Сабақ жоспары "Менің қалам"
план-конспект занятия (9 класс) на тему
Сабақ біздің туған қаламыз, Бөгенбай батырдың туған жері Ерейментауға арналған.
Скачать:
Вложение | Размер |
---|---|
sabak_menin_kalam.docx | 442.25 КБ |
Предварительный просмотр:
Сабақтың тақырыбы: Менің қалам
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: жаңа материалды жан-жақты түсіндіріп, сөздік қорын байыту, сөздерді өзара байланыстырып, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру.
Дамытушылық: ауызекі сөйлеу, әңгімелеу дағдыларын қалыптастыру, еркін сөйлеу, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды Отаншыл болуға, халқын, жерін сүюге, патриотизмге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, интербелсенді әңгіме, қайталау, жүйелеу, ауызша-жазбаша жұмысы, тіл дамыту, ойландыру
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, электронды тақта, үйлестірмелі қима қағаздар.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу.
- Кезекшімен әңгімелесу.
Бүгін аптаның қай күні?
Бүгін нешесі?
Жуырда қандай мереке болады?
Еліміз Тәуелсіздікке қай жылы қол жеткізді?
Сонда биыл Тәуелсіздікке неше жыл толады?
Жақсы. Өткен сабақта қандай тақырып оқыдық? ( Отансыз адам – ормансыз бұлбұл). Жақсы. Отан деген не? Бұл сөздің қандай синонимдерін білесіңдер? (отан = атамекен = туған жер) Үйге қандай тапсырма берілді?
- Үй жұмысын тексеру. «Отан» туралы мақал-мәтелдер.
- Жаңа сабаққа кіріспе. Отан туралы мақал-мәтелдерді жақсы жаттап келіпсің. Ал сенің Отаның не? (Қазақстан Республикасы)
Кіші отан деген де ұғым бар ғой. Кіші отан деген не? (Туып өскен қалаң, ауылың)
Сенің кіші Отаның не? (Ерейментау қаласы)
Жақсы. Біздің сабағымыздың тақырыбы «менің қалам» (слайд 1)
- Жаңа сабақ «Менің қалам» Отан – менің ата-анам,
Отан – досым, бауырым.
Отан – өлкем, астанам,
Туған қалам – Ерейментауым. (Слайд 2)
Ерейментау бұрын қалай аталған?
- «Қандай?» ойыны.
Келесі сұрақ қоймас бұрын бір ойын ойнайық.
Тау биік, маңғаз
Орман қалың, қарағайлы
Ақын ақиық, дарынды
Көше түзу, әдемі
Жел қатты, өткір
Бұлақ көгілдір, тұнық
Өлең әсерлі, тартымды
- Ерейментау туралы не білесіңдер? (Оқушылар жауаптары)
- Қаламыз қайда орналасқан? (Ақмола облысында)
(Слайд 3,4) Бағанадан бері айтқан мәліметтеріміз дұрыс бекен, тексерейік.
Қаланың іргетасы 1948 жылы қаланған екен. Осы туралы айтпаппыз. Сонда биыл қаламызға неше жыл болды екен? (65)
- Неге Ерейментау деп аталды екен? (Оқушылардың жауаптары)
Арғы замандарда желмаясын желдіртіп, жер шолып жүрген Асан Қайғы бабамыз Ерейменнің тауларын көріп: «Шіркіннің ерейіп-ерейіп бітісін-ай!» – деген екен. Содан кейін бұл таулар Ерейген тау атанып, кейін патшалық Ресейге қараған уақытта санақ алушылар «ерейгенді» «ереймен» деп қате жазып, осыдан кейін Ереймен аталып кетіпті-міс. Шындық па, аңыз ба, ол жағы бір Тәңірге аян. Бірақ ел ішінде ертеден бар әңгіме.
Ерейментаудың табиғаты да ерекше, жазы аптапты келсе, қысы алай-түлей боранды келеді. Асан Қайғы бабамыз: «Жел соғатын жеті есігі бар екен», – деп тегін айтпаса керек. Ерейментаудың жай күнінен желді күні көп.
Ерейментау атауы туралы екінші бір дерек былай дейді. Ерттеулі ат тау ішіне қашып, оны тауып алғандар қуанып: «Табылды, ерімен, ерімен жүр екен», – деп хабарлап, бұл таулар осыдан соң Ерімен, Ереймен атаныпты-мыс.
1969 жылы Ерейментау жеріне шығармашылық сапармен жазушы Сәбит Мұқанов келіпті. Тау-тасты аралап, табиғатымен танысқан жазушы: «Сендер жерлеріңнің атын Ереймен деп қателесіп айтып жүрсіңдер, дұрысында Ерментау болуы керек. Тау баурайында ермен деген шөп өседі, яғни ерменді тау деген ұғымды береді», – депті.
- Ел-елдің бәрі жақсы,
Өз елің бәрінен жақсы.
Қала-қаланың бәрі жақсы,
Өз қалаң бәрінен жақсы.
(«Менің қалам бәрінен жақсы» презентациясы)
Даниярдың «Менің қалам бәрінен жақсы» презентациясын көрдік. Қалай екен? (Әсерлі, тартымды екен).
- Ерейментау туралы әңгімені жалғастыру.
Ерейментауда не жоқ? (Оқушылардың жауаптары)
Өндіріс кәсіпорындары жоқ. Ол жақсы ма, жаман ба?
Ол бір жағынан жақсы, бір жағынан жаман.
Неге жақсы? (Ең бастысы, қаламыздың экологиясы жақсы, ауасы жақсы).
Неге жаман? (Жұмыс орындары жоқ. Ерейментау тұрғындары басқа жаққа көшіп кетеді).
- Ерейментау елтаңбасы туралы.
Қазақстанның Елтаңбасы туралы сабақ болғанда біз бір мақал оқыған болатынбыз? Естеріңде ме?
Найзасыз ер болмайды,
Таңбасыз ел болмайды.
Біздің қаламыздың да өз елтаңбасы бар. Оның авторы – «Ривер» бизнес-орталығының басшысы Сырымбетов Абылайхан Қуандықұлы.
(Слайд 7)
Ерейментау қаласының елтаңбасында не бейнеленген?
- Грамматика. Салалас құрмалас сөйлемдердің түрін анықтаңдар:
а) Ерейментау қаласы Ақмола облысында орналасқан және аудан орталығы болып табылады.
ә) Қаламыздың атауы туралы деректер аз емес, бірақ қайсы шындық, біз білмейміз, әрине.
б) Таулар арасында орналасқан Ерейментау қаласының әсемдігі соншалықты, Сарыарқаның кең-байтақ өңіріндегі кіші Алматы тәрізді.
в) Қазір табиғат өзгерістеріне таң қаламыз. Ерейментауда да желтоқ-
санда біресе қар жауады, біресе жаңбыр жауады.
г) Ерейментаудың жай күнінен желді күні көп, сондықтан Асан Қай-
ғы бабамыз «Жел соғатын жеті есігі бар екен» депті.
ғ) Ерейментауда мерекелер не орталық алаңда өтеді, не мәдениет
үйінің алдыңдағы алаңда өтеді.
- Өлеңдер «Ерейменді жырға қосқан...»
- Тақырыпты қорытындылау.
Біздің топта орыстар көп. Олардың көбі келешекте Ресейге кетіп, сонда тұрамыз дейді. Бірақ туған жер, Ерейментау қаласы тартып тұрады ғой, әрине. Сол кезде осы сөздердің қайсын айтасыңдар?
Көзіме бір көрінші, Ерейментау ...
Ал енді демалысқа шықтыңдар, ұзақ уақыттан кейін Ерейментауға келдіңдер. Енді қандай сөздермен сағыныштарыңды білдіресіңдер?
Барады туған жерге шөлім қанбай ...
Туған жерге шөлдеріңді қандыру үшін Серіков Дархан сендерге
дайындаған бейнеролигін көрсетеді.
- Т.Шахановтың сөздері тілек ретінде.
- Сабақ қорытындысы, үй тапсырмасы: «Менің қалам» - эссе жазу
По теме: методические разработки, презентации и конспекты
Сөйлем.(«Сурет сабағы»).
Урок учителя начальных классов Енбекшинской начальной школы Жанибекского района ЗКО Хайруллиной Гульдарии Жусуповны...
Сабақтың түр өзгерістері.
Урок учителя биологии СОШ имени Т.Жарокова Жанибекского района ЗКО Закариной Гулии Сансызбаевны...
Ашық сабақ: "Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау, басқа орынға ауыстыруды рәсімдеудің тәртібі"
Бұйрықтың түрлерімен таныстыра отырып, өз беттерімен оларды құжат барысында дұрыс қолданыла білуге үйрету....
Урок литературы в 7 классе "Под алым парусом мечты" (по произведению А.Грина "Алые паруса")
познакомиться с личностью писателя; вместе с героями повести выяснить, какую роль в жизни человека играет мечта; что такое чудеса, что нужно человеку, чтобы быть счастливым....
План – конспект урока по русской литературе на тему: «В тени алых парусов» (по повести А.Грина «Алые паруса») (V класс)
Урок знакомит учащихся с жизнью и творчеством А.С. Грина; вызвать читательский интерес к его произведениям романтического направления....
Сабақтың тақырыбы: Көкжиек. Көкжиек тұстарын анықтау (топ-серуен) экскурсия сабағы.
Оқушылардың көкжиек және көкжиек тұстары ұғымын қалыптастыру.Күнге, жергілікті белгілерге және компасқа қарап көкжиек тұстарын анықтауға жаттықтыру....
Халыҡ-ара туған телдәр көнөндә яҡташ ғалим-ғалимәләребеҙҙең сығыштары, улар тураһында мәғлүмәт.
Туған телен ҡәҙерләгән халыҡ ҡәҙерле булыр. Халыҡ мәҡәле....