Использование ИКТ на уроках информатики
статья по информатике и икт по теме

Нургазина Жазира Сериккановна

Использование ИКТ на уроках информатики 

Скачать:

ВложениеРазмер
Microsoft Office document icon bayandama_ustaz_nurgazina_zhazira_semey_kalasy.doc34.5 КБ

Предварительный просмотр:

ШҚО, Семей қаласы

«№8 отбасы үлгісіндегі балалар үйі»ММ

информатика пәні мұғалімі:  Ж.С. Нурғазина

Баяндама

«Информатика сабағында жаңа технологиялардың  мүмкіншіліктерін пайдалану»

         Қазіргі болып жатқан саяси – экономикалық, мәдени - әлеуметтік өзгерістер халыққа білім беру жүйесінің барлық буындарында білім беру ісін жаңа сатыға көтеруді талап етіп отыр. Осыған орай жаңа кезеңдегі озық педагогикалық және әдістемелік идеяларды ой елегінен өткізіп, бүгінгі заман талабына сай, біршама өзгерген және жаңа жағдайларды қолдану ерекше маңызға ие болып отыр.

         Ең алдымен біз оқушылардың психологиялық ұстанымдарын ескере келе, сыни ойлауды дамыта отырып ақпараттық құзыреттілігін дамытуға бағытталған, білімнің мазмұндық функцияларын, ақырғы нәтижеге бағыттай оқыту сапасын арттыру.

         Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы білімнің дайын күйінде берілмеуі.

         Сыни тұрғыдан ойлау – бұл біздің ғасырда дамуымызға мүмкіндік беретін ерекше қабілет.

         Екіншіден, ақпарат сыни тұрғыдан ойлаудың соңғы емес, жіберілетін пункті болып табылады. Білім адамның сыни ойлауы онсыз мүмкін болмайтын дәлелдемелерді туғызады. Терең ойлау үшін фактілер мен идеялар, мәтіндер мен теориялар, мәліметтер мен концепциялар секілді көптеген «шикізаттарды» ақпараттарды өңдеу керек болады.

         Үшіншіден, сыни тұрғыдан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады.

         Төртіншіден, сыни тұрғыдан ойлау көңілге қонымды дәлелге ұмтылады.

             Бесіншіден, сыни тұрғыдан ойлау әлеуметтік ойлау болып табылады. Барлық ойлар ортаға салынғанда тексеріліп, өткірлене түседі.

Басқалармен таласып оқығанда, талқылап, қарсы пікір айтқанда немесе ой бөліскенде біз өз көзқарасымызды дәлелдеп, оған терең бойлай түсеміз. Сонда ғана алған ақпаратымыз сыни тұрғыдан ой елегінен өткен дәлелді, ойға қонымды болып табылады.

         Ақпараттық құзыреттіліктің келесі бағыттары бойынша білім алушының білім беру деңгейіндегі жетістіктері:

1)Ақпараттық ізденісті жоспарлау:

•     Ақпаратты белгілі мен белгісізге бөледі;

•     Ұсынылған ақпараттан қойылған міндеттерді шешуге қажеттілерін бөліп алады;

•     Анықтамаларды, энциклопедияларды қолданады, кітаптардың мазмұны бойынша және сайттағы сілтемелер бойынша бағдар жасай алады.

2)Алғашқы ақпаратты алу:

•     Бақылау (қойылған міндетке сәйкес жоспар бойынша эксперимент) жүргізіледі;

•     Оқушыға сұрақ қоя отырып, ақпаратты алады;

•     Ақпарат көздерінен қажеттісін бөліп алады.

3)Ақпаратты екінші қайтара алу:

•     Берілген екі немесе одан да көп негіздеме бойынша ақпараттарды бөліп алады және жүйелейді;

4)Ақпаратты алғашқы өңдеу:

·        Алынған ақпаратты қарапайым берілген құрылым (1 белгі бойынша) аясында жүйелендіреді.

5)Ақпараттарды өңдеу:

•     Алынған ақпаратты дәл баяндай алады;

•     Ақпараттың жеткіліксіздігін немесе өзінің түсінбегендігін ескертеді;

•     Ұсынылған ақпарат көздерінен дәйектерді таба біледі және оларды негіздей алады.

Қорытындылай келгенде, сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз- алған білімге сын көзбен қарау, іздену, оның ақиқатын дәлелдеу, яғни, білімді саналы түрде алу. Бұл технологияның тиімділігі – оқушының құзыреттілігін арттырып ғана қоймайды, сонымен қатар: 

1. Жеке тұлғаның жетілуіне, дамуына бағытталады.

2. Мұғалім мен оқушылар арасында ізгілікті қарым-қатынас орнайды.

3. Оқушының өздігінен жан-жақты білім алуына жағдай жасалады.

4. Алған білімге сын көзбен қарау, білімді сапалы түрде алу.

5. Оқушыны ойын ашық айта алуға, пікір айтуға, алмасуға үйренеді.

6. Бірін –бірі сыйлауға баулуы.

7. Мәселенің ең негізгі түйінін табуға дағдыланады.

8. Оқушының шығармашылық белсенділігінің артуы.


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Эссе “Опыт использования ИКТ на уроках информатики "

Из опыта работы по активизации познавательной деятельности учащихся на уроках информатики и ИКТ....

Использование ИКТ на уроках информатики: проектно-исследовательская деятельность.

Многочисленные исследования, проведенные как в нашей стране, так и за рубежом, показали, что большинство современных лидеров в политике, бизнесе, искусстве, спорте — люди, обладающие проектным т...

Квалификационная работа по ИКТ "Использование игр на уроках информатики в начальных классах"

Квалификационная работа по ИКТИспользование игр на уроках информатики в начальных классах...

Создание и использование ЦОР на уроках информатики с целью формирования у учащихся информационно-коммуникационной компетентности

 Использование компьютерных технологий в учебном процессе  позволяет поддерживать высокий уровень мотивации учащихся, насытить обучающегося большим количеством готовых, строго отобран...

Методическая разработка Использование фольклора на уроках информатики

Задача школьной информатики, как составной части общей науки, успевать за общим процессом, сохраняя стройность теории, доказывая учащимся необходимость и показывая им же наличие практической реализаци...

Выступление на заседании школьного методического объединения учителей математики и информатики на тему: «Возможности использования ЦОС на уроках информатики»

Выступление на заседании школьного методического объединения учителей математики  и информатики на тему: «Возможности использования ЦОС на уроках информатики»...