласа байланысып тұрады.
  2. Салаластың құрамындағы жай сөйлемдер өзара жалғаулықты шылаулар арқылы байланысады. Олар:
  1. да,де,та,те,әрі,және Ыңғайлас мәндес жалғаулықты шылаулар.
  2. Бірақ, алайда, дегенмен, сонда да, әйтсе де қарсылық мәнді жалғаулықты шылаулар арқылы.
  3. Өйткені,себебі,сондықтан,неге десеңіз себеп-салдар мәнді жалғ.шылау арқылы

  1. Не, немесе, я, яки, не болмаса, я болмаса, яки болмаса, әлде талғаулық мәнді жалғаулық шылау арқылы.
  2. Кейде, бірде, біресе кезектес мәнді жалғаулық шылау арқылы.

Мыс: Сондықтан да бәйтерек өскен жерінің көркі, көптің сүйкімдісі, көптің мақтанышы. Себеп-салдар мәнді жалғаулық шылаулар арқылы жасалып тұр.

Өзінің арғы бабасы екенін де біледі. Ыңғайлас мәнді жалғаулық шылаулар арқылы жалғанады.

Жаттығулар орындау:

96-жаттығу

Берілген мақал мәтелдердің екінші сыңарын өздерің ойлап тауып, айналдырып жазыңдар. Содан кейін тұрлаулы мүшелерінің астын сызып, бір сөздің қайталануынан болған тұрлаулы мүшенің біреуін ғана қалдырып, салалас құрмалас сөйлемдерді бірыңғай мүшелі жай сөйлемге айналдырыңдар.

  1. Еңбек ерлікке жеткізер,

Ерлік елдікке жеткізер

      2)   Көз қорқақ, қол батыр

      3)   Еңбек түбі береке,

            Зейнет түбі мереке

  1. Қоянды қамыс өлтіреді,

Жігітті намыс өлтіреді.

      5)   Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді

Кеспемен жұмыс:

Оқушыларға кеспе таратылып, содан жауап алынады.      

VII Үйге тапсырма: Салалас құрмалас сөйлемді оқу.

VIII Бағалау.


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Сөйлем.(«Сурет сабағы»).

Урок учителя начальных классов Енбекшинской начальной школы Жанибекского района ЗКО Хайруллиной Гульдарии Жусуповны...

Сабақтың түр өзгерістері.

Урок учителя биологии СОШ имени Т.Жарокова Жанибекского района ЗКО Закариной Гулии Сансызбаевны...

Ашық сабақ: "Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау, басқа орынға ауыстыруды рәсімдеудің тәртібі"

Бұйрықтың түрлерімен таныстыра отырып, өз беттерімен оларды құжат барысында дұрыс қолданыла білуге үйрету....

савы-саба 1 класс

савыт саба+ куям...

Разработка урока по физике . 9 классҚайталау сабағы. Толқындар мен тербелістер.

Сабақтың тақырыбы: Қайталау сабағы. Толқындар мен тербелістер.Сабақтың білімділік мақсаты: Оқушылардың тербелістер мен толқындар тарауы бойынша алған білімдерін байқау, тексеру.Сабақтың дамытушылық ма...

Разработка урока по физике . 9 классҚайталау сабағы. Толқындар мен тербелістер.

Сабақтың тақырыбы: Қайталау сабағы. Толқындар мен тербелістер.Сабақтың білімділік мақсаты: Оқушылардың тербелістер мен толқындар тарауы бойынша алған білімдерін байқау, тексеру.Сабақтың дамытушылық ма...

Сабақтың тақырыбы: Көкжиек. Көкжиек тұстарын анықтау (топ-серуен) экскурсия сабағы.

Оқушылардың көкжиек және көкжиек тұстары ұғымын қалыптастыру.Күнге, жергілікті белгілерге және компасқа қарап көкжиек тұстарын анықтауға жаттықтыру....