Коучинг сабағының жоспары
план-конспект занятия на тему
Предварительный просмотр:
Коучинг сабағының жоспарлары:
Коучинг сабағының жоспары | Диалогтік оқыту – оқыту үдерісіндегі белсенді әрекет қалыптастыратын оқытудың жаңа әдіс-тәсілі |
Жалпы мақсаты | Оқытудың жаңа әдіс-тәсілі ретінде диалогтік оқыту туралы ұғымдарын қалыптастыру және тәжірибелеріне енгізу әдістерінің жолдарын меңгерту. Түрлі мүмкіндіктерге және түрлі оқушыларға қарай төмен және жоғары дәрежелі сұрақтарды саралауға бағыттау.ЖАДА туралы түсінік беру. |
Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері | - диалогтік оқыту туралы ұғым қалыптасады; - тәжірибеде қолдану арқылы оқу,оқыту үдерісінде оқушылардың бірлескен әрекеті, белсенді қарым-қатынас қалыптастыра алады; - пікір алмасу, талқылау, зерттеу барысында оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауға мұғалім түрткі болып отырады . |
Сабақта туындаған негізгі идеялар | диалогті оқытуды оқытудың жаңа тәсілі ретінде сабақ үрдісінде қолданады |
Тапсырмалар.Практикалық жұмыс. | 1.Жағымды психологиялық ахуал туғызу. «Сатушы мен сатып алушы » 7 минут 2. Сатып алған жемістері бойынша топқа бөлінеді 3. «Диалог» туралы білетін ұғым түсініктерін топ мүшелері интерактивті тақтада топтастырады. 2 минут 4.Көрсетілім. «Диалогтік оқыту туралы» презентация 5 минут 5.І топ. «Мұғалім- сабақ иесі,оқушы - бақылаушы»(Жетістіктері мен кемшілігі) постер қорғау ІІ топ «Мұғалім –бағыттаушы,оқушы –сабақ иесі» (Жетістіктері мен кемшілігі) постер қорғау ІІІ топ « Мен армандайтын сынып...» постер қорғау Әзірленуге – 10 минут; қорғауға – 5 минут Үш топ стикер арқылы бағалайды. 6. Тақтаға сұрақтардың тізбесін жазу,олардың төмен, жоғары дәрежелі сұрақ екенін ажырату 7 .Төмен, жоғары дәрежелі сұрақтармен жұмыстану. Бір зат беріледі әр топқа сол бойынша сұрақ деңгейін құрастырады,басқа топ табады. (Гүл,кітап,балық) 8 . Кері байланыс Топ бойынша талқылау. 9. Қол шапалақтау арқылы бағалау. |
Қорытынды. Рефлексия. |
-«өте жақсы» - коучингке көңілім толды , көп нәрсе туралы мағлұмат алдым,тәжірибеме енгіземін. - « жақсы» – мен үшін түсінікті болды,кейбір мәліметтерді қосымша қажет етемін. - « қанағаттанарлық » – бағытын білдім,тәжірибеге қолдануға әлі жеткіліксіздеу. |
Дереккөздер | МАН. 99-бет. Үлестірмелі материалдар. Екінші апта. |
Коучинг сабағының тақырыбы: | Блум таксономиясын енгізу |
Жалпы мақсаты: | Блум таксономиясы туралы жалпы түсінік қалыптастыру. Блум таксономиясының деңгейлері бойынша сұрақ құрастыруды меңгерту. Тәжірибеде қолдану әдісін үйрету. |
Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері: | Блум таксономиясы туралы түсінік қалыптасады. Сұрақтардың мазмұны мен құрылымын ажыратады. Мұғалімдер сабақ үрдісінің белгілі бір кезеңінде Блум таксономиясын тиімді қолдана отырып, оқытуды бағалауды үйренеді. |
Сабақта туындаған негізгі идеялар: | Мұғалімдердің оқытуды бағалауда сыни көзқарастарын қалыптастыру. |
Тапсырмалар: |
Қорытынды. |
Дереккөздер: | МАН. 43 бет, |
Екінші коучинг сабағының жоспары
Коучинг сабағының тақырыбы: | Интернет сайттарын сабақтарда пайдаланудың тиімділігі. | |
1 | Жалпы мақсаты | Оқу үдерісінің сапасын арттырудағы АКТ-ның, соның ішінде интернет сайттарының мүмкіндіктерін білу, меңгеру және қолдану арқылы кәсіби біліктілікті арттыру |
2. | Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері | -Кәсіби дағдыларды қалыптастыратын жаңа мүмкіндіктер туындайды; -сабаққа дайындалу деңгейін арттырады; - оқу үдерісін қызықты етеді; -шығармашылық деңгейі шыңдалады; - оқушының терең білім алуына көмектеседі; |
3 | Сабақта туындаған негізгі идеялар | -Ақпарат құралдарымен жұмыс істей білуін дағдыландыру; -Педагогикалық технология мен компьютерлік технологияны бірігіп пайдаланудағы қажеттілік ; |
4. | Жұмыс барысы: | 1. Интернет сайттарымен таныстыру.(5 мин) 2.Практикалық бөлім. Мұғалімдерге қажет сайттарды пайдаланып тапсырма орындату.(20мин) 3. Кері байланыс. Стикерлер арқылы өз пікірлерін білдіреді. . 4.Ұсыныс: Интернет сайттарын сабақтарда пайдалану |
5. | Дерек көздер | Интернет сайттары: youtube.com, dilbert.com, stripgenerator.com, voki.com, it-n.ru, wiki.ru, МАН. |
Сабақтың барысы: 1. Мұғалімдерге «Ой шақыру» арқылы сұрақ беріледі. 1.1. Интернет сайттарымен таныстырылым көрсетіледі.(5 мин) 2.Әр топ белгілі пән бойынша интернет сайттарын пайдаланып, тапсырма орындайды. (20 мин) 3. Стикерлер арқылы пікірлер алынады. Қорытынды жасалады. |
Коучинг сабақтың тақырыбы | Оқыту мен оқудағы – көшбасшылық | |
1 | Жалпы мақсаты | Оқыту мен оқу үдерістеріндегі маңызды проблемалар мен құндылықтарды зерделеу арқылы инновацияға негізделген диалогтік үдерісті қалыптастыра отырып, көшбасшылыққа жетелеу. |
2. | Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері |
топтарға көшбасшылыққа ұмтылуға бағыттайды |
3 | Сабақта туындаған негізгі идеялар |
жұмыстанады
үдерісі әрдайым үздіксіз дамып жататын үрдіс еке нін ұғынады |
4. | Тапсырмалар | 1.1. Мұғалімдермен «Зоопаркте- қонақта» атты тренинг жүргізілді. Мұғалімдер 3 адамнан бөлініп зоопарк аңдарын бейнелейді.(піл, павлин, маймыл, бұқа).Тренинг-тің түйіні – аңдарды бейнелегендей , мұғалімдерді бірлікке шақыру. 1.2. «Мұғалім» сөзін жуан және жіңішке буынға бөлу арқылы мұғалімдер топқа бөлінеді. 1.3 . Қоғам қайраткерлерінің суреттері көр- сетіліп, сұрақ қойылып коучингінің негізгі тақыры бы анықталады. 2. 2.1. Мұғалімдерге мынадай тапсырмалар берілді: І- топ . Көшбасшылық қабілеттердің өлшемдері ІІ- топ . Көшбасшылық қандай жеке қабілеттерімен ерекшеленеді. (20 мин) 2.2 Тест- сауалнама. Адамның тұлғалық қасиетін анықтау(психолог-ғалымы И.Панарин) 3. 3.1 Теориялық бөлім «Мұғалімнің көшбасшы лығын дамыту жұмысы» МАН 20,21 -беттер 3.2 Тапсырмалар - Мұғалім үшін көшбасшылықтың ролі - Оқушы үшін көшбасшылықтың ролі Бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек !» 4. Кері байланыс. Бағалау парағы арқылы өз пікірлерін білдіреді. 5.Ұсыныс: Оқыту мен оқу тәжірибесін жетілдіру жұмысының көшбасшысы болып, оқыту сапасының нәтижелілігіне қол жеткізу. |
5. | Дерек көздер | Интернет . сайттар, МАН. |
Коучинг сабағының жоспары
Коучинг сабағының тақырыбы: | Сабақ барысында дарынды,талантты оқушылармен жұмысты ұйымдастыру |
Мақсаты: | Талантты және дарынды балаларды оқыту туралы түсінік беру.Талантты және дарынды балаларды оқытудың мазмұнын анықтау мақсатында жұмыс түрлерін жүргізу. Талантты және дарынды балалармен жұмыс түрлерін мұғалімдердің іс-тәжірибесінде тиімді жүргізуді үйрету. |
Мұғалімдер үшін оқу нәтижелігі: | Талантты және дарынды балаларды оқыту туралы түсінік алады; Дарынды және талантты қабілеттердің ерекшелігін ажыратады; Сабақтың барысында дарынды және талантты балалардың қабілеттерін ескеріп,жұмыстану жолдарын қарастырады; |
Сабақта туындаған негізгі идеялар: | Сабақ барысында талантты және дарынды балалардың қабілеттерін дамыту,шыңдау. |
Тапсырмалар: Тренинг Амандасу (2мин) Ой шақыру. (5 мин) Ұғым беру. (2 мин) Практикалық жұмыс (7 мин) Кері байланыс (2 мин | 1. Тренинг арқылы екі топқа бөлу. 2.Дарындылық және таланттылық туралы бейнеролик көрсетіледі. МАН бойынша дарынды және талантты балалар жөнінде айтып өтемін Сабақта дарынды және талантты балалармен қалай жұмыстануға болады 2 жұлдыз,1тілек әдісі бойынша әр топ бірін-бірі бағалайды |
Қорытынды: (2мин) | |
Дереккөздер: | МАН 50-55 бет,ғаламтор мәліметтері. |
По теме: методические разработки, презентации и конспекты
Семинар сабағының жоспары
Бұл сабақтың мақсаты: ұлы Абай Құнанбайұлының туған жеріне саяхат жасау. Ұлы ақын дана да, дара қазақ халқының бағына туған Абай атаны мәңгі есте сақтауға баулу....
Блум таксономиясымен құрылған сабақ жоспары: "Элементар электр заряды"
Бұл сабақ жоспары Блум таксономиясымен құрылған....
кунделікті сабақ жоспар
кунделікті сабақ жоспары...
Сабақ жоспары қазақ тілінен
4-сыныпқа сабақ Пәні: Қазақ тілі (4 сынып)Сабақтың атауы: ҚұрылысшыМақсаты: Мәнерлеп оқуға үйрету, сөздік қорын байыту, ауызекі сөйлеу тілін дамыту, оқушыларды өзара қарым - қатынасқа түсіру.Оқу ...
Сабақ жоспары қазақ тілінен
4-сыныпқа сабақ Пәні: Қазақ тілі (4 сынып)Сабақтың атауы: ҚұрылысшыМақсаты: Мәнерлеп оқуға үйрету, сөздік қорын байыту, ауызекі сөйлеу тілін дамыту, оқушыларды өзара қарым - қатынасқа түсіру.Оқу ...
Сабақ жоспары "Менің қалам"
Сабақ біздің туған қаламыз, Бөгенбай батырдың туған жері Ерейментауға арналған....
"Ұялы телефон арқылы интернетке шығу" сабағының жоспары
7-сыныпта өтілетін "Ұялы телефон арқылы интернетке шығу" тақырыбына сабақ жоспары...