Сөйлем.(«Сурет сабағы»).
план-конспект по изобразительному искусству (изо) по теме

Шукуров Суюнгали Сагинтаевич

Урок учителя начальных классов Енбекшинской начальной школы Жанибекского района ЗКО Хайруллиной Гульдарии Жусуповны

Скачать:

ВложениеРазмер
Microsoft Office document icon soylem_suret_sabagy.doc52 КБ

Предварительный просмотр:

                                              Батыс Қазақстан облысы

Ұзынкөл ауылы

 Еңбекші басауыш мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Хайруллина Гулдария Жүсіпқызы

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем.(«Сурет сабағы»).

Сабақтың мақсаты: Білімділік:Сөйлем туралы түсініктерін тереңдете түсу.  Дамытушылық:Сөздерге дұрыс сұрақ қоя білуге және сөйлем құра білуге                                   дағдыландыру.

Тәрбиелілік:Табиғаттағы әсемдікті бейнеленген суреттер арқылы адамның сезімін сезе білуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Баяндау,сұрақ-жауап,жаттығу орындату.

Сабақтың түрі:Аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі:Ә.Қастеевтің суреттері,Ойын барысында қолданылатын  плакат.  

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

1)Балалармен амандасу.

2)Құрал жабдықтрын түгендеу.

ІІӨткен сабақты бекіту.Үй тапсырмасын тексеру.

-Балалар қазір қай мезгіл?

-Көктем.

-Көктем мезгілінде қандай гүлдер өседі?

-Бәйшешек ,жауқазын.

Ендеше, балалар жауқазын тергенді ұнатасыңдар ма?

Қазір мына жауқазындардың артындағы сұрақтарға жақсылап жауап берсек,мына жауқазындар сендерге бұйырады.

Сұрақтары:

-Қандай тарауды өтіп жатырмыз?

-Сөйлем.

-Сөйлем нелерден құралады?

-Сөйлем сөздерден құралады.

-Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен қалай жазылады?

-Сөйлемдегі сөздер бір-бірінен бөлек жазылады.Сөйлемдегі  бірінші сөз қандай әріппен жазылады?

-Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріппен жазылады.

-Сөйлем соңына қандай тыныс белгілер қойылады?

-Сөйлемнің соңына нүкте,сұрақ белгісі,леп белгісі қойылады.

-Ал,балалар сөйлем туралы ойымызды жинақтап,сызбаға түсірейік.

         Сөйлем

Соңында тыныс белгісі қойылады.

Сөйлем сөздерден құралады

Бірінші сөз бас әріппен жазылады

        

ІІІ Жаңа сабақ

-Балалар,біз өткен тарауда заттың атын,заттың қимылын,,заттың түр-түсін,сапасын және заттың санын білдіретін сөздерді өткенбіз.Енді біз осы өткен тарауды еске түсіре отырып ,үш қатар болып жарысамыз.

Бірінші қатар  заттың атын білдіретін сөздерді,екінші қатар заттың қимылын білдіретін сөздерді,үшінші қатар заттың түсін,сапасын білдіретін сөздерді дұрыс сұрақ қою арқылы тауып,сол сөзді тұсына іледі. Ал ,заттың санын білдіретін сөздерді үш қатар бірге табамыз.

    155-жаттығу Берілген  сөйлемдердегі көп нүктенің орнына қажетті сөздерді жазып,көшіріңдер.

   Көйлекті неден тігеді?

   -Көйлекті матадан тігеді.

  -Нені сүттен ұйытады?

   -Айранды сүттен ұйытады.

   -Алманың дәмі қандай?

   -Алманың дәмі тәтті.

   -Ненің түсі қызыл ?

    -Шиенің түсі қызыл.

  -Құстың қанаты нешеу?

  -Құстың қанаты екеу.

 -Балалар ,сөйлем нелерден құралады екен?

Сөйлем сөздерден құралып ,сөйлем соңында нүкте,леп белгісі және сұрақ белгісі қойылады екен.

Сөйлемнің тыныс белгілері

   

        

Нүкте( .)

Леп белгісі ( !)

Сұрақ белгісі(? )

        

    156- жаттығу.жаңылтпашты оқып ,сөйлемнің соңында  қандай тыныс белгісі қойылғанын аңғарыңдар.

Жаңылтпаш .

Қарындаштың ұшын үшкірлеп ұшта!

Үшкірлеп ұштап , сақтап ұста.

Сергіту сәті.Суретпен жұмыс.

1)Суреттен нені көріп тұрмыз?

2) Балаларға ат қой.

3) Бала ненің суретін салып жатыр?

4) Ал, біз суретті қай сабақта саламыз?  

-Сурет сабағында.

-Біз сурет сабағында көптеген суретшілердің  суреттерімен таныстық.Ендеше ,бүгін біз О. Әубәкіровтың ,,Сурет сабағы,, өлеңімен танысамыз.

А)Өлеңді мәнерлеп оқып беріп, мазмұнымен таныстыру.

Ә)Оқушылардың өзіне тізбектей оқытқызу.

Б)Өлеңді әнімен айтқызу.

IVСабақты қорытындылау.

-Суретші болу үшін  не қажет ?

-Өзің қандай сурет салғанды ұнатасың?

-Суретшілерден кімді білесің ?

   Балалар Н.Әлімқұловтың ,,Суретші ата Қастеев,, өлеңін жаттайық.

V Бағалау.

VIҮйге тапсырма: 157-жаттығу.                                          

                                                               


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Сабақтың түр өзгерістері.

Урок учителя биологии СОШ имени Т.Жарокова Жанибекского района ЗКО Закариной Гулии Сансызбаевны...

Ашық сабақ: "Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау, басқа орынға ауыстыруды рәсімдеудің тәртібі"

Бұйрықтың түрлерімен таныстыра отырып, өз беттерімен оларды құжат барысында дұрыс қолданыла білуге үйрету....

Ашық сабақ дәйектемесі

Бұл ашық сабақ "Электронды-есептеуіш машина операторы" мамандығының арнайы пәндерімен өндірістік сабақты қосып жасалған...

Я утверждаю сабя

Классный час, посвященный проблеме самоутверждения в подростковом возрасте...

Ер есімі ел есінде. Сыныптан тыс сабақтың тақырыбы: Халық қаһарманы - Бауыржан Момышұлы.

Ер есімі ел есінде. Сыныптан тыс сабақтың тақырыбы: Халық қаһарманы - Бауыржан Момышұлы. ...

Ашық сабақ. Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы.

Сабақтың мақсаты: Қазақ жырының қара бурасы атанған  Мұқағали Мақатаевтың  өмірімен  және шығармашылығымен  таныстыру.  Дамытушылық: Оқушыларды өздігінен іздену арқылы д...

Сабақтың тақырыбы: Көкжиек. Көкжиек тұстарын анықтау (топ-серуен) экскурсия сабағы.

Оқушылардың көкжиек және көкжиек тұстары ұғымын қалыптастыру.Күнге, жергілікті белгілерге және компасқа қарап көкжиек тұстарын анықтауға жаттықтыру....