Мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеудегі отбасының ықпалы
статья (9 класс) по теме

Шукурова Гульсара Сатуовна

Доклад

Скачать:

ВложениеРазмер
Microsoft Office document icon otbasy.doc38.5 КБ

Предварительный просмотр:

                                Жалпы білім беретін

               Т.Жароков атындағы орта мектебі

                       Мектеп оқушыларын  

                                      адамгершілікке

                   тәрбиелеудегі

 отбасының ықпалы

(Баяндама)

Дайындаған:

9 «» класс жетекшісі

Шукурова

Гүлсара Сатуқызы

2011-2012 оқу жылы

Мектеп оқушыларын адамгершілікке

тәрбиелеудегі отбасының ықпалы

        Қазақ мектептерінің ең басты міндеті-өз ұлтының тарихын, мәдениетін, тілін, дінін қастерлейтін және оны жалпы адамзаттық деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін елжанды тұлға тәрбиелеу.

        Бәрімізге белгілі біздің қоғам аса күрделі жағдайларды бастан кешірді. Өтпелі кезеңге тән өмірдің ауыртпалықтарын ешкім жоққа шығармайды. Бірақ адам қандай жағдайда да өзінің биік адамгершілік сипаттарын, кісілік қасиеттерін сақтап қалуға тиіс екендігі біздің кейбір қазақ жастарынның санасына кішкентайынан енгізілмеген түрі бар. Оқушы жастарының арасында ішімдік пен шылым шегуге әуес, есірткі қолданушылар қатары да өсуде. Қылмыстың ең ауыр түрлеріне баратын жастар көбейіп отыр.

        «Тәрбиеге әсер беретін нәрсе-өскен орта, ата-ананың тәрбиесі. Соңғысы күшті болмаса бара-бара адамды замандас, жолдастың азғырып не түрлі жаман мінезді жұқтыртатыны белгілі»,- дейді Жүсіпбек Аймауытов өзінің «Тәрбие» атты мақаласында.

        Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты-балада» деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдіретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты-тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні-өз ұрпағы. Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол-бала тәрбиесі. Тәртіп бұзушылықтың басы бос жүруден басталады. Кейде сабақтан жие қалдыруға әр түрлі сылтауларды үлкендердің өзі үйретіп отырғанын аңғармай да қалуы мүмкін. Жас шыбықты қалай ексең, солай өседі ғой. Иә, «ұяда не көрсең соны ілерсің», демекші ата-ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады. Баланың бойында барлық жақсы қасиеттерді дамыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау ата-ана мен ұстаздың басты тәрбиесі. Жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді халық даналығы. Бала кішкентай кезінен-ақ әр нәрсеге әуестеніп үлкендерге көмектескісі келеді. Бұдан кейін әке-шеше «жұмысымды бөгейсің, істеп жатқан ісімді бүлдіресің» деп ұрысып жіберуі мүмкін. Бұл қате түсінік. Керсінше, өзің жұмыс істеп жүргенде баланың қолынан келетін ісіне жағдай туғызып, оның үйренуіне көмектескен орынды. Тіпті балаға берген тапсырмаңыздың аяғына дейін орындалуына төзімділікпен бақылау керектігінде ұмытпаған жөн. Баланың бірте-бірте еңбекке деген болашағына жол ашасыз. Әр істеген ісінің ұқыпты да тынымды орындалуына бағыт бересіз. Баланың жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіріп отырса, ол да ересектерді сыйлап кез келген тапсырмасын орындауға қарсылық білдірмейді. Орынсыз ұрысу, зеку, сұрақтарына дөрекі, келте жауап беру немесе әділ талап қоя алмау ата-ананың беделін түсіреді. Ата-ана бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балалардың жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшіліктерді жетек білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата-аналар «Екеумізде жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл-қыздарын үй шаруасында жүріп-ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа.  Жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуға, баланың көзінше арақ ішіп, үсті-үстіне темекі тартатындар да бар. «Көрінген таудың алыстығы жоқ» дейді, ертең-ақ ұл өсіп ер жетеді, қыз өсіп бой жетеді. Сонда арақ пен темекінің зиянын қалай ұқтырамыз. Негізінен  жанұяның шырқы бұзылған, ата-анасы маскүнемділікке салынған немесе жарамдық жағынан азғынданған ортада бала, жасөспірім қашанғы жейренішті көріністі, ондағы айқай-шу мен дау-жанжалға, ұрыс-керіске шыдап жүрмек. Басқа өмір аңсайды немесе теріс тәрбиеге тез бой алдырып үлгіреді, егер осы теріс жолға мүлде бет бұрып кетсе, бәйтеректің бір бұтағы қисық өсті дей беріңіз. Отбасы жылуын көрмеген, ата-ананың қамқор махаббатына бөленбеген бала жаны қатыгезденіп, қылмысты жолға қарай бейімделетінін түрлі жамандықтан қорғансыз болатыны белгілі. Жасыратыны жоқ баласының білім алатын мектебіне жыл бойына бір рет те бармайтын, тіпті ат ізін салмайтын ата-аналар жиі кездеседі. Баланың тәрбиесіне отбасы мен мұғалімдер жауапты екенін білсе де жауапсыз қалдырады. Мектеп оқуышыларының уаықытының көбі отбасында өтеді, рухани адамгершілік тәрбиесі өте күрделі жан-жақты процесс. Отбасында оқушы әр нәрсені естиді, көреді, қалай өмір сүру керектігін, өзін-өзі қалай ұстайтыны іс жүзінде жағымды, жағымсыз мінез құлықтың өнегелі формаларын ата-аналардың және басқа отбасы мүшелерінің еңбекке, адамға қатынасын, ауылдың жағдайын білуге тырысады. Міне, сондықтан ата-ана балаға үңіле қарап үнемі бақылап, зерттеу жағдайында оның мұқажын, тілегін, талабын еске алуы қажет. Отбасы-оқушы үшін өмір мектебі. Онда оның мейірбандық, шындық, адалдық, қайырымдылық, еңбек сүйгіштік тағы басқа адамгершілік қасиеттері дамиды және қалыптасады. Демек отбасы: жеке адамның рухани адамгершілік құндылығын қалыптастыратын микроұжым.

Отбасы тәрбиесінде кездесетін кемшіліктер:

  1. Әке мен шеше өз мінез-құлықтарындағы кемшіліктермен күреспейді, бірақ балалардан адамгершілікті, әдептілікті талап етеді. Оларға дөрекі сөйлейді, өтірігін айтып, бетіне басады, өзі өтірік сөйлейді, оны бала сезіп тұрса да, қорыққанынан айтпайды.

  1. Ата-аналар балалардың ішкі жан дүниесіне жеткілікті көңіл аудармайды, жылы жүзбен қарап, қамқорлық жасамайды, баланың қайғы-қуанышын бөліспейді.

  1. Оқушының үй шаруасына көп көмектесуін талап етеді, оған жасаған жақсылығын міндетсиді.

  1. Мектеп мұғалімдерімен тығыз байланыста болмайды, оқушылардың жағдайын бірігіп, талқылап шешпейді.

Оқушының өсіп-жетілуіне қарай отбасы тәрбиесі де күрделеніп, үздіксіз жалғасып отырады. Оқушының басты ұстазы ата-ана, оқушының жеке бас мінез-құлқын қалыптастыру, оның бойына рухани-адамгершілік құндылықтарын сіңіру ата-ананың тікелей әсерімен жүзеге асады.


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Математика бастауыш мектеп. Карточки

Олимпиада 2 клСамостоятельные и контрольные работыкарточки для класса с казахским языком обучения...

Разработка урока для 8 класса по учебнику Т.Кузнецовой "Abai Kunanbaev", издательства "Мектеп"

Урок составлен на материале учебника Т.Кузнецовой и П.Козлова для 8 класса. Тип урока - комбинированный, стандартный с использованием слайдов, элементов критического мышления. Урок знакомит учащихся с...

Ценности. The Value. (по учебнику Т.Кузнецовой для 8 класса, издательства "Мектеп")

На этом уроке учащиеся дают определение, что является настоящими ценностями в жизни. Презентуют подготовленный заранее слайд-шоу , где знакомятся и обсуждают музеи Казахстана.Урок-закрепление и поэтом...

Жан қазынасы –адамгершілік негізі.

Оқушылардың білімдік дағдысын қалыптастыра отырып,  сауаттылығын жетілдіру арқылы сөйлеу тілін дамыту, адамгершілік қасиеттерін шыңдау....

Кешкі мектептің сырттай және экстерн түрінде білім алатын 9 – 11 сынып оқушыларына арналған қазақ тілінен сынақ тапсырмалар жинағы

Сборник зачетных заданий  по казахскому языку для учащихся 9 – 11 классов  заочной формы обучения, а также для экстернов вечерней школы....